Асель курстык жумыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 16:56, курсовая работа

Описание работы

Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АС –

ПЕКТІСІ.......................................................................................................................5

1.1Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар......... 5

1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты мүмкіндіктері.............................8

2 АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.............................................................................................10

2.1Аралас экономиканың қалыптасуының материалдық-техникалық негізі.... 10

2.2Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері..........................11

3АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ..............................15

3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері...............................15

3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер және үкіметтің
экономикалық қызметтері..................................................................................19

3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32

Работа содержит 1 файл

Асель курстык жумыс.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

    Екіншіден, сан алуан инструменттерді пайдалану, оның ішінде алдамен контракт жүйесін пайдалану – жеке бизнесті қоғамның приоритеттік мәселелерін шешу үшін мемлекеттік бағдарламаларды орындау мақсатымен, мемлекеттік тапсырма және сатып алу жүйесін ұйымдастырудағы әр түрлі формалардың жиынтығын қолдану.

    Үшіншіден, ұлттық экономиканың әлемдік нарықтардағы бәсекелестік артықшылықтарын қамту мақсатымен, мемлекеттің белсенділік әрекеттерінің мүмкіндігін ұлғайту. Осыны жүзеге асыру жолдары: ұлттық кәсіпкерлер үшін қолайлы шарттардың жасалуы, жеке бизнес үшін мемлекеттік емес қолдауды ынталандыру, ірі масштабты стратегиялық мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететін және жоғары қауіппен байланысты болатын немесе жетімді пайда әкелмейтін, жеке инвестицияларындағы фирмалардың бәсекелік қабілетіне ұнамды жағдай тудыру.

    Төртіншіден, экономикалық процестерді жалпылама үйлесімділікке келтіру, экономиканың дамуын үкімет белгілеген бағыттарға сәйкес ынталандыру, мемлекеттік реттеудің мәндік мағынасы бар қызметіне айналып келеді. Жоспарлық-болжамдық институционалдық құрылымдар жүйесі арқылы өнеркәсіптік саясаттың ұзақмерзімді стратегиясы жасалып отыр (Франция, Жапония, ҚХР).

    Бесіншіден, мемлекет конъюнтуралық артықшылыққа жетуді көздеп, елдің жеке және өндірістік сұранысының динамикасын жобалап отыр. Мемлекет, мемлекеттік шығындармен, салықтармен, несие құнымен, айналы әрекет жасайды, бәсекелікті тәртіпке келтіреді, мемлекеттік секторды дамытады.

    Алтыншыдан, әлеуметтік стратегия және оны жүзеге асыратын әлеуметтік саясат бағытынан келгенде, табыстар, бағалар, жұмыспен қамту, еңбек қатынастары, еңбекті қорғау, тауарлар мен қызметтер сапасы мемлекеттік реттеу сферасына айналып отыр. Бұндағы мақсат - әлеуметтік теңсіздікті жеңілдету, мүдделер балансын қолдау, жалпы  консенусқа жету, тұрғындардың әр түрлі топтарының экономикалық белсенділігін ынталандыру.

    Жетіншіден, экономикалық реттеудің өзгеріп отыратын шаруашылық жағдайларына үйлесуін мемлекет әрекеттерінің әр алуандылық болып дамуы айқындайды. Бүгінгі нарықтық құрылымдар, экономикалық және әлеуметтік саясаттың диверсификациялануын талап етеді. Осы күнгі дамыған индустриялық елдердің экономикасында қайта реттеу және децентрализация (мәселелердің шешімін микродәрежеге беру) процестері қатар жүріп келеді. Қайта реттеу – бұл қоғамдық ұдайцы өндіріс механизміне тікелей мемлекеттік кірісудің масштабының қысқаруы болып табылады. Мемлекеттік реттеу коорпоративтік реттеумен толықтырылып отыр, бұл комулятивтік және компенсациялық (өтемдік) эффект береді.

    Децентрализация процесі – көп мәселелердің шешімін макродәрежеден жекелеген региондардың мегадәрежесіне және жекелеген фирмалардың микродәрежесіне аудару болып табылады. Регионалдық, муниципалдық және коммуналдық басқару органдары мемлекеттік реттеудің субъектілеріне айналып отыр. Әкімшілдік реттеудің тікелей формаларының рөлі төмендеп, мемлекет әсерінің әр түрлі тетіктерінің маңызы өсіп келеді.

    Территория  дәрежесінде экономикалық реттеу аймақтардың  дамуы бір қалыпты еместігін  төмендетеді, тоқырауға ұшыраған аймақтардағы әлеуметтік шиеленісті жеңілдетеді, территорияның экономикалық потенциалын тиімді қолдануды ынталандырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

         ҚОРЫТЫНДЫ 
 

    Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестікті бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

    Қандай  да бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай болу керек? ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады.

Ұсақ  кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ – шы ғасырдың ІІ – ші жартысынан бастап ҒТР – ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ – шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.

    Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, аралас нарықты экономиканы реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30 – 35 % көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50% – ын және мемлекеттік меншік 15 – 20% - ды құрайды.

    Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің  экономикалық даму ерекшелігімен анықталады. Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4% - ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады.

    Батыстың  дамыған елдері экономиканы басқаруды "Аралас экономика" – деген.  Қазіргі таңда аралас экономика әкімдік жоспарлау мен нарықтық экономиканың тиімді жақтарын қабыстыра байланыстырып, заңмен реттеп тамаша табыстарға жетіп келеді

    Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық  экономикалық қатынастар жүйесіне шыңдап ене бастады. 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық дамуы барысында біздің республика өзінің сыртқы экономикалық қатынастарын Ресеймен, Қытаймен және ислам, Орта Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдерімен де тереңдетіп келеді. «2030 жылы біздің ұ,рпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады. Олардың Қазақстаны Еуразия орталығы бола отырып, жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың, Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады» [12-34 б].

    Сондықтан да стратегиядағы жеті ұзақ мерзімді басымдықтардың алғашқысы – ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізудің басты факторы – «көршілерімізбен берік және достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз». Ал ұзақ мерзімді жеті басымдықтың үшіншісі – «Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық аралас нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу».

    Курстық жұмысымды қорытындылай келе еліміздің  экономикасының дамуы үшін кедергі  келтіретін және әлі де болса жетілдіруді  қажет ететін кейбір мәселелердің бар  екендігін байқадым және олар төмендегідей факторлар деп білемін:

    -әлеуметтік бағдарланған аралас экономиканы құру үшін мүмкіндігінше өркениетті нарықтық қатынастар қалыптастырылуы керек. Соңғысының орын алуы үшін дүниежүзілік еңбек бөлінісінде бәсекелестікке қабілетті экономикасы бар мемлекет атануымыз қажет. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін индустриалдық-инновациалық стратегияға сай сервистік-технологиялық келешегі жоғары салаларды дамыту көзделгені белгілі. Өндірістік кластерлер жасау, мұнайхимияны дамыту, инвестициялық құрылымдарды өңдеуші салаларға бағыттау, жаңа технологияларды тарту сияқты шаралар қолға енді алына бастады. Кластерлер деп аталатын технологиялық өзара тығыз байланысты және бәсекелестік қабілетті өнеркәсіп топтарын құрмай отандық экономикамыздың әлемдік нарықта келешегі жоқ екендігі 1996 – 1997 жж. бері айтылып келеді.

    -Қазақстан Республикасы экономикасының қаржы секторында орын алған мәселелер аралас экономиканың нақты секторының әлсіздігі мен тиімсіздігінен туындайды. Аралас экономиканың дамуына кедергі жасайтын келесі қатерлерді атауға болады:

    -шикізат  экспортына тәуелділіктен туындайтын  сыртқы тітіркендіргіштерден тәуелділік;

    -сыртқы  қарыздың артуы: мемлекеттің Халықаралық  Валта Қоры алдындағы қарызының  өтелгендігімен, банк секторы мен  жеке кәсіпорындардың мемлекеттік кепілдіктен алған қарыздарының жиынтық сомасы үлкен;

