Ақшаның пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:39, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді.

Работа содержит 1 файл

эк теория.docx

— 87.71 Кб (Скачать)

    Тәуелсіз  мемлекеттің  міндетті  рәміздерінің  бірі – оның  ұлттық  валютасы  болып  табылады. Кез-келген мемлекеттің  тарихына оның  бір-ақ  рет  енгізілетін  өз  валютасының  тарихы  да  кіреді. Басқа  көптеген  елдердің  ұлттық  валютасының  тарихы  сан  ғасырлар  бойы  қалыптасқан. Барлық  ұлттық  валюта  елдің  өткенін, бүгінгісін  және  болашағын  бейнелейді. Ал  теңгенің – Қазақстан Республикасы Ұлттық  валютасының  тарихы – Президенттің  1993 жылғы  15 қарашадағы  Жарлығынан  басталады. Алайда  сол  күнге  дейін  теңгенің  сыртқы  сипатын  жасау  бойынша  ұзақ жылдар  мен  айлар  бойы  қатарлы  еңбек пен  табанды  жұмыс  жүргізілген  болатын. Алғашқы  кезде  теңгенің  бірінші  шығарылған  қатары  мынадай  номиналдардан  тұрды 1,3,5,10,20,50 және 100  теңге. Бір  теңге  құны   1,2,5,10, 20  және 50  тиын  болатын  100  тиыннан  тұрды. Жеті  банкнот  жасау  үшін  Т.Сүлейменовтың  басшылығымен  суретші  дизайнерлер  командасы  құрылды. Оған  М.Әлин, А. Дүзелханов  кірді. Оларға  ерекше  әрі  өте  жауапты  жұмыс  жүктелді. Банкноттың  дизайны  көркемдік  жағынан  алғанда  эстетикаға  сай  әрі  алдағы  уақытта  оларды  көптеп  шығаруға,  яғни  полиграфиялық  басылым  тұрғысынан  алғанда  барынша  ыңғайлы  болуы  керек. Біріншіден, банкноттар  тарихи  тұжырымдама  тұрғысынан  алғанда  шын  мәнінде  қандай  болуы  керек  екенін  шешу  қажет  болды. Екіншіден, оларда  бейнеленген  тарихи  тұлғалардың  бет-әлпетін  барынша  дәл  түсіру  керек-тін.

Металл  ақша – ерекше  әрі  маңызды  тарихи  дерек  көзі. Олар  бүгінгі  күнге  тарихи  тұлғалардың  тұтас  бір  портреттік  галереясын,  түрлі ескерткіш  бейнелерді  алып  келді, олардағы  суреттерде  мифологиялық  сюжеттер, тұрмыс-салт  көріністері  бейнеленді.

1994  жылы  ұсақ  қағаз  тиындардың  орнына  құны 2; 5; 10;  20; және 50 тиындық   латунь  металл  ақшалар  шығарылды.  Қазіргі  уақытта  Қазақстан  Республикасының  аумағында  "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған  1993 жылдың  үлгісіндегі  құны  1; 3; 5; 10 және 20 теңгелік, 1997 жылдың  үлгісіндегі   "нбрасс"  қоспасынан  жасалған  құны  1; 5; 10 теңгелік  және  "нейзильбер"  қоспасынан  жасалған 20,50  теңгелік  металл  ақшалар айналыста   жүрді. 1997  жылғы  үлгідегі  (жаңа металл  ақша  қатары) металл  ақшаларды  айналымға  қосу  оларды  халықтың  пайдалануы  үшін  барынша  қолайлы  етіп  шығаруға, металды  аз  жұмсауға  деген  ұмтылысқа, сондай-ақ  металл  ақшаның 50 теңгелік  қосымша   құнының  енгізілуіне  байланысты  болды.

    Республикада  ақша  айналымында  металл ақшамен  қатар  мерейтойлық  және  ескерткіш  металл  ақшалар да  қолданылуда. Мерейтойлық  және  ескерткіш  металл ақшалар  белгіленген  құнға  сәйкес  төлем  қабілетіне  ие, бірақ олар  негізінен  мәдени-ағарту  мақсатында  шығарылған. Әдеттегідей  олар  қатаң  шектеулі  таралыммен  шығарылады  және  Қазақстан Республикасының  аумағында  және  шет  елдерде  коллекциялық  құнымен  сатуға  арналған. 1995-2000  жылдардағы  кезең  ішінде  "нейзильбер"   қоспасынан  он бір  ескерткіш  және  мерейтойлық  металл ақша, тоғыз күміс және "prool"  сапасымен бір алтын  ақша  шығарылды.

Банкноттармен  металл  ақшаларды  әзірлеу саласындағы  жетістіктерге  қарап  Теңге –  тәуелсіз, егемен Қазақстанның  рәмізі екендігін,  еліміздің  кешегі  күнінің  айғағы, сенімді  бүгініміздің  дәлелі  және  жарқын  болашағының  кепілі  болып  табылады.  [5,3 бет ]

    1999 жылы  біздің  өсуімізге жаңа мүмкіндіктердің көкжиегі  ашыла бастады. Осыған  байланысты  теңгенің  экономикалық  өсімге  тікелей қызмет етуін қамтамасыз  ету қажет болды. Бұған дейін теңге құлдырай  бара  жатса Ұлттық  банк  өзіндегі  алтын-валюта  қорынан қосымша ақша  жұмсап, оны реттеп отыратын. Бірақ бұл әрекет  жасанды бағамның  жасалуына жол ашты. Теңгенің  шын бағамын белгілеу  үшін  оны еркін жүзеге  жіберу  керек болды.. Елдегі  инфляция  қазір соңғы үш жылда 5-6 пайыздан  асқан жоқ.

    Ел экономикасының стратегиялық  даму  көрсеткіштеріне  болжам  жасала  отырып, 2006-2007 жылдары  теңгені  еркін  айырбасқа  жіберу  туралы  мемлекетте  бағдарлама бекітілді. Осыған  орай  теңге  үш жылдан  кейін  барлық  экономикалық  кеңістіктерде  АҚШ-тың  доллары  сияқты  еркін  айырбасталатын  валютаға  айналмақ.Мұндай  жағдайда  теңге  өзінің өміршеңдігіне  негіз  қалайтын  болады. Дей  тұрғанмен  болашақта  құрылатын  біртұтас экономикалық  кеңістікте  ортақ  валютаның  болуы  қиял  емес. Теңге  халқымыздың  бірнеше  ғасырлар  бойы  қол  жеткізе  алмай  келе  жатқан  асқаралы армандарының  бірі  болатын.  [4,3 бет ]

    Қорғау  элементтері, пайдаланатын  техникалық  тәсілдер, орындалу  күрделігінің  жиынтығы  бойынша  Қазақстан  теңгесі  қолданылып  жүрген валюталардың  жетекші  әлемдік  үлгілерімен  бір қатардан  орын  алады және  оның  дизайны  одан әрі  жетілдірілуде, бұл  полиграфиялық  және компьютерлік  технологиялардың  дамуына әрі  ақшаны  жаңа  тұрғыдан  қорғау мен  оған  мәшине  ғана оқи  алатын  элементтерді  енгізу  бойынша  Ұлттық  банктің  жоспарлы  жұмысына  байланысты  болды. 2006 жылы  жаңа дизайндағы  банкноттарды  енгізді.

    Ұлттық  валюта- теңгені  енгізген алғашқы  күннен  бастап қайта құру  құрылымын  тездету, инфляцияны  төмендету, тұрақты экономикалық  өсуге  жету, төлем  балансының  тепе-теңдігін  және  ұлттық  валютаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету міндеттері  қойылды. Осы мақсатта  Үкімет  пен Ұлттық  банк  қатаң  макроэкономикалық саясат  жүргізуге  бағыт  алды,  оған  бюджет  тапшылығын  едәуір  қысқарту  және  кредит  экспансиясын  шектеу кіреді.

    Валюталық  реттеу және  валюталық  бақылау  саласында  валюталық  режимді  бұдан  әрі  ырықтандыру  үшін  қажетті  алғышарт  жасау  бойынша  жұмыс  жалғасуда. Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасында  2005-2007 жылдарға  арналған  валюталық  режимді  ырықтандыру  бағдарламасы іске  асырылуда.  [14,6 бет ]

     Есеп айырысу  баламасына  деген сұраныс б.э. дейінгі VIII  ғасырда  белгілі  салмақ  пен  құрамдағы  стандартты құймалардың  пайда  болуына  негіз  қалады.

    Қазақстанның  Конститутциялық  Кеңесі  Қазақстанның  біртілді  я  екітілді  мемлекет  екендігін  ашып  айтып  бере  алмаған  күйі  үнсіз. Демек, елдегі  солқылдақ  ұлттық  саясаттың  салдарынан  біз  әлі де  мемлекеттік  тілдің статусын  айқындай  алмай  жүрміз. Сөйтіп, төл  теңгеміз  қос  тілде  жарық  көрді. Мемлекеттік  тілде  қате  кетті.

    Елдің  елдігін, мемлекеттігін  паш  ететін  5 түрлі  символы  болады, олардың  бастысы  әрі  бірегейі – тілі мен  территориясы, шекарасы мен  ақшасы. Ендеше, теңгеге  тек  төлем  құралы  ретінде  ғана  қарауға  болмайды  екен. Ол  төлем  құралы  бола  тұрып, елдің  тарихи  жадында  паш  етуі  тиіс  [12,1 бет ].

    Айырбастау ауыр басталатын ақша сомасына тәуелсіз және қандай да бір комиссиялық алымдар  ұ сталмай  бірге –бір  есебінде  жүзеге асырылады.  Алдағы уақытта  болатын  акция  ескі  және жаңа  дизайндағы  банкноталардың  республиканың бүкіл аумағында бір жыл  бойы  қатар  жүруін  көздейді.  Әр  түрлі  дизайндағы банкноталар шыққан жылына  қарамастан  номиналы  бойынша  төлем  құралы ретінде  қабылдануға міндетті.Егер қатар жүру кезінде  қандайда  бір заңды  тұлға ескі  және жаңа дизайндағы  банкноталарды номиналына қарамастан  қабылдаудан бас тартқан жағдайда , онда мұндай іс- әрекеттер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 166 -1-бабында көзделген әкімшілік  құқық  бұзушылыққа  жатқызылады.

    Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет , мұнда : қазақ тілі – мемлекеттік және ұлтаралық қарым – қатынас тілі ретінде қабылданған орыс тілін пайдалану  тарихы  тұрғыда  қалыптасқан. Біздің заңдарымыз ,  Конституциядан бастап бұл екі тілдің    қандай да бір  жағдайларға  қарамастан  тең  дәрежеде,  бірдей қолданылуын көздейді. Объективті себептер – екі тілдің қолданылуы  және  барлық  заңдардың көрсетілген конституциялық нормаға   сәйкес   келтірілуі -   ұлттық валюта банкноталарында   екі  тілдегі  жазулардың  пайда  болуына себепші  болды.  Ескі үлгідегі және сондай-ақ жаңа үлгідегі банкноталардың  жоғары  номиналдарының  сырт  жағында  мемлекеттік  және  орыс  тілдерінде  жазылған  тек  екі жазу  ғана  бар. Бұл номиналдың әріптік таңбалануы  және қолдан жасағаны үшін  жауапкершілік  туралы  ескертетін жазу. Осы жоғары  номиналдарды  енгізгенде   орыс  тіліндегі жазулардың  пайда болуы ,  шындығында , іс жүзінде байқалмады , бұл бұрынғы банкноталарда  пайдаланылған  біріңғай  бейнелермен байланысты болды.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі №1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық Валюта – Қазақстан теңгесінің банкноталары мен монеталары дизайны Тұжырымдамасының 10-тармағына сәйкес "Банкноталар мен монеталардағы жазулардың  мәтіні  мемлекеттік  және  орыс тілінде болуға тиіс,коллекциялық және инвестициялық монеталарда мемлекеттік  тілде  жазумен  қатар шет тілде жазуды пайдалануға болады ",

    Жаңа банкнотаны әзірлеу кезеңінде дизайнның бірнеше нұсқасы , әр түрлі тақырыпта жасалған болатын.Таңдалған тақырып  ежелгі  мекенімізбен қазіргі Қазақстанның ,  оның  болашақтағы  нышандарын сабақтастырушы буын болып табылады.

