Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:39, курсовая работа
Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді.
Валюталық операциялар бойынша шетел валютаеымел есеп айырысуға банктік кызмет көрсету жэне валюталық кұндылыктармен жасалатын банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-ақ олардың қыэметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады.
Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталган уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады.
Ұлттық банк алтын валюта резервін құрып, олармен опера-циялар жасайды.
Ол статистикалык валюталық операцияларды және басқа да құжаттардың біртұтас есебін және есеп беру нысандарын жасайды, сондай-ак оларды беру тәртібі мен мерзімін анықтайды, әрі валюталык операциялар туралы мәліметті баспаға шығарады.
Ұлттык банк валюталык
- шетел валютасын сату және сатып алу;
- қазыналық вексельдер мен және Т-б, шетел үкіметтерімен кепілдендірілген, немесе халықаралық қаржы ұйымдары-мен, шығарылған бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге немесе оларды сату, сатып алуға;
- алтын және басқа да қымбат бағалы металдар мен халықаралық стандартқа сай келетін табиғи асыл тастарды қабылдауға, сақтауға, өңдеуді қамтамасыз етуге;
- алтынды және басқа да қымбат бағалы металдардың құймасы формасында, сондай-ақ табиғи асыл тастарды өңделген жэне өнделмеген түрінде сату, сатып алу операцияларын Қазақстан Республикасы аумағында және сыртқы нарықта жүзеге асыруға;
Қазақстан Республикасы заңдарында керсетілген валюталық реттеу және валюталық бакылау аясында басқа да қызметті атқаруға Ұлтгық банкінің кұкығы бар.
Ұлттық банк мынадай алтын валюталык резервтерді құру мен басқаруға тікелей қатысады:
- алтын және басқа да қымбат бағалы металдар;
- шетелде сақтандырылатын банкноталар, монета, банк қаражаттары түріндегі шетел валютасы;
- Ұлттық банкіде сакталатын валюталық құндылықтар;
-
кез келген халықаралық
- аудармалы вексельдер, жай және казыналық вексельдер, яғни оларды шетел үкіметінің, немесе халықаралық қаржы мекемелерінің шығарғаны және кепілдендіргені бойынша;
- басқа да активтер, егер ол активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда және ондай резервтердің төлем қабілеттілігі сақтандырылғанда;
Алтын мен қымбат бағалы металдарды сатып алу қуатын камтамасыз ету барысында және халықаралық төлемдердің кепілі ретінде сақтандыру қоры пайдаланылады. Бұдан да басқа Ұлттық банк валюталық нарықтағы интервенция көмегімен өз валютамыздың сыртқы бағамын қолдау үшін шетел валюталық қор-ларды сақтайды.
Төлем кұралы ретіндегі ақша тауарлық айналысқа ғана емес, сонымен бірге қаржылық және несиелік қатынастарға қызмет етеді: тауарлар мен қызметтерді сату кезінде, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу кезінде, салықтарды және басқа қаржылық міндеттемелерді мемлекетке төлеу кезінде, банктік қарызды қорландыру төлемдерін, айыппұлдарды, санкцияларды өту кезінде.
Акшаның төлем күралы ретіндегі қызметінің дамуы қолма-қолсыз есеп айырысуды жэне несиелік ақшаларды дамытуға ықпал етті. Осылайша, айналыс шығындары қысқарады, төлемдер жеделдетіледі жэне қолма-қол ақшалар айналыстан шығарылады. Сонымен қатар несиелік электрондық ақшалармен алмастырылады. Төлем құралы қызметіндегі акшалар көптеген тауар иелерін, сатушылар мен сатып алушыларды өзара байлаңыстырады, олардың әрқайсысы тауарды несиеге сатып алады және сатады. Егер белгілі бір буынға қарыз міндеттемелері (жеткізушінің шоты бойынша) бойынша төлемдер нақты уақытында түспесе, яғни төлемдік тізбектің бір буынында үзіліс болса, онда бұл жайт өзінің артынан төлем жасамаудың тізбегін (карыз бойынша мерзімінен асып кеткен борыш, бюджетке төлем бойынша, еңбекақы бойынша және т.б.) жүргізеді. Мұндай дағдарыстар 1991-1996 жылдары Қазақстан тәжірибесінде болған. Ол экономикамызға аса зор материалдық, моральдық шығын әкелді, жекелеген кәсіпорындар мен кәсіпкерлерді дағдарысқа және банкротқа ұшыратты.
