Асель курстык жумыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 16:56, курсовая работа

Описание работы

Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтардың нақтыланған алып жүйесі болып табылады. Аралас экономика- бұл нарық , бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3

1АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АС –

ПЕКТІСІ.......................................................................................................................5

1.1Аралас экономиканың мәні мен қалыптасу тегін ашатын алғышарттар......... 5

1.2 Аралас экономиканың типтері мен нақты мүмкіндіктері.............................8

2 АРАЛАС ЭКОНОМИКА: ҚАЛЫПТАСУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.............................................................................................10

2.1Аралас экономиканың қалыптасуының материалдық-техникалық негізі.... 10

2.2Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері..........................11

3АРАЛАС ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ..............................15

3.1 Аралас экономиканы мемлекеттік реттеудің үлгілері...............................15

3.2 Функционалдық экономикалық жүйелер және үкіметтің
экономикалық қызметтері..................................................................................19

3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,
негізгі бағыттары................................................................................................23

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................................32

Работа содержит 1 файл

Асель курстык жумыс.doc

— 225.50 Кб (Скачать)

    Сонымен, өзін-өзі реттейтін экономикалық жүйеде мемлекеттің рөлі өте зор өзгереді, ол ФЭЖ-ің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін, олардың желісін кеңейтуге және құрылымы жетілдіруге ат салысатын, барлық шаруашылық жүйенің басты үйлестіруші орталығына айналады.

    Мемлекет  нарықтың өміріне тек макроэкономикалық тепе-теңдіктің тұрақтылығын қолдау үшін ұстап тұруға қажет деңгей жұмысын қамтамасыз ету үшін немесе еркін бәсекеліктің шарттарын орындамайтын нарықтарға бақылау жүргізу үшін кіріседі.

    Нарық эеономикасында мемлекеттің рөлі оның әрекеттерінің әр қилы түрлері арқылы жүзеге асырылады. Осылардың маңыздыларына экономикалық шешімдер қабылдау үшін құқықтық негіз жасау, экономиканы тұрақтандыру, ресурстарды әлеуметтік мақсаттарға сәйкес бөлу, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету жатады.

    Осы замандағы мемлекеттердің экономикалық қызметтері өте күрделі және көп  түрлі болады. Мемлекет атқаратын  негізгі экономикалық қызметтерді  мынадай топтарға бөлуге болады:

    1.Құқықтық база және бәсекелестік орта құру арқылы нарық жүйесінің қызметін қолдау, монополияға қарсы заңдар арқылы бәсекелікті қолдау.

    2.Табыс пен байлықты қайта бөлу, ұлттық өнімнің құрылымын өзгерту және экономиканы тұрақтандыру мақсатымен жұмыспен қамту және инфляцияның дәрежесіне бақылау жүргізу арқылы ресурстардың бөлінуіне түзету енгізу.

    3.Нарық механизмінің кейбір элементтерінің әрекеттеріне тежеу қою. Демек, жиынтық муниципалдық тұтыну сферасы көлемінде әңгіме қоғамдық тәртіпті қолдап, қорғау туралы, ұлттық қорғаныс, инфрақұрылымдық кешендер туралы және сумен қамтамасыз, көлік жүйесі туралы болғанда, нарықтық элементтерді пайдаланудың шектелгені байқалады.

    Шектеу  жиынтық тұтыну сферасында және өмірдің  қоғамдық орташа шартын қамтамасыз етуде, білім беруде, медициналық қызмет көрсетуде қолданылады. Мемлекеттік  және муниципалдық органдар нарықтық және қоғамдық мүдделермен есептесе отырып білім, денсаулық сақтау, экологиялық бақылау жүйелерінің қызмет етуін қамтамасыз етеді.

    Мемлекеттің осы қызметтері әлемдік нарықтық жаңа және дәстүрлі қалыптасқан салаларында  фирмалардаң бәсекелестік қабілеттерін дамыту арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекет  өзінің қызметтерін үкімет арқылы орындайды, шынында мемлекет дегеніміз –  бұл бірлесіп өмір сүру үшін және іс-әрекеттер  атқару үшін ұйымдастырылған қатынастар жүйесі. Ал үкімет көмегімен нақты  ережелердің, заңдардың, нормативтердің орындалуына басқару және бақылау жүргізілетін Министрліктер, Комитеттер, ұлттық банк және басқа үкіметтік органдар түріндегі, билік ететін құрылымдар.

    Мемлекет - өзін-өзі ұйымдастырған қоғам, үкімет – осы ұйымның атқарушы органы. Үкіметпен және оның шаруашылық субъектерінің жиынтығы, заңдардың негізінде қызмет ететін, ұйымдастырылған нарықтық экономиканың институционалдық құрылымына жатады.

    Соңғы кездері үкіметтік шешімдер қабылдауда қоғамдық талғау теориясы кең қолданып отыр. Осы теория арқылы үкімет не сатып алу керек, тауарларды қалай өндіру керек, кімдер үшін мемлекет шығынданады, жеңілдіктер кімдер үшн жасалады деген мәселелер анықталады. Қоғамдық талғау теориясы жекелеген тұтынушылардың ұнатуларының, нарық механизмі арқылы ұжымдық іс-әрекеттерге айналуын зерттейді. Өзінің экономикалық мәні жағынан қоғамдық талғау теориясы мемлекеттің басты экономикалық, саяси қызметтеріне негізделеді. 

      

    3.3 Мемлекеттік аралас экономикалық реттеудің әдістері,

негізгі бағыттары 
 

    Мемлекет, әлеуметтік-экономикалық процестерге реттеу жүргізуде, экономикалық міндеттерге, мемлекеттің материалдық мүмкіндіктеріне, реттеу туралы жинақталған тәжірибеге байланысты өзгеріп отыратын әдістер мен инструменттер жүйесін қолданады.

    Мемлекеттік реттеу әдістері құқықтық, әкімшілік, экономикалық – тікелей, жанама болып бөлінеді.

    Құқықтық  реттеуге мемлекет тарапынан өндіруші-фирмалар мен тьұтынушылар үшін «экономикалық ойын» тәртібінің белгіленуі жатады. Заң нормалары мен ережелерінің жүйесі, меншік формалары мен меншік құқықтарын, контракт жасау мен фирманың қызмет ету шарттарын, кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің еңбек қатынастарына байланысты өзара міндеттемелерін және т.б. белгілейді.

    Әкімшілік реттеуге – реттеу, контингенттеу, лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Әкімшілік шаралардың көмегімен (бекіту, рұқсат ету түрлерінде) бағаларға, табыстарға, есепке алу ставкасына, валюта курсына мемлекеттік бақылау жүргізіледі. Осы заманда әкімшілдік шаралардың әрекет ететін сферасы, көп елдерде қоршаған ортаны қорғаумен, тұрғындарды әлеуметтік қорғаумен шектеледі.

    Экономикалық  әдістер нарықтық қатынастардың  сипатына және ұлттық құрамның шеңберінде нарықтық ортаға ықпал етуді талап  етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық  ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер теу арқылы экономиканы және әлеуметтік шарттарды құрылымдау, экономикалық өсу факторларын қолдану арқылы жүріп отырады. Осы мақсатпен қолданылады:

    -Бюджеттік және фискалдық саясат;

    -Ақша-несие саясаты;

    -Жоспарлау; Болжау және жоспарлау.

    Мемлекеттік реттеудің келтірілген әдістері мен инструментарилері оларды кешенді қолдануды талап етеді. Тепе-теңдік экономикалық өсуге ықпал етуде, өзара байланысты инструментариді пайдалануды, нарықтардың өзара байланысы және шарттасқандығы тудырады.

    Нарықтық  жүйенің мемлекеттің кірісуінсіз мүмкін  еместігін барлық экономикалық даму айқындайды. Бірақ бұның шегі бар, одан шығып кеткен болса нарық процестері деформацияға ұшырайды, өндірістің тиімділігі түседі. Реттеудің маңызды шектелуі болады.

    Тағы  есте болатын жағдай экономикалық реттеушілердің ішінде бірде-бір идеалдығы жоқ.

    Реттеудің тікелей әдістері үкіметтік үстемдік қатынастарға негізделеді. Олар шаруашылық субъектілерінің қызметіне және оның нәтижесіне әкімшілдік түрде әсер ету арқылы жүргізіледі. ЭМР-дің  тікелей әдістерінде экономиканың секторларын, аймақтарын, фирмаларды қайтарылмайтын, мақсатты қаржыландырудың әр түрлі формалары басым болады. Бұлар субвенция немесе субсидиялар және жеңілдеткен несиелер түрнін алады.

    Мемлекет  экономикаға тікелей ықпалын  шаруашылықтың белгілі салаларына инвестиция жасау арқылы жүргізеді. Бұл екі бағытта жүргізіледі: мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту арқылы немесе мемлекеттік емес кәсіпорындарына субсидия беру арқылы.

    Мемлекет  реттеуді меншіктің бірлескен немесе индивидуалдық-жеке формасындағы кәсіпорындарын қолдау арқылы да жүргізеді. Бұл оларға төмен бағамен тауарлар, қызметтер, немесе, субсидия  беру арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекет  білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау сфераларын қолдау бағдарламасын  орындайды. Бұлар мемлекеттік қолдаусыз баяу дамыған болар еді, немесе олардың қызметтерінің бағасы өте жоғары болып, көпшіліктің қолы жетпес еді. Осы салалар, аграрлық өндіріспен, шығаратын өнеркәсіппен, көлікпен қатар, көп мемлекеттердің субсидия жасауының тұрақты объектісі болып табылады.

    Мемлекет экспорт жасаушыларды шикізат әкелу үшін төленетін баж салығынан босатып немесе экспорттық  несие жеңілдігін беріп, экспортқа тікелей реттеуші ықпал жасайды.

    Мемлекет  ұлттық нарыққа тікелей де әсер етеді. Мемлекеттік тапсырма арқылы, ол нарықтың даму бағыттарына, көлемі мен құрылымына әсер ете алмады. Мемлекеттік тапсырма белгіленген мерзімде және белгілі мөлшерде өнімнің көрсетілген түрін немесе бірегей, аса тапшы өнімді өндіру үшін мемлекеттің фирмаға берген тапсырмасы болып табылады.

    Тұрақтандыру  саясатын жүргізгенде көптеген үкіметтер  ақша-несиелік, бюджеттік және фискалдық  саясатепен қатар, әлеуметтік және сыртқы экономикалық реттеушілерді қолданады.

    Сонымен, үкіметтің экономикалық саясаты  – экономикалық инструментарий арқылы жүзеге асырылатын, шаруашылық субъектілерінің іс-әрекеттер нормасы мен ережелерін тәртәпке келтіру болып табылады.

    Мыналар инструментарийге жатады:

    1.Несие саясатында:

    -банк резервтерін нормалау;

    -банк проценттерінің есепке алу ставкасын өзгертіп тұру;

    -валюта нарығында операциялар жүргізу.

    2.Бюджеттік саясатта:

    -мемлекеттік шығындарды реттеу;

    -мемлекеттік сатып алуды жүргізу;

    -мемлекеттік ішкі заем шығару;

    -мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау және оны тәртіпеке келтіру.

    3.Фискалдық саясатта:

    -азаматтар мүлігіне салық салуды реттеу;

    -муниципалдық салық енгізу;

    4.Әлеуметтік саясатта:

    -Еңбек төлемінің минималды ставкасын реттеу;

    -Зейнетақының, жұмыссыздық жәрдемақысының және т.б. көлемін

белгілеу.

    4.Сыртқы экономикалық саясатта:

    -заң жүзінде баж салығының, валюталардың айырбас курстарын белгілеу;

    -шетел қарыздарын, инвестицияларды және валюталық шектеулерді қолдану.

    Мемлекеттік-үкіметтік  реттеудің әдістері мен инструменттерін  кешенді түрде қолдану ұлттық экономиканың макромаркетингін құрады. Бұл тікелей және жанама бағыттармен салыстырғанда кешендік әдіс болып табылады және бір мезгілде ұдайы өндіріс пен экономикалық өсудің барлық фазаларын, территорияларды, аймақтық екіншілік жүйелерді қамтиды. Мазмұны жағынан маркетинг икемді болады: экономикалық конъюнктура өзгерістері маркетингтік іс-әрекеттерді өзгертіп отырады.

    Сілтеме: Реттеудің әдістері және инструменттері 3.3. 1. суретте көрсетілген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                      

    

      

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                   
 

   3.3. 1. сурет Нарықтық инфрақұрылымды  мемлекеттік реттеудің тәсілдері, 

                                  әдістері және инструменттері 
 
 
 

    Мемлекеттік реттеу механизмі өзгеріп отырады. Оның эволюциясы технрологиялық дамудың, экономикалық өсудің, саяси күштердің қайта топталуының қажеттіліктерімен және осы жүргізетін экономикалық және  әлеуметтік саясаттың өзгерістерінің, шаруашылық жүргізудегі нарықтық қатынастардың, даму дәрежесінің және т.б. қажеттіліктерімен белгіленеді.

    Қалай болмасын мемлекеттік реттеу тиімді болуға тиісті, ол партнерлікті тереңдетіп және бизнесті жандандыру үшін кәсіпкерліктің қуатын барынша толық пайдалануды  ілейді.

    Егер  мемлекеттік реттеу нарықтық механизмдермен реттелмейтін немесе шамалы реттелетін сфераларды – денсаулық сақтау, білім беру, макроэкономикалық тұрақтылық, кедейлерді қорғау – қолдаса, онда оның тиімді болғаны.

    Дамыған нарықтық және транзитивтік экономикалы  елдердегі мемлекеттік реттеудің  тәжірибесін талдаудың нәтижесінде, экономикада орын алатын реттеулік тенденцияларды айқындауға болады.

    Мемлекеттік реттеудің қызметтері, біріншіден ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылықтарын сақтауды қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылады. Бәсекелестіктің артықшылығына экономикалық факторлар арқылы, өндіріс факторларының пайдалану дәрежесін үздіксіз көтеруге қабілетті, бірегей институционалдық механизмдердің, ресурстардың, жұмысшы күшінің, капиталдың, кәсіпкерлердің осы елде бар болғанының арқасында жету мүмкін.

    Ұлттық экономикаға пайдалы техниканы жетілдіруді ынталандыратын жаңалықтар енгізетін саясатты жасау, үкіметтің барша мойындаған міндетіне айналады. Бұл өндірістің тиімділігін өсіруге, жоғары сапаға байланысты бағаны көтеруге, жаңа ғылымсіңіргіш салаларды игеруге мүмкіндік береді.

Информация о работе Асель курстык жумыс