Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:36, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймақтарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Работа содержит 1 файл

Kaz_orta_gas_tarih_umkd.doc

— 1.81 Мб (Скачать)

2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы  Қазақстан экономикасы.

3.1995-2000 жылдары Қазақстан үкіметінің  әлеуметтік саясаты.

4.1995-2000 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық.

5.Қазақстан Республикасының қазіргі   кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX ғ. аяғы- XXIғ. басы.)    

Мазмұны:

1. Республиканың тәуелсіздігін  жариялау. “Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі туралы”  заң. Республика президентін сайлау. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. Қазақстан Республикасының Конституциясын дайындап қабылдау. Жаңа мемлекеттік рәміздерді Жоғары Кеңестің бекітуі. Ресейдің территориалдық талаптары.

2. Экономикадағы капиталистік өзгерістер. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен тыс бөлу және жекешелендіру. Бағаны ырықтандыру. Материалдық өндірістің күйреуі. Ұлттық валютаны енгізу. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыу шаралары.

3. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік  мәселелер. Инфляцияның салдарлары. Жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Халықтың  тіршілік деңгейінің төмендеуінің салдары.

4. Деңсаулық сақтау және халық  ағарту салаларындағы жағдай.

5. Сыртқы саясаттар қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық байланыстары. Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен байланысы. Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарының кеңеюі.

 

Бекіту сұрақтары:

1. Республиканың тәуелсіздігін жариялау және “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң, Республика президентін сайлау, қашан өтті?

2. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру шаралары қалай жүзеге асты ?

3. Халықтың  тіршілік деңгейінің төмендеуінің әлеуметтік салдары неде?

4. Деңсаулық сақтау және халық ағарту салаларындағы жағдай қандай болды?

5.  Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен байланысы қандай пайда әкелді?

Лекция №27-30 Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы (2001-2010ж.ж)

 

Негізгі ұғымдар: Біріккен Ұлттар Ұйымы, стратегия, инвестиция, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар

 

Мақсаты: Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы Ресеймен экономикалық байланыстары мен халықаралық қатынастар туралы тарихи біліктіліктерін дамыту.Отаншылдық рухқа тірбиелеу..

Жоспар:

1.Орталық Азия елдерімен Қазақстанның  қарым-қатынастары.

2.Ресеймен экономикалық байланыстары.

3.Қазақстан әлемдік қауымдастықтын  тең құқылы мүшесі.

4.Қазақстан экономикасына шетелдік  инвестицияның тартылуы.

 

Мазмұны:

1. Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Саяси, әскери, экономикалық, мәдени байланыстары.

2. Ресей және ТМД-ның басқа  да елдерімен өзара сенімді  және тең қатынас қалыптастыруға  бағытталған шаралар. Ресеймен  арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге түсуге бағытталған құжаттарға қол қойылуы.

3. Қазақстан-әлемдік қауымдастықтың  тең құқылы мүшесі.Қазақстан Республикасының  Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануы. әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның  мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы. әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптасуы. Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды айқындау.

4. Қазақстанның халықаралық экономикалық  және қаржылық ұйымдар жұмысына  араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.

 

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстанның Орта Азия елдерімен  өзара саяси, әскери, экономикалық, мәдени байланыстары қандай?

2.. Ресеймен арадағы экономикалық  байланыстарды одан әрі нығайта  түсуге бағытталған қандай құжаттарға қол қойылды?

3. Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді қандай приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды көздейді?

4. Қазақстанның халықаралық экономикалық  және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы мен Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуының себептері неде?

 

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік  педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан қазіргі заман тарихы

пәннің лекция сабақтарының әдістеиелігі

050114 «тарих» мамандағы  студенттеріне арналған

(бакалавриат)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2009

 

 

 

 

 

 

 

Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны

Қазақстан қазіргі замандағы  тарихы

 

Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы  тарихы пәні

 

Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша  тарих, мәңгүрттік, шежіре, жазбаша деректер. 

 

Мақсаты: Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты мен міндеттерінің мазмұнын ашу.

Жоспар:

1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан қазіргі заман тарихынның кезеңдері.

2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері.Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.

 Лекция

 1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

   Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Бағдарламада бірінші  дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі  кезең аралығында еліміз жүріп өткен  тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.

   Бірінші дүниежүзілік  соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады.

   2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.

Индустриаландыру бағытын  қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби  деңгейіне жан жақты талдау жасалынды.   Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады.

Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.

  Тәуелсіз Қазақстан  Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.

  Егемендік кезеңінде  еліміздін саяси өмірінде болып  жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен  коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?

2. Қазақстан қазіргі заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?

3.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы бар?

 

Лекция №-2 Қазіргі замандағы  Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.

 

Негізгі ұғымдар: Пролетариат, тап, тарихты идеологияландыру, мифтерге негізделген тарих,тарихи «ақтаңдақ»,тарихи ақиқат.

 

Мақсаты: XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері туралы мәліметтер беру. Кеңестік және шетелдік тарихнаманың  (ХХ-ХХІғ. басы) қазақ тарихына қатысты кеңестік дәуірдегі саясатттандырылған кеңестік тарихтың «ақтаңдақтарын» ашып көрсету.

 

Жоспар:

1.Қазақстан тарихы тарихнамасының  зерделену проблемалары.( ХХ ғ.)

2.Кеңестік  және шетелдік тарихнама  (ХХ-ХХІ  ғ. басы)

Лекция

1.Кеңестік тарихтың жол-жөнекей  жазылуы,коммунизм мен капитализмнің  өзара арпалыстары. Тарихты идеологияландыруы. Ұлт проблемаларын ұпай жинауға пайдаланғандығы.Отандық тарих оның ішінде қазақ халқының тарихы саясат құрбандығына шалынуы.Мифтерге негізделген жалған,жалтақ тарихтың ірге тасының қалануы.Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі.Ұлттық мүддені пролетариаттық-таптық мүддеге бағындыру, ұлттық өзін-өзі билеу құқын шектеп ұлттық мемлекет құруда пролетариат диктатурасын табындыру.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру.

2.Тарихи әдебиеттегі приоритеттің  бірі- Қазан төңкерісінің заңдылығы  туралы миф. Қазақ кеңестік  мемлекеттік статусты әсірелеу  мифі туралы академик М.Қ.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 жылғы баспадан шыққан еңбегінде кеңестік дәуірдің тарихи ақтаңдақтары туралы ақиқатын ашты. Қазақстан тарихының концепциясы негізгі пайымдары,одақ көлемінде империялық бағытта жазылды. Бүгінде Отан тарихына тағлым ету,оның бетін жайлаған мифтерден асып өту тарихшылар әулетінің қарызы мен парызы.

      Қазақстандағы азамат соғысы туралы Покровский С.Н. Разгром  интервентов  и  внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг.) А-А.,1967., П.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920 г. А-., 1966 жылғы.еңбектері жазылды бұл зерттеулер кеңес үкіметінің ролін дәріптей көрсетті.

Тарихнама мәселесі Отан тарихының  өте нәзік жауапты саласы.Отан тарихының сүбелі бөлігі-мәдениет тарихы. Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек .                  

М.Қ.Қойгелдиев  Тұтас  Түркістан  идеясы  және  Мұстафа Шоқайұлы.    А.,1992 жылғы еңбеігінде Мұстафа Шоқайұлының қайраткерлік тұлғасын танытты. К.Н.Нұрпеисов. Становление Советов в Казахстане.А.,1995 жылы баспадан шыққан зерттеуінде қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан қарастырған.Қазақ зиялялары алаш арыстары хақында автор. Алаш һәм алашорда атты табанды зерттеу еңбегін жазып кетті.Т.Омарбековтың . Зобалаң атты Санат, баспасынан А.,1994 жылы жарық көрген еңбегінде кеңес үкіметінің солақай саясатының қазақ халқына тартқызған қасіреті мұрағат деректері негізінде берілген еңбнек.Сүлейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). А-А., 1977 жылы шыққан еңбекте 1916 жылғы көтерілістің салдарын,тарихи сипатын,көтерілістің қозғаушы күштері туралы және көтерілістің тарихи маңызы туралы жазды.1916 жылғы көтеріліс мәселесі бұған дейін Х.Т.Турсуновтың Восстание 1916 г. в Средней Азии в Казахстане. атты А., І950 жылғы зерттеуінде де қарастырылған болатын.Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане атты А-А., 1976 жылы жарық көрген еңбекте кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшы мамандар олардың кәсіби деңгейлерін көтерудегі оқу орындарының ашылуы мен кадр дайындау мәселерін қарастырды. Қазақстандағы индустрализациның бастамасы туралы Г.Ф.Дахшлейгердің     Турксиб-первенец     социалистической индустриализации атты А-А.,1953 жылы жарық көрген еңбегінде көрініс тапты.

Бекіту сұрақтары:

1. Тарихты идеологияландыруыды  қалай түсінесің?

2.Отан тарихын  саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту  тәсілдері қалай жасалған?

3.Қазақ  сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі туралы академик Манаш Қабашұлының қандай еңбегінде айтылған?

4.Бір орталық  мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды  өрбітіп жерін,байлығын алып,оны  алу үшін жалындыру саясаты  қалай жүзеге асқан? 

5.Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек дегенді қалай түсінесің?                  

Лекция №3-6 1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы

Информация о работе Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні