Асель курстык жумыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 16:56, курсовая работа

Описание работы

Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АС –

ПЕКТІСІ.......................................................................................................................5

1.1Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар......... 5

1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты мүмкіндіктері.............................8

2 АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.............................................................................................10

2.1Аралас экономиканың қалыптасуының материалдық-техникалық негізі.... 10

2.2Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері..........................11

3АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ..............................15

3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері...............................15

3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер және үкіметтің
экономикалық қызметтері..................................................................................19

3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32

Работа содержит 1 файл

Асель курстык жумыс.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

    2. Салыстырмалы қосымша құн өндіру  әдісін қолдану ең маңызды  шара. Оның негіздері:

    а) жұмысшының еңбек өнімін арттыру  арқылы қажетті уақытын кемітіп, қосымша уақытын көбейту;

    ә) өндірілген тауардың құнын, тауардың қоғамдық құнынан әр түрлі жолдармен кеміту нәтижесінде алынатын құнды арттыру;

    б) жұмысшының жұмыс күнін ұзарту арқылы өндірілген қосымша құн.

    Аралас  экономика жүйесінің сипаттамасының қатарында басты мәселе – экономикалық нұсқаны құрудағы кезеңнің мазмұны  болып келеді. Жоғарыда қаралған аралас экономика жүйесінің басты ерекшеліктері – осы экономикалық жүйеде жоспарлы экономикалық элементтер, үлгі механизмдер, нарықтық экономиканың методологиялық негіздері қалыптасады. Ол жүйеде бұл қатынас, әсіресе меншік үлесі, дәл, нақты үйлестіріліп, сол деңгейде олардың әлеуметтік-экономикалық даму, атап айтсақ, мысалы жүз жыл бойы Скандинавия елдері, оның ішінде Швеция мемлекеті осындай аралас экономика жүйесінің негізінде дамып, әлемдік деңгейде өркендеу, даму тәжірибесін іс жүзінде көрсетіп келеді. Осы кезеңде аралас экономика жүйесінің элементтерін пайдалануда социалистік елдер де кездесіп отыр. Бұл жерде Қытай Халық Республикасын айтуымызға болады. Қазіргі жағдайдағы тәжірибеге сүйенсек, ол аса ірі әлем елдерінің біріне айналды. Экономикалық дамуы осындай жүйе механизмін қолданған осы және басқа елдерде жалпы дамуы аса жоғары дәрежеде болып келе жатқаны мәлім. Аталған жүйелердің ішінде ең жоғары деңгейдегі даму – аралас экономикалық жүйесі, яғни жартылай мемлекеттік және жартылай жекеменшік жүйесі болып келеді.

    Қандай  да болмасын экономикалық нұсқаны құрғаннан  кейін, оның шынайы күнделікті өмірде экономикалық даму деңгейін салыстырмалы түрде айналуы, жалпы экономикада  кіріс пен шығыстың деңгейін шығару, теңестіру болып келеді. Ондай  теңестіру осы көрсеткіштердің жалпы техника экономикалық көрсеткіштердің экономикалық дамудағы барлық ресурстарды толық пайдалану негізінде жасалады. Экономикалық есептеу – талдауда экономикалық нұсқаны құрып, іске асыруда тұрақты әрбір кезеңде модульдерді қайта есептеп, түзетіп, жаңартып, өмір ағымымен байланыстырып отыру керек. Әсіресе, мынадай мәселелерге жауап беруге тиісті: қабылданған шешім бойынша; экономикалық нұсқа бойынша; өндірістік шаруашылық мекемелерде, ондағы еңбек өнімділігі жалпы табыс-кіріс, шығын, қорыта келгенде, жалпы пайда, таза пайда қаралады. Осындай мәселелерді шешу үшін және экономикалық нұсқаларды тұрақты экономикалық талдау – есептеу, тұжырымдау және шешім қабылдау қажет болады.

    Мұндай  экономикалық жүйеде жоспарлы экономиканың элементтерін нарық экономикасы жүйесімен қатар қалыптастыратын нақты негізде, олардың аралас жүйесі қалыптасып, қандай да болмасын елде даму негізін салады. Мұндай елдер жайлы жоғарыда айтып кеткен болатынбыз.

    Жаңа  заманда әлем елдеріндегі жүйелерді  экономикалық теория тұрғысынан қарағанда, макроэкономика, оның жалпы ел экономикасы деңгейінде болатындығын және методологиялық негіз және сол деңгейде экономикалық көрсеткіштер жүйесі болады. Теория бойынша саясаттың экономикаға тікелей әсерінен саяси экономика – объективтік ғылым болып табылады. Ал, аралас экономиканың нұсқалары макроэкономикалық теориясыз, ғылымға айналған теориясыз еркін бағалау негізінсіз нұсқалар құрып даму мүмкін емес.

    Макроэкономика  үш бөлімнен тұрады:

    1.Қарапайым және фундаментальды, макроэкономиканың функционалдық нұсқасы;

    2. Нарықты нұсқа жоспарлы және  аралас нұсқасымен салыстырмалы  түрде алғанда;

    3.Әртүрлі нарықтарды экономикалық талдау, яғни микроэкономикалық теория.

    Егер  де аралас экономикалы жүйелерді  алсақ, оның қарамағында конъюктуралық саясат, оны мемлекеттік сектормен қаржыландыру және макротеория негізінде макроэкономикалық талдау жасау. Қандай да экономикалық жүйе болмасын оны құруда, өндірістік қатынастар мәселесі, экономикалық теорияның негізін қамтамасыз ету қажет. Онда:

    а) қоғамдағы өндіріс процесінде өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуда – адамдардың санасы мен еркінен тыс пайда болып, олардың арқасында қалыптасатын экономикалық қатынастар жиынтығы;

    ә) қоғамда өндіріс процесінде өндіру, бөлу, айырбастау және тұтынуда – адамдардың санасы мен еркіне байланысты пайда болатын, оларда реттелетін экономикалық қатынастар.

    Осы аталған өндірістік қатынас ең бірінші, өзгермелі капиталды пайдаланумен тікелей байланысты, оның басты нақты  дәлелдері, біріншіден, бұл жұмыс  күшін сатып алуға жұмсалатын, әр өндіріс процесінде өсіп ұлғаятын капитал. Сонымен қатар, ол айналымы капитал ретінде өз құнымен дамып, өнімге біртіндеп өткізетін заттар болуы және өндіріс құрал-жабдықтары түрінде болатын, өндіріс процесінде өз құнын өзгертетін бөлігі, жұмыс күші – тауардың тұтынуын қамтамасыз ететін негізі болады. Өзгермелі немесе айналмалы капитал, өзі жұмыс күші құнынан артық жасаған, еңбек ақы төленбеген еңбегі арқылы жасалатын құн негізінде болуы. Осыған байланысты жұмысшының және оның жанұя мүшелерінің өмір сүруі үшін қажетті тіршілік заттарының құны. Өндірісте өнім өндіруде аталған капитал, еңбек процесінде жұмысшының өзінің жұмыс күші құны мөлшерінен артық қосымша құн өндіру қабілеті ретінде туындайды.

    Сілтеме: Аралас экономиканың экономикалық құрылымы мен жүктелімдері 2.2. 1. және 2.2. 2. суреттерде көрсетілген. 
 
 

                                                        1 – шаруашылық жүргізудің дербес  кіші

                                                             жүйесі ретіндегі нарық

    

                                                       2 – шаруашылық жүргізудің кіші

                                                             жүйесі ретіндегі нарық

    

                                                        3 – кіші жүйе ретіндегі табиғи

                                                              шаруашылық 
 
 

    2.2. 1.  сурет Аралас экономиканың  экономикалық жүйесінің 

                                                   құрылымы 

    Бұл суретте аралас экономиканың құрылымы ретінде үлкен көлемді 1 номердегі шаруашылық жүргізудің дербес кіші жүйесі ретіндегі нарық құрылымы алып тұр. 
 

