Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 19:16, курсовая работа
Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап дамып және нығайып келеді. Мысалы Елбасының Жолдауында сүйенсек мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен , сараптаулармен, нақты болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қаблетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым бағыты айқындалған екен.
Кіріспе.......................................................................................................................3-5
І Тарау. Ел экономикасындағы салық саясатының теориялық негіздері.
1.1. Салықтың экономикалық мәні мен мазмұны.................................................6-9
1.2.Қазақстан Республикасындағы салық саясатының атқаратын қызметтері, олардың түрлері....................................................................................................10-14
1.3. Салық саясатын жүргізу барысындағы шетелдік тәжірибе....................14-18
Тарау II. Ақмола облысы бойынша бюджеттік түсімдер мен жанама салық төлемдерін талдау.
2.1 Ақмола облысы бойынша мемлекетттік бюджет түсімдері.......................19-22
2.2.Жергілікті бюджеттің кірісі мен салықтық түсімдерді талдау..................22-26
2.3. Салықтық әкімшіліктендіру процесін ақпараттауды дамытудың 2007-2008 ж.ж. жобалары......................................................................................................26-30
Қорытынды...........................................................................................................31-32
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................
Салық салу обьектілерінің есепке алу және бағалату тәсілдеріне қарай кадастырлық төлеушінің жарияланым бойынша салық алу сияқты 3 тәсілі бар.
Бірінші жағдайда салық алынатын обьектілердің тізімге негізінде, олардың табыс нормаларын көрсете отырып есептеу және салу(жер салығы, мүлік салығы нақтылы табыс есептелмей іске асырылады).
Екінші әдіс бойынша жарияланымында төлеуші табыстың мөлшерін, қажетті жеңілдіктерді және салық сомасын көрсетеді.
Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін заңды мекеменің бухгалтериясында есептеліп, сол жерде төленеді.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдар мен баж салықтарының үш тобын, салық қатынастарын реттеп отыратын құқықтық нормалар мен салық қызметі органдарын (Бас салық инспекциясы мен оның жергілікті органдарын) қамтиды.
Салық – шаруашылық жүргізуші субьектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Салықтың мынадай негізгі қызметтері бар: фискалдық, реттеушілік, қайта бөлу.
Ең негізгі қызметі фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызмет арқылы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады.
Ретеушілік қызметі - салықтың маңызды қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни реттеуі жүзеге асырылады.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды.
Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды. Салық механизімінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың құрметін пайдалана отырып еліміздің салық жүйесін анықтайды.
Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатын негізге ала отырып, салық саясатын анықтайды.
«Салық» термині құқықтық актілер тола әдебиетте болып жиі кездеседі. Оның мәні мен мағынасы жөніндегі талас пікірлер көп. Салықтың мәнінен тереңдеп түсіну үшін салық салу теориясының классигі Адам Смиттің еңбектерінің жалпы бұқаралық үлкен маңызы бар. Оның салықтар жөніндегі көзқарасы дүние жүзінің көптеген мемлекеттерінің салық жүйесін қалыптастыруға негіз болған. Салық салу принцптеріне анықтауға Адам Смиттің салықтарға қойылатын төмендегідей талаптарды ерекшелейді.
Салықтардың ашық түрде болуы, салық төлеушілерге төленетін төлемдердің уақыты, орны, көлемі және төлем әдістемелерінің белгілі бөлігін талап етеді. Салық жинаудың арзандығы мемлекет қазынасына түсетін салықтарды жинау үшін шығатын шығындардың мүмкін болғанша аз мөлшерде болғанын көздейді. Салықтар жинаудың көп ғасырларының тарихы болғанымен салықтардың толық экономикалық және анықтамасын беруде пікір - таластар әлі күнге таластаған емес.
Салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мумкіндік беретін салық механюмін іске асыру.
Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:
мемлекеттің салық жүйесінің қальmтасуы;
салық салу саласында мемлекет органдарының міндетін анықтау;
арнайы салық органдарының жүйесін қальmтастыру;
салық заңын ұйымдастыру және оның сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
ҚР-ның салық жүйесі реформалаудың уш кезеңінен өтri.
Бірінші кезең.
1991 жылғы 9 шілдедегі қазақ КСР Президентінің «ҚазКСР мемлекетгік салық қызметін құру туралы» Жарлығымен ҚазКСРнің басты мемлекетгік салық инспекциясы құрылды. 16 жалпы мемлекетгік және 27 жергілікті салық түрін қарастыратын салық жөніндегі заң актілер пакеті қабылданды.
Екінші кезең. ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдады, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық стандарт салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделген еді. Осыған орай 1995 жылы 24 сәуірде «Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндeттi төлемдер тvралы» ҚР Президентінің Жарлығы шықты.Салық саны 45-тен 11-ге дейін қысқартьтды
Үшінші кезең. 2001 жылы 12 маусымда ҚР-ның СК қабылданып, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.
СК салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
ҚР салық заңдары СКнен, сондай-ақ қабылдануы СК-де көзделген нормативтік құқықгық актілерден тұрады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер – СК-де белгіленген тәртіпте және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
СК мен ҚР-ның басқа да заң акгілерінің арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында СК-нің нормалары қолданылады. СК-де көзделген жағдайларДЬІ қоспағанда, салық қатынастарын реттейтін нормалардың салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салъrnады.
Салық заңдары ҚР-ның бүкіл аумағында қолданыста болады, сонымен бірге жеке тұлғалар және заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері қолданады.
Салық кодексіне жаңа салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер белгілеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізетін ҚР-ның заң актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
ҚР СК сәйкес салықтың 11 түрі бар:
1. Корпорациялық табыс.
2. Жеке табыс.
3. ҚҚС
4. Акциздер.
4.1. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы.
5.Жер қойнауын пайдаланушылар
6. Әлеуметтік
7. Жер.
8. Көлік.
9. Мулік.
10. Ойын
11. Пайдалы қазбаларды өндіру
Алым дегеніміз - белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.
Сонымен қатар алым - анықталған құқықтық мәртебені бергені ушін төлем болып саналады.
Алымдардың 13 түрі бар:
1. Занды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені ушін
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені ушін
3. Жылжыммайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені ушін
4 Жылжымалы мулік кепілін мемлекеттік тіркегені ушін
5 Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені ушін
6. көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені ушін
7. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені ушін
8. Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу ушін алым
9. Автокөлік құрапдарының қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10..Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қойғаны үшін алым
11. Аукциондардан алынатын алым.
12.Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы ушш лицензиялық алым.
13.Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені ушін
Төлемақы - белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін міндетті төлем. Төлемақьmың 9 түрі бар.
1. Жер учаскелерін пайдаланғаны ушін.
2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарьm пайдаланғаны ушін
3. қоршаған ортаны ластағаны үшін
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны ушін
5. Орманды пайдаланғаны ушін
6. Ерекше қорғалюъm табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін
Радиожиілік спектрін пайдаланғаны ушін
7-1.қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені ушін
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны ушін
9.СыртқьІ (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны ушін
Мемлекеттік баж дегеніміз - уәкілдік берілген мемлекеттік орган-ң немесе лауазымды адамдардың заңды мәні бар ісқимылдар жасағаны ушін және құжаттарды бергені ушін алынатын міндетті төлем.
Баж - алып келінген, сыртқа шығарылатын, сондай-ақ транзитті тауарлар, бұйымдар мен қызметтерден алынатын салықтар
Мемлекеттік баж - төленетін қызмет тізімі занды және жеке тұлғалар мүддесі үшін жасалатын әрекеттерді іздену арыздарын қамтиды.
Кеден толемдері:
кеден бажы;
кеден алымдары;
алдын ала шешім қабылдағаны ушін төлемақы;
алымдар.
Салықтардың алымнан айырмашылығы:
алым мемлекеттік аппараттың шығындарын жабады, яғни мемлекет занды іс-әрекет түрінде тұлғаларға қызмет ұсына отырып, сол қызметіне төлем қабылдайды. Ал салықrар мемлекетгі толығымен қаржыландыруға жұмсалады;
салықтың өтеусіз және баламасыз белгілері болады. Ал, алым баламалы төлем болып саналады, яғни алымды төлеу арқылы мемлекеттен белгілі бір құқық, мәртебе немесе рұқсат алынады, Мысалы, занды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені ушін алымды алсақ, салық төлеуші осы алымды төлеу арқылы өзіне белгілі бір қызмет түрін ашуға рұқсат алады немесе лицензиялық алым белгілі бір қызметпен айналысу ушін алынатын рұқсат қағаз, яғни салық төлеушіге белгілі бір қызмет турімен айналысуға құқық беріледі
Салықтың төлемақыдан айырмашылығы
төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объекгілерді пайдаланған кезде төлейді;
төлемақы мемлекеттің азаматтьщ құқыққа сәйкес азаматтық-құқықгық қатынастары кезінде туындайды;
тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объекгілерді пайдалануға құқық алады.
Салықтың мемлекетғік 6аждан айырмашылығы:
мемлекет тарапынан берілетін қызметке байланысты болады, сондықтан бұл баламалы төлем
мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.
Баждың алымнан айырмашылықтарына тоқталар болсақ:
баж бюджеттің табысы, ал алым мемлекеттік мекемелердің көрсеткен қызметтеріне орай табысы больш саналады;
баждьщ мөлшері төлеушілерге ұсьrnылған қызметтерінің құнына байланысты болмайды, ал алым көрсетілген қызметтердің құнына орай анықталады, яғни өтініш берушінін мемлекеттік органға келтіретін шығындары есепке альІнады. Сондықтан алымньщ мөлшері тауар бағасы сияқгы нақты болуы тиіс.
Салық кодексі бойынша Қазақстан Республикасы салық жүйесінде 11 салық, 13 алым және 9 төлем түрлері қарастырылған. Заңда аталған салықтар мен төлемдерден басқа да төлемдер түрлерін жасауды ешбір органының салық төлеушіден асып кетуге құқы жоқ. Себебі ол салық туралы заңды белгіленбеген, көрсетілмеген.
Қазақстан Республикасында қазіргі кезеңде салықтардың құқықтық негізі болып «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» заң – Салық кодексі болып табылады.
Салық міндеттемесінде көрсетілген тәртіпте, мөлшерде және мерзімде салықты төлеу заңдылық міндеттемесі жүктелген тұлға – салық субъектісі деп аталады. Салық субъектілері зады және жеке тұлға болып бөлінеді. Олардың салық төлеу режимдері әртүрлі, ал кей жағдайларда тек өздеріне ғана тиісті төлейтін салық түрлері де әртүрлі.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құқықтық меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе басқаруында оқшауланған мүлкі бар және сол мүлкімен алған міндеттемелері бойынша жауап бере алатын, сот алдында талапкер ие жауапкер бола алатын ұйым – заңды тұлға болып табылады.
Заңды тұлғаның жеке өзіндік бухгалтерлік есестік тепе – теңдікті немесе сметасы болуы керек. Сонымен қатар өз аты жазылған мөрі болуы шарт. Заңды тұлғаның статусы үшін оның ұйымдастыру – құқықтық шамасының (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектелген серіктестік, өңдірістік кооператив т. т.) еш маңызы жоқ.
Атап кеткендей салық субъектісінің тағы бір категориясы – жеке тұлғалар. Салық заңдарына сәйкес салық төлеуші жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттері азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жатады. Қазақстан Республикасы азаматтарына азаматтығы бар фактісінің өзі салық міндеттемесіне заң бойынша орындауын жүктейді.
Ал шет ел азаматтарына келер болсақ, салық заңына сәйкес, олар кез келген 12 айлық кезең ішінде 183 күннен артық Қазақстанда болса резидент, болмаса резидент емес тұлға болып бөлінеді.
Информация о работе Ақмола облысы бойынша бюджеттік түсімдер мен жанама салық төлемдерін талдау