Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 08:56, реферат
Зерттеу өзектілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, технологиялық және мәдени жаңару жағдайында мектеп оқушыларының берік химиялық және экологиялық білімдерін қалыптастыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту жалпы білім берудің басым мақсаттарының бірі болып табылады. Жаңа химиялық, экологиялық, өндірістік-техникалық ақпараттардың үнемі ұлғайып отырған көлемі оқушылардан көптеген теориялар мен заңдарды, түсініктерді меңгеруін қажет етеді.
- қаныққан көмірсутектер
және олардың ғылыми
Жоғарыда көрсертілген тауарларды оқытқаннан кейін, меңгерілген білімнің толықтығы мен дұрыстығын анықтау үшін бақылау жұмысы алынды, онда экологиялық мазмұндағы тапсырмалар берілді. 1-кестеде 9,10-сыныптардағы бақылау жұмысының қорытындылары талданған. Ондағы эксперименттік топтағы дұрыс және толық жауаптардың үлесі, бақылау тобындағыға қарағанда жоғары. Бұл химия-экологиялық білімдердің тиімді меңгерілгендігін көрсетеді.
Бақылау жұмысының нәтижелері бойынша–білімді меңгеру коэффициенті (кб.и), химиялық шығарманы тексеру арқылы–белгілі түсініктерді басқа әдістермен салыстырғанда меңгеру толықтығы мен байланыстарды меңгеру толықтығы коэффициенттері анықталды. Алынған нәтижелер 2-кестеде берілген.
1-кесте. 9,10-сыныптардағы
бақылау жұмысын талдау
Бөлім |
Дұрыс және толық жауаптардың үлесінің жалпы санына қатынасы (экологиялық мазмұндағы тапсырмалар), % |
Дұрыс және толық жауаптардың үлесінің жалпы санына қатынасы (барлық берілген тапсырмалар), % | ||
Эксперименттік топ |
Бақылау тобы |
Эксперименттік топ |
Бақылау тобы | |
V топ р-элементтері |
69 |
34 |
68 |
36 |
VI топ р-элементтері |
78 |
35 |
77 |
34 |
Көмірсутектер мен олардың туындылары |
64 |
25 |
78 |
42 |
2-кесте. Эксперименттік және бақылау топтарындағы білімді меңгеру коэффициентінің, белгілі түсінікті басқамен салыстырғанда байланыстар мен қарым-қатынасты меңгеру толықтығы
Бөлім |
Кб.и |
М | ||
Эксперименттік топ |
Бақылау тобы |
Эксперименттік топ |
Бақылау тобы | |
V топ р-элементтері |
0,86 |
0,57 |
0,70 |
0,45 |
VI топ р-элементтері |
0,85 |
0,57 |
0,76 |
0,50 |
Көмірсутектер мен олардың туындылары |
0,97 |
0,77 |
0,80 |
0,56 |
Білімді меңгеру коэффициенті мен мазмұнның бес блогы арасындағы байланыстарды меңгеру толықтығын сипаттайтын коэффициентті А.В.Усова әдісі бойынша анықталды. Алынған нәтижелер көрсеткеніндей, анықтау және қалыптастыру кезеңдеріндегі бақылау тобындағы білімдерді меңгеру коэффициенті шамамен бірдей, қалыптастыру кезеңінде эксперименттік топта едәуір ертқан. Оқушылардың бақылау топтарындағы баяндамалары экологиялық проблемалар, олардың себептері мен зардаптары туралы жалпы көзқарастары химиялық білімдерді меңгеруге едәуір оң әсер ете алмаған. Мұның басты себебі, біздің ойымызша химияның экологиялық проблемалардың пайда болуы мен шешуіндегі химияның ролін жеткілікті ашылмауы деп түсінеміз.
Білімді меңгеру коэффициентінің бақылау және эксперименттік топтарындағы қалыптастыру кезеңіндегі және сабақ кезіндегі оқушыларды кезінде өзгеру динамикасы көрсеткеніндей, эксперименттік топтағы оқушылардың қойылған проблемаға деген ынтасы, қызығушылығының күшейгенін, химияны оқуға деген мотивациясының күшейгенін, оқушылардың білімдерді меңгеру тиімділігінің артқанын көреміз.
Оқушылардың экологиялық ойлауының қалыптасуын тексеру үшін. «Мен ... туралы білетінім ... (оттегі, озон, күкірт, күкірт, күкірт (ІV) оксиді, күкірт (VІ) оксиді, күкіртті, күкірт қышқылдары, сульфиттер, сульфаттар, азот, аммиак, азот оксидтері, азотты қышқылдар, азот және фосфор тыңайтқыштары, метан, этан, фтортрихлорметан, дифтордихлорметан) тақырыбында химиялық шығарма жазу ұсынылды. Химиялық шығарманы тексеру нәтижелері 3-кестеде берілген.
Алынған мәліметтерден
көрінетіндей, эксперименттік топтарда
сипаттаудың ғылымилығының
Нысандарды сипаттау кезінде химияның негізгі блоктарының мазмұнын пайдалануы 1-суретте берілді.
(1 – заттар құрылысы жөніндегі блок;
2 – элементтер
мен олардың қосылыстарының
3 – химиялық термодинамика жөніндегі блок;
4 – химиялық кинетика туралы блок;
5 – химиялық экология туралы блок)
3-Кесте. Химиялық шығарманы тексеру нәтижелері
Көрсеткіштер |
Бөлімдер | |||||
V топ р-элементтері |
VI топ р-элементтері |
Көмірсутектер мен олардың туындылары | ||||
Эксп. топ |
Бақылау тобы |
Эксп. топ |
Бақылау тобы |
Эксп. топ |
Бақылау тобы | |
1. Нысанды сипаттау үшін қолданылған блоктардың орташа саны (сипаттаудың ғылымилық көрсеткіші) |
4 |
2 |
3 |
2 |
4 |
3 |
2. Бір жұмыста пайдаланылған
ғылыми терминдердің орташа |
9 |
4 |
8 |
4 |
10 |
6 |
а) |
б) |
в) |
(«V топ р-элементтері» (а), «VІ топ р-элементтері» (б), «көмірсутектер мен олардың туындылары» (в) бөлімдері бойынша)
3-cурет. Химиялық шығармадағы нысандарды сипаттау үшін мазмұнның блоктарын пайдаланған оқушылардың саны, %
3-суретте көрсетілгеніндей,
химия курсының мазмұнын
Эксперименттік зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей, химия курсына экологиялық компонентті қосу химиялық және экологиялық білімдерді жүйелі қарастыру, нысандарды жан-жақты мазмұнның блоктары тұрғысынан қарастыру, экологиялық есептерді шешу, экологиялық бағытталған лабораториялық жұмыстарды орындау оқушыларда қарастырылып отырған мәселеге деген қызығушылығын арттырып, химияны оқуға деген мотивациясын күшейтіп, химиялық білімдер жүйесінің меңгерілу тиімділігін арттырады.
Қорытынды
Қазіргі кезеңде оқушыларды химиялық әзірлеудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы әлемдік тенденциялардың бірі - бұл химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру болып табылады.
Жүргізілген зерттеу ұсынылған гипотезаны дәлелдеп, төмендегідей қорытындыға алып келеді:
1. Химия курсына
экологиялық компонентті
2. Теориялық
экологиялық білімдер, демонстрациялық
тәжірибелер, сандық есептер
3. Оқу пәні
жүйесіне сәйкес құрастырылған
химия курсының
4. Ұсынылып отырған
химиялық және экологиялық
5. Экологиялық
және химиялық білімдерді
6. Сандық есептер
мен экологиялық мазмұндағы
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектер тізімі:
1.Қалекеева М.С., Еспенбетова Ш.О. Орта мектепте экологиялық білім берудің мәселелері. //Хабаршы ҚМУ-2011 ж.
2.Қалекеева М.С., Еспенбетова Ш.О. Студенттердің оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастырудағы химиялық олимпиаданың ролі.//Енбектер жинағы.Әли Мүсілімовтың 70 жылдығына орай Республикалық ғылыми конференция. 2011 ж.
3. Қалекеева М.С. Педагогикалық практикада химик студенттердің экологиядан шығармашылық қабілеттілігін жетілдіру.// Академик Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ-дың 40 жылдық мерейтойына арналған химия және химиялық технология бойынша II халықаралық Қазақстан - Ресейлік конференциясы 28 ақпан – 2 наурыз 2012 ж.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Назаренко,
В.М. Система непрерывного
2. Ерыгин, Д.П. Изучение вопросов экологии и охраны природы в курсе химии средней школы Текст. /Д.П. Ерыгин, В.М. Назаренко. М.: НИИ школ MHO1. РСФСР, 1989.- 141 с., 101-105.
3. Кузнецова, Н.Е. Проблемы химико-экологического образования и пути их решения Текст. /Н.Е. Кузнецова //Проблемы Северо-запада: Экология и образование. Тезисы докл. юбилейной научно-практич. конф. — СПб.: Изд-во РГПУ им. А.И. Герцена, 1999. 156 с., 105-106.
4. Тарасова, О.В. Системный подход к построению экологизированного курса химии Текст. /О.В. Тарасова, Л.Ф. Зюзина, О.С. Зайцев //Химия: методика преподавания в школе. 2002. - № 7. - С. 74-77.
5. Егорова Н.В.
Вопросы экологического
6. Кузьменок
М.Н., Стрельцова Е.А., Кумачев А.И.
Экология на уроках химии /
М.Н. Кузьменок, Е.А.
7. Алексеев, С.В. Экологическое образование в старших классах Текст. /С.В. Алексеев //Концептуальные подходы к развитию муниципальной системы непрерывного экологического образования в Санкт-Петербурге. — СПб.: Крисмас, 1998. С. 84-89.
8. Аутлева, А.Н.
Комплексные самостоятельные
9. Барбье, М.
Введение в химическую
РЕЗЮМЕ
Постоянно увеличивающийся объем новой химической, экологической, производственно-технической информации требуют от школьников усвоения все большего числа теорий, законов, понятий. В то же время многочисленные наблюдения и исследования показывают, что интерес учащихся к изучаемым предметам, в частности к химии, падает. Одним из возможных путей повышения уровня химических знаний является включение в курс химии экологического компонента, содержащего сведения из окружающей учащихся действительности.