Басқару - Нарықтық

    Куба          Албания 
    
    Ресей     Қазақстан     Швеция     Нидерланды     Франция     Германия     Англия     Жапония     АҚШ  
    Гонконг 
 
    

шылық 
 

    2.2. 2. сурет  Елдердің экономикалық  жүйелер типтері бойынша жіктелімі 
 

Бұл сурет бойынша аралас экономика орнаған мемлекеттер: Албания, Ресец, Қазақстан, Швеция Нидерланды, Франция, Германия, Англия, Жапония, АҚШ елдері.

      3 АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 

    3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері 
 

    Мемлекеттің өте үлкен рөлі және оның экономикалық процестердіреттей алатын қабілеті экономика мен саясаттың байланыстарынан, экономикалық саясаттың жасалуынан тәуелді болады.

    Мемлекет  қоғамдық жүйенің жемісі болып табылады, биліктің барлығына ие болады, мемлекеттік емес институттардың барлығының болуын (болмауын) болжап отырады.

    Сондықтан мемлекеттің жаратылып, қызмет етуі тарихи қажеттілік болумен бірге, бұл  дамудың қоғамдық прогрессивтік  және өте маңызды факторы болып  табылады.

    Мемлекеттің жаратылуымен бірге, оның экономикалық қызмет ететін сферасын қалыптасады. Мемлекеттің экономикалық саясаты нарық жүйесінің құрамында буынына және қажетті элементіне айналады. Үкіметтің «көрінетін қолы» бәсекенің «көрінбейтін қолын» реттеп отыруға тиісті, бұл туралы         А. Смит айтқан болатын.

    Осындай жағдайларға байланысты, мемлекет экономикалық теорияның зерттеуінің қызметіне (пәніне) айналады. Бұнда мынадай  жағдайды естен шығармау керек. Көп  уақыт бойы мемлекеттің экономикалық рөлі ғылымның өзімен – саяси экономиканомиямен бірдей деп есептелген. Сондықтан бүгінге дейін экономикалық теорияны экономикалық саясатпен алмастыруды өкситіндер әлі таусылған жоқ. Үкіметтің қандайында болмасын, мемлекеттің экономикаға кірісуі объективтік қажеттік болып табылады. Бұл экономиканың нарықтық немесе әміршіл-үлестірмелі болуымен байланысты емес, үлестіруші экономикада мемлекет тауарлар мен қызметтерді өндіру және бөлу туралы барлық құқықтар мен міндеттерді өзіне артады. Бұнда реттеуге жататын ештеме жоқ. Бірақ осындай жүйе өзінің тиімді еместігін және дәрменсіздігін іс жүзінде көрсетті.

    Нарықтық  шаруашылықта үкімет алдында тауарлар өндіріс пен ресурстарды бөлудің  тікелей ұйымдастыру міндеті  болмайды. Ол ресурстармен, капиталмен және өндірілген тауарлармен еркін  жарлық «өкім» ете алмайды (бұнымен тек әміршіл-ілестірмелі экономика айналыса алады).

    Нарықтық  жүйе дегеніміз – бұл алдымен  шешім қабылдаудағы өндірушілермен тұтынушылардың прерогативасы (айрықша  құқығы, құзыреті). Сонда да мемлекеттің  реттеушілік қызметтері осында да ерекше маңызға ие болады.

    Нарық механизмі экономикалық өсудің барлық мәселелерін шешпейді. Еркін бәсекелік  кезеңінің өзінде өндіргіш күштердің  елеулі бөлшегі үшін классикалық  жеке меншік шеңбері жетімсіз бола бастайды, сондықтан мемлекет экономиканың ірі құрылымдарын: теміржолды, поштаны, телеграфты және т.б. өз қарамағына алуға мәжбүр болады. Еңбек бөлінісінің дамуы мемлекетаралық интеграцияның күшеюіне, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан асуна әкеліп соғады, қорғаныспен, ғылыммен әлеуметтік қатынастарды реттеумен, жұмысшы күшінің ұдайы өндірілуіне, экологиямен және т.б. байланысты, жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеліп соғады. Мемлекеттік құрылымдарды реттеумен байланысты шешімдер шығаратын механизмді жаңартуға шұғыл кірісу қажеттігі туады.

    Белгілі жағдай, монополиянбаған жоғары дамыған  нарықтық экономиканың қозғаушы механизмдерінде  экономикалық дамуға стагнация әкелетін элементтер болады. Өндіріс факторларының, алдымен жұмысшы күшінің толық  қамтылмағанында экономикада жүйелілік тепе-теңдіктің болуы осыны байқатады. Стагнацияның қайшылықтарын шешу үшін мемлекеттің потенциалын пайдалану қажет. Мемлекет тиімді сұраныс пен толық жұмыспен қамтуды бір-бірімен үйлестіру қызметін мойнына алады.

    Қазақстан экономикалық құрылымдарды реформалау жолының бастапқы кезеңінде келеді. Оның нарықтық экономиканы құру және оны пайдалану туралы тәжірибесі жетімді емес, сондықтан дамыған елдердің мемлекеттік реттеу тәжірибесін зерттеп білудің арқасында, экономикалық дамудағы қателіктерді қайталамауға мүмкіндік туады.

    Тарихи  жағынан дамыған елдерде экономиканы  реттеу туралы екі методологиялық бағыт  қалыптасқан: Кейнстік мектеп (шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу теориясы) және мемлекеттің қоғамның шаруашылық өміріне кіріспеуі туралы неокейнстік, кейде консервативтік доктриналардың синтезі. Осы екі теориялық ағымдардың ортақ негіздері бар. Олардың екеуі де мемлекетті, қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншікпен және шаруашылық функцияларымен қамтамасыз етілген, экономикалық субъект деп тұжырымдайды.

    Бұлардың  бір-бірінен айырмашылығы мемлекеттік  ықпал етудің бірдей емес әдістерін  қолдануынан айқындалады. Біреулер мемлекеттің экономикалық процестерге  мүлде кіріспеуін жақтайды. Австриялық экономист Хайек мемлекет экономикалық процестерге кіріспей, тек «түнгі күзетші» қызметін атқарғаны жөн деп есептейді.

    Дж.М. Кейнс және посткейнстік өкілдер, нарық  параметрлерінің жағдайына бақылау  жүргізуді мемлекеттің басты  қызметтерінің біреуіне жатқызады. Тепе-теңдікті бұзатын ықпалдың қандайы  болмасын есепке алынып, және ішкі тұрақтанушылар көмегімен, тепе-теңдіктік баланстанған өсу траекториясына бағытталуы қажет. Осылай үкімет нарықтың осы немесе, басқа сегментіне әсер етеді.

    Кейнсианствоның өзін экономиканы реттеу мәселелері жөнінде біркелкі теория деп санауға  болмайды. Осы теорияның негізінде үш ағым бар: солшыл (либералдық), консервативтік және неоклассикалық.

    Солшыл  кейнстік бүгінгі экономиканың қайшылықтарынан  құтылуды қоғамдық мақсат үшін мемлекеттің  шығындарын тұрғын үй құрылысына, денсаулық  сақтауға, әлеуметтік сақтандыркға, жол салуға, сонымен қатар, фермерлердің, ұсақ кәсіпкерлердің табыстарын, жұмыскерлердің жалақысын өсіруге жұмсалатын шығындарды өсірумен байланыстырады.

Информация о работе Асель курстык жумыс