Ақшаның пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:39, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді.

Работа содержит 1 файл

эк теория.docx

— 87.71 Кб (Скачать)

Өтс — өзара өтелетін төлемдер сомасы;

Аос — айналыс және төлем құралы ретіндегі ақша айналымының орташа саны.

Осындай жағдайларды, айналысқа қажетті  ақша санына өндірістің дамуының шарттарына тәуелді болып келетін, әр алуан  факторлар ықпал етеді. Оның біріне айналыстағы тауарлар санының өзгерісі жатады. Сондай-ақ шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік тауарлар және көрсетілетін қызметтер бағаларының деңгейіне  байланысты да анықталады.

Айналысқа қажеггі ақша санына мыналар кері ықпал етеді:

несиенің  даму дәрежесі, себебі, қаншалықты тауарлардың  басым бөлігі несиеге сатылса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерде ақша қажет  етіледі;

қолма-қолсыз есеп айырысудың дамуы;

ақша  айналысынын жылдамдығы.

Металл  ақша айналысы тұсында айналыстағы  ақша саны ақшаның қазына жинау құралы қызметінің көмегімен реттеліп отырды. Егер ақшаға деген қажеттілік қысқарса, онда айналыстағы артық ақша (алтын  монета) айналыста қазынаға кетіп, ал, егер ақшаға деген қажеттілік ұлғайса, онда айналысқа қажетті мөлшердегі ақша қазынадан айналысқа шығарылып  отырады.

Егер  де айналысқа алтынға ауыстырылмайтын  банкноттар немесе қағаз ақшалар (қазыналық  билеттер) қызмет етсе, онда бұл жағдайда, қолма-қол ақшалар айналысы қағаз  ақша айналысының заңына сәйкес жүргізіледі.

Ақша  айналысын қолдап отыру шарттары мен зандары келесідей екі  фактордың өзара әрекет етуімен  анықталады: шаруашылықтағы ақшаға деген  қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен. Егер де айналымдағы  ақша көлемі, шаруашылыққа кажетті  ақшадан артық болса, онда ақшаның  құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып  алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді. 
 

2.2.Ақшаның  металдық теориясы және метал  ақша айналысы

 

Ақшаның теориялары мынадай оның бағыттарын бөліп қарастырады:

Ақшаның металдық теориясы;

Ақшаның номиналистік теориясы;

Ақшаның сандық теориясы. 

    Ақшаның металдық теориясы ақша қызметін бағалы металдардың атқару барысында XV—XII ғғ. қалыптасты. Бұл теорияның өкілдеріне Англияда У .Стэффорд, Т.Мэн, Д.Норс жатса, Францияда А.Монкретьен жатты. Олар монетадан жасалған ақшалардың бұзылуына қарсы болды.

Ақшаның металдық теориялары сауда буржуазиясының мүддесін қорғай отырып, олардың саяси  экономиядағы бағыты —меркантилизмді көрсетті. Осы теорияға сәйкес байлықтың көзіне сыртқы сауданы жатқызды. Төлем балансының активті қалдығы ғана елге бағалы металдардың келуін қамтамасыз етеді деген.

Ертедегі  метализм теориясының қателігі, біріншіден, байлықтың көзіне адам еңбегімен  жасалатын материалдық игіліктер  емес алтын мен күмістің жатқызылуы, екіншіден, айналыстағы қағаз ақшаларды  металл ақшаларға алмастыру қажеттігін жоққа шығарғандығымен сипатталады.

Капиталдың  бастапқы қорлануы аяқталуымен байланысты олардың көзқарастары өзгеріп, яғни байлықтың көзіне сыртқы сауда мен  бағалы металдар емес, мануфактура  мен ауыл шаруашылығы жататындығына  көздері жетті. Соған сәйкес ішкі нарыққа көңіл аударылып, металл ақшалардың ұлтқа қымбатқа түсетінін  түсінді.

XIX ғ.  екінші жартысындағы ақшаның  металдық теориясының қайта тууы 18711873 жылдардағы Германияда алтын монета стандартының енгізілуімен байланысты болды. Бұл — ақшаның металдық теориясының бірінші метаморфозасы. Неміс экономистері (К.Книс және т.б.) ақшаға бағалы металдармен қатар, орталық банктің банкноталарын да жатқызды. Сол уақыттары ақшаның металдықтеориясы инфляцияға қарсы бағытталған ақшалай реформаларды негіздеу үшін пайдаланылды.

Ақшаның металдық теориясының екінші метаморфозасы  бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін  пайда болды. Оның өкілдері алтын  монета стандартын қалпына келтіру  қажеттігін мойындай отырып, алтын  монометализмінің жаңа қысқарған нышандарын: алтын құйма және алтын девиз  стандартын енгізуге арналған өздерінің  теорияларын жасады.

Ақшаның металдық теориясының үшінші метаморфозасы  екінші дүниежүзілік соғыстан кейін  пайда болды. Француз экономистері А. Тулемон, Ж. Рюэфф және М. Дебре, сондай-ақ ағылшын экономисі Р. Харрод алтын  монета стандартын халықаралық айналымда  енгізу қажеттігін ұсынса, американ экономисі  М.Хальперии және француз экономисі  оның ішкі айналымда енгізілуі туралы ұсыныс жасады.

70 жылдардың  басында Бреттон-Вудс валюта жүйесінің  күйзеліске ұшырауымен байланысты  қайтадан алтын стандартын қалпына  келтіру қажеттігі туындады. Сол  уақытта АҚШ президенті болған  Р. Рейган сайлау алдындағы  күресте алтын стандарты қайтадан  келу мүмкін деп санаған. 1981 жылы  президент болып сайланғаннан  кейін ол аталған мәселе бойынша  арнайы комиссия құрды, бірақ  комиссия алтын стандартына қайтып  келудің ретсіз екендігін айтты.

Ақшаның номиналистік теориясы

    Ақшаның номиналистік теориясы құл иеленушілік құрылыс тұсында пайда болды. Бұл теория қазынаның табысын ұлғайту мақсатында монеталарды бұзылуын ақтау үшін, ақшаның ішкі құнының болуын теріске шығарды.

Бұл теория XVII-XVIII ғғ. ақша айналысына толық құнды  емес металдардың шығуымен байланысты қалыптасты. Ақшаның номиналистік теориясының  алғашқы өкілдері ағылшындар Дж.Беркли мен Дж.Стюарт болды. Олардың пікірінше біріншіден, ақшаны мемлекет шығаруға тиіс, екіншіден олардың құны номиналына байланысты анықталуға тиіс, үшіншіден ақшаның мәні бағаның масштабына қатысты болуға тиіс дейді. Мысалы, Дж. Стюарт ақшаны баға масштабы ретінде қарастырады. К. Маркс ондай ұсыныстарды сынға ала келіп, ол қант қызылшасын кірдің көмегімен өлшеуге болатынын, және кірдің де қандай да бірлікпен өлшенетін салмағының болатынын айтады. Сол сияқты ақшаның да өзінің құны болатындықтан ол өзге тауарлардың құнын өлшейді деген пікірге келеді.

Демек, номиналистер ақшаның табиғи құнын  жоққа шығара отырып, оларды тек  қана техникалық айырбас құралы ретінде  таныды. XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында саяси экономияда бұл  пікірлер өз орындарын алды. Ертедегі номинализмнен онын, айырмашылығы, ол мұнда айналыста толық құнды  монеталар емес қағаз ақшалар (казынашылық  билеттер) болуға тиіс деген пікірде  болды.