    Жаңа  үлгідегі  банкноталарды  енгізуге  дайындықтың  бастапқы  сатысында  ескі  үлгідегі  банкноталар  жаңаны  енгізгенге  дейін  жеткілікті  болуының  ықтимал  нұсқалары  зерделенеді. Енгізудің  жарияланған  күні- 2006 жылғы 15 қараша- бұрынғы  дизайндағы  теңгенің жеткілікті  болуының  соңғы  мерзімі.

    Банкнота  екі  парақпен  жасалынады, оның  біреуінде  ішкі  жағында сутамғы  белгісін  және  қорғаныш  жібін  алдамшы  түрде  басып  шығарады.  
 

1.2.Ақшаның  түрлері 

    Ақша айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яғни ақша біртекті масса болып табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге айналым шарттары бойын-ша алуан түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз - ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас кұны, ол айналымдагы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауар-ларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз жэне несиелік ақшалар баршаға аян.

    Ақшаның материалдық-затгық ерекшеліктеріне сэйкес оны толыққұнды және толыққұнсыз деп шартты түрде бөлуге болады.

    Толыққұнды ақша - номиналды құны сатып алушылык кұнымен сәйкес келетін ақша, яғни дайындау кезінде көрсетілген құн олардың кұрамындағы металдың (алтын, күміс) құнына сәйкес келеді. Оларға алтын және күміс монеталар жатады.

    Толыққұнды емес ақша - сатып алушылық құны ақша қаты-настарының тасымалдаушысы ретіндегі тауар кұнынан асатын ақша. Толыққұнсыз емес ақшаларға билондық монеталар, қағаз және несиелік ақшалар жатады.

Ақша  өзінің даму эволюциясында мынандай сатыларды өтті:

1)   Металдық;

2)   Қағаздық;

3)   Несиелік;

4)  Электрондық ақша. 

1.3.Ақшаның  қызметтері және экономикалық  мәні 
 

    Ақшаның, өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақша жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар — сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғы шарттарын туғызған.

    Нақты және абстракті еңбектің, жеке және қоғамдық еңбектің бөлінісі, тұтыну құны мен кұнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлі нысандарын туғызды. Айырбас — бұл бір тауар өндірушіден, екінші біреуіне жүретін тауардың қозғадысын білдіреді. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түріне, сапасына, нысанына және тағайындалуына байланысты өлшенуін талап етеді. Сонымен қатар, әртүрлі тауарлардың бір-біріне өлшенуіне ортақ негіз болуы қажет.

Мұндай  негізге тауарлардың құны, демек  тауар өндірісі үдерісіне (процесінде) жұмсалатын және сол затқа айналып  отырған қоғамдық еңбекжатады. Тек  қоғамдық еңбек қана (жеке адамның  еңбегі емес) тауарларды өлшенетін  жасайды. Нарықта бір тауарды  екінші бір тауарға айырбастаудың  өзі бұл тауарларға еңбектің шығындалғандығын, яғни екі тауардың да құнының барлығын көрсетеді. Осыған байланысты жекелеген  тауарларды өндіруге жұмсалған еңбек  әртүрлі болып, нәтижесінде одардың  құндары да бірдей болмайды. Сөйтіп, қоғамдық еңбекті немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттігі туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.

    Айырбас құны — бұл бір тауардың басқа да бір тауарға белгілі сәйкестікте айырбасталу қабілетін білдіреді.

Ақша  экономикадағы рөлін өзінің атқаратын негізгі қызметтері арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметі тауар айырбасы үдерісінен туындайтын тауар өндірушілердің нысаны ретінде ақшаның әлеуметтік және экономикалық мазмұнының белгілі бір жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазіргі экономикадағы атқаратын қызметтеріне мыналар жатады:

Информация о работе Ақшаның пайда болуы