Ақмола облысы бойынша бюджеттік түсімдер мен жанама салық төлемдерін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 19:16, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі күні еліміздің салық жүйесі біршама өзгерістерге ұшырап дамып және нығайып келеді. Мысалы Елбасының Жолдауында сүйенсек мұндағы әр тұжырым мұқият зерттеулермен , сараптаулармен, нақты болжаулармен түйінделгенін ұғынамыз. Президент биылғы Жолдауында Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қаблетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қалай қосылуы жолындағы негізгі жеті басым бағыты айқындалған екен.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3-5
І Тарау. Ел экономикасындағы салық саясатының теориялық негіздері.
1.1. Салықтың экономикалық мәні мен мазмұны.................................................6-9
1.2.Қазақстан Республикасындағы салық саясатының атқаратын қызметтері, олардың түрлері....................................................................................................10-14
1.3. Салық саясатын жүргізу барысындағы шетелдік тәжірибе....................14-18

Тарау II. Ақмола облысы бойынша бюджеттік түсімдер мен жанама салық төлемдерін талдау.
2.1 Ақмола облысы бойынша мемлекетттік бюджет түсімдері.......................19-22
2.2.Жергілікті бюджеттің кірісі мен салықтық түсімдерді талдау..................22-26
2.3. Салықтық әкімшіліктендіру процесін ақпараттауды дамытудың 2007-2008 ж.ж. жобалары......................................................................................................26-30

Қорытынды...........................................................................................................31-32

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................

Работа содержит 1 файл

КР Cалық саясаты.doc

— 422.00 Кб (Скачать)

7

 



        Тұтынуға салынатын салықтар мұнда белгілі бір тауарларға салық салынады. Табысқа салынатын салықтар төлеушілердің әр түрлі табыстарынан түскен ақша қаражаттарына салық салынады.

        Жергілікті салықтар деп жергілікті бюджетке түсетін салықтар атаймыз. Жергілікті бюджет – облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалық бюджеті. Салықтарды пайдалану ретінде немесе тәртібіне қарай:

7

 



      жалпы салықтар;

      мақсатты салықтар болып бөлінеді.

7

 



        Жалпы салықтар – бір қазынаға түсетін және жалпы бір мақсатқа жұмсалатын салықтар.

        Мақсатты немесе арнайы салықтар – бұл белгілі бір мақсатқа арналған салықтар.

        7. Заттай және ақшалай салықтар. Салықтарды төлеуге байланысты затпен, немесе ақшалай салықтар болып бөлінеді. Заттай салық – салықтарты затпен немесе тауар түрінде төлейді.

       Ақшалай салықтар – ақша түрінде төлненеді. Қазіргі кезде бүл салық салушылардың кең қолданылатын нысаны болып саналады. Қазақстан Республикасының салық кодексінде «Салық ақша түрінде төленсін» деп атап көрсетілген.

        8. Заңды және жеке тұлғалардың салықтары.

Аралас салықтар деген де болады, яғни салықты әрі заңды тұлға, әрі жеке тұлға ретінде төлейді. Қазақстан Республикасында аралас салықтарға:

7

 



      қосылған құн салықтары;

      акциз салықтары;

      жер салықтары;

      әлеуметтің салықтар жатады                                                                       9. Жай және төтенше салықтар:

         Жай салықтар – мемлекеттің күнделікті қызмет барысында қолданылады.

         Төтенше салықтар – форс-мажор кезінде қолданылады. Форс-мажор - өзара шарт талаптарының орындалмау себептері орындаушыға байланысты болмаған жағдайларда, әдетте осы себептерді көрсету үшін пайдаланылатын термин.

Сонымен салықтардың мазмұны мынандай:

      материалдық категория жағынан – бұл белгілі бір ақша сомасы болса;

      экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;

      заңдық категория жағынан, бұл заң жұзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.

Салықтардың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:

      Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі:

      Салық – ақшалай нысанда төленеді:

      Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:

      Салық – баламасыз сипатта болады:

      Салық – салықты салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады:

      Салық – тұрақты экономиканың қатынас туғызады.

     Салық несиесі – салықты төлеу мерзімінің өзгеруін өрнектейтін жеңілдік.

       Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар, атап айтқанда:

      салық субъектісі

      салық объектісі

      салық көзі

      салық мөлшері

      салық жеңілдіктері

      салық ставкасы

      салық кезеңі

      салықты есептеу тәртібі

      салық есептілігі

      салықты төлеу тәртібі

1.      Салық субъектісі– заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді атаймыз. Салықты төлеушілер:

      қызметкерлер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілігін

 

8

      жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар:

      шаруашылық субъектілері – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

    Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға. Тұлға – жеке тұлға және заңды тұлға болып бөлінеді: жеке тұлға- Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекетінің азаматы, азаматтығы жоқ адам. Салық тасымалдаушылар – іс жүзінде салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, соңғы салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары. Заңды тұлға Қазақстан Республикасы немесе шет мемелекеттің заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым немесе кәсіпорын.

2.      Салық объектісі– салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. аталғандар салық төленеді.

3.      Салық көзі. Салық көзі – салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық кеден төленетіндігін анықтау.

Салық төлеушілердің салық төлеу үшін негізінен 5 көзі бар:

      табыс;

      қор және жинақ;

      өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда;

      қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі, негізгі қорды қосқанда;

      қарыз қаражаттары.

4.      Салық мөлшері– салық төлеушінің табысына қарай алынатын соның сомасын білдіреді және ол шекті жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

    Салықтың шекті мөлшері – табыстың әр қосымша бірлігінен түскен үстеме салықты білдіреді, мәселен жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, жеке тұлғалардың мүлік салығы.

5.      Салық жеңілдіктері– заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.

    Проференциялар – үшінші елге қатысты емес бір жақты тәртіпті немесе өзара қатынас басында бір мемлекеттің екіншісіне беретін айрықша жеңілдіктер.

6. Салық ставкасы- салық өлшемі ретінде қарастырылады.

Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.

Салық ставкасы бірнеше белrілер бойынmа жіктеледі: 1. Салық сомасын анықтау тәсілі бойьтша:

      тең;

      тұрлаулы (қатаң);

      пайызды.

Тең ставка - кез келген салық төлеушіге бірдей мөлшерде салық сомасы белгіленеді.

Тұрлаулы ставка - салық салудың әрбір бірлігіне бекітілген салық мөлшері. Мысалы, өндірілген акцизделетің тауарлардың әрбір литріне 1 теңгеден.

Пайызды ставка - салық базасының құндық шамасынан бел­гілі бір пайыз түріндегі салық мөлшері. Мысалы, адвокаттар мен жеке нотариустардъщ табыстарына салық салынатын табысына 10 пайыз салық салынады.

2. Салық ставкаларьт қолдану сuпатына қарай:

 жалпы;

 жоғарылатылған;

 төмендетілген.

Жалпы ставка - салық салудың жалпы режимінде KӨPIНlC табады. Салықтың барлық түрі бойынша салъщ ставкаларын қамтиды.

Жоғарылатылған ставка - мемлекеттің өндіріс саласында қолданылады. Табысы жогары қызметтерге жоғары салық ставка­сын жүзеге асыру.

Төмендетілген ставка - әлеуметтік жағдайларға байланысты реттеліп отырады. Салық салуда салық жеңілдіктері беріледі. 3. Салық ставкасьтьщ мазмұнына байланысты:

      маргиналъды;

      нақты;

      экономикалық болып бөлінеді.

Маргинальды ставка - (marginal, латын сөзінің margo - аймақ, шекара) - салық зандылықтарына байланысты бекітілген салық ставкаларын атаймыз.

Нақты ставка - төленетін салықтың салық базасына қатынасы ретінде анықталады.

Экономикалық ставка - төленетін салықтъщ сомасы алынған жалпы табысқа қатынасы ретінде анықталады.

Салық салу процесінде көбіне маргинальды ставка қолда­нылады, ол салық төлеушілердің салық міндеттемелерінің мөл­шерін анықтайды.

Салық базасы дегеніміз салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құн, физикалық немесе өзге де си­паттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы айқындалады.

7. Салық кезеңдері- салық және бюджетке төленетін басқа да мін­дeттi төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі.

мынадай салық кезеңдері бар:

      бір кундік -

      ОН күндік

      айлық -

      тоқсандық -

      жылдық -

Жеңілдік кезеңі - салық бойынша заңмен бекітілген жеңілдік берілген уақыт мерзімі.

Кадастр салық салынуға тиіс адамдардың тізімі тиісті объектілерді ұдайы бақылау жолымен мезгіл-мезгіл құрaстыpaтын жүйеленген мәліметтер жинағы Кадастр құндық немесе натуралдық сипатта болуы мүмкін.

қазіргі кезеңде кадастрлық тәсіл жер салығын, жеке тұлға­лардың мүлік салығын (тұрғын үй, пәтер, саяжай, гараж) төлеу кезінде қолданылады, яғни салық базасы объекттерДіҢ сыртқы белгілеріне емес, оның түгенделген құнына қарай есептеледі.

9. Салық есептілігі - салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпарат бар құжаттама.

10. Салықты төлеу тәртібі- салық төлеушінің мемлекетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырыла­тын салық заңдылықтарында бекітілген ереже.

Салық міндеттемелерін орьтдауға жауапты тұлғаларға байланысты, салық төлеудің 2 әдісі қолданылады:

 дербес табыстау жолдары;

 мәжбүрлеп алу жолдары.

қазіргі кезде салықты дербес төлеуде мынадай негізгі әдістер қолданылады:

1) декларация негізінде.

Салық декларациясы -салық кезеңіңдегі салық төлеушілердің салық салу объектілерінің саны, салық базасының шамасы және төленетін салық төлемдерінің мөлшері көрсетілген ресми өтінімі.

Салық алудың салық төлеушінің декларациясы бойынша тәсілінде салық төлеуші табыс мөлшерін, қажeтrі жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептейді.

Бүгінгі таңда салық декларациясы негізінде корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығының кейбір төлемдері, қосылған құн салығы, жер салығы, әлеуметrік салық төленеді.

2) салық хабарламасы негізінде.

Салық органдары салықты есептейді және салық төлеушіге арнайы ресми құжат - салық хабарламасын жібереді, онда салық төлеушінің салық төлеудегі негіздемесі көрсетіледі. Мәселен, жеке тұлғалар мүлік және жер салығын салық хабарламасы негізінде

3) Салық толе.мдерін дербес есептеу және енгізу жолдары. Бұған мысал ретінде, жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеу тәртібін алуға болады. Салық органдары салықты есептейді, ал салық төлеушілер есеп айырысатын соманы енгізеді, бұл кезде салық төлеушілер салықты дербес есептейді.

4) бір жолғы талон және патенттерді сатып алу.

Арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғаларда (жеке кәсіпкерлер) жүзеге асырылады.

салықты мәжбүрлі түрде төлеудің негізгі әдістеріне жататындар:

1) толем көзінен ұсталатын табыс Салығы.

Бұл жерде салық төлеушіге өленетін табыстан салық сома­сы есептеледі. Бұл "табыстың төлем көзі" деп аталады. Мәселен, ұйым өзінің қызметкереріне еңбекақы төлейді Осы табыстан салық алуды салық агенттері орындайды. Ұсталған салық сомасы белгілі бір мерзімде бюджетке аударылады.

Салықтарды алудың төлем көзінен салық ұстау тәсілінде салықты табыс алу орнында төлеуші жұмыс істейтін занды тұлғаның есепшісі есептейді және төлейді.

2) салық төлеуден бас тартқан тұлғардан салықты мәжбүрлеп алу.

Салық органдары мұндай әдісті, тек, салық төлеушілердің

салық төлеуден (толық немесе ішінара) жалтаруына байланысты қолданады, яғни олар өзінің салық міндеттемелерін орындаудан бас тартқан жағдайда. Салық қарыздарын мәжбүрлі өндіріп алу салық төлеушінің ұқыпсыздығынан салық органдарының неме­се сот шешімінің негізінде белгіленген тәртіпте мүліктері есепке алынады.

Салық қолма-қол ақша турінде, немесе қолма-қол ақшасыз аударым негізінде төленеді. Салықты төлеу, тек, ұлттық валюта _ теңге түрінде жүзеге асырылады.

Салықгы төлеу мерзімі салық зандылықтарында белгіленген және әрбір салықтың өзіндік салық төлеу мерзімі болады.

Салық төлеуші салық көзінен төлейді – материалды қордан, адам салық төленеді (еңбек немесе кәсіпкерлік қор). Салықты төлеудің екі тәсілі бар: табыстан және капиталдан. Экономика көзқарасынан олардың қайсысын қолдану мақсатты екенін айтуға болмайды, өйткені әрбір жеке жағдайды барлық экономикалық, қаржылық және әлеуметтік-саяси жағдайлардың жиынтықтар негізінде шешу керек. Салық теориясында салық бірлігі түсінігі бар – бұл салықты есептеу негізіне жатқызылған салық объектісінің бөлігі. Мысалы, табыс салығында салық бірлігі – теңге, рубль немесе марка: жер бойынша – 1 гектар, 1  участке; акцизде – 1 шөлмек, 1 қорап шылым.

 

1.2. Қазақстан Республикасындағы салық саясатының атқаратын қызметтері, олардың түрлері

Мемлекеттік салық саясатын – салықтар саласындағы іс- шаралары жүйесін әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес қоғам дамуының нақты кезеңдегі әлеуметтік –экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай жүргізеді.

Информация о работе Ақмола облысы бойынша бюджеттік түсімдер мен жанама салық төлемдерін талдау