Асель курстык жумыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 16:56, курсовая работа

Описание работы

Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АС –

ПЕКТІСІ.......................................................................................................................5

1.1Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар......... 5

1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты мүмкіндіктері.............................8

2 АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.............................................................................................10

2.1Аралас экономиканың қалыптасуының материалдық-техникалық негізі.... 10

2.2Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері..........................11

3АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ..............................15

3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері...............................15

3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер және үкіметтің
экономикалық қызметтері..................................................................................19

3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32

Работа содержит 1 файл

Асель курстык жумыс.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

    Консервативтік бағыт бар үмітті экономикаға мемлекеттік реттеудің, пайданы барынша жоғарлату арқылы және экономиканың консервативтік құрылымын сақтау арқылы, жүрілуінің қажеттігіне артады.

    Неоклассикалық  мектеп және оның өкілдері бойынша, тиімді несиелік-ақша және фискалдық саясат арқылы халықтың әр түрлі топтар табыстарының дәрежесін белгілеу, инвестициялық саясатты үйлесімге келтіру, прогрессивтік салалық құрылымды қалыптастыру үшін мемлекеттік экономикалық процестерге микро және макро дәрежеде кірісулеріне интеграция жүргізу қажет дейді.

    Қандай  объективтік жағдайлар экономикалық өсуге мелекеттік реттеудің қажеттігін болжайды?

    Нарық механизміне тән  кемістіктерді  мемлекет түзетіп отыруға тиісті. Баршаға мәлім, нарықта негативті  жағдайлар аз емес: ұдайы өндірілмейтін  ресурстарды сақтауға  және қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік тудырмайды; барлық адамзат қарамағындағы,мысалы, мұхиттардағы балық байлықтарын, ресурстардың пайдалануын реттемейді. Нарық жағдайында қабылданған шешімдердің негативтік салдары кейде есепке алынбайды және ұжымдық пайдалану үшін қажет тауарлар мен қызметтер өндірісі ынталандырылмайды; табыстар мен еңбек құқықтарына кепілдік болмайды, ғылым саласында фундаменталдық зерттеулерді мақсатты дамыту қамтамасыз етілмейді. Нарық көбінесе әлеуметтік-қажетті тауарлар өндіруге еиес, ақшалылардың талабын орындауға бағытталады. Ол рециссиялық және инфляциялық процестерге бай болатын тұрақсыздығы күмәнді даму  бағытына бейімді келеді. Мемлекет кәсіпкерлік фирмалардың өзара сайысына ортақ жағдай жасап отыруға, тиімді бәсекелік болдырмауға, монополияланған өндіріске шек қоюға өзіне жауапкершілік артады. Мемлекет экономикалық ресурстардың  адамдардың ұжымдық қажеттерін қанағаттандыруға жұмсалуын, қоғамдық сипаты бар тауарлар мен қызметтер өндірісінің құрылуын талап етеді. Мемлекет экономикалық өмірге қатынасып мүгедектерді, балаларды, кәрі адамдарды, тұрмыс жағдайлары төмендерді өзінің қамқорлығына алады, еңбек нарығына реттеу жүргізеді, жұмыссыздықты төмендету үшін шаралар қолданылады. Сыртқы саясатты, төлем балансы мен валюта курстарын реттеуді де ұмытпау керек.

    Қорытып айтқанда, мемлекет азаматтар қоғамдастығының саяси және әлеуметтік- экономикалық принциптерін жүзеге асырады.

    Нарық жағдайында экономиканы мемлекеттік  реттеу (ЭМР) әлеуметтік- экономикалық жүйені өзгеріп отыратын шаруашылық жағдайын сәйкестікке келтіру мақсатымен, құқықты мемлекттік мекемелер жүзеге асырып отыратын заңдылық, атқарушылық  және бақылау сипаты бар шаралардың жүйесі болып табылады. Көп экономистер мойындады: ЭМР жалпы экономикалық жүйенің тепе- теңдікте өсуіне жету мақсатымен, микро- және макроэкономикалық реттеушілер көмегімен, ішкі және сыртқы нарықтардың жеке сигменттеріне, үкіметтің мақсатты сәйкестікке келтірушілік,басқарушылық әсері болып табылады.

    Мемлкеттік  реттеудің мақсаттары бір- бірімен  тығыз байланыста болады, олардың  маңызы, ықпалының масштабы және салдары бірдей болмайды.ЭМР- дің мақсаттарын бастыларға және нақтыларға бөлуге болады. Басты мақсаттар: экономикалық және әлеуметтік тұрақтылыққа жету; ұлттық бәсекелестікті, артықшылықтарды, экономикалық қауіпсіздікті, нарық механизімінің әрқилы жағдайларға тез арада үйлесуін қамтамасыз ету болып табылады. Нақты мақсаттар, мемлекеттік реттеудің объектіне байланысты, әр түрлі болады. Бірақ қашан болмасын қоғамдық және жеке ынталарды бір-бірімен үйлестіріп отыру қажет.

    Реттеудің объектісіне ұлттық экономиканың ұлттық дәрежеден жоғары мемлекетаралық одақтары, сонымен қатар ұлттық экономиканың реттеушілер арқылы шешілмейтін жекелеген секторлары мен аймақтарында туып отыратын мәселелері жатады. ЭМР- дің субъектілеріне басқарудың орталық (федералдық), аймақтық, муниципалдық немесе коммуналдық органдары жатады.

    Мемлекеттік реттеудің мынадай типтері болады:

    -Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм. Бұл КСРО-ға  және социалистік елдердің достығына тән болған, қазір кейбір постокоммунистік елдерде сақталып отыр;

    -Нарықтық және мемлекеттік реттеушілердің ұштасуының әртүрлі варианьы. Осылар «жапондық», «шведтік» үлгідерде орын алады. ФРГ мен Австриядағы әлеуметтік- бағытталған нарықтық шаруашылық үлгісінде, дамуыдың «қытайлық» вариантыда көрінеді;

    -Шекті либерализм. Бұл тек шектелмеген жеке кәсіпкерлік жағдайларды тиімді деп мойындайды. Бұл жағдай көбінесе АҚШ- қа тән.

    Мемлекеттік реттеу тиімділігінің кепілдігі  мықты заң шығарушы, атқарушы және сот үкіметі болуымен белгіленеді.

    Мемлекеттік реттеудің институционалдық құрылымына әкімшілік органдар кіреді.

    Осы басқару органдардың, олардың экономикалық мүдделерін жүзеге асыру мүмкіндігін  және шешім қабылдаудағы дәйектілігін белгілейтін, оқшаулану дәрежесі елдегі басқарудың орталықтану деңгейінен тәуелді болады. Демек, Ұлыбританияда, Франциямен салыстырғанда бюрократияның саясатқа жүргізетін бақылауының орталықтану деңгейі төмен.АҚШ-тың жоғарғы әкімшілік құрылымдарында салыстырып қарағанда автономды органдардың саны елеулі шамада артық. ФРГ-да басқарудың көбінесе жоғары интеграцияланғаны тән- делдалдылық механизмі мен мүдделердің агрегаттануының және осылардың үлгілерінің. Осылай корпоативтік үлгі, мүдделердің тепе- теңдігіне жету үшін, арнаулы институттар құрылуын талап етеді. Бұл  Швецияның және Жаңа Зеландияның либералдық корпоративизмі, Жапониядағы жеке капитализм, Швецариядағы «соиетарлық».

    Плюралистік үлгіде Италияда, Ұлыбританияда мүдделерді келісімге келтіретін ерекше механизм көрсетілмеген. Бұлар саяси процестер  шеңберінде, парламенттің, үкіметтің  кәсіподақтардың және партиялардың қатынасуымен орындалады.

    Сөйтіп, белгілі мемлекеттік органдары  арқылы жүріп отыратын мемлекеттік реттеудің екі басты үлгісі болады.

    1.Реактивтік (адаптациялық) үлгі. Бұл үлгі АҚШ-қа тән. Осы үлгі арқылы нарықтың болмашы «қателіктерінің» өзімен есептесу мүмкін болады. Мемлекет пен жеке бизнестің бірлескен қызметтерінің қажетті формулаларын пайдалана отырып, реттеуші органдардың құрылымы мен қызметтерінің икемділілік дәрежесі жоғары болғандықтан, макро және микродәрежеде тікелей және жанама реттеу құралдарын ұтымды қолдану.

    2.Мемлекеттік реттеудің белсенді үлгісі арқылы (Жапония) нарық механизмінде мүмкін болатын ұнамсыз жағдайларды алдын ала ескеруге болады – мемлекеттік кірісудің шамасын, көлемін тура белгілейотырып болжауды қолданып, мемлекет және кәсіпкерлердің келіссөздерінің нәтижесіндегі ұсыныстармен есептесіп отыру. 

       

    3.2. Функционалдық экономикалық жүйелер және үкіметтің экономикалық

қызметтері 
 

    Ұлттық  құрылымның қандайында болмасын, нарықтық экономика, қалыптасқан сандық және сапалық сипаттамалары бар, белгілі функционалдық экономикалық жүйе (ФЭЖ) болып дамиды. Осыларды қолдаумен немесе сәйкестікке келтірумен, өзін-өзі реттеумен қатар, мемлекет (үкімет) айналысады.

    Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша, осы  заманда дамыған нарықтық экономикасы бар елдер Кейнстік принциптерді де, монетаризм принциптерін де ұтымды қолданады. Осылардың негізінде, жоғары дамыған елдерде, өзін-өзі реттейтін механизмдердің дамыған жүйесі қалыптасқан. Бұдан артық жүйенің қандайының болмасын тұрақтылығы, осында өзін-өзі реттейтін механизмдердің болуымен белгіленеді. Нарықтық шаруашылықта осындай механизмдер функционалдық экономикалық жүйелер болып тізбектеледі. Бұлар өзін-өзі реттеу механизмі мен мемлекеттік реттеудің біртұтас бейнесін алып, Кейнстіктік және монитаризмнің элементтерінің ерекше симбиозы болып табылады.

    Функционалдық экономикалық жүйе деп, біртұтас экономика  шеңберінде, барлық құрылымдық элементтердің  іс-әрекеттері ұлттық нарықта макроэкономикалық  тепе-теңдікті қолдауға бағытталған және информациямен, тауарлармен, қызметтермен, технологиямен,  ноу-хаумен, капиталмен жұмысшы күшінің әр түрлі формаларымен айырбас жүргізу үшін оптималдық шарттар жасауға бағытталған, динамикалық өзін-өзі реттейтін қосалқы жүйелер түсінеледі.

    ФЭЖ-дің мақсаты бағытталған жүйелерден (банктік, салықтық, сақтандыру, әлеуметтік қорғау және басқалардан) айырмашылығы оның алдымен өзін-өзі реттейтін жүйе болуы. Бұларда тұрақтылықтың белгіленген тапсырмадан ауытқуының қандайы болмасын, макро немесе микродәрежеде тепе-теңдікті қайта орнататын, мемлекеттің өте көп механизмдерін қолма-қол жұмылдыруға түрткі болады.

    ФЭЖ белгілі берілген макроэкономикалық  параметрлер маңайында тепе-теңдікті ұстап қолдап тұрады. Міне, мысалы, тапшылықтың  деңгейі ЖҰӨ-нің 5%-нен аспау керек; алтынвалюталық резервтер көлемі кем дегенде үш ай бойы импорт шығындарын өтеуге жетімді болуы керек; сыртқы борышқа қызмет ететін ағымдағы төлемдердің болмауы керек; жұмыссыздықтың сын дәрежесі еңбекке қабілетті адамдардың жалпы санының 15-20%-нен артық болмауы керек және т.с.

    Жоғарыда  келтірілген параметрлердің салыстырмалы екеніне қарамастан, ФЭЖ-де мемлекеттік  реттеудің көмегімен оларды белгілі  деңгейде ұстап тұру ішкі нарықтағы  тепе-теңдікті сақтайды және экономикалық өсудің тұрақтылығы мен динамизімін қамтамасыз етеді.

    ФЭЖ үлгілік мысалы ретінде мына жүйелерді  атап өтуге болады: бәсекелік ортаның  қалыптасу жүйесі, айналыстағы ақшамассасының деңгейін реттейтін жүйе; жиынтық  сұранысты ынталандыратын жүйе; төлем  және сыртқы сауда балансын қолдайтын және басқа жүйелер. Осылардың барлығының жиынтығы мемлекеттік нарықтық экономиканы реттеуге тұрақты өсуді қолдауға бағытталған қызметтері болып табылады.

    Нарықтық  экономиканың ФЭЖ-ің негізгілерінің біреуіне бәсекелік ортаны қалыптастыру жүйесі жатады. Осы жүйе жеке кәсіпкерлік пен адал бәсеке үшін оптималдық шарттарды қолдапотырады. Ұсақ және оррташа компанияларды ірі монополиялар жүргізетін бейнетті бәсекеден қолдауды және табиғи монополиялардың қызметтерін реттеуді осы жүйе қамтамасыз етеді.

    Осы жүйенің даму дәрежесін және қызмет етуінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерге әлемдік нарықта елдің бәсекелік қабілеттерінің көрсеткіштері, экономикалық еркіндік дәрежесі, қаржылық қауіп-қатер дәрежесі және шетелдік инвестицияларға қауіп дәрежесі жатады. ФЭЖ-ің реттеушілерінің ұтымды қызмет етуінен инвестициялық климат көбінесе тәуелді болады.

    Осы функционалдық жүйенің көмегімен  елдің ішкі нарығына басқа елдерден болжамдалып отыратын өнімдер келеді. Осы жағдай тауар өндірушілерді  сәйкес сапа мен тауар бағасының дәрежелерін қатал бақылаудан жіберіп алмауға мәжбүр етеді.

    Нарықтық  экономикада тұтынулық және инвестициялық  сұранысты ынталандыратын негізгі  реттеу механизмдердің біреуіне, айналыстағы  ақша массасының көлемін реттеп отыратын функционалдық қосалқы жүйе жатады. Бұның құрылымдық элементтері: Орталық банктің несиелік-ақша саясаты, коммерциялық банктердің қайта қаржыландыруларының көлемдерін реттеу, ашық нарықтық операциялар.

    Өнеркәсіптік  дамуы жоғары елдердің көбінде ішкі баға дәрежесін қолдауға бағытталған функционалдық жүйе белсенді қызмет етеді.

    ФЭЖ-ді ұйымдастырудың күрделі архитектоникасы  болады, соңғыға шешім қабылдаудың  афференттік синтезі, түпкі нәтижесінің  болашағын болжап білу (іс-қимылдың нәтижесінің акцепторы), көп компоненттік әрекеттер жатады. Керісінше афферентацияның көмегімен әрекеттердің нәтижесіне баға беру ФЭЖ-ің маңызды ерекшелік сипаттамасы.

    Функционалдық реттеудің құрамына әр түрлі институционалдық ұйымдар жатады: заң қабылдаушы және атқарушы үкімет органдары, мемлекеттік  ұйымдар, тауар өндірушілер ассоциациялары, аналитикалық және информациялық орталықтар, жекеменшік коммерциялық құрылымдар және т.б.

    Реттеуші  экономикалық жүйелердің қалыптасуының  мүмкін болуы байланыс құралдарының, телекоммуникацияның, есептеу техникасының жоғары дамуымен байланысты. Осының көмегімен ішкі және сыртқы нарықтардың жағдайы туралы оперативтік информация алуға болады, оларды талдап және осы немесе басқа шешімдердің вариантын дайындауға болады. Сондықтан әр түрлі ФЭЖ-дің қызметтері біртұтас информациялық жүйе болып біріктірілген, меншікті локалдық мәліметтер базасына негізделеді.

    Уақытында Дж.М.Кейнс «макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ететін еркін нарық жүйесінде ішкі механизм болмайды» деген [11-35 б]. Бірақ осы заманда, функционалдық институционалдық жүйелердің кең желісінің жасалуымен байланысты, бүгінгі нарықтық шаруашылық, өзін-өзі реттеуші мүмкіндігіне ие болған, ашық өзі дамитын жүйеге айналып отыр. Нарық экономикасында ФЭЖ-ің болуы оған тұрақтылық және динамизм береді.

    Қазақстандық  экономикада осындай  жүйе мәселесі енді ғана күн тәртібіне қойылып отыр. Өнеркәсіптік дамуы жоғары елдерде өздігінен реттеушілік механизмі, капиталистік елдердің көбін мезгіл-мезгіл ойсыратып тұратын экономикалық дағдарыстың бірте-бірте сөнуіне жол ашады.

    Өзімен-өзі дамитын жүйенің қандайына болмасынтән объективтік қайшылықтар белгілі кезкңде сыни межеге жетеді – олар экономикалық, циклдік, құрылымдық, қаржылық, биржалық немесе экономикалық дамудың дағдарысының басқа түріне айналады. Дағдарыс дамудың өткен кезеңіндегі энтропиясының негізгі элементтерін айқындайды, ол шаруашылық механизмнің жекелеген буындарының қызмет етуінің тиімді еместігін, материалдық өндіріс құрылымының диспропорцияларын, алыпсатарлық несиенің салтаңын, валюта қаржы жүйесінің кемшіліктерін, тұтынушылық сураныстың өзгеруінің – осылардың барлығының тиімді еместігін көрсетеді. Экономикада реттеушілердің кең желісінің болуы ауытқулардың ауқымын және циклдік фазалардың тереңдігін елеулі төмендетеді.

Информация о работе Асель курстык жумыс