Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:36, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймақтарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Работа содержит 1 файл

Kaz_orta_gas_tarih_umkd.doc

— 1.81 Мб (Скачать)

1917 жылы 22 қарашада Қоқанд қаласында  болған бүкіл түркістандық  IV съезде Түркістан автономиясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны туралы жарияланды. Бұл үкімет кейбір деректерде «Қоқанд автономиясы» деп аталды. Алғашқы басшысы М. Тынышбаев, одан кейін басшы қызметін Мұстафа Шоқай атқарды.

1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор  қаласында жалпы қазақ съезі  болды. Съезді 

М. Шоқай басқарды.Съезде Алаш (Алашорда) автономиясын құру туралы қаулы қабылданды.Алашорданың 25 мүшеден тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрылды.

Автономия орталығы Семей қаласында  орналасатын болды.

Алашорда үкіметінің төрағасы болып  Ә. Бөкейханов сайланды. «Қазақ» газетінде  «Алаш» партиясының 10 бөлімнен тұратын бағдарламасы жарияланды.

«Алаш» партиясының  багдарламасы:

  1. басқару түрі;
  2. автономия;
  3. азаматтың негізгі құқықтары;
  4. дін ұстану туралы мәселе;
  5. соттар туралы;
  6. қорғаныс;
  7. салық;
  8. жұмысшы мәселесі;
  9. халықағарту;

10.жер мәселесі.

4.Қазақстан жеріндегі әскери қозғалыстар мен соғысқа кіруі. Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.) 1919 жылы 10 шілдеде В. И. Ленин қол қойған халық комитетінің декреті бойынша қырғыз (қазақ) революциялық комитеті қүрылды. Оның қарамағына Қазақ Совет автономиясы жарияланып, өлке Советтерінщ құрылтай съезі шақырылғанға дейін қазақ тұрғындары мекендеген Орал, Торғай, Ақмола, Семей облысы мен Астрахань губерниясы жерівдегі барлық жоғарғы әскери-азаматтық басқармалар берілді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитеті алғашында РСФСР үкіметі тағайындаған 7 мүшеден тұрды. Халкомсовтың келісі-мімен қырғыз (қазак.) революциялық комитеті өз құрамын жергілікті тұрғындардан қызметке адам алу арқылы толыктырып отыруға праволы болды. Ол ішкі контрреволюция мен әскери-интервенцияға қарсы еңбекшілер күресін басқарып, совет ұйымдарының мемлекетгік шаруашылық жөне Қазак халқына күштеп тағылған "қырғыз-қазақ", "кырғыз" атаулары орыс тіліндегі әртүрлі әдебиетте жоне құжаттарда XVIII ғасырдың жиырмасыншы-отызыншы жылдарынан бастап кездесе бастайды. Бұл сөздерді алғаш рет жазбаша айналымға енгізгендер Оңтүстік Орал жоне Сібір арқылы қазақ өлкесінің Солтүстік аудандарында болып, қазақтармен алғаш жүздескен патша үкіметінің оскери, дипломатиялық жоне жергілікті басқару аппаратының қызметкері еді.

Қазақтардың қырғыз аталуына байланысты Міржақып Дулатов үсынған жорамал көніл аударарлық. Ол өз болжамын 1923 жылы "Қызыл Қазақстан" журналында жарияланған "Қазак, кырғыздың аты, тегі туралы" мақаласында айтқан болатын. Алаш орысының пайымдауьшша XVII ғасырға дейін қырғыз халқының бір бөлігі: "Сібірді мекендеп тұрғанда орыстың қалаларын дамылсыз шауып, мазасын кетіре берген... сондықтан орыстың үғымында "қырғыз" деген сөздің өзі жау, шабағаншыл мағынасында орнап қалған. Ал қырғыздардан кейін орі көп, әрі орысқа бағынбай өз алдына отырған... казақтарды да кырғыздай жек көріп, лағынет орнына "қырғыз" деп атаған". ("Қазақ әдебиеті", 1991 жыл, 5 сәуір). Ал патша отаршылдары қазақтың казақ екенін біле тұра, оларға "қайсақ", "кырғыз" деген сияқты аттарды зорлап таңып, оның іргелі халық ретіндегі намысын екі ғасырға жуык. уакыт бойы қорлап келді.

XVIII ғасырдың отызыншы жылдарынан XIX ғасырдың алпысьшшы жылдарына дейінгі мерзім аралығында Қазакстан Ресейге түгелдей бағындырылып, соның салдарынан оның отарлы аймағына айналып тынғаны белгілі. Патша үкіметі Қазақстан сиякты боданын тырп еткізбей билеп-төстеп ұстаудың кұралы ретінде 11 казак-орыс әскерін (казачье войско) жасақтады. Ұлы Қазан революциясына дейін солардың төртеуі: Сібір, Орынбор, Орал және Жетісу казак-орыс әскерлері Қазакстанда болды. Казак-орысты қазақпен шатастырмау үшін патша әкімшілігі ресми түрде қазакты "қырғыз" деп атап, ал нағыз қырғыз халқына "қара қырғыз", "жабайы кырғыз" деп мазақтаған ат берді.

Мәдени құрылыстағы барлық істерін біріктіріп, ұйымдастырды. Жергілікті тұрғындардың әдет-ғұрпы мен жағдайын ескере отырып, Совет үкіметінің қаулыларын жүзеге асырды, Қазақстан Советтерінің құрылтай съөзін шақырып, өткізуге дайындық жұмыстарын жүргізді. РСФСР-дің ұлт жөніндегі халкоматының басшылығымен казақ халқының Советтік мемлекетін құру жөніндегі ереженің жобасын жасады. Өлке халкының күнделікгі өміріне түрлі салалар бойынша Қырғыз (қазақ) революциялық комитетінің жанына қүрылған бөлім-дер мен бөлімшелер басшылық етті. Бірінші председателі С.С.Пестковский болды. Революциялық комитет қүрамывда әр кезде Ә.Әйтиев, С.Арғыншиев, А.Д.Авдеев, Ә.Жанкелдин, Б.Қаратаев, С.Мендешев, М.Тұңғашин т.б. кірді. Қырғыз (қазақ) революциялық комитет 1920 жылы 13 қазанда қүрылтай съезі шақырылғанға дейін жұмыс істеді.

1917 жылғы қазан төңкерісіне  дейінгі Казақстан әкімшілік тұрғысынан қазақ жері біртұтас болмады. Мәселен, өлкенің Батыстағы айтарлықтай бөлігі — Астрахань генерал-губернаторына, дала елкесі — Батыс Сібірге, Оңтүстік облыстар Түркістан генерал-губернаторлығына карады. Совет өкіметі орнағаннан кейін де қазақ облыстары әкімшілік жағынан бытыраңқы жағдайда болып, РСФСР-дің түрлі

1925 жылғы 15-19 сәуірде республиканың жаңа астанасы Ақмешітте Қазақстан Советтерінің V съезі түңғыш рет өлкеміздің барлық аудандары еңбекшілерінін өкілдері катынаскан жағдайда өтгі. Осы съезд қабылдаған қарарлардың ішінде үлкен саяси мәні бар шешімнің бірі — қазақ халқының бұрмаланған, патша отарлаушылары XVIII ғасырдан бастап зорлап таңған теріс атын — "қырғыздар" атауын өзгертіп, оның тарихи шын атын — "қазақтар" деген атауды қалпына келтіруі болды. Сонымен қатар, съезд Қырғыз АССР-ін Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы деп қайта атады, республиканың жаңа астанасының да аты өзгертілді. Акмешіт каласы Қызылорда деп аталды. Кеп кешікпей Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің Президиумы съезд шешімін бекітіп, былай деп каулы етті: "I. Қырғыз Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы Қазақ Автономиялы Советтік Социалистік Республикасы деп өзгертілсін; II. Үкіметтің орналасқан жері Ақмешіт қаласының аты Қызылорда деп өзгертілсін".

Қазақстан Советтерінің V съөзінің шешімдерінде "Қазақ" жоне "Қазақстан" сөздері орыс тіліндегі тіркестерде "казаки", "Казакстан" деп жазылған болатын. Орысша бұл сөздерді осылай жазу 1936 жылға дейін сакталды. Қазақ АССР Орталық Аткару Комитетінің 1936 жылғы 9 ақпандағы қаулысына сойкес орыс тілінде "казаки", "Казахстан" деген неғұрлым дәл атау қабылданды."Қазақ" атымызды осылай қайтарып алған едік.

губернияларының қарамағында  қалып қойды. Мәселен солтустік-шығыстағы екі облыс Ақмола мен Семей облыстары орталығы Омбыда болған Сібір өлкелік советіне қарады, Торғай облысы — Орынбор губерниялық советіне, Бөкей облысы /ордасы/ Астрахань губерниялық советіне кірді. Осылайша қазан төңкерісіне дейін орьш алған территориялык бытыраңқьшық әлі де сақталып тұрды. Әйтсе де Совет өкіметі казақ халқының ұлттық территориялық мемлекетгігі правосын, патша өкіметі тартып алған барлық жерлерден күралатын Қазақ республикасының шеңберінде косылуын қуатгап берді. Республиканың территориясын қалыптастыру этникалык, экономикалық аспектілерді мұқият зерттеу негізінде жүрді. Бұл В.И.Лениннің басшылығымен және Қазақстан, Сібір, Урал, Түркістан Советтері өкілдерінің, ірі мамандар мен ғалымдардаң қатысуымен істелді. Бұл мәселені шешуде жергілікті оргаңцардың пікірі де көп нәрсені дәлелдеуге, өртүрлі ұсыныстарды таразылауға, әр түрлі пікірлерді тыңдауға, көптеген жобалар мен пікірлердің ұлт мәселесі жөніндегі партия бағдарламасының мәні мен мазмүнына сай келетіндерін тандап алуға тура келді. Совет өкіметі езілген халықтардың ұлттық мемлекеттілігін тезірек құру және олардың территорияларын белгілеу міндетін алға қойды. Бұл багыттағы әзірлік жұмысын РСФСР ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты тікелей жүргізді. 1917 жылы мамырда Халық комиссариатының қазақ бөлімшесі құрыльш, ол көп кешікпей маңызды іске кірісіп кетті. Алайда Қазақ Совет республикасының құрылуы мен оның территориялық бірлігінін орнатылуы азамат соғысьшьщ және итервенцияның басталуына байланысты 1918 жылғы жазда тоқтап қалды.

5. Азамат соғысы жылдарында  қоғамның әскери-саяси жіктелуі. РСФСР халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы В.И.Ленин 1919 жылы 10 шідцеде "Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы уақытша ережеге" қол қойды. Бұл революциялық комитет іс жүзінде алғашқы қазақ кеңес үкіметі болды да, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарындағы (бұлар казіргі Қазақстанның Оңтүстік аймағынан басқа аумағын түгел камтитын) сондай-ақ қазіргі Астарахань губерниясының қазақтар тұратын аудавдарындағы әскери-азаматтық басқару ісін өз қолына түгелдей шоғырландырды. Қазак революциялық комитегіне жүктелген негізгі міндеттердің бірі Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съөзін өзірлеу және өткізу, қазақтардың бұған дейін бөлініп қалған шашыраңқы аумақтарын біртұтас етіп біріктіру болды.

1919 жылғы 19 шілдеде Ленин  қол қойған Казревком құру туралы декретте Орал губерниясы қазақ өлкесінің Қазан төңкерісімен қатар басталған азамат соғысы 1920 жыддың соңына дейін Ресей қарауындағы халықтардың, оның ішінде Қазақстанның барлық күшін осы шиеленіскен тап күресіне жұмсауға мәжбүр етгі. Халықтардың санасына сіңіп үлгермеген жаңа мемлекетгік басқару жүйесі кеңестер құралмай жатып, бірден жан түршігерлік, бітпес тап тартысының — азамат соғысының қансоқтасына белшесінен батты да кетті. Ресей тарихында қалыптасып қалған мемлекет, заң, коғамдық тәртіп аяқ асты болып кдлды, ал жаңа мемлекет, оньщ зандары осы соғыс жағдайывда қалыптасты. Уақыт тығыздығы, соғыс, елдегі шаруашылық күйзелісі, тігаі орта, ұсақ кәсіпорындардьщ өз иелерінен, шетел инвесторларынан тартып алынуы, бірақ өндірісті жаңаша басқара алмау — осының бәрі, сайып келгенде, жаңа өкіметті әскери диктатураға еріксіз итермеледі. Әрине, кеңестердің демократиялық түрі сақталды: кеңес, партия съездері жылма-жыл өткізіліп тұрды. Шындығында, іс жүзінде, Кеңес өкіметінің шығарған зандары (декрет деп аталды), директивалары, бұйрық-жарлықтары және олардың орындалуына зер салсақ, өкіметтің диктаторлық міндеттер атқарғанын байқау қиын емес.

Құрамына кіргені белгілі. Осыған қарамай губернияның кейбір басшы партия жөне совет қызметкерлері Орал губерниясьшың Қазакстанға кіруіне қарсы бодцы, ол РСФСР-ге тікелей бағынуға тиіс деген пікірді жақтап келді. Онымен коймай шовинистер Орал губерниялық екінші партиялық конференциясына (1920 ж. мамыр) Орал губерниясының Қазақстаннан бөлінуі туралы қарар қабылдапты. Мұндай теріс кезкарасты түзету үшін Казревкомға РКП(б) Орталық комитеті мен Совет үкіметінің нақтылы көмегі қажет болды. Орталық органдардың қолдауымен маусым айында Орал губерниясына РКП(б) Қазақ облыстық бюросы мен Казревкомның арнаулы комиссиясы жіберідці. Көп кешікпей Орал партия ұйымы мен губерниялық совет аппараты ұлы державашыл шовинистерден тазартылып, губернияда жүргізілген өрескел қателіктер түзетідді. 1920 ж. 1 шілдеде болған Орал губкомының пленумы губернияның Қазақстан құрамына кіру қажеттігін жақтаған қарар қабылдады. Казревкомның тарапынан мұндай жұмыстар Қазақстанның қүрамына кіруге тиісті басқа қазақ жерлеріне байланысты да жүргізілді.Ежелгі қазақ жерлері — Жетісу мен Сырдария облыстарьш, Маңғыстау мен Красноводск уездерін қазақ елкесіне қосу мәселелерін Түркістан республикасы өкіметінің алдына қою үшін Ташкентке Казревкомның арнаулы өкілі жіберілді. Сібір ревкомына қарап келген Ақмола мен Семей губерниялары Қазақ республикасына қосу мәселелерін талқылау мақсатымен және осы екі облысты мекендеген қазақ еңбекшілерімен тығыз байланыс жасап, олардың талап-тілектерін жете түсіну үшін Омбы мен Семей қалаларына да комитет өз өкілдерін аттандырды. Олар Қазақ республикасының түпкілікті шекараларын анықтауға байланысты келіссөздер жүргізді. Бұл салада Казревкомның жанынан құрылған Қазақ АССР-нің мемлекеттік шекарасын анықтау жөніндегі комиссия қызметі аса маңызды болды. Оның алдына мындай міндеттер қойылды: өлкенің экономикалық саяси және этнографиялық жағдайларына байланысты Қазақ республикасына қосылуға тиіс байырғы территорияларды анықтау және оған байланысты Халық комиссарлары Советі мен бүкілқазақставдық Советгер съөзіне ұсыныстар әзірлеу: керші губерниялар мен Қазақ республикасы арасындағы шекара мен территорияларға байланысты даулы мәселелер жөнінде қорытынды беру және оларды тікелей шешу: республиканың ішкі әкімшілік болінуінің жобасын жасау 1919 ж. 13 қыркүйекте Казревком осыған дейін уақытша Челябі губерниясының құрамында болып келген Қостанай уөзін қазақ өлкесіне қосу туралы өтінішті ВЦИК-тің алдына қойды. Мұңдай талап-віініштер Сібір ревкомының, Түркістан АССР-нің қоластыңдағы қазақ жерлері туралы да қойыдцы. Сонымен 1920 жылғы 9-10 тамызда Москвада Қазақ республикасының шекарасын біржолата анықтауға және оны басқару мәселелеріне арналған мәжіліс шақырылды. ВЦИК-тің Президиумы шақырған осы мәжіліс Лениннің тікелей қатысуымен өтті. Мәжіліске Қазревкомның жауапты қызметкерлері, Түркістан майданының әскери революциялық советінің, Түркістан өлкелік партия ұйымының, Омбы және Орал облыстары революциялық комитеттерінің өкіддері қатынасты. 2 күн бойы Қазақ республикасының шекарасы туралы мәселе қызу айтыстың тақырыбына айнадды. Әсіресе Сібір ревкомының екілдері қүрылғалы отырған қазақ республикасының терриориялық тұтастығына нұқсан келтіретін ұсыныстар айтып, даудамай шығады. Екі жақтың пікірін мұқият тыңцаған В.И.Ленин Қазақстанның шекарасы туралы мәселенің барынша әділ шешуіне асқан мүдделік танытты.

6.Қазақ  Кеңес   мемлекетінің құрылуы. Мәжіліс барлық Қазақ облыстарының басын бірікгіретін Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретгің жобасын талқылап бекітті. 1920 жылғы 26 тамызда РСФСР халық комиссарлары Советінің пред-седателі В.И.Ленин мен Советтердің бүкіл россиялық атқару комитетінің председателі М.И.Калинин Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды. Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:

  1. Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездерінен түратын Семей облысы.
  2. Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уөзінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.
  3. Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен тұратын Торғай облысы. 
  4. Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратын Орал облысы.
  5. Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уөзіндегі Адайлар мекендеген төртінші жене бесінші облыстар.
  6. Астрахань губерниясының құрамында болып келген Бөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.

"Известие ВЦИК" газетінің  1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды.

7. Қазақстандағы “әскери  коммунизм саясаты”Біз бұл мәселені азық-түлік саясатына катысты қарастырмақшымыз. Өйткені Лениннің өзі айтқандай, "астық үшін күрес — социализм үшін күреске" айналған еді. Кеңес өкіметіне қалаларға (жұмысшы табына) және соғысқа (Қызыл Әскерге) қажетті тамақ, киім, көлік сияқты заттарды, ең аддымен, ауыл-селодан (шаруалардан) алуға тура кедді. Сөйтіп, ауыртпалық шаруаларға түсті. Әскери диктатура астық үшін күресті, яғни социализм үшін күресті шаруаларға қарсы жүргізді. Бұл кезде помещиктер бірден экспроприацияланған, кулактар да 1918 жылы жазда соның кебін киген. Олай болса, ауыртпалық ауқатты шаруалар мен жарлы-жақыбайларға түсетіні анық. Бірақ өкімет өзін жұмысшы-шаруалар өкіметіміз деп атағандықтан халыққа ашық қарсы шыға алмады, саясат колданды. РК(б)П атынан Орталық комитет үздіксіз үндеу, қаулы-қарарлар шығарып, үгіт-насихатгы үдетіп, халықпен байланысын үзбеді, оның миына оз идеологиясын сіңірді. Елдегі азамат соғысы, бұліншілік таланған, тоналған, репрессияланған үстем тап өкілдерінің әрекетінен болып отыр-мыс. Ендігі ең қауіпті, ең күшті езуші тап — кулактар деген ұран тасталып, оған қарсы: орта шаруа мен жұмысшы табы (Кеңес өкіметі) одақ жасап, кедей шаруаларға сүйенеді деген тактика 1919 жылы наурызда РК(б)П-ның VIII съөзінде қабылданған еді.

Информация о работе Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні