Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Сентября 2011 в 19:34, курсовая работа

Описание работы

Менің ойымша, электронды ақшаның және жалпы ақша дегеннің экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған электронды ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................3

І – тарау. Ақша туралы теориялық аспектілері және электрон-

дық ақшалар

1.1 Ақшаның пайда болуы, оның түрлері..................................................6

1.2 Электрондық ақшалар............................................................................11

І І – тарау. Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар

2.1 Ақша айналысы заңы және мәні..........................................................15

2.2 Электрондық технологиялар................................................................19

І І І – тарау. Пайдалану нысандары

3.1 Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге.............................................25

3.2 Қазақстан Республикасында «Электрондық ақшаның» дамуы........27

Қорытынды................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер..........................................................................31

Қосымшалар...............................................................................................32

Работа содержит 1 файл

моя курсовая.docx

— 90.41 Кб (Скачать)
 

 

       Мазмұны

         Кіріспе.........................................................................................................3

         І – тарау. Ақша туралы теориялық аспектілері және электрон-

       дық ақшалар

       1.1 Ақшаның пайда болуы, оның түрлері..................................................6

       1.2 Электрондық ақшалар............................................................................11

       І І – тарау. Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар

       2.1 Ақша айналысы заңы және мәні..........................................................15

       2.2 Электрондық технологиялар................................................................19

       І І І – тарау. Пайдалану нысандары

       3.1 Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге.............................................25

       3.2 Қазақстан Республикасында «Электрондық ақшаның» дамуы........27

       Қорытынды................................................................................................30

       Қолданылған әдебиеттер..........................................................................31

       Қосымшалар...............................................................................................32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       Кіріспе

     Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты элетронды ақшаның түсінігі мен оларды пайдалану нысандары теориялық аспектілер беріп, қазіргі экономикалық құбылыстарды бақылап, электронды ақшаны жан-жағынан - қазіргі және болашақтағы позицияларынан қарастыру.

       Менің ойымша, электронды ақшаның және жалпы ақша дегеннің экономикалық мәнін бағалау өте қиын. Оның маңыздылығы мен функциясын түсінбей, нарықтық экономиканың механизмін және де оған  электронды ақшаның әсерін танып білу мүмкін емес. Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

       Мен бұл курстық жұмыстың І – тараудың 1.1 бөлімінде ақшаның шығу тарихы, оның түрлері, қызметі және қажеттілігі туралы қарастырған болатынмын. Енді, ақша дегеніміз не деген сұраққа келетін болсақ, Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуыменен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға пайда болады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Ақшаның пайда болу тарихына үңілетін болсақ, түп тамыры ерте кезеңдерде жатыр және де ол бірден біз білетін қағаз, монета түрінде шыққан жоқ. Ақша ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Ал, одан кейінгі кезеңдерде өмір сүрген Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Келе-келе басқа да ақша түрлері дами келді, олар металл ақша, қағаз ақша, электронды ақша және тағы басқадай түрлері. Ең бірінші метал ақша, біздің заманымыздан бұрынғы, үшінші ғасырда Римде басылған. Ең бірінші қағаз ақша ХІ-ғасырда Қытайда шықты. Содан кейін VІІ-ғасырдың аяғыңда Солтүстік Америкада, ал ХVІІІ-ғасырдың аяғында, ХІХ-ғасырдың басында Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы "ассигнация" деп аталатын қағаз ақша шығарылды. Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды және оны үкімет тек мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез  келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. Бірақ XIX ғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грен және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Шыңдығында мұның бәрі сәтсіз аяқталды және де К. Маркс былай деді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

       Ақшамен байланысты экономикалық қатынастар дами келе электронды ақша пайда болды. Бұл туралы  І – тараудың 1.2 бөліміне Электронды ақшаға түсініктеме беретін болсақ, электрондық ақша - электрондық құрылғыда сақталатын және төлемдік және басқа да міндеттемелерді орындау мақсатында электрондық құралдар (байланыс арналары) арқылы бір құрылғыдан екіншісіне беріле алатын ақшалай құнды білдіреді. Әлемдік практикада қолданылатын тасымалдауышына байланысты электрондық ақшаның екі түрі ерекшеленеді: Оның біріншісі – карточкалар негізіндегі электрондық ақша (card-based). Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі. Карточкалар негізіндегі электрондық ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA) сияқты жүйелер жатқызылады. Екіншісі желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік өнімді білдіреді. Желілер негізіндегі электрондық ақшаға электрондық ақшаның мынадай жүйелерін жатқызуға болады – Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).

       І І – тарау 2.1 бөлімінде Ақша айналысы заңының мәні туралы айтылып кеткен, яғни бұл ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысын бір аттас ақша төлемінің айналым санына (айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуі керек.

          Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпыра қолма-қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тигізеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа соғұрлым аз ақша мөлшері қажет. Одан басқа, айналыстан шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды.

       І І – тарау 2.2 бөлімінде Интернеттің  онлайндық  және  офлайндық режимінде  төлемдерді  жүзеге асыруда  жаңа  және  дәстүрлі электрондық  төлем  жүйелеріне деген сұраныс  пен  қызығушылықтың  артуының  бірқатар себептері аталып кетеді. Осындай  себетерге келесілер жатады:

       1) Жаһандану. Әлемнің  түкпір –түкпіріндегі  өзара саудада  қажет іскер адамдар мен  клиенттердің саны өсуде.

       2) Ақша нарығындағы бәсекелестіктің  өсуі. Бәсекелестіктің  өсуі  ақша нарығына  кірудегі  реттеуші  кедергілердің  төмендеуімен, банкілік емес  институттардағы  төлем қызметінің  белсенділігімен түсіндіріледі. Сондықтан банкілік  емес институттар  өздерінің  қаржылық қызметінің  аясын  кеңейтіп,  шығындарды  азайтудың  жолдарын іздестіруді  жалғастырады. Нәтижесінде  банкілер және  басқа да  қаржылық  институттар  төмендетпелі  маржа  жағдайында бұдан  шығар жолды тапты.

       3) Онлайндық  сауданың  елеулі  өсімі. Фирмалық  көтерме  сауда  секторында, клиенттің  бөлшек  сауда  секторында  да  электрондық  коммерцияның  дамуы  қауіпсіз әрі ыңғайлы он – лайндық төлем  әдістеріне деген  сұранысты  арттырады.

   Ал  І І І – тараудың 3.1 бөлімі мазмұны Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге

арнауды жөн көрдім. Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды

«Харрисон және ұлдары» фирмасы Негізінен, теңгенің он жылдық тарихын мынандай

кезеңдерге  бөлуге болады:

   1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар).

   2-кезең.  Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)

   3-кезең.  Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап).

   І І І – тарау 3.2 бөлімі мазмұнында - жуық арада төл теңгеміздің, яғни ақшаның екінші түрі қолданысқа енетін болады. Бірақ ол ақша қағаз түрінде емес, оны қолма-қол жұмсай алмайсыз. Өйткені ол - ақшаның электронды нұсқасы болып табылады. 2010 жылдың ақпан айының 2-сінде Ұлттық банк мамандары Мәжіліс депутаттарына “Электронды ақша туралы” заң жобасын таныстырды.  Осы заңға сәйкес, кез-келген азамат өз еркімен екінші деңгейлі банктерге барып, электронды есеп-шот ашады. Оны “электронды әмиян” десеңіз де болады. Содан соң осы әмияныңызға өз шамаңыз жеткенше, қалауыңыз бойынша керекті қаржыңызды салып қоясыз. Содан кейін интернет арқылы сатылатын тауарларға үйіңізде немесе жұмысыңызда отырып-ақ тапсырыс беріп есептесе аласыз. Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады.

І – тарау. Ақша туралы теорялық аспектілері және электронды ақша

       1.1 Ақшаның пайда болуы, оның түрлері

       Ақша  ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір  шарт және өнім болып табылады. Тауар  – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Тауар –  бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі  қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың  тауарға айналуы ақшаның пайда  болуындағы объективті алғышарттарды  құрайды. Бірақ кез келген зат  тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша». Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады. Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларды «өгіз» деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі «пекуния» (ақш») «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Руна» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де «мал» деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген «біздің жинаған малдармыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы»,                                                                                                               қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынды.

       [Қ.К.  Кеулімжанов, З.Н. Әжібаева, Н.А.  Құдайбергенова, А.Ә. Жантаева «Қаржылық есеп», – Қарағанды, 2001 ж.]

       Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде  айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі  тауарлар сатып алу барысында  құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір  халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік  Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылды. Жүн  ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде  таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. Әлемде әр түрлі «экзотикалық» ақшалар болған. Кародин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады. Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді. Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтың тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді, Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.

       [Ғ.С.Сейтқасымов.  “Ақша, несие, банктер”, – Алматы: Экономика, 2001 ж]

       Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының  болуына негізделеді. Кез  келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды. Бірақ IXV ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Жаңа Утопия аралы және кітап» деген еңбегінде «Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазалатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығы, қайғысы, қиыңшылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен туған кедейліктің өзі де жоғалар еді». Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: «Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес». XIXғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грен және басқалар ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды. Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан кейін, азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдеріне тікелей айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шыңдығында, мұның бәрі сәтсіз аяқталды. С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері -  тредаларды, ал ағылшын экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды ұсынды. Осыған байланысты К. Маркс былай деді: ақшаларды жоя отырып, біз қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және бола береді.

Информация о работе Ақша айналысы заңы, электрондық технологиялар