Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2011 в 19:34, курсовая работа

Описание работы

Менің ойымша, электронды ақшаның және жалпы ақша дегеннің экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған электронды ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3

І – тарау. Ақша туралы теориялық аспектілері және электрон-

дық ақшалар

1.1 Ақшаның пайда болуы, оның түрлері..................................................6

1.2 Электрондық ақшалар............................................................................11

І І – тарау. Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар

2.1 Ақша айналысы заңы және мәні..........................................................15

2.2 Электрондық технологиялар................................................................19

І І І – тарау. Пайдалану нысандары

3.1 Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге.............................................25

3.2 Қазақстан Республикасында «Электрондық ақшаның» дамуы........27

Қорытынды................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер..........................................................................31

Қосымшалар...............................................................................................32

Работа содержит 1 файл

моя курсовая.docx

— 90.41 Кб (Скачать)

       [Я. А. Дободиной “ Денежное обращение” финансы. ЮНИТИ, 1999]

       Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар болып табылады. Жалпы, ақшаның  қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы  курстық жұмыстың келесі тарауында  танысасыздар. Біз білетіндей, ақша болмаса, айырбас жасау да мүмкін емес. Бұл деген сөз, қоғам дамуының негізі - мамандандырудың (еңбек бөлінісінің) жүзеге аспайтындығы, болмайтындығы. Қазіргі  экономиканың барлық құрылымы ақшаға тәуелді. Сауда-саттық ақшаны «туғызды», ал сауда болса – адамдардың ең байырғы қызметінің бірі болғандықтан, ақшаның пайда болу тамыры да сол  кезеңге кетеді. Әрине, ақшаның түрі де мыңдаған жылдар ішінде талай рет өзгерген. Ақшаның жалпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай ерекшеліктері бар:

  1. ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
  2. онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
  3. тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып табылатындығын көрсетеді.

       Тауар мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол сатылмайды; оны  ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қана-ғаттандыра алмағаны. Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді, ақшаға айналады. Міне тауар мен ақша арасындағы әрі бір-лік, әрі қарама-қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасын-дағы өндірістік қатынас.

       [В. Д. Мелинков “ Основа финансов ”, - Алматы, 2005 ж]

       Ең  бірінші метал ақша, біздің заманымыздан бұрынғы, үшінші ғасырда Римде басылған, ал біздің заманымыздан бұрынғы 7-8 ғасырларда, Мидия мемлекетіңде және Ежелгі Грецияда басылған. Басқа, Европа елдерінде және Ресейде өз металл ақшасын басу, ІХ-Х ғасырларда басталған. Сөйтіп, металдан жасалған ақша өте ұзақ өмір сүрген. Мысалы, Ресейде, 5-10 сомдық алтын  ақша, бірінші империалистік соғыс  басталғанға дейін қолданылған. Алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар. Сондықтан ол ешуақытта, тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған байланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алады. Егер айналыстағы алтын ақша, керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақталуға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша ақша керек екенін анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқаңдай керегі жоқ. Дегенмен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар киындықтары бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсетіні белгілі. Екіншіден, айырбастау операциясының өсуі, айналыстағы ақшаның көбейуін керек етеді, ал ол үшін алтын шығаруды көбейту керек. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны, арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, өзінің жеке құны жоқ, қағаз ақша белгісі пайда болды. Қағаз ақша. Ең бірінші қағаз ақша ХІ-ғасырда Қытайда шықты. Содан кейін VІІ-ғасырдың аяғыңда Солтүстік Америкада, ал ХVІІІ-ғасырдың аяғында, ХІХ-ғасырдың басында Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы "ассигнация" деп аталатын қағаз ақша шығарылды. Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды және оны үкімет тек мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған байланысты қағаз ақша мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін, ал бұл өз кезегінде, инфляциялық жағдайға (ахуалға) әкелетіні анық. Бұл қағаз ақшаның өзіне тән ерекшелігі.

       Несиелік ақша (банк билеттері). Несиелік ақшаны айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцияларды жүзеге асыратын кез келген банктің қолында. (Орталық болмаса Ұлттық банкіден басқа). Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса вексельдерді есепке алғанда, не қайта есептегенде, банктер қарыз алушыларға өзінің банкнотын береді (банк билеттерін). Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджеттің тапшылығымен байланыспайды. Тек, тауар өндірумен, оны өткізудің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғандағы үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі несиенің материалдық құндылықтар мен шаруашылық шығындардың нақты қозғалысына қарай беріліп және қайтарылып отыратыны. Өйткені, мұндай құндылықтар мен шаруашылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақша айналысына ешқандай зиян келтірмейді, керісінше, айналымда жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді. Тек, мұндай, қолма-қол ақша беру мен несие берудің, сонымен қатар, қолма-қол ақшаның банкке түсуімен несиенің қайтарылуының байланыстары әрбір операциядан байқалмайды. Оны тек барлық операцияларды біртұтас, жиынтық ретінде қарағанда ғана байқаймыз. Егер, несие жоғарыда айтылған байланыссыз, шаруашылықтардың нақты керегінен артық берілсе, бүкіл халық шаруашылығы бойынша несие көбейіп кетеді де, инфляциялық жағдай туып, оның ұлғая түсуіне апарып соғады. Қолма-қол ақшаны несиелік айналым құрамымен ауыстыру, несиенің басты атқарымының бірі. Қолма-қол ақшасыз айналымдағы ақша. Қолма-қол ақшасыз айналым дегеніміз, қолма-қол ақшаның орнына несие операцияларын пайдалану. Яғни, ақшаны бір есеп шоттан екінші есеп шотқа аудару болып табылады. Ол үшін әртүрлі төлем құжаттары мен құнды қағаздар пайдалынады, Сөйтіп, бұл айналым, несиелік ақшаның пайда болуын қажет етеді.