Неміс экономисі Г. Кнаптың 1905 жылы жарық көрген «Ақшаның мемлекеттік теориясы» деген еңбегінде номинализм теориясы айқын көрініс тапқан. Оның негізгі пікірлері мынадай болған:

ақша  — бұл мемлекеттік биліктік өнімі;

ақша  — бұл мемлекетпен номиналдық құны белгіленген төлем құралы;

ақшаның негізгі қызметі бұл төлем  құралы.

Г. Кнаптың  ақшаның мемлекеттік теориясының  қателгі мынада болды: біріншіден, ақша құқықтық категория емес ол экономикалық категорияға жатады; екіншіден, металл ақшалардың өзінің құндары болады, яғни оны мемлекет белгілей алмайды, ал қағаз ақшалардың құндарының өзін де мемлекет белгілемейді, ол объективті экономикалық зандармен негізделеді; үшіншіден, ақшаның негізгі қызметі төлем құралы емес, яғни құн өлшемі құралы болып табылады.

Австрияның  экономисі Ф. Бендиксеннің «Ақшаның кұндылығы туралы» және «Ақша  жалпыға балама алмастыру құралы туралы» еңбектерінде ақшаны коғамның мүшелеріне қызмет етуге куәгер ретінде, яғни өнімді алуға құқық беретін құрал деп бағалай отырып, ақшаның мемлекеттік теориясын экономикалық тұрғыдан негіздеуге тырысқан. Бірақ оның номинализмді экономикалық негіздеуінің жолы болмады, себебі, ол ақшаның мәнін бағалауда құнның теориясын мойынсынбады.

1929—1933 жылдары экономикалық дағдарыс  тұсында номинализм әрі қарай  дами түсіп, алтын стандартынан  бас тартуды ақтау үшін теориялық  негіз болып қала берді. Дж. М. Кейнс 1930 ж. «Ақша туралы  трактат» деген еңбегінде алтын  ақшаларды арбаның бесінші доңғалағына  теңеді. Нағыз ақшалар — олар  қағаз ақшалар, яғни олар алтынға  қарағанды біршама икемді және  қоғамның үнемі өркендеуін қамтамасыз  ете алады деген тұжырым жасайды.  Қағаз ақшалардың айналыстан  алтынды ығыстырып шығаруын ол  алтынан кету және Кнап теориясының  жеңісі деп қарастырды.

Кнап  теориясының қателігі, оның металл ақшалар икемсіз, олардың икемділігіне тек қана банкноталарды шығару арқылы қол жеткізуге болады деген пікірінен  байқалады. Кейнс номинализмінің түпкілікті мақсаты — алтын монета стандартын алып тастау, қағаз ақша айналысына өту және экономиканы инфляциялық  үдерістерді басқару арқылы реттеуді көздеді.

Қазіргі кездің өзінде номинализм бұл ақша теорияларының ішінде үстемдік етуші  теорияға жатады. Атақты американ экономисі  П. Самуэльсон ақшаны шартты белгі ретінде  қарастырады. Өзінің «Экономика» атты еңбегінде ол: «тауарлы ақшалардың дәуірін қағаз ақшалар дәуірі басты. Қағаз ақшалар ақшаның  мәнін, олардың ішкі құндарын айқындай түседі. Ақша бұл жасанды әлеуметтік шартты белгі» — дейді.

Сөйтіп, номинализмнің барлық түрлеріне  бір ғана нәрсе тән: ол ақшаның  тауарлы шығу тегін жоққа шығару, олардың негізгі қызметтерінен  бас тарту, ақшаның баға масштабын  білдіруі, сондай-ақ ақшаның нағыз  есептік бірлік ретінде болуы.

Ақшаның сандық теориясы

    Ақшаның сандық теориясының өкілдерінің, пікірінше тауарлар бағасы мен ақша құнының деңгейі олардың айналыстағы санымен анықталады дейді.

Мұндай  пікірді алғаш рет XVI ғ. француз  ғалымы Ж. Боден айтқан болатын. Ол Батыс  Еуропадағы тауарлардың қымбат болуын бағалы металдардың көп келуімен түсіндірді. Бұл пікірді XVII ғ. Ш.Л.Монтеське, Д. Юм, Дж. Милль, сияқты ғалымдар қолдай отырып, олар айналыстағы ақша саны мен олардың құндарының арасындағы өзгерістердің, пропорционалдығы туралы айтқан болатын.

XVIII ғасырдағы  ақшаның сандық теориясының жақтаушыларының  біріне Д. Рикардо жатты. Оның  көзқарасы екі жақты қалыптасты: бір жағынан, ол ақшаның құны, оларды жасауға кеткен еңбек  шығынымен анықталатынын мойындаса,  екінші жағынан кейбір мерзім  ішінде ақшаның құны, ақшалар  сандарының өзгерісіне байланысты  өлшенеді деген. Сөйтіп, Д. Рикардо  1797 жылы алтынның айналыстан алынып  тасталғаннан кейінгі Англия  банкінің банкноталарының құнсыздану  себептерін түсіндіріп берді.

XX ғасырдың  басына таман батыс экономикалық  пікірлердің немесе неоклассикалық  ұдайы өндіріс теорияларының  құрамдас бөлшегі ретінде ақшаның  сандық теориясы үстемдік етті. Ең көп таралған нұсқаларына  трансакциондықжәне кембридждік  нұсқалары жатты.

Трансакциондық  нұсқасын (ағылш. transaction — мәміле), американ экономисі И. Фишер жасады. Оньщ нұсқасы мынадай «айырбас тендеумен» көрсетіледі:

мұндағы,

 — айналыстағы ақшаның саны;

 — ақшаның айналысы жылдамдығы;

 — тауарлардың орташа бағасы;

 — сатылған тауарлардың саны.

Ақшаның сандық теориясын жасауда И. Фишер  аталған тендеуді пайдалану барысында  бірқатар кемшіліктер жіберді. Ол Ү  — ақшаның айналыс жылдамдығы мен Q — сатылған тауарлар көлемі қысқа  мерзім ішінде өзгеріссіз қалады, немесе ақшаның айналыс жылдамдығы ұзақ мерзімді факторлармен анықталады, ал өнідіріс көлемі де өспеуі мүмкін, себебі неоклассикалық көзқарас бойынша ресурстардың барлығы толық өндірісте қамтылады  деген пікір білдірді.

Кейінен Ү мен Q талдаудан алып тастап, М  — ақшаның санымен Р — тауардың бағасы арасындағы байланысты ғана ақшаның  сандық теориясының негізіне жатқызады.

Ақшаның сандық теориясының Кембриджік нұсқасы  А. Маршал, А. Пигу, Д. Робертсон сияқты ағылшын экономистерінің еңбектерінде көрініс тапты. Олар өздерінің нұсқаларының негізіне ақшаның санын емес, шаруашылық субъектілердегі олардың қорлануын  жатқызды.

Кембриджік  нұсқаның негізгі қағидаты формуламен бейнеленеді:

мұндағы,

 —ақшаның саны;

 — ақшаның айналысы жылдамдығы;

 — баға деңгейі;

 — ақырғы өнімге жататын тауарлардың  заттай көлемі;

 - ақша нысаны сақталатын жылдық  табыстың бір бөлігі.

Кембридждік нұсқа өзінің мәні жағынан айырбас  теңдеуіне ұқсас болып табылады. Себебі, k — шамасы ақшаның айналыс  жылдамдығына кері шама (k = 1/Ү). Екі нұсқаның бір-бірінен айырмашылығы мынада, егер И.Фишер ақша айналысының жылдамдығының  айналым факторларының өзгеріссіздігімен  байланыстырса, ал ағылшын экономистері оны психологиямен, яғни айналымға  қатысушылардың әдеттерімен байланыстырады. Бірақ екі нұсқаның қорытынды  пікірлері бірдей, ақша санының өзгерісі бұл бағаның өзгерісінің салдары  еместігін көрсетеді.

Информация о работе Ақшаның пайда болуы