    -теңгенің  шынайы бекуінің, ұзақ мерзімде  ұлттық экономика үшін тиімді  болғанымен, қысқа мерзімдік тұрғыда  тиімсіз болуы;

    -ішкі  инвестициялардың төмен деңгейі,  жинақтау нормасын көтеру қажет;

    -аралас экономика құрылымының деформациялылығы, өндіруші өнеркәсіптің басымдылығы;

    -аралас  экономиканың өндіруші және өңдеуші  секторларында ғылыми сыйымды  өндірістердің жоқтығы, бар боса  аздығы;

    -өңдеуші  өнеркәсіп бәсекелестігінің сапалылығы  төмен деңгейі;

    -өзге  елдермен сауда байланысындағы  тауар айырбасының «кемтарлығы»: минералдық ресурстар экспорты  мен инвестициялық тауарлар импорты;

    -шағын және орта кәсіпкерлік дамуындағы инновациялық-технологиялық сапаның төмендігі.

    Аралас  экономиканы диверсификациялауда оның маңызы зор. Қоғамдағы тұрақтандыру факторы ретінде кәсіпкерлікті өркендетудің өзектілігін Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев талай рет ескерткендігі мәлім.

    Қазақстан, 2000 ж. Еуропаның бірқатар елдерінің  қолдауымен нарықтық экономикалы мемлекет деп ресми танылғанымен, әзірге өркениетті нарық қатынастарының дамуы тұрғысынан буыны бекімеген ел болып табылады. Экономиканы диверсификацияламасақ, нарықтық шаруашылығы озық дамыған елдердің қатарына қосыла алмаймыз.

    Сонымен, аралас экономикалық қалыптасу диалектикасы өндіргіш күштердің даму деңгейінің туындап, индустриалдық және постиндустриалдық кезеңдеріндегі машиналардың, ірі өнеркәсіптен белгі беретін мануфактуралық еңбек бөлінісінің даму деңгейінен көрініс табады.

    Аралас  экономиканы қалыптастыратын элементтерге талдау жасау оның көпқырлығын көрсетеді. Бұл еңбектегі кейбір мәселелер аралас экономиканың қалыптасу процесінде пайда болатын түйіндердің шешімін табуға болатындай мөлшерде ғана, бірақ көзқарастарды негіздеумен шектелген .

    Қорыта  айтқанда, мен осы курстық жұмысымда аралас экономиканың қалыптасу негізін заңдылықтарын, мәнін, мазмұнын, түрлерін ашып, оның мемлекетте реттеудің маңызын ашып сипаттадым. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 

1. П. Самуэльсон.  «Экономика», Мәскеу, 2000, 58 б

2. Я. Әубәкіров «Экономикалық теория негіздері» Алматы   2004ж.

3. Т.К.Оралтаев «Жаңа кезең – экономикалық теориясы», Алматы 2004, 522б

4. Дж. Гелбрейт. «Новое индустриальное общество», 1999ж, 60 б

5. Ч.Макмиллан. «Японская промышленная система», 1988ж,   87 б

6. К.Маркс. «Экономикалық теория», М., 1982ж, 484 б

7. Я.Ғ.  Қажымұрат  «Экономика» 10 том.  Алматы 2005ж

8. В.Н. Черковец. «Экономика как наука» Москва, 1995ж, 265 б

9. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы», Алматы «Данекер» 2004ж.

10. Б.Б. Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П. Табеев «Экономикалық теория», Алматы,2005ж, 10 б

11.У.А.Жанайдаров,С.А. Әкімбеков «Экономикалық теория», Алматы, 2002ж. 35 б

12. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030» Стратегиялық бағдарламасы.

13. А.М. Волков «Швеция: социально-экономическая модель» Москва, 1991ж

14. А. С. Булатов «Экономика» Москва, 1997ж

15. Р. Кэмбелл Макконнелл, Л. Стэнли «Экономикс» Москва, 2002ж 
 
 
 

Информация о работе Асель курстык жумыс