[В. Колесинкова “Банковское дело”, “ финансы и статистика ”, 1996ж]

         Бірақ қолма-қол ақшасыз айналымның, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудан айырмашылығы бар. Олар:

       - Кейбір құнды қағаздар арқылы  жүргізілетін қолма-қол ақшасыз  айналым, банктің қатысуынсыз  жүзеге асырылады. Мысалы, вексельдер  және басқа да, кейбір төлем  құжаттары тиісті жазу (индоссамент)  мен ақша алушыға жіберіледі. Бірақ, ақша аударылмайды. Сондықтан мұндай операциялар қолма-қол ақшасыз айналымға жатады.

       - Кейбір ақша алушылармен есептескенде  төлеушінің банктегі шотта жатқан  ақшасы, жалпыға бірдей төлем  құралы ретінде шот иесінің  рұқсатынсыз пайдаланылады;

       - Егер, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға  қатысушылар, алдағы уақытта ешқандай  міндеттеме алмайтын болса, вексель  арқылы жүзеге асырылатын қолма-қол  ақшасыз айналымға қатынасатын  вексель беруші, алдағы кезде  сол вексельде көрсетілген төлемді  уақытында төлеуге міндеттеме  алады.

       Өз  ретінде, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу қолма-қол ақшаның айналымынан  төмендегідей өзгешелігі бар:

       - Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда  3 жақ қатынасады: сатушы; сатып алушы  және олардың есеп шоттарына  тиісті жазу жасайтын банк;

[Ысқақова. З.Д. “Бағалы қағаздар нарығы”, – Қарағанды, 1998 ж.]

       Қолма-қол  ақшасыз есеп айырысушылар банкпен  несиелік байланыста болады. Оған дәлел, есеп айырысуға қатынасушылардың бәрінің  де банкіде есепшоттары бар және сол есеп шоттарда азды-көпті ақшасы бар. Міне, сол ақшалар банктердің шот иелерінің алдындағы міндеттемесі болып табылады. Әрбір есеп айырысу  операциясынан кейін банктің  міндеттемесі не көбейеді, не азаяды. Осының өзі, есеп айырысуға қатынасатын  тұлғалардың банкпен несиелік байланыста екенін дәлелдейді. Сонымен қатар, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу мен қолма-қол ақшамен есеп айырысудың біртұтастығы және өзара байланыстылығы байқалады. Мысалы, есеп айырысудың екі нысанында да бір ғана ақша қатынасады (доллар, рублъ, теңге т.т.). Оның үстіне есеп айырысудың бір нысанындағы ақша екінші нысанына оп-оңай ауысады Егер, есеп шот иесі касса чегімен өз шотынан ақша алса, бұл ақшаның есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанынаң қолма-қол ақшалы нысанына ауысқаны. Егер де, ол өзінің есеп шотына қолма-қол ақша әкеліп салса, көрініс керісінше болады, Есеп айырысудың екі нысанының бір тұтастығының тағы бір дәлелі, екеуінің де несие негізінде пайда болуы1. Айналымдағы ақша жиыны және ақша базасы. Осы екі ұғымның екеуі де қазіргі нарықтық жағдайда, бұрынғы шаруашылық жүргізудің социалистік әдісіндегіден басқа мәнге ие болды және оларды есептеу әдісі де өзгерді. Бұрын айналымға керекті ақшаның саны, К.Маркстің заңына сәйкес, анықталатын. Бұл заң нарық кезінде үйлеспейді деген пікірмен соңғы жылдары іс жүзінде қолданылмай жүр. Сөйте тұра, нарық кезіне лайықты заңды ешкім ойлап тапқан жоқ. Шынында, мұндай заң шығару қиынға түседі. Өйткені, көп жағдайда есеп айырысу қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады. Сондықтан бұл екі нысанның шегі жоғалып кетті. Есеп ажыратушылар өз келісімімен керек деген нысанды таңдай алды. Бұлай болудың басты себебі нарық жағдайында қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз айналым бір тұтас айналым болды. Осыған байланысты айналымдағы ақша жиыны осы бір тұтас айналымның көлемі болып табылады. Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 2000 жылы 45,9 пайызға өсіп, 2001 жылдың басында 399,5 млрд. теңгеге жетті. Қазіргі жағдайда айналымдағы ақша жиынын сипаттау үшін әртүрлі агрегаттар қолданылады.

       [А.Ә. Ілияс, Ә.Қ. Сәулембекова «Ақша, несие, банктер», – Алматы: 2001ж.] 

1.2 Электрондық ақшалар

       Электрондық ақша - электрондық құрылғыда сақталатын және төлемдік және басқа да міндеттемелерді  орындау мақсатында электрондық  құралдар (байланыс арналары) арқылы бір  құрылғыдан екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды білдіреді. Құқықтық тұрғыдан алғанда “электрондық ақша”  электрондық ақшаның иесі (пайдаланушы) нақты ақшаға айырбас ретінде  шығарған және электрондық нысанда  сақталатын, олардың эмитенттерінің (банктердің) “ақшалай міндеттемелері”  ретінде айқындалады.

    [http://www.termin.kz/view_kaz.php?id=353]

    Электрондық ақша мен төлем карточкаларының  арасындағы айырмашылық төлем карточкасының  банк шотына кіру құралы болып табылатындығында. Төлем карточкалары бойынша операцияларды  жүргізген кезде барлық операциялар  клиенттің банк шотынан жүзеге асырылады. Электрондық ақша банк шотына байланысты емес және оларды пайдалана отырып операцияларды жүргізген кезде  төлем электрондық ақшаны бір  электронды құрылғыдан екіншісіне беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, оның төлем карточкасынан айырмасы, электрондық  ақшаны пайдалану кезінде төлем  ақшаны (қолма-қол, қолма-қол емес) пайдаланбай, бір тұлғаның (төлеушінің) екінші тұлғаға  электрондық ақшаны – “эмитенттің  ақшалай міндеттемелері бар ақпаратты” беру арқылы жүзеге асырылатындығында  болып отыр. Бұл ретте төлемді  жүзеге асыру кезінде электрондық  ақшаны беру үдерісі электрондық  ақшасы бар немесе оларға кіруді қамтамасыз ететін электрондық құрылғылар (микропроцессор (чип), бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютердің “жадысы”) арқылы іске асырылады.

    [Романовский. “ финансы ”, учебник для ВУЗ, 2000 ж]

    Әлемдік практикада қолданылатын тасымалдауышына  байланысты электрондық ақшаның екі түрі ерекшеленеді: Оның біріншісі – карточкалар негізіндегі электрондық ақша (card-based). Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі.

       Кредиттік карточка ақшаның төлем құралы қызметін атқарады.

       Кредиттік карточкалардың түрлері:

       1. Жаңартылатын карточкалар. Магазин, ресторандарда қолданылады.

       Карточкалардың  қарыздары жабылғаннан кейін  қайтадан жаңартылады.

       2. Бір айлық карточкалар. Туристік  фирмалармен есеп айырысу үшін  қолданылады. Қарыздар айдың соңында  жабылуы керек.

       3. Фирмалық карточкалар. Әр түрлі  фирмалар әр түрлі қызмет жөніндегі  шығындарды төлеу үшін шығарылады.

       4. Сыйлықтық немесе алтын кредиттік  қарточкалар. Олар тек жоғары  жылдық табысы бар клиенттерге  беріледі.

       Кредиттік карточкалар 1915 жылдан бастап пайдаланылады, ол кезде олар ең бірінші рет АҚШ-та қарызды жазу түрінде пайда болған. Ақша эволюциясының осы заманғы кезеңіне электронды ақшалар жүйесі сай келеді. Олардың көмегімен ақша операциялары жүргізіледі: банк есебінен ақша алу, салымдарды қабылдау, төлемдер, чектік кітапшалар беру, дебет-карточкалары және т.б. Электронды чектік кітапша болып табылатын смарт-карточкалар пайда болды.

    [Ілиясов Қ., Құлпыбаев “ Қаржы ”, – Алматы, 2005ж ]

       Карточкалар негізіндегі электрондық ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA) сияқты жүйелер  жатқызылады. Екіншісі желілер негізіндегі  электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды  электрондық сақтау және электрондық  ақшаны (эмитенттің электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді  пайдаланатын желілік өнімді білдіреді. Желілер негізіндегі электрондық  ақшаға электрондық ақшаның мынадай  жүйелерін жатқызуға болады – Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).

       Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері. Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық  карточка жақында тек қана қолма  – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл  құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам  адам тауарлар мен қызметтерге төлем  жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық  карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық  карточка қолма – қол ақшалармен еспетеуге қарағанда, қолайлы, әрі  сенімді болып табылады. Пластикалық  карточкалар шартты түрде: халықаралық,  жергілікті, дебеттік, кредиттік, корпоративтік, жекешелік, құрама болып бөлінеді.

Информация о работе Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар