Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:36, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймақтарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Работа содержит 1 файл

Kaz_orta_gas_tarih_umkd.doc

— 1.81 Мб (Скачать)

Ал іс жүзівде осы  саясат қалай жүргізілгені азық-түлік мәселесінен анық көрінеді. Жоғарьща айтылғандай, Кеңес өкіметі алдымен өзін қорғауға, сақтап қалуға күш салды. Кедей шаруаларға сүйенеміз дей отырып, оған нақты кемек көрсете алмады, керісінше өзі олардың мойнына асылды. Партияның "одақтасы" — орта шаруа бергені болмаса, өз басына жақсылық таппады.

1920 жылдың басында кеңестер  Қазақстанда азық-түлік салғыртын (продразверстка) жаппай енгізді. Салғыртты жинау күшпен жүргізілді, сондықтан азық-түлік отрядтары (про-дотряд) қарулы күштерге сүйенді және олар Ресей қалаларыңца жасақталды. Бұл арада да қисын бар: сырттан келген қалалықтар өзі үшін қандай қаталдықтан да бас тартпауы керек. Астық олардың қалаларына, отбасыларына жіберілетіні анық еді.

1920 жылдың соңыңда РК(б)П-ның  шақыруымен Ресейден Казақстанға 11500 азық-түлік жинаушы жіберілді. Әрине, қарулы күш есебінде бұл аз емес, кейін оның саны еселеп артпаса кеміген жоқ. Олардың күшімен тек Семей облы-сынан 15 миллион пүт астық жиналуы тиіс болды. Үйез көлеміне шақсақ, Павлодар үйөзінің өзі орталық үшін ғана (ішкі қажеттілікті есептемегенде) 3 миллион пүт астық және 37 мың бас мал жинап беруі керек екен. Сонша астық, мал, басқа азық түрлері сөзсіз әрі күштеп жиналатыны ашық ескертілді. Үйездік азық-түлік комиссары Калинин дегеннің сөзінде: "Азық-түлік диктатурасына сәйкес, ешбір ұйымның, тіпті ревкомға дейін декретті жою немесе оны не олай, не бұлай іске асыруға байланысты азық-түлікке қатысты араласу құқы жоқ екендігі анықталып отыр",— деп мәлімдеді 1920 жылы 6-мамырда Семей губерниясы азық-түлік комиссарлары мәжілісінде2; Бұған қарағанда жергілікті басшылар азық дайындау "диктаторлық" жолмен, "декрет" арқылы жүру керектігін дәл үққан тәрізді. Олардың ісі де со ііне сәйкестендірілгенін көреміз. Азық-түлік саясатын іске асырудағы басты қиындық — оған шаруалардың қарсылығы. Бұл күштеу саясатына халықтың наразылығы, күшке күшпен жауап беруі кеңес тарихнамасында "бандитизм", "саяси бандитизм", большевик-терге жау партиялардың ұсақ буржуазияның ұйымдасуы деп теріс көрсетіліп келді. Павлодар үйөзінде "кулактар мен әскерден қашқандардың" (дезертир) көтерілісі деп аталған қарсылық 1920 жылы 22-шілдеде басталады. "Қара бандылар" деген атпен белгілі болған кетерілісшілер Ямышеводан Подстепнойға дейін кеңес әскерлерін шегіндіреді. Оларға қарсы 190 және 35 кісілік отряд кемекке жіберіледі. "Толастамайтын бандиттік қозғалыс" жайлы хабар Омбыдан да келіп жатты. Құжаттарда көпшіліктің "көңіл күйі коммунизмге қарсы" екендігі ашық айтылады. Оның делелі — халық көтерілістерінің 1921 жылы да тоқталмауы. Өкімет тарапынан көтерілісшілерге карсы жазалаушы отрядтар шығарылды, шаруалардың қолындағы мылтықтар тартып алынды. Бірақ көтеріліске себеп болған азық жинау ісі тоқтатылмады.

Мысалы, Семей губревкомы үйездерге мынадай телеграмма жіберді: "Батыс майдандағы жағдай, Сібірдің оте ірі қалаларында азық-түліктің тапшылығы қатаң азық дайындау саясатын жүргізуде шешуші шараларға баруды талап етеді, салғыртты орындаудан қашқақтайтындарға кеңіл аударындар, репрессиялық шаралар қолданыңдар, қаруланған азық-түлік отрядтарын дайындандар. Керек көзінде зорлаудан, салғыртгы күштеп орындатудан тайсалмандар". Мұндай жол көрсеткен директивалар шаруалар мен азық-түлік отрядтары арасындағы аяусыз қан төгіске алып келді.

Соның бір көрінісі 1921 жылы тамыз айының басында Павлодардан Омбыға келе жатқан "Витязь" параходын шаруалар тарапынан атқылаудан басталды. Параходты қорғауға жергілікті гарнизоннан Медведевтің отряды жіберілді. Бірақ ол ешкандай қарулы адамдарды кездестірмепті. Дегенмен, ол станцияларды аралап, "контрреволюционерлерді" өз бетінше ұстап, жазалауға кірісті. Сейтіп ол Песчанскаядан 13, Качирьщан — 9, Пресновскаядан — 13, Чернорецкаядан 1, барлығы — 36 адамды атып кетеді. Кейінірек Медведев сәуір айында да осы маңайда көп адамды шыбықпен, шомполмен дүрелегені анықталады. Азық-түлік диктатурасының осындай өз жендеттері шыға бастайды.

Шыдамы таусылған халық  әділеттілік іздеп, жоғарғы орындарға арызды қардай боратады, бірақ арыздар тексерусіз қалып отырады. Кейде тіпті жазаланғандарды емес, жазалаушы партия, кеңес қызметкерлерін ақтауға тырысушылық та орын алады. Мысалы, бейбастықтық жасаған Павлодар әкімдері (жауапты қызметкерлер деп аталады) 24 адамды аманатқа (заложник) ұстап атқаны, тағы 54 аманатты түрмеге жапқаны жуып-шайылып, ақталып кетеді. Үстірт текеерген Семей губревтрибуналы бұл әрекеттер "революциялық тәртіп орнату" үшін, халықтын антикоммунистік көңіл күйі ескеріліп жасалған, атылғандар, негізінен, кулактар, ал аманат ұстау арқылы террор жүргізу қаскү-немдерден корғану әрекеті деп түсіндірген. Мұндай заңсыздықтармен ауызданған кеңес әкімдеріне, ревтрибуналға халықтың қалай бүйрегі бұрып, сенім артпақшы? Семей ревтрибуналына қарағанда, ҚАССР Жоғарғы трибуналы сорақы заңсыздықтың болғанын мойындайды: "Семей губерниясының Павлодар уөзінде азық-түлік салығын жинау науканы көзінде азык-түлік қызметкерлері ұқыпты төлемегендерге зорлаудың жабайы әдістерін қодданған: қамшымен сабаған, үстіне суық су қүйған, салқын сарайларға қамаған және т.т., Паволжьенің бір кезде өліктердің етін жеуге мәжбүр болған, аштық жайлаған аудандарына көшіруді қолданған". Сөйте түра, заңсыздық жасау орталыққа астық, азық жинаушылар үшін кешірімді болғаны таңқалдырады. Сірә, олардың қолын ешкім қақпаса керек.

Осындай жағдайда Кеңес  өкіметінің азық-түлік саясаты да оңға баспады, жөнді нәтиже бермеді. Мысалы, салғырт жоғарыда айтылған Семей облысында 1920 жылы жиналуға тиісті 15 миллион пүттың орнына — 2,1 миллион (1/7 бөлігі), Павлодар уезі бойынша 3 миллион пүттың орнына — 0,4 миллион пүт қана алынды3. Шаруалар қарсылығын жеңе алмаған Семей облысы басшылары шарасыздан енді жоспардың 60%-ін орывдаудан артық міңцетгеме ала алмады. Қазақстан бойынша 1920 жылғы салғырт жоспары 20 миллион пұтқа кем орындалады.

Мүмкін 1921 жылы наурызда РК(б)П X съезі қабылдаған НЭП саясаты шаруаларға жеңілдік әкеліп, азық-түлік жинау ісін жеделдеткен болар? Жоқ, Қазақстан жағдайында НЭП саясаты да өз жемісін бұрын КОКП тарихында жазылғандай.

 

 

Бекіту сұрақтары:

1. Революцияға деген әртүрлі  қоғамның әлеуметтік топтарының  көзқарасы қандай болды?

2.Қазақстанда Кеңес үкіметінің  орнауының ерекшеліктерінатап беріңіз?

3.Алаш партиясы саяси күрестің факторы қандай болды?

4. Алаш» партиясының сьездегі  қараған мәселелерін атапберіңіз?

5. «Алаш» партиясының бағдарламасы  қандай болды?

6.  Кеңестердің алғашқы қадамдары  және оларды қоғам қалай қабылдады?

 

   Қазақстан XXғ. 20-30 жж. саяси-экономикалық жағдай /4 сағат/

Лекция №7 Қазақстандағы ұжымдастыру және оның зардаптары (1932-1933 жж.)

 

Негізгі ұғымдар: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, аграрлық реформа, мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесі, кооперация, индустрияландыру, әміршіл-әкімшілбасқару жүйесі,"халық жауы", контрреволюция. 

 

Мақсаты: Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы кеңестік солақай саясаты және оныңзардаптары туралы тарихи ақиқатымен 1932-1933 жылдардағы аштықтың халқымызға әкелген қасыреті туралы шындықты деректер негізінде ашып көрсету. Кеңестік саясаттанған қазақ тарихының «ақтаңдағын» тануға пікір білдіруге үйрету.

 

Көрнекілігі:Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның саяси картасы.Қазақстандағы ұжымдастыру кезеңі тарихи деректі филмнен үзінді.

 

Жоспар:

1.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.

2.Ауыл шаруашылығын  ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933

жылдардағы аштық.

Лекция

1.20-шы жылдардағы  республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазакстан Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі  ауылдардағы  кедейлердің  салықтан   босатылып, жеңілдіктер  алуына  жол   ашты.   Сонымен   бірге   оларда ұжымдандыру алғашқы қарапайым түрлері:  сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмысстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.

Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрмеңкелер, сауда керуендері болды.   Міне,   осының   нәтижесінде   1923   жылы баяуырақ болса да, ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты.

  1924 жылы сәуірде   РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің  көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді. Ауыл кедейлері мен шаруаларына қаржылай көмек беру ұйымдастырылып, оның көлемі 1,5 млн. сомға өсті. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың   жалпы   саны   794-ке   жетіп,   оның   96-сы Коммуна,   456-сы   ауылшаруашылық   артелі,   242-і жай серіктестіктер болды. Ал 20-жылдар аяғында Қазақстанда 1250 мындай жеке шаруа қожалықтары колхоздарға ұйымдасты. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге пейіл қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың ұжымдандыру мәселесін шешуге көмектесуге тиіс еді.

Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, "жартылай феодалдардың" ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.

Қаулыға сәйкес Қазақстан  бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар ірі қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отрықшы аудандарда 150 шарушылықты төркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мындай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды.

Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырады. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда төркіге жатты.

20-шы жылдардың аяғында  көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған Шаралар  іске  асырылды. Мұның  өзі  бастапқыда   кейбір жеңілдіктер беру (құрал-сайман, күш-көлік, қарыз қаржы беру, екі жылға астық, ет тапсырудан құтқару) арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып белгіленгенмен, шынтуайтқа келгенде, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағы адамдар жан-жаққа ешкімді тындамай қашуға, көшуге мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Маңғыстау ауданы (Батыс Қазақстан) халқының 50 пайызы Қарақалпаққа, Түркіменияға, Ресейге көшіп кетіп оралмады. Ондағы малдың саны 65 пайызға азайды. Тек Батыс Қазақстан облысы бойынша - 82,2, республика бойынша - 51,8 пайызға қысқарды. Жалпы Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Ал бұл көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында өздерінің малдарының санын көбейтіп, қалаларға ет, жүн, т.б. шығарып сатып, жағдайларын біраз түзеп алған болатын.

 Сонымен 20-жылдардың аяғына қарай қазақ даласындағы ірі өзгерістерге: халық шаруашылығын қалпына келтіруге, өнеркәсіп орындарын салып, кәсіпорындардың, жолдың кең жүйесін дамытуға себепші болған жаңа экономикалық саясаттың әрекетін тежеп, әміршіл-әкімшіл басқару әдісіне көшуге біржола бетбұрыс жасалды. НЭП жылдарында Орташаланып калған ауқатты шаруалар, қаладағы жағдайын біраз түзеп алған қолөнершілер мен қызметкерлер енді жат таптың өкілі есебінде қудалауға алына бастады. Саясаттағы солақайлық етек ала берді. Халықты ызғарымен ықтырып, тұманымен тұншықтырып, отына күйдіріп Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қызыл шоқтай тарғылданған күні туып келе жатты.

       2.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық. 20-шы жылдардың басында қабылданған жаңа экономикалық саясат бойынша шаруаларды ұжымдастыру, халықтың материалдық әл-ауқаты мен мәдени дәрежесін көтеру сияқты күрделі мәселелер шешіледі деп есептелінді. Шаруалар кооперациясы мемлекеттік қысым күшімен емес, экономикалық тиімділік шарттарын сөзсіз орындау арқылы жүзеге асатын шаралар ретінде қаралды. Жаңа экономикалық саясаттың алғашқы жылдардағы тәжірибесі оның мүмкін екенін дәйектеп берді.

Алайда, 20-шы жылдардың  екінші жартысында жаңа экономикалық саясат негізінде қалыптасқан шынайы бағыт түбірінен өзгерді. Басты міндет - ең зәру көкейкесті мақсат индустрияландыруды қызу қарқынмен жүргізу деп жар салынды. Индустрияландыру қам-қарекетін қамтамасыз ететін қорды жинауды шаруалар қауымын тікелей және жанамалап экспроприяциялау есебінен жүргізу көзделді. Атап айтқанда, бұл мақсат мемлекеттендірілген колхоз жүйесін жасау, яғни шаруаларды ұжымдастыруды жаппай өткізу арқылы іске асырылды. Сөйтіп, 20-шы жылдардың аяқ шенінде бүкіл елдегі сияқты Қазақстанда да колхоздастыру науқаны басталды. Бұл шараның іске асырылуына шаруалардың тілегі мен ықыласы себеп болған жоқ, ол жоғарыдан берілген әмір, нұсқаулар негізінде жүргізілді. Қазақстанда колхоздастыруды 1932 жылдың көктеміне қарай аяқтау белгіленді. Шаруаларды күштеп ұжымдастырудың арқасында республикада колхоздар саны қауырт өсіп 1927 жылы 1072 болса, 1928 жылы - 2354, ал 1929 жылы - 4876-ға жетті. Бұлар колхоздастыру саясатын жүргізудегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін құрылған жасанды шаруашылықтар еді. Оларды құру барысында небір сұмдык зорлыққа, күштеуге жол берілді. Ол тұста қабылданған бірнеше қаулы-қарарлардың заңдылығын тексеру барысында Қазақстан Республикасы Жоғары Кенесінің Төралқа комиссиясының 1992 жылғы желтоқсанындағы қорытындылары жарияланды. Онда келтірілген деректер мен мағлұматтар колхоздастырудың қандай әдістермен жүргізілгені жөнінде толық түсінік береді.

Информация о работе Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні