Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 19:31, курсовая работа
Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер үшін жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынады.
КІРІСПЕ
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ БАНК ЖҮЙЕСІ
1.1.Банктер қызметінің мәні және экономикалық ролі
1.2.Банктер және олардың клиенттері арасындағы
қарым-қатынас
1.3 Зерттеп отырған кәсіпорынның техника-экономикалық сипаты
2. БАНКТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ
2.1.Қазақстанның банктік операциялары
2.2.Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу
көздері
3. БАНКТЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1.Депозиттік операциялар басқармасы
3.2.Депозиттік операциялар есебі
3.3.Депозитті және қор жинау сертификаттары
ҚОРЫТЫНДЫ
Клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу, олар бойынша операцияларды жүргізу, есеп айырысу және есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету туралы келісім – шарт негізінде жасалады.
Қаржылық – несиелік институттардың қаржылық
делдалдар ретіндегі ролі
Депозит түрінде
және басқа жолмен
берілетін ақша
қаражаттары.
Тікелей инвестициялар
жолымен акциялар
облигациялар және басқа
да қаржы құралдарын
сатып алу арқылы
ұсынатын ақша
қаражаттары.
2 – сызба
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестірі механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды.
Әртүрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы шағын ақша қаражаттарының «тобын» құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде көрініс алады, экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қорғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр түрлі несиелермен немесе қолма – қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер өз қызметтерін орындау кезегінде функционалдық, яғни экономикалық, салалық яғни министерстволар, компания, фирмалар және аумақтарды яғни жергілікті орган, басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқару органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта, ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомоствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық өз органдарының, яғни өз акционерлерінің, шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын формалармен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттер үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін қаражаттың басталуы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалтерлік есепті құруды күтпей – ақ кәсіпорын қызметтерінің көптеген маңызды факторлары туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын – ала көруге мүмкіндік береді.
Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма – қол және қолма – қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтық шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жолға беруші (арендатор) және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.
Қоғамда белгілі бір класқа не коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік - әміршілік әдістердің орнын экономикалық әдістер алмастырады. Экономикада инфляцияның төмендеуіне және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі рөлі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады.
Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз – теңгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 % жетті.
Ұлттық Банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция 25 % - ға төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13,5 % - ға, қыркүйекте 10,9 % - ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300 – ден 250 % - ға дейін төмендеуі мен несиелік ресурстар аукциондағы % - дық мөлшерлеменің 460 – тан 280 % - ға төмендеуі, яғни несие үшін төлем сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған, нарыққа айналған. Теңгенің ресми және бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімді қазынаның вексельдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық Банктің директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен , олар қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Банктік реформаның негізгі мақсатының бірі – экономиканың жеке секторын құру және кәсіпорындарды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Демек банктік реформа мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек. Өйтпесе олар шығынды несиелерден арыла алмайды.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың рөлін жоғарылату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген кәсіпорындары қайта құруға қолғабыс етеді. Инвестициялық қорлар жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып олардың қарыздарын акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруда ынталандырады.
Жекешелендіруші кәсіпорынға республикамызда банктік реформаны құруда қажетті ипотекалық банктер көмек көрсетеді, яғни мүлікті кепілге ала отырып ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалын жасайды. Бөлек салымдарын тек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасын келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды. Қалған 85 ақша бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін.
Сонда айналымдағы ақша массасы : 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық Банкісінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүреді. Ақша мультипликаттарының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар , айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады. Демек, экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді бұл тек қана, жалпы экономикалық тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін.
Банктік жүйе нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер және тауарлы – ақшалай қарым – қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қалыптасушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырымсыз жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді. Соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. (2- сызба).
Есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісім – шарттарында есеп айырысу немесе ағымдағы шотты ашу және олар бойынша операция жүргізу шарттары көрсетіледі. Есеп айырысу – кассалық қызмет көрсету туралы келісім – шартта бұдан басқа, тағы да кассалық операцияларды жүргізу тәртібі реттеледі.
Есеп айырысу тәртібі құжаттардың белгіленген мерзімде өтуі кепілдемесін қамтамасыз ету керек. Банктік операциялардың орындалуына жатпайтын кезіндегі банктің нотариалдық жауапкершілігі осы келісім – шартта қарастырылады.
Банктік операцияларға жатпайтындарды орындаған жағдайында банк пен клиенттер Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп йырысуда жүргізу тәртібін бұзғаны үшін экономикалық санкциялар туралы ережеге сай жауапкершілікке тартылды.
Банк пен клиенттің бірлескен қызметін жүжеге асырғанда екі жақтың құқығымен міндеттемелері және қаржыландыру тәртібі мен олардың арасында табысты үлестіруі қарастырылған бірлескен қызмет туралы келісім – шарт жасалады.
Депозиттік шарттарды ашу және жүргізу туралы келісім – шартта депозиттің ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз төлеу тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражаттарды алу тәртібі жайлы мәліметтер қарастырылады.
Келісім – шарт банктің клиентпен қарым – қатынасының сипатын анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір – бірінің қызметін алдын – ала , жан – жақты танып білудің нәтижесінде жасалады. Банк әріптесінің қаржылық жағдайы мен несиелік қабілеттілігін белгілеген әдістеме арқылы талдайды, көбінесе көрсеткіштердің төрт тобына негізделеді. өтімділік, айналымдылық, қаражаттарды тарту және табыстылық .
Жоғарыда айтылған келісім – шарт банк шешімі сияқты, клиенттің шешімі негізінде де бұзылуы мүмкін. Келісім – шарттың жүргізу тәртібі мен шарттары алдын – ала қарастырылады. Келісі – шарттың бұзылу себебі мынада болуы мүмкін: екі жақтың біреуінің міндеттерін орындау кезінде екі жақтың біреуінің зиян келтірілуі.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс – бұл пассивтерді басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Ол банк клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар қозғалысын және депозиттердің неғұрлым өтімдірек топтарымен соғұрлым азырақ өтімді топтарына қатысты өткізгіштік мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттер мен төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға көмектеседі. Ондай мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек болған жағдайда оларға несие беру туралы шешім қабылдауға қажет болады.