Қазіргі кездегі коғамда несиелік, электрондық
акшаның дамуы кезінде есеп айырысудың
басым формасы ретінде қолма-қол есеп
айырысумен салыстырғанда қолма-қолсыз
есеп айырысу қолданылады, яғни төлем
кұралы кызметіндегі ақша айналыс құралы
қызметімен салыстырғанда артықшылығы
басым болып келеді.
Сонымен қатар телем құралы қызметін қолма-қол
ақшалар да атқара алады. Фирмалар, кішігірім
кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер
төлем құралы кызметіндегі қолма-қол ақшаларды
қолданады: еңбекақыны төлеу, сыйақы беру,
жәрдемақы, зейнетақы, стипендия төлеу,
облигация, лотореялық билет бойынша ұтыстарды
төлеу, тұтынушылық қажеттіліктерге және
ипотекаға несие беру, сонымен бірге халықтың
коммуналдық қызметтер үшін төлемі және
т.б.
3.2. Жинақтау
және қорлану құралы
Төлем кұралы ретіндегі акша
қызметінің дамуы ақша
Бірінші актіде тауар сатылады және ақшаға айналады, бұл жағдайда өз қажеттілгктерінді қанағаттандырудан жиі бас тартуға тура келеді. Алтын адамдардың көз жауын алады. Сондықтан оны жинақтау мен сақтауға ұмтылады, өйткені бұл қор кез келген тауарды сатып алуға немесе кез келген қызметті алуға, яғни кез келген уақытта өзінің барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда ақша жинақ құралы қызметін аткарады. Және олар осы қызметте қоғамдық байлықтың жалпы көрінісі болып саналады. Адамдар өз байлықтарын асыл тастар, өнер туындылары, жылжымалы мүлік, акциялар, облигациялар, банктегі ақша жэне т.б. түрде сақтай алады. Бірак ақша көбінесе осы қызметті орындайды, өйткені оларға өтімділік тән, өтімді актив төлем құралы ретінде пайдалануға болатын және тіркелген атаулы құны бар актив саналады. Ол төлем құралы ретінде пайдаланылады және олар құн өлшемі қызметін атқарғандықтан, олар әрекет етуші масштаб шеңберінде өзінің жеке тұрақты құнын өзгертпейді.
Бірақ та жоғары инфляция кезінде ақша өзінің жоғары өтімділігіне қарамастан, қор жинау құралы ретінде өз құндылығын жоғалтады. Егер долларға немесе теңгеге сатып алуға болатын тауарлар саны күннен-күнге төмендей берсе, яғни ақша құнсызданса, онда адамдар өте қысқа мерзімге оларды қорланудан жэне жинаудан бас тартады. КСРО азаматтарының жинақтары соның айқын мысалы, олар Одақтас Республикалар дербестігін алган кезде толығымен жогалып кетті. Қазақстан өз азаматтарының осындай жинақтарының елеусіз ғана бөлігін өтеді. Бұл ақшаның құнсыздануының классикалық мысалы. Айналым құралы қызметінен және төлем құралы қызметімен салыстырғанда жинақ құралы ретінде ақша белгіленген мерзімге өз құнын сақтауы тиіс және міндеггі түрде нақты болуы тиіс. Бұл жинақтау қызметін негізінен толыққұнды нақты ақша (алтын, күміс, платина) атқарады, бірақ ол қағаз, несиелік ақшалардың өкілдерімен алмастырылуы мүмкін, жоғарыда айтылғандай, гиперинфляция немесе дағдарыс кезінде өз кызметін жоғалтады.
Жекелеген адамдар сияқты, мемлекет алтын қоры және халықаралык резерв қоры түрінде қорландыру қорын құрады, ол оған салыстырмалы экономикалық тәуелсіздікті кепілдейді, яғни мемлекет кез келген сәтте өзінің халықаралық міндеттемелері бойынша есеп айырысады.
2005 жылдың I қаңтарына қарай Халыкаралык резервтік қор 1 млрд доллардан асты. Мұндай резервтерге ұлттық қор да кіреді, ол 5,3 млрд долларды кұрады.
Алтынды айналымнан шығару нәтижесінде оның жинақ және қазыналық құрал ретіндегі рөлі төмендегенімен, алтын әлі де казына қүралы ретінде қолданылады. Алтын резервтерінің көлемі байлығын көрсетеді және басқа елдер мен инвесторлардың осы елге деген сенімін камтамасыз етеді. Қазіргі кезде алтыннын, ең үлкен коры - АҚШ-та 260 млн тройск унциясы, (1 тройск унциясы - 31,1 г.), Германияда- 120, Францияда- 102, Ресейде -150 млн тройск унциясы бар.
Ақшаның
жинақтау және казыналык қызметінің объективті
алғышарты бар және ол акша айналысы заңымен
байланысқан. Айналыстағы ақша көлемі
үнемі өзгеріп отырады, ақша айналыс аясынан
жинақтау аясына және керісінше жылжиды.
Курстық жұмысты қорыта келгенде, ақша дегеніміз – бұл тауар өндірісінің тарихи категориясы, тауар айырбасы процесінің ұзаққа созылған дамуының объективті негізделген нәтижесі.. Яғни ақша – жалпыға ортақ балама ретіндегі тауар өндірісі мен тауар айырбасына қажет, ол еңбектің әр түрлі жіктелуі кезінде әр түрлі өнімдерді дайындауға қажетті қоғамдық еңбек шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді. Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдақ еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады.Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірісіндегі үлесінде ақша арқылы анықтауға болады.Себебі, адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарады. Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі.
Ақша формасының дамуындағы сапалы жаңа кезең әлемдік акша арқылы өрнектелді.
Ақшаның барлық касиетін өзіне жұмылдыра отырып, ақша формасының тікелей логикалық жалғасы болып табылады, ол қазыналық жэне төлем құралы қызметінің тұгастығы арқылы орнектеледі. К. Маркс былай жазған: «Қазына және жаппай төлем қүралы ретінде ақша элемдік нарықта жаппай құралы, өз түсінігі гана емес, соні.гмён бірге әрекет ету әдісі бойынша жалпьіға ортақ тауар болып есептеледі». Осыған байланысты элемдік ақшалардың табиғаты, экономикалық категория ретіндегі маңызы олардың кызметінде айкын көрініс табады, мұндағы ақшаның өзіндік ерекшелігі жаппай интернационалды тауар ретінде көрінеді. Халыкаралық төлем құралы қызметі жөнінде айтсак, онда ол кұнның ұлттык белгілері аркылы жэне ішкі ақша айналымына ұқсас калыптасатын кұнның айрыкша интернационалдық белгі-лері бойынша жүзеге асырылады.
Егер ел ішінде акша мемлекет тарапынан зандастырылған үлттық ақша формасында эрекет етсе, онда оның шекарасынан тыс жерде К. Маркстің пікірінше «ақша өзінен үлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы формасы - бағалы металл құймалары түрінде әрекет етеді».
Алтын монометаллизмнің әрекет етуі кезеңінде, яғни алтын монета және алтынға айырбасталатын несиелік ақшалар айна-лымда жүрген кезде, элемдік ақша нарығына ақшаның шығуы және әлемдік акша ретінде эрекет етуі кедергісіз жүзеге асты.
Қазіргі
таңда айналымда алтын
Әлемдік акша қызметін валюталық-қаржылық институттардың арнайы есептік бірліктері, атап айтқаңда Халықаралық вадюталық қор (ХВҚ) тарапынан айналысқа ақша шыгару, қарыз берудің арнайы құқықгары (СДР), Ортақ нар елдерінің есептік бірлігі (ЭКЮ), ол XX ғасырдың соңында евроға ауысты, Варшава Келісімі елдері арасында ауыстырылған рубль колданылды, олар социализмнің күйреуі нәтижесінде жоғалды.
Жаппай сатып алушылық кұралы ретінде толыккұнды әлемдік ақшалар (алтын) елдер арасында өзара қарым-қатынаднде және есеп айырысулардын қалыпты режимі бұзылған кезде немесе жоқ болған жағдайда әрекет етеді (астықтың шыкпауы, берекесіздік апаттар жэне т.б). Мысалы, XX ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанда астық өнімдері шықпай қалған кезде КСРО астықты алтынға сатып алды.
Ақшаны қоғамдық байлықтың абстрактылық заттанған формасында пайдалану мына жағдайда жүзеге асады: елдің алтын және валюталық қорын толтыру кезінде, алтын немесе еркін айырбасталымды валюта түрінде басқа елдерге несие ұсыну.
Егер елдің төлем балансы активті болса, яғни экспорт импорттан үлкен болса, онда еркін айырбасталымды валюта валюталық резервтерді толтыруга багытталады, егер төлем баланры теріс болса, онда керісінше, резервтердегі айырма жабылады.