Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2011 в 19:34, курсовая работа
Менің ойымша, электронды ақшаның және жалпы ақша дегеннің экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған электронды ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Кіріспе.........................................................................................................3
І – тарау. Ақша туралы теориялық аспектілері және электрон-
дық ақшалар
1.1 Ақшаның пайда болуы, оның түрлері..................................................6
1.2 Электрондық ақшалар............................................................................11
І І – тарау. Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар
2.1 Ақша айналысы заңы және мәні..........................................................15
2.2 Электрондық технологиялар................................................................19
І І І – тарау. Пайдалану нысандары
3.1 Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге.............................................25
3.2 Қазақстан Республикасында «Электрондық ақшаның» дамуы........27
Қорытынды................................................................................................30
Қолданылған әдебиеттер..........................................................................31
Қосымшалар...............................................................................................32
Ақша массасы көлемінің
Ақша
массасы айналымның баяулаулы –
ұлттық жиынтық өнімді орналастыру
коеффицентінің төмен екендігінің
көрсеткіші. Егер ақша айналысының
жылдамдығы артса, ло жоғары конъюнктураның
барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың
шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айналысы
жылдамдығы айналыстағы ақша санына
кері пропорционалды әсер етеді, яғни
ақша неғұрлым көп айналыс жасаса,
соғұрлым қосымша ақша эмиссиясының
қажеттілігі азаяды. Ақша айналысының
баялауы шаруашылық субъектілерінің
ақша қорын жинауға ұмтылсын және
ақша массасының құрлымында банктердегі
ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын
көрстеді. [1, 51-55 бет], [7, 2 бет]
Қазақстанда қатаң монетарлық саясат қолданылып отырғанын байқауға болады. Басқаша айтқанда, Ұлттық банк, айналымға тиісті көлемде ақша шығармай отыр. Олай істемесе Ұлттық ақшаның (теңгенің) құны төмендеп кетеді. Осының салдарынан Республиканың шаруашылығында көптеген өзара төлемеушілік орын алып келеді. Ақша базасы дегеніміз айналымда жүрген қолма-қол ақшаның екінші дәрежедегі банктердің кассаларындағы және корреспонденттік шоттарындағы ақшаның және олардың Ұлттық банкте сақталатын міндетті қорларының қосыңдысы. Қазақстанда бұл қосынды 2001 жылдың басында 134 млрд теңге құрады. Бұл өткен 2000 жылдың басымен салыстырғанда 5,7% өскені. Алтынды кредит ақшамен ығыстыру ары қарай дамуын ақша қызметтерін (банкнот, вексельдер, чектер) атқарушы тұлғалардың кредиттік карточкаларға айырбастау қарқыны күшейе түсті.
[Мақыш.С.Б.
“Ақша айналысы және несие”, – Алматы:
2004ж.]
2.2 Электрондық технологиялар
Соңғы кезге дейін интернет –төлем жүйелерінің дамуы туралы пікірталастар тек іскерлік одақтастықтар аясымен ғана шектелетін. Жалақы төлемдерінің қолма-қол ақшадан жиро –трансферттерге өтуі, кредиттік карталарды енгізу, халықаралық төлем жүйлерінің пайда болуы немесе банкоматтық желілердің таралуы сияқты жаңашылдықтар ғылым аясынан тыс қалды. Сауда нүктелерінде электрондық төлем жүйелерін, атап айтқанда дебеттік карталарды пайдаланумен төлемдерге, әсіресе электрондық әмияндарды енгізуге үлкен көңіл аударылды. Бірақ, осы мәселелердің біреуін де жаңа интернет –төлем жүйелерінің дамуына арналған мәселелермен салыстыруға болмайды. М.Пирс және электрондық төлем жүйелерінің Еуропалық мәліметтері базасының бағалуы бойынша , 2002 жыл басында дүниежүзінде интернет - төлем жүйелерінің саны 150-ден асқан.
Интернеттің онлайндық және офлайндық режимінде төлемдерді жүзеге асыруда жаңа және дәстүрлі электрондық төлем жүйелеріне деген сұраныс пен қызығушылықтың артуының бірқатар себептері бар. Осындай себетерге келесілер жатады:
Қазіргі кезде интерент төлем жүйелерінің көптеген түрлері дамыған. Олардың ұлттық көлемдегі жағдайы мен кеңеюі дәрежесі әр түрлі. Интернет –төлем жүйелерінің жіктелуі олардың дамудағы маңызды мәселесі ретінде қарастырылады. Олардың негізін құрайтын, төлем құралының тәстүрлі анықтамасына сүйеніп жасалған интернет – төлем жүйесінің жіктелуі келесі кестеде келтірілген.
Кредиттік және төлем карталары. Кредиттік карточкалар бойынша төлемдер жүргізу бүгінгі күнге дейін банкілік шотпен тығыз байланысты болса да біз оларды жеке қарастырамыз. Біз оларды делдалдық төлем қызметін көрсететін «төлем құралы» деп есептейміз. Кредиттік карточкалар бойынша төленген төлем клиенттің банкілік шотын дебеттеудің алдында төлемдерді біріктіруге жұмсалады. Төлемнің бұл түрін «кейін төленеді» категориясына жатқызуға болады. «Өзара байланысқан төлемдер» концепциясы өте маңызды болып табылады, себебі ол төлем қызметтерінің артық бір тізбегі мен провайдерінен тұратын төлем проценттерін түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол интернетте төлем қызметтерін ұсынуда банкілік және банкілік емес қаржы институттарының арасындағы қарым –қатынастарды жақсы түсінуге септігін тигізеді. Кредиттік және төлем карточкалары негізінде жүргізілген төлем жүйелері барлық төлемдердің тіркелуімен , орташа және жоғары құнды төлемдердің жасалуымен сипатталады. Кіру өнімдері сияқты төлем жүйелерінің бұл түрі жағары деңгейлі қауіпсіздік мен пайдалану жеңілдігінің талаптарына жауап береді.
Мүмкіндікті әмиян
/шоттар. Төлем қызметтерінің кейбір
провайдерлер орталық серверде
орналасқан әмияндарды қолданады.
Бұл кредиттік трансферттердің
, дебеттік және кредиттік карточкалардың
көмегімен төлемдердің дәстүрлі
түрлерін пайалануды жеңілдете
түседі. Көп жағдайда мүмкіндікті
әмиян функционалды түрде «
мүмкіндікті шотпен»
Мүмкіндікті шоттың дәстүрлі шоттардан айырмашылығы неде?
Біріншіден, мүмкіндікті шоттар банкілік немесе банкілік емес қаржылық институттар арқылы ашылуы мүмкін.
Екіншіден, мүмкіндікті шоттар интернетке негізделген (электрондық пошта миен интернет арқылы серверге кіруін пайдаланады).
Үшіншіден, мүмкіндікті шоттар әдетте , бағалы қағаз немесе клиринг пен өзара есеп айырысу сақсатында дәстүрлі шоттармен байланысты болады. Төлем жүйесінің бұл түрі сатып алудың онлайндық процестеріне көшуге (әсіресе желілік аукциондарда) немесе пайдаланушылар арасында онлайндық төлемдер жасауға, халықаралық төлемдерді пайдалануға арналған.
Құны алдын ала төленген өнімдер. ХХ-ХХІ ғғ. Бөлшек төлемдер шеңберіндегі маңызды жаңашылдық ретінде қарастырылған төлем құралдарының келесі түрі – құны алдын ала төленген өнімдер деп аталады. Құны алдын ала төленген өнімдер ақша қаражаттарын айырбастау жолымен сатып алынады, эмитетінті сеньоражды табыспен (оны жиі пайызсыз табыс деп атайды) қамтамасыз етіліп отырады. Қайтару кезінде құны алдын ала төленген өнімдерде отырған ұсынушының ақшалай талабы эмитентке жіберіледі. Эмитент алдын ала барлық талаптарды өтейтін ақша сомасын алғаннан кейін төлемді қамтамасыз ету керек. Талдау жасау тұрғысынан алып қарастырғанда, құны алдын ала төленген өнімдер төлемнің байланысқан тәсіліне жатқызылады.
Ақшалай суррогаттар. Бұл терминді электронды ваучерлер, электрондық ұтыстық бірліктер, электронды купондар , электронды сыйақылар сияқты құнды ұпайларды белгілі бір шарттар бойынша сатушыларға бөлініп сатылады. Төлем жүйесінің мұндай түрі ерекше көңіл бөлуді талап ететін біркелкі емес және жаңартпашылық қызмет аясына жатады.
Микробиллинг. Микробиллинг жүйелері шотты электронды ұсыну жүйеоері мен төлем сервистеріне қарағанда өзгеше болғанымен, кейде олардың функциялары бір – бірімен ұқсас келеді. Микробиллинг те кредиттік карточкалар бойынша жүргізілген төлемдерде қаржылық делдал, телекоммуникациялық компания, интернет- провайдер, банк немесе мамандандырылған биллинктік компания (шотты ұсыну бойынша компания) төлемдері клиенттің банкілік шотында дебеттеуге немесе басқа да делдалдық төлем қызметтерінде пайдаланылады. Осы әдіс кредиттік желіні қарастырады. Бұл мағынада ол «кейін төленетін» категориясына жататын тағы бір төлем әдісі болып табылады. Биллингтік сервис биллингтік қарым- қатынастармен , мысалы телефон компаниясымен , интернет –провайдермен, сауда орталығымен байланысты болуы мүмкін немесе осы қызметтің абонеті үшін орнатылуы мүмкін.
Төлемнің мобильді әдісі. Төлемнің мобильді түрлері жаңа құрылғыны – ұялы телефон мен байланыстың жаңа каналы – ұялы телефон желісін қамтиды . Бұл әдіс шынайы және электронды экономикада бірдей пайдаланылады. Мұнда үш негізгі бағыт сақталады: 1) басқа шоттарды ұялы байланыс қызмет есебіне кіргізу арқылы; 2) алдын ала төленген карталардан қаражаттарды ұстау; 3) кредитік карточка бойынша төлемдер мен тікелей дебеттік аударымдар сияқты дәстүрлі төлем құралдарын пайдалану мүмкіншілігі. Бір сөзбен айтқанда, ұялы телефондарды төлем құралдарының барлық түрлеріне қатысты қолдануға болады.
[Ғ.С.Сейтқасымов. “Ақша, несие, банктер”, – Алматы: Экономика, 2001 ж.]
Қазіргі кездегі интернет – төлем жүйеерінің дамуының негізгі мәселелерінің бірі – олардың қызмет көрсету сапасы, яғни бұл жерде төлем жүйелерінің интернет жүйесінде төлемдерді жүзеге асыратын клиенттердің талаптарын қаншалықты қанағаттандыра алатыны туралы айталыда. Сонымен қатар, интернет – төлем жүйелерінің дамуындағы маңызды мәселелерге пайдаланушылардың шекті массасын құру мен төлемдердің тиімділігі жатады. Бұл мселені де жеке зерттеуді қажет ететін нысан ретінде қарастыру керек. Бірінші мәселе – төлемдердің бүкіл аясының дамуын білдіретін желілік әсерлермен, ал екіншісі - әрбір төлем жүйесінің трансакциялық шығындарын есептеумен байланысты.
Дәстүрлі электрондық төлем жүйелері (кіру өнімдері, кредиттік карталар) ұтымды жағдайда болса да, сандық тауарлар мен қызмет көрсетулер сауданың дамуы мен микротөлемдер көлемінің өсуімен байланысты болуы мүмкін.
Ресей банкінің клиенттік есепшотты орталықтандыру негізінде қалыптасқан нұсқауларға байланысты қашықтықтан банкілік қызмет көрсетуге жаппай көшуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шығындарының қолма-қол есеп айырысу деңгейіне көмектеседі. Төлем жүйелерінің қосымша қызметінен экономикалық пайда түсіру үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қолма –қол есеп айырысуға қарағанда тиімді болуы керек. Алайда, аталған төлем жүйелерінің ұйымдастырылуы мен технологияларының өзгергіштігі банкілердің төлеме – касса операциясының бағасына және оның қаржы нәтижесіне әсер етеді.
[Сахариев С.С, Сахариева А. С «Әлем экономкасы» ІІ-бөлім, Алматы «Дәнекер» - 2003 ж.]
Бұл бөлімде банкліредің қаржы нәжисінің өзгерістері қарастырылған, сонымен бірге, қолма – қол ақшасыз есеп айырысу тарифтері мен баға орнату үлгісі ұсынылған болатын. Ол клиенттерге қажет болғандықтан банк шығындарының бетін жауып тұрады. Банкілердің табысы мен кірісі олардың бизнесін қызықтыруы керек. Олар төлем жүйесінің технологиясына қаржы ендіруді жүзеге асыра алады.
Нақты экономикалық есеп айырысу мен комиссия мөлшерін, коммерциялық банкілердің жалпы табысы мен шығынын анықтамас бұрын, төлем жүйесінің технологиясында ұсынылған жаңалықтар аясында Ресей банкі мен коммерциялық банкілер арасында қызметтерді бөлуге баса назар аударылған. Сонымен бірге төлем қызметін көрсетудегі дәстүрлі үлгімен салыстырғандағы табыс пен кірістің өзгерістерін анықтау қажет.
Информация о работе Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар