Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:36, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймақтарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Работа содержит 1 файл

Kaz_orta_gas_tarih_umkd.doc

— 1.81 Мб (Скачать)

Қазақтардың ұлттық қауымдастығын нығайта түсетін аса маңызды факторлардың бірі казақ тілі болып табылды. Ол ұлт болып қалыптасуға дейін-ақ ортақ тіл болып саналған. Жергілікті алуан түрлі диалектілердің болуына қарамастан қазақ тіліндегі халық ауыз әдебиетінің "Алпамыс", "Қобылаңцы", "Ер Тарғын", "Қозы Керпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек" т.б. эпостық поэмалары Қазақстанның жер жеріне кең таралып, халық арасында зор сүйіспеншілікке ие болды. Көрнекті халық ақындары мен әншілері Бүқар жырау, Махамбет Өтемісүлы, Ақан сері, Біржан, Жаяу Мұса, Жамбыл т. б. өлеңцері мен өндері, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқа да жазба әдебиеті өкілдерінің шығармалары жайлы да осыны айтуға болады. Алайда, Қазан революциясына дейін қазақ тілі бір жақты дамыды. Ол негізінен өлі де жете дами қоймаған көркем әдебиеттің поэзия тілі болып қала берді. Бұл тілде саяси әдебиеттер өте аз, ал ғылыми әдебиеттер мүлде шығарылмады деуге болады. Қазақ тіліне Қазақстан экономикасының кенже қалуы: өнеркәсіптің көптеген салаларының болмауы, шаруашылыңтың нашар дамуы және баска да жағдайлар сөзсіз әсерін тигізді. Тілдің даму деңгейі қоғамдык өмір салаларында қол жеткен прогресс деңгейіне, ендіргіш күштердің, қоғамдық қатынастардың, рухани мәдениетінің, ғьшым мен техниканың даму дәрежесіне байланысты. Совет өкіметі жылдары қазақ халқының өмірінде қазақ тілі қазақтардың және Қазақстан халықтарының толыққанды, жан-жақты дамыған тілдерінің біріне айнала алмады, дегенмен оның лекциялық қоры байып, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық жүйесі жетіле түсті, әдеби және сөйлеу нормасы үндесіп, алфавит пен орфография жүйесіне елеулі өзгерістер енгізідді, ең бастысы тілдің қоғамдық функциясы анағұрлым кеңіді.

Коммуникативтік, яғни қарым-қатынас  құралы ролін атқара отырып, қазақ тілі мектептерде, жоғары оқу орындарында оқу тілі, саясат тілі, жоғары дамыған көркем өдебиет пен ғылым, мерзімді баспасөз, радио мен телевизия тілі болып отыр. Елімізді индустрияландыру, ұжымдастыру кезеңі 30-жылдардағы қоғамымыздың алдыңғы қатарлы азаматтарының репрессияға ұшырау кезеңіне дәл келді.

 

 

Бекіту сұрақтары:

1.Ауыл шаруашылық өндірісінің  құлдырауының себептері неде?

      1. жж  аштықтың болуына не себеп болды?

3.Өлкедегі кеңестерге қарсы  көтерілістерболған аймақтарды  картадан көрсет?

4. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық  және саяси алғышарттарын атаңыз?.    5.Экономикада көп укладты құрылымының  қалыптасуы немен аяқталды?

6.Шаруаларға қарсы бағытталған жаппай қуғын-сүргіннің қанат жаюы немен бітті?

7. Индустрияландыру неүшін қажет  болды?

 

 

Лекция №11-15 Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ  дүниежүзілік соғыс жылдарында

 

Негізгі ұғымдар: Қазақ кеңестік әдебиеті, әскери лагерь, партизан, интернационал, тыл, майдан,

 

Мақсаты: Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ  дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан әскери лагерь бөлімі, мәдениеті мен ғылымы туралы жаңа тарихи танымдық білімдерін қалыптастыру..

Жоспар:

1. Соғыстың  басталуы: Қазақстан  әскери лагерь бөлімі

2. Ленинград пен Москва түбіндегі шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі.

3. Сталинград түбіндегі шайқаста  қазақстандықтардың ерлікпен қаза  табуы.

4. Курск түбінде неміс-фашист  әскерлерінің тасталқан болу  және оған

қазақстандықтардың қатысуы.

5. Жау қолындағы аймақатрдағы партизандық қозғалыстар.

6.Империалистік Жапонияның талқындалуы.

7.Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында.

8. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.  

Лекция

          1. Соғыстың  басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі. 1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. ¥лы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын.Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Герман империясы шикізат үшін, азық-түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді. Куыршақ мемлекет жобасы фашистер жасаған «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ-Орал, Түркістан сияқты рейх комиссариаттарын кұруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының кұрамына Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шынжан кіргізілді.

Фашистер Кеңес адамдарын қырып-жою жолына осылай түсті.

Ал Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы  түра білді. Қазақстан халқы Отан корғаушылар қатарына өзі еркімен  жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина институтының студенті Мән-шүк  Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді.

Елімізде 2 млн-нан астам адам міндетті әскери даярлықтан өтті.

Майдандағы Қызыл Армия қатарына 1200000-ғажуық (1196164) қазақстандық аттанды. Майданға қажетті әскери кадрларды даярлау ісі тылда қарқынды жүргізілді. Соғыс болып жатқан өңірлерден Қазақстанға 27 әскери оку орны көшірілді. Онда соғысқа қажетті 16000 әскери офицер даярланды. 42000 қазақстандық әскери училищеде оқыды.

Бұл әскери оқу орындарының түлектері  арасында кейіннен КСРО батыры атанғандар көп болды.

Мысалы, Шымкент Чугуев әскери авиация  училищесінде КСРО-ның үш мәрте батыры И.Н. Кожедуб оқыды.

2.Ленинград  пен Москва түбіндегі шайқастардағы  қазақстандықтардың ерлігі. Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандықгенерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров басқарған 31 атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. 1941 жылы 18 қарашада И.В. Панфилов ерлікпен қазатапты. Бұл дивизияның политругі В.Г. Клочковтың: «Россия - кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда - Москва», - деген сезі бүкіл майданғатарады. Кейіннен «28 панфиловшы» ерлігі аңызға айналды. Панфиловшы, ротаның саяси жетекшісі, қазақстандық КСРО батыры П.Б. Вихрев те ерлікпен қаза тапты.

Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктіңтамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.

М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.

Бородино селосының түбінде  Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.

Фашистердің Москва түбінде жеңілуі, яғни «Блицкриг» жоспарының күйреуі жеңістің бастамасы, ¥лы Отан соғысындағы түбегейлі бетбұрыс болды.

Қазақстандықтар Ленинград  үшін шайқаста Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатысты Ленинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп, Александр Матросовтың ерлігін қайталады. Ол Кеңестер Одагының батыры атанды.


Балтық флотында көптеген қазақстандықтар  жауға қарсы ерлікпен шайқасты. Мысалы, «Киров» крейсерінде 156 қазақстандық болған. Қазақстаннан барған әскерлердің 30%-дан астамы Ленинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Рота командирі Қойбағаров өз бөлімшесімен неміс окоптарына басып кіріп, өшпес ерлік жасаған. Одан басқа Ленинград түбінде Дүйсенбай Шыныбеков, С. Жылқышев, Г.П. Зубков т.б. қазақстандықтар ерекше ерлік көрсетті.

1941 жылы қыркүйекте қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ленинградтықтарға арнап жазған «Ленинградтық өренім» жыры фашистердің қоршауындағы қаһарман қала халқына, оны қорғаушыларға үлкен рухани дем берді.

         3.Сталинград түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың ерлікпен қаза табуы.

Қазақстан - Сталинград майданының ең жақын тылы

1942 жылы Сталинград түбінде қиян-кескі  шайқас басталды. Қазақстанның батысы  Сталинград облысымен 500 шақырым шектесіп жатқандықтан, соғыстың оты Батыс Қазақстан өңірін қамтыды.


1942 жылы күзде Каспий аумағында  соғыс жағдайы енгізілді.

1942 жылы 1 қыркүйекте Гурьевте  қорғаныс комитеті құрылды. Гурьев  жерінде жау ұшағы пайда болғаннан  кейін, 1942 жылы 10 қыркүйекте Гурьев  облысының барлықжерінде қатайтылған арнайы қорғаныс жүйелері ұйымдастырылды. 1942 жылы 15 қыркүйекте Гурьев облысында соғыс жағдайы мен қатерлі жағдай енгізілді.

Кешікпей қазан айында Орал әуе  шабуылынан қорғанатын майдан өңіріне  айналды. 1942 жылы 9 қазанда Қазақ  КСР үкіметі Сталинград майданының ең жақын тылы Қазақстан екенін, сондықтан бұдан артық шегінетін жер жоқ екенін айтып, Сталинградты қорғаушы жерлестеріне үндеу тастады.

Батыс Қазақстан жерінде 6 қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев, Тайпақ аудандарында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс құрылыстары салынды.

Сталинград майданының көптеген әскери белімдері, материалдық, техникалықбазалары Батыс Қазақстанда  орналастырылды. Орал қаласында әскери байланыс торабы орналасты. Батыс Қазақстан  жерінде 20-ға жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. Гитлерлік ұшақтар Сайхан, Жәнібек, Шұңғай станцияларына шабуыл жасап, 7 млн сом шығын келтірді.

Сталинград майданын барлық жағынан  Қазақстан қамтамасыз еткен. Осында көптеген әскери техника жөндеуден  етті. Мысалы, бір ғана Ақтөбеде ай сайын 30 ұшаққұрастырылды. Каспий бассейнінде орналасқан

Гурьев майданы Орта Азиямен, Кавказбен  байланыстыратын негізгі көпірге  айналды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер  дивизиясыт.б. Сталинградтықорғауғақатысты. Сталинград түбінде көптеген қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.

Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Г. Сафиуллин, М.А. Баскаков сияқты азаматтардың басқарған  әскери белімдері жауды талқан-дау  барысында көп үлес қосты. Кеңестер Одағының батыры, қарағандылық ұшқыш Нүркен Әбдіров өз ұшағын жаудың әскери базасына кұлатып, Гастеллоның ерлігін қайталады.

Сталинград түбінде қазақстандықтар  Қ. Сыпатаев пен А.А. Бельгин ездерінің  ерлігі нәтижесінде Кеңестер Одағының батыры атағына ие болды. Қазақстандық Т.С. Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасыңдағы ірі операцияларда шешуші рөл аткарды. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Гитлерлік басқыншылардың Сталинград түбіндегі жеңілуі олардың соғыстағы тағдырының шешілу уақытын жақындата түсті.

4.Курск түбінде неміс-фашист әскерлерінің тасталқан болу және оған қазақстандықтардың қатысуы. Кеңестер Одағының жерін фашистерден тазарта отырып, Қызыл Армия батысқа қарай бет алды. Оның құрамында көптеген қазақстандықтар болды. Еліміздің батысындағы Украина, Белоруссия, Молдавия, Балтық жағалауындағы елдерді азат етудің маңызы зор болды. Бұған қазақстандықтар да өз үлестерін қосты. Украина жерінде ерлікпен қаза тапқан Әбу Досмұхаметовке Кеңестер Одағының батыры атағы берілді. Украинада Днепр маңындағы соғыста Г. Айтықов пен Қ. Аухадиев те Кеңестер Одағының батыры атагына ие болды. Ал сол Днепрдегі соғыста Жәнібек Елеусізов өз ерлігімен көзге түсті. 18 жастағы қазақстандық Кеңестер Одағының батыры болды.

Қызыл Армия құрамындағы қазақстандықтар  Польша мен Венгрияны, Волгария мен  Чехословакияны, Австрияны фашистерден азат етуде өз үлестерін қосты. А.С. Егоров, З.У. Құсайынов Еуропадағы қарсыласу қозғалысына қатысып, Кеңестер Одағының батырлары атанды.

5.Жау  қолындағы аймақатрдағы партизандық  қозғалыстар.

Партизан қозғалысы  да кең еріс алды. Қазақстандық партизандар: Қ. Қайсенов (жазушы), Ж. Ағаділова, П. Семенова, Ә. Шәріпов, У. Оразбаев, Т. Жұмабаев, В. Шаруди, Ж. Саин (жазушы), Н.В. Зебницкий т.б. Жалпы, 3500-ден аса қазақстандық партизан жау тылында соғысты. Қазақстандық партизан Ж. Сұраншиев Белорусь жерінде «Ұшқын» партизан отрядының құрамында болды.

1945 жылы Қызыл  Армия фашистердің «Висла», «Оңтүстік», «Орталық», «Солтүстік» әскери округтерін жеңді. Германияның көптеген жерін 1945 жылы сәуір айьша дейін КСРО қарулы күштері басып алды. 1945 жылы 16 сәуірде Қызыл Армия шешуші «Берлин» операциясын бастады. Бұл операцияға 3 млн 500000 жауынгер, 10800 әскери үшақ, 52000-нан астам зеңбірек, 7750 танк қатыстырылды.

1945 жылы 2 мамырда Қызыл  Армия Берлинді толық басып  алды.

1945 жылы 8 мамырда Германияның  жоғарғы командованиесі жеңілгенін  мойындап, актіге қол қойды.

6.Империалистік Жапонияның  талқындалуы.

Квантунь армиясына қарсы соғысқа  қазақстандық жауынгерлер де қатысты. Қиыр Шығыстағы соғысқа Ақтөбеде құрылған 292-атқыштар дивизиясы қатысып, ерекше ерлік көрсетті. 2027 қазақстандық ордендер мен медальдарға ие болды. 1945 жылы 10 тамызда қазақстандық ұшқыш М. Янко Гастеллоның ерлігін қайталады.Жапонияның тізе бүгуімен II дүниежүзілік соғыс аяқталды.Соғыстың аяқталуы, фашистік режимді құлату бағытында ең алдымен КСРО шешуші рөл атқарды. Оның ішінде Қазақстанның үлесі зор болды.

7.Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында. Биыл миллиондаған адамдар өз өмірлерін құрбан еткен Ұлы Жеңіске 65 жыл толғалы отыр. Соғыс жылдарында Қазақстан экономикасы өте маңызды экономикалық және саяси маңызға ие болды оның себебі. КСРО-ның батыс аймақтарын гитлерлік армияның оккупациялауына байланысты Сібір мен Қазақстанның сол кездегі еліміздің маңыздылығын күрт көтеріп жіберген болатын.

Информация о работе Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні