Ақшаның пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 21:39, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық шаралар жүргізуден айқын көрінеді.

Работа содержит 1 файл

эк теория.docx

— 87.71 Кб (Скачать)

құн өлшемі және баға масштабы;

айналыс (айырбас) құралы;

төлем құралы;

қорлану және қор жинау құралы;

дүниежүзілік  ақша.

    Ақша жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын өлшейді. Ақша құн өлшемі ретінде: «мөлшері жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетін тауарлар құнын бейнелеу үшін тауарлар дүниесіне материал беру» қызметін атқарады. Бірақ та тауарларды өзара өлшейтін ақша емес, тауарлар өндірісіне кеткен қоғамдық қажетті еңбек олардың бір-бірінің өлшенуіне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнімдері, сондықтан олардың құнын өзіндік құны бар нақты ақшалар (алтын және күміс) өлшей алады.

    Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға тауарды өндіруге және сатуға қажетті қоғамдық еңбек шығынымен анықталады. Әрбір елде ақшаның өлшемі ретінде қабылданған және тауарлар бағасын өлшеуге қызмет ететін металдың (алтын) баға белгілеу процесіндегі ақша бірлігіне бекітілетін салмақты саны бағамас- штабы деп аталады.

Бағалардың  негізінде және олардың қозғалысында құн заңы жатыр. Ақшаның құн өлшемі қызметі мен баға масштабы арасында өзара айырмашылық бар. Құн өлшемі — бұл мемлекетке тәуелсіз ақшаның  экономикалық қызметін сипаттайды. Құн  өлшемі кызметі құн заңына байланысты анықталады. Баға масштабы — бұл  мемлекетке тәуелді, бірақ тауардың құнын көрсету үшін емес, тек оның бағасын бейнелеу үшін қызмет етеді. Баға масштабы нарық заңына, яғни сұраныс  пен ұсынысқа байланысты белгіленеді. Сөйтіп баға масштабы арқылы ойша белгіленетін тауарлар бағасы, ұлттық ақша бірлігіндегі көрсетілетін нарықтық бағаға айналады.

Бүгінгі танда тауарлар алтынға тікелей  айырбасталмайды және олардың бағасы алтынмен бейнеленбейді. Ақшаның бұл  қызметін алтынның орнында жүретін  оның құндық өкілдері немесе қағаз  және несиелік ақша белгілері атқарады. Мұндай ақшалардың меншікті құны болмайтындықтан  да, оларды толық бағалы емес ақшалар  деп атайды. Өйткені, олар тауарлар құнын толық өлшемейді, бірақ  өлшеуге қатынасады.

Ақшаның айналыс құралы қызметі

Айналыс құралы қызметінде ақша тауар айналысы үдерісінде делдалдық рөл атқарады. Тауар айналысы мынадай үдерістерді  қамтиды: тауар сату, яғни оның ақшаға айналуы, және тауарды сатып алу, яғни тауардың ақшаға айналуы. Бұл үдерісті арнайы формулада келесідей түрде  беруге болады: Т(тayap) — A(ақша) — Т( тауар).

Ақша  айналысының тауар айналысынан  айырмашылығы ақша тауарларды біртіндеп  айналыстан шығара отырып, өзі айналыста  үнемі қалып отырады. Ақшаның  айналыс кұралы ретіндегі қызметінің басты ерекшелігі, біріншіден, бұл  қызметті толық бағалы емес құнның белгілері: қағаз және несиелік ақшалар  атқарады, екіншіден, нақты және қолма-қолсыз ақшалар атқарады.

    Сонымен ақша, айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер, айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.

Ақшаның төлем құралы қызметі

    Әртүрлі жағдайлардың болуына байланысты тауарлардың тек нақты ақшаға ғана сатылмайтыны белгілі. Себебі әртүрлі тауарларды өндіру кезеңі мен айналыс мерзімінің ұзақтығының бірдей еместігі, сондай-ақ бірқатар тауарлардың өндірісі мен сатылуының маусымдық сипатта болуы шаруашылық субъектісінде қосымша қаражаттардың жетіспеушілігін туғызады. Соның нәтижесінде тауарлардың төлемін кешіктіріп сатып алу және сату, яғни несиеге беру қажеттігі туындайды. Ақша төлем құралы ретінде мынадай ерекше бір қозғалыс нысанына ие: Т(тауар) — М(міндеттеме), келісілген мерзімнен кейін: М(міндеттеме) — Т(тауар).

Ақшаның төлем кұралы қызметі мен айналыс  құралы қызметтері арасында өзара айырмашылық  бар. Ақша айналыс құралы ретінде  делдалдық рөлінде жүретін болса, төлем құралы қызметінде ақша мен  тауардың бір-біріне қарама-қарсы қозғалысы  болмайды, яғни қарыздық міндеттеме арқылы өтеу, сату және сатып алу үдерісінің аякталғандығын білдіреді. Тауар мен  ақша арасындағы уақыттағы алшақтық кредиторға қарыз алушының төлемеу  қауіпін тудыруы мүмкін.

    Ақша төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына қызмет етіп қоймай, сол сияқты қаржы және несие қатынастарына да қызмет етеді.

Жалпы барлық ақшалай төлемдерді төмендегідей түрде топтастыруға болады:

тауарлар  және көрсетілетін қызметтер бойынша  төлем міндеттемелері;

мемлекетке  қатысты қаржылық міндеттемелер;

банктік ссудалар, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;

сақтандыру  міндеттемелері;

әкімшілік және сот алдындағы және өзге міндеттемелер.

Ақшаның төлем құралы қызметін толық бағалы емес, яғни қағаз және несиелік ақшалар  атқарады.

Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі

Ақша  жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып  табылады. Сондықтан да адамдар, оларды жинақтау немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп, тауарды сату және сатып  алу қозғалысы үзіледі.

Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.

Ал ақшаның  қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі нысанда  жүзеге асырылады десе болады:

Кәсіпорындар  мен ұйымдардың ағымдық және жинақ (депозиттік) шоттардағы, сол сияқты банктегі басқа шоттардағы ақшалай  қаражат қалдықтары түрінде қоғамдық қорлану нысанда;

Банктердегі халық салымдарында, облигацияларда жинақталған жеке қорлану нысанында.

Дүниежүзілік  ақша

    Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардың пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болыптабылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-тендік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

Егер  де еліміздің ішіндегі ақша мемлекетпен  заңдастырылған ұлттық ақша бірлігі  нысанында қызмет ететін болса, ал елімізден  тысқары жерде, К. Маркс өз еңбегінде: «ақша өзінің ұлттық киімін шешеді де, өзінің бастапқы нысаны ретіндегі  металл құймасына, яғни жалпылама балама тауар нысанында өтеді»—деп жазады. Сондай-ақ бұл жерде дүниежүзілік ақша ретінде алтынның қызмет етуі сипатталады.

Алтын монета стандарты тұсында дүниежүзілік ақша қызметін алтын және алтынға  ауыстырылатын жекелеген елдердің несиелік ақшалары (банкноталар) көбіне АҚШ доллары және ағылшын фунт стерлингі аткарған.

Қазіргі кезде дүниежүзілік ақша қызметін: АҚШ — доллары, Еуропалық Одақтың  қазіргі валютасы - еуро, сол сияқты Халықаралық валюталық қордың СДР-і (арнайы қарыз алу құқығы) атқарады.

1999 жылы  қаңтар айынан бастап, Еуропалық  қауымдастық елдерінде жаңа валютасы  «еуро» енгізілді. Еуропралық  валюталық Одаққа бастапқыда  он бір ел қатынасқан: Германия, Франция, Люксенбург, Нидерландия, Австрия, Бельгия, Финляндия, Ирландия, Португалия, Испания және Италия. 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап, «еуро» қолма-қолсыз төлемдер үшін және мемлекеттің жаңа қағаздарын орналастыру үшін пайдаланылды. «Еуро» банкноты мен монеталары 2002 жылдың 1 каңтарынан және 6 айдай уақыт ішінде енгізіліп, валюталық одаққа мүше елдердің ұлттық ақша бірліктері 2002 жылдың 1 шілдесінен бастап өз қызметтерін тоқтатты. 
 
 
 
 
 

                             2.АҚША АЙНАЛЫСЫ

                       2.1.Ақша айналысының сипаттамасы 
 

    Ақша айналысы — шаруашылықтағы тауарларды өткізуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететін қолма-қол және қолма-қолсыз ақша нысандарындағы ақшалардың қозғалысы.

Ақша айналысының объективтік негізіне де тауар өндірісі жатады. Тауар өндірісі тұсында тауарлар әлемі: тауар және ақшаға бөліне отырып, олардың арасында өзара қарама-қайшылықтар туады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің терендеуіне және жалпы ұлттық және дүниежүзілік нарықтардың қалыптасуымен байланысты капитализм тұсында ақша айналысы да әрі қарай дами түседі. Сонымен ақша, капитал айналымына қызмет ете отырып, барлық жиынтық қоғамдық өнім айналысы мен айырбасына дәнекер болады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз нысанының көмегімен тауарлар айналысы, сондай-ақ ссудалық және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.

    Ақша айналысының кұрылымына колма-қол ақшалар айналысы мен қолма-колсыз ақшалар айналысы кіреді.

Қолма-қол ақшалар айналысы

    Қолма-қол ақшалар айналысы — бұл нақты ақшалар қозғалысын білдіреді. Оған банкноталар, монеталар және қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) қызмет етеді. Дамыған елдерде нақты ақшалар айналысының едәуір белігін орталық банктерден шығарылған банктік билеттер құрайды. Ақша шығарудың кішкене белігі (10-ға жуығы) қазыналық билеттерді шығарушы қазынашылықтың үлесіне тиеді.

Қолма-қолсыз ақшалар айналысы

    Қолма-қолсыз ақшалар айналысы — қолма-қолсыз ақшалар айналымы ақшаларының қозғалысы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық  карточкалар электрондық аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардагы сақтаған ақшалары (депозиттер).

Қолма-қол  ақша мен қолма-қолсыз ақшалар арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Ол ақшаның үнемі бір айналыс  аясынан екінші біріне өтіп отыруынан  байқалады. Айталық, қолма-қол ақшалардың банктегі депозитке салынуы, олардың  қолма-қолсыз ақшаға айналуын білдірсе, ал, банктен жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы және т.с.с. төлеу үшін ақша алған жағдайларда қолмақолсыз  ақшалар қолма-қол ақшаларға ауысуы байқалады.

Құн заңы және оның айналыс аясында пайда  болу нысаны, яғни ақша айналысының  заңы тауар-ақша қатынастары қалыптасқан  барлық қоғамдық формацияға тән болып  келеді. Құн нысандарының дамуына  талдау жасай отырып, К. Маркс ақша айналысының заңын ашқан болатын.

Оның  пікірінше, ақша айналысы заңының мәні ақшаның айналыс қызметін атқаруға қажетті ақша саны, сатылатын тауарлар бағасы ақша айналысының жылдамдығына қатынасын білдіреді. Ақша айналысының заңы айналыстағы жүрген тауарлар массасы мен олардың бағасының деңгейі мен ақша айналысының жылдамдығы арасындағы-экономикалық тәуелділікті бейнелейді.

Ақша айналысының заңы

    Ақша айналысының заңы — тауарлар айналысы үшін қажетті ақшалардың санын (Ата) анықтайды.

Ата = Тауар бағаларының сомасы /Ақша айналымының саны

Бұл жерде  бір айта кететіні, ақшаның төлем  құралы қызметін атхаруымен байланысты бұл формула да нақтылануды талап  етуде.

Айналысқа қажетті ақша санын мынадай формуламен бейнелеуге болады:

Aқ = (Стб - Нтб + Мтс - Өтс) / Aoc

мұнда,

Ак — айналысқа қажетті ақша саны;

Стб — сатылатын тауарлар бағасының сомасы;

Нтб — несиеге сатылған тауарлар бағаларының сомасы;

Мтс — міндеттемелер бойынша төлемдер сомасы;

Информация о работе Ақшаның пайда болуы