Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:36, реферат
Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймақтарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.
Қазақстанның көп этносшылығы факторы ұлт проблематикасына ұдайы назар аударып отыруды талап етеді, өйткені елде тыныштық пен ұлтаралық татулықты сақтау осыған тәуелді. Республикада ұлттардың өзгеше талап-тілектерін зерттеу, нәсіліне, ұлтына қарамастан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін, азаматтарды алалудың кез-келген пошымына тиым салатын конституциялық нормаларды қамтамасыз ету жөнінде тұрақты жұмыс жүргізіледі.
Осы заманғы ұлт саясатын жүргізе отырып, мемлекет Қазақстан халқының этностық құрамын және оның жасақталу процесін ескеріп отырады, ол процесс тіпті де мамыражай болмағаны және белгілі.
Сараптылар берген баға бойынша революцияға дейінгі кезендегі шаруалар отарлауы көзінде Қазақстанға Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан 1 миллион 150 мың адам көшіріліп әкелді. Ұжымдастыру көзінде КСРО-ның кіндік аудандарынан Қазақстанға кулак деп танылған 250 мың шаруа жер аударылды.Соғыс алдындағы жылдарда елдің түкпір-түкпіріне, негізінен европалық бөлігінен өнеркәсіптік құрылыс салуға деп 1 миллион 200мың адам көшірілді.
Екінші жағынан алғанда,
сталиндік қылмысты
Халықтарды күштеп көшірудің салдарынан республика халқы 1 миллион 500 мың адамға көбейді. Соғыс көзінде Қазақстанға 350 мың адам көшірілді. Тыңға 1,5 миллион адам келді, ал жабық әскери объектілер мұның үстіне 150 мың адамды қабылдады. Осының бәрі басқа ведомстволардың жұмыс күшін «ұйымдастырып жинауын» және біздің республикаға өз бетімен көшіп келгендерді есептемегеннің өзінде.
Соның нәтижесінде ғасырдың басынан бері ғана Қазақстанға 5 миллион 600 мың адам көшіріліп қондырылды, соның ішінде жер аударылғандар мен көшірілгендерді есептемегенде, 3,5 миллион адам соңғы 40—50 жылдың ішінде келді.
Сонымен бір мезгілде сталиндік қылмысты ұжымдастырудың сұмдық салдарынан 2,5 миллиондай қазақ опат болды. 1930-1932 жылдары 1,3 миллион қазақ КСРО шегінен біржола көшіп кетті. Жазалаушы саясаттың Қазақстан халықтары үшін алапат сипаты болғанын көрсететін екі цифрді келтіруге болады: 1930 жылы республикада 5 млн. 873 мың адам тұратын. Сол жылдары Қазақстанға соншама адам көшірілді. Бірақ 1933 жылға қарай онда халық саны небары 2млн.493 мың адам болды.
5. Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның ерекшеліктері. Қазакстандағы индустрияландыруға көшу және бірінші бесжылдық (1928-1932 жж) Қазақстаңцы индустрияландыру жөнінде сөз еткенде оньщ Ресей тарихымен етене байланысын айту керек. Бірінші бесжылдықта Қазақстанда негізінен екі сала: тау кен және ауылшаруашылығы, әсіресе, мал өнімдерін өндеу өндірісі дамьщы. Шикізатты тасымалдау үшін темір жол желілері салына бастады.
Қазақстанда елді индустрияландыру қарсаңында республикада әлеуметгік-экономикалык жағдай өте ауыр жағдайда болған. 307 мемлекет мүлкіне айналдырылған кәсіпорынның 250-і жұмыс істемейді. Егістік жердің көлемі қыскдрады. Мал басы 29,9 миллионнан 16,3 миллионға кемиді. Соғыс қимылдарынан әсіресе өндіріс орындары зиян шекті. Ірі өндіріс орындарынан жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 2 есе азайды. Өндіріс орнындағы өндіріс құралдары, мұнай өндіру 4 есе қысқарды. Көптеген кен шығаратын жер және көмір шахталарьш су басқан еді немесе олар электр энергиясьшың бүзылуынан және құрал-жабдык,-тарының жетіспеуінен жұмыс істемеді. Жол катынастары (транспорт) әсіресе темір жол катынасы ете қиын жағдайда еді. Паравоздардың жартысынан көбісі күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпірлер қираған еді.
1920-1921 жылдары шаруашылықтың күйреуі жұтпен (мал шығыны) және 1921 жылдың қүрғақшылығымен жалғасты. Осының барлығы ашаршылыққа әкеп соқтырды. ВКП(б) XIV съезі (1925 жыл, желтоқсан) елімізді Социалистік индустриялауды іске асыру, міндетін белгіледі. Бұл жоспар бойынша Қазақстанды индустризациялаудың алғашқы көзінде көмірдің, мұнайдың, түсті металдың басқа да пайдалы қазбалардың бай кені жаңадан зерттеле бастаған еді. Сондықтан да жаңа өндіріс орындары темір жол күрылыстары көп жағдайда дайындыксыз жүргізідді. Бұл кезде экономикалық және геологиялық зерттеулер өлі қорытындыланбай тұрған кез еді. Жаңа құрылыстарға мамандалған жұмыс күші, құрылыс материалдары, техникалар және механизмдер, ақша қоры т.б. жетіспеді. Осылардың бәрі индустриализацияның қарқынын төмендетті және оны іске асыруды қиындатты. Қазақстанның индустриялык дамуының бірнеше ерекшеліктері болды. Әсіресе, мынадай қазып шығарушы салалары; мұнай шығару, көмір өндіру, түсті металдар шығару республикаға индустриясының ұзақ уақытгардағы көрінісін белгіледі. Осы кездерде Риддер және Қарсақбай өндіріс орындары, Ертістің мыс қорытатын заводы I калпына қайга келтіріліп, қайта құрылды. Шымкент қорғасы заводы, Балқаш мыс балқыту және Ащысай полиметалл Комбинатгары салынып, іске қосылды. Қарағанды бассейні Одақта үшінші отын қоймасы болып аталды. 1927 жылдың көктемінде Түркісіб қүрылысы басталды. Риддерді, Қарсақ-байды қалпына келтіру жұмысы қүлаш жайды. - Екінші ерекшелігі сол — Қазақстанның индустриялық дамуы басқа да республикалармен салыстырғанда аса үлкен Іуфқынмен жүргізілді. Тағы бір ерекшелігі — республикалық ёядіріс орындарь} шикізат өндірумен айналысты. Сондықтан да республика өзіне қажетгі затгардың жартысынан көбісіне көптеген машиналарды, металдан жасалған бұйымдарды, щбметті, агаш материалдарын сырттан әкелуге мәжбүр бодды: Индустрияның дамуы Қазақстан тұрғындарының арасында күрделі әлеуметгік демографиялық өзгерістерге әкеліп соқтырды.
Жұмысшылардың басым көпшілігі орыстар мен украиндар болатын, жергілікті тұрғындар, негізінен, көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын сақтады. Рулық қауымдастық өяеуметтік жіктелуге қатты кедергі жасады. Қазақ еңбекшшерінің жаңа қоғамға өтуі біраз уақытты талап етті. Алайда большевиктердің "революциялық-демократиялық" бағьпта жүргізген: ауылды кеңестендіру, жер-су реформасы, жерді қайта бөлу, бай мен жартылай феодалдардың мал-мүлкін тәркілеу сияқты шаралары қазақ қауымдастығының діэсгүрлі емір-салтын бүзып, өлкедегі таптық жіктелуді Кушейтті. Әсіресе, рулық қатынастар мен патриархарлыққа қатгы соққы берілді. Аталған жәйттерді күшпен жүргізу ұлттық апатқа айналды.
.... Жаңа экономикалық саясаттан ауытқу, ауылшаруашылыгын ұйымдастырудағы жіберілген өрескел қателер мен асыра сілтеулер қазақ ауылына қатты әсерін тигізді, аштық тудырды, өлкенің жергілікті тұрғындарының миграциялық процесін күшейтті. Егер 1926 жылы өлке тұрғындарының құрамында қала халқы 8,6 процент болса, отызыншы жылдардың аяғында олардың үлесі 29,8 процентке жетті. Алғашқы жылы қаладағы қазақ саны 77,6 мың болса, 1939 жьшы олардың саны бес есе өсті.
Олардың қала тұрғындары аралығындағы меншікті үлесі 14,3-тен 21,9 процентке дейін ұлғайды. Бұрын бұл цифрлар жаңа қоғамның өскелеңдік күшін көрсету көзінде қолда-нылатын. Алайда, миграция қарқынының өсуі қоғам дамуының ішкі зандылықтарынан гөрі, объекгивтік емес, волюнтаристік, кей кездері тіптен қылмысты шешімдерден туатын.
6.Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы. Иңдустрияландыру саясатьш жүргізуде, әсіресе, Ф.И.Голо-щекиннің қылмысты ролін ерекше атап кету керек. Ол орталық әмірін екі етпей орындайтын қатыгез, мейірімсіз адам болатын. Республиканы басқарған жылдары (1925-1933 ж.ж.) Мәскеудің Қазақстанды шикізат базасына айнаддыру саясатын бұлжытпай жүргізді. Әңгіменің жөнін айтқан С.Сөдуақасүлы сияқты азаматтарға "ұлтшыл-уклонист" деген айдар тағып, қудалады. Жергіліюі халықтың дамуын ескермеген ол қазақтарды үлкен қырғынға ұшыратгы. Сонымен Бірінші бесжылдық жыдцарывда Қазақставда 1929-32 ж. Совет мемлекетінің республиканың халық шаруа-шылығына жүмсаған күрделі қаржысының көлемі 1,5 млрд. сомнан асты, оның 48%-і өнеркәсіпке, транспортқа, байланысқа жүмсалды. Бесжылдық ішінде Қазақстанда жаңадан салынған және жабдықталган 40-тан астам ірі заводтар мен фабрикалар, шахталар мен рудниктер және электр станциялары қатарға қосылды. Халық шаруашылығындағы өнеркәсіп өнімдерінің үлес салмағы 39,5%-ке жетті. Ауыр өнеркәсіпті, мұнай мен көмір өнеркәсібін, түсті металлур-гияны дамытуға бірінші кезекті көңіл бөлінді. Донбасс пен Кузбасс көмір өндірушілері Қарағавды бассейнін салуға, Баку мен Грозныйдың мұнайшылары Орал—Ембі мұнайлы ауданын игеруге көмектесті. Түркістан-Сібір магистралы, Лениногор полиметалл комбинаты т.б. ірі кәсіпорындар — Қазақстанның енеркәсіптік бейнесін айқындайды.
1-бесжылдық тұсында пайда болған республика индустриясы КСРО (СССР)-де социализмнің экономикалық ірге тасын қалауға, Совет мемлекетінің технико-экономи-калық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге, оның қорғанымпаздық қабілетін нығайтуға елеулі үлес қосты.
Қорыта келгенде Қазақстанда индустрияландыру негізінен қазақ байларын тәркілеуден (конфискелеу) алынған мал-мүлкінің есебімен іске асты, оларды адамдық құқынан айыру, өзі мекендеген жерден басқа жаққа жер аудару мен қорқыту немесе "Тәрбиелеу мақсатывда" қамауға алу, үй-мүлкін конфискациялау, түрмеге жабу (ГУЛАГ) жалған атуды ұйымдастыру, ұрып-соғу т.б. 1930 жылдың 15 аурызында ЦИК-тің және СНТ, КАССР "Жартылай коллективтендіру және бай кулактармен күрес жүргізілген аудандарда социалистік ауылшаруашылығын нығайту жөніндегі қаулысы қабылданғаннан бір ай өткен соң-ақ қамауға алынған және сотқа берілгендердің саны 3113 адам, өзі тұрған аймақтан тыс жерде жер аударылғандардың саны 67бЗ адамға жетгі. Үй қожайыны қамауға алынды. Колымге немесе Коли түбегіне жер аударылды". Халық арасында ашаршылық болды. Одан 1,7 миллион шамасында қазақ тұрғындары қырғынға ұшырады. Бір мииллиондай адам Қазақстан территориясынан тысқары жерге көшіп кетті.
7.Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж). Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады. Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты 65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды. Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды. Сауатсыздықты жою мен қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр айында республикалық СНК "КАССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы" қабылданды. 1930-1931 жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде жоғарғы кластарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды.
Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщ қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.
Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды. Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты.
Сонымен сауатсыздықты
жою жалпы білім беретін мектеп
Совет ғылымының көрнекті өкілдері — академиктер: А.Д. Архангельский, И.П.Бардин, С.И.Вавилов, И.М.Губкин, А.П.Карпинский, В.Л. Комаров, В.А. Обручевт.б. респуб-лика халық шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуге, жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын даярлауға тікелей араласты.
Қазақ Советі әдебиеті мен өнері гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті сөз шеберлері осіп шықты. Қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың жалынды жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс және дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының үздік жетістіктерімен
танысты. Қазақтың әдеби тілі жетіле түсті, халық бүқа-расының тілегіне сәйкес орыс графикасына көшірілген альфавиті қайта құрыдды. Біздің көп ұлтты еліміздің, оның ішінде Қазақстанның экономикасында, саяси және мәдени өмірінде, әлеуметтік қүрылысында түбірлі өзгерістер болды.