Мектеп пәндерін экологияландыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 08:56, реферат

Описание работы

Зерттеу өзектілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, технологиялық және мәдени жаңару жағдайында мектеп оқушыларының берік химиялық және экологиялық білімдерін қалыптастыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту жалпы білім берудің басым мақсаттарының бірі болып табылады. Жаңа химиялық, экологиялық, өндірістік-техникалық ақпараттардың үнемі ұлғайып отырған көлемі оқушылардан көптеген теориялар мен заңдарды, түсініктерді меңгеруін қажет етеді.

Работа содержит 1 файл

экол ру.doc

— 240.00 Кб (Скачать)

Экологиялық білімнің мектеп оқу пәндерінің мазмұнына  өңдеу - бұл білімді экологияландырудың бірінші міндеті, екіншісі - пәндерді оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін  жасау. Пәндерді экологияландыру республикамыздағы жаңа буын оқулықтарында көрініс тапқан. Дегенмен бұл оқулықтардағы экологиялық мәліметтер әр түрлі тақырыптарда және әр түрлі көлемде енгізілген. Бүгінгі таңдағы бар оқу әдістемелік құралдарда, оқу басылымдарында көптеген экологиялық проблемалардың химиялық аспектілерін, оларды қарастырудың жүйесіздігіне орай, қарастырмайды, бұл өз кезегінде химия пәні мұғалімдеріне оқушыларда химия-экологиялық білімдерді қалыптастыру кезінде айтарлықтай қиындық тудырады.

Мектеп химия  курсын экологияландыруды жасау мақсатында оны бес блоктар жүйесі арқылы құру ұсынылады. Ондағы блоктар мазмұнын таңдау мен курсты меңгеруді химия-экологиялық нысандарды жан-жақты қарастыру негізінде ұйымдастыруға негізделген. Химиялық термодинамика, кинетика, зат құрылысы, элементтер мен олардың қосылыстарының  қасиеттері мәселелерін қарастыру экологиялық маңызды нысандар мысалында жүзеге асырылады, ал экологияның химиялық аспектілеріне қатысты материалдарды баяндау кезінде химия мазмұнының төрт блоктарының теориялық қағидалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысында шамамен бірдей ақпараттық сыйымдылық, өзара бірдей байланыс тығыздығы бар. Бөлімдерді көлемі бойынша теңестіру және оларды оқыту блогына айналдыру материалдың дәстүрлі мазмұннан пәнішілік байланыстар арқылы блоктарды байланыстырмайтын материалдарды алып тастау, блоктар арасындағы пәнішілік байланысты көрсететін байланыстырушы материалды енгізу арқылы жүзеге асырылады. 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-сурет  Жүйелі  құрастырылған экологияландырылған  химия курсы

 

  Экологиядандырылған  химия курсында экологиялық білімдерді  проблемалардың мазмұнына, оның  шешілуіне орай, жүйелеуге болады; оларды:

- экологиялық  проблемалардың себептері мен  салдарын көрсететін;

- тірі организмдер  үшін маңызы бар элементтер  мен олардың қосылыстарының мәнін ашатын;

- химиялық өндірістердің  экологиялық қауіпсіз ұйымдастырылуы  туралы;

- ауыл шаруашылығында  қосылыстарды тиімді пайдаланудың  негіздері туралы білімдер түрінде  қарастыру ұсынылады.

  Химия пәнінің  мазмұнына экологиялық компонентті енгізу бірнеше жолдармен жүзеге асырылады:

- материалды  теориялық баяндау кезінде түрлі  химиялық қосылыстардың тірі  организмдер мен адамға әсері  жөніндегі экологиялық білімдерді  қарастыру;

- қоршаған ортада  түрлі қосылыстардың айналуларын  термодинамикалық және кинетикалық сипаттамаларды қарастыру кезінде экологиялық білімдерді қалыптастыру;

- экологиялық  бағытталған лабораториялық практикум  жүргізу мен экологиялық мазмұндағы  есептер шығару.

  Химиялық  білім беру үшін жалпы экологиялық  білімдер мазмұнының проблемасы шешілген жоқ. Өмірдің барлық салаларына химияландыру енген. Химияландырудың зардаптары әлемдік масштабтағы табиғи құбылыстармен бірдей, бұл қоғам мен табиғаттың өзара байланысуы мәселесін қойып отыр. Бұл қатынастарды саналы реттеу оқушылардың санасына дейін жеткізуі тиіс:

- қоғам өмірінің  өнімдері толық утилизациялануы  керек, жинақталмауы және адаммен  қоршаған ортаға зиянды әсерін  көрсетпеуі тиіс;

- қайта қалпына  келетін табиғи шикізаттарды  жылдық тұтыну көлемі оны жылдық  өсімінен аспау қажет;

- қайта қалпына  келмейтін табиғи шикізат үнемді, кешенді пайдаланылуы өңдеу кезінде  қалдық қалдырмауы тиіс;

  Химиялық  білім берудің ғылыми және  практикалық аспектілері осындай  болуы қажет.

  Табиғатқа,  оның құрылымдық элементтеріне  әсер ету өнеркәсіппен, транспортпен, ауыл шаруашылығымен жүзеге асырылады да, мынадай түрлі бағыттарда әсер етеді:

  1. табиғаттағы химиялық заттарды тұтыну;   

2)   адам  қызметінің қалдықтарымен табиғатты  ластау;

3) табиғатта,  әсіресі биосферада табиғи көздерден  немесе адаммен синтезделген жаңа жоғарғы активті химиялық қосылыстардың пайда болуы;

4) бірінші бағыт  бейорганикалық және органикалық  химияның мазмұнында қарастырылған,  онда табиғи қосылыстар химиялық  өнеркәсіптің, т.б. Негізгі химиялық  процестер болып табылатын салаларда шикізат ретінде қарастырылады сонымен қатар  табиғи заттарды тыңайтқыштар мен улы химикаттар ретінде пайдалану мәселелері қарастырылады.

Ластану туралы білімдерді дамыту мен қалыптастыру мақсатында «ластаушылар», «ластану көздері», «табиғи және жасанды ластану», «тазалықтың санитарлық нормалары», «заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы» (ПДК) сияқты түсініктерді енгізу қажет. Ластану көздерін қарастыру керек. Оқушылардың ластану проблемасының шешімі-жаңа техника мен технологияны жасау және жетілдіру, өкімнің шығымын арттыру, өндіріс қалдықтарының түзілуін төмендету, сумен қайта айналмалы қамтамасыз ету, қалдықтарды қайта жарату жүйесін жасау, тұйық технологиялық циклдерге көшу екендігіне көз жетілдіріп отыру сонымен қатар, қорғалатын зоналарды пайдалану сипаттамасы, атмосфераның сауығу процестеріндегі өсімдіктердің мәнін көрсетіліуі тиіс.

Қорғау шаралары туралы білімдерді дамыту өндірістік процестерді оқыту кезінде қазіргі  заманауи өндірістің негізгі экологиялық  принциптерін ашу маңызды болып  табылады.

Қоршаған ортаны қорғау проблемасын оқыту кезінде  мектеп химия курсының маңызды құрамды  бөліктерінің бірі химиялық эксперименттің ролі өте зор. Мектеп химиялық эксперименттің қалдықтарын қайта өңдеу тәсілдерін іздеу қажет және қайта өңдеу  кезеңдерін барлық мектеп тәжірбиелеріне кең құқылы және ажырамас бүтіндей компонент ретінде қосу қажет. Бұл жағдайдағы қайта өңдеу дегеніміз қалдық заттарды жою, оларда залалсыздандыру немесе қайта жарату (оқу процесіне тура немесе жанама қайта пайдалану) деп түсіну қажет.

Қоршаған ортаны қорғау идеясы мектеп химиялық эксперименттерін орындау кезінде барлық  сыныптардағы барлық эксперменттердің түріне енуі қажет. Барлық эксперименттер таза болуы, оны оқушылардың түсінуі маңызды. Мектептегі химия кабинеті оқу орны ретіндегі ғана қарастырылуы дұрыс емес. Бұл орын «әсер ету орны», өзінше бір «химиялық өндіріс», улы қалдықтар шығаратын және оны эксперимент кезінде табиғатты қорғау талаптарын жүзеге асыруға қажет ететін орын деп түсіну қажет.

Осындай етіп қарағанда  барып біз оқушылардың экологиялық сауатты ойлау қабілетін, «экологиялық тазалық рефлексін тудыра аламыз. Қоршаған ортаны қорғау мәселесін қарастыра отырып, оқушыларға химия-экологиялық сұрақтар мен есептер беруге болады.

Оқыту кезінде  оқуға ынталандыру мәні зор. Әсіресе оқушылардың өзінің ішкі мотивациясы маңызды, ол олардың пәнге деген қызығушылығының дамуына әсер етеді. Оқыту процесі мен оқытылатын курс мазмұны оқушыларда қызығушылық тудырып, әлеуметтік және жеке мәні болуы қажет. Бұған жету үшін химиялық және экологиялық білімдерді біртұтас жүйе ретінде қарастыру арқылы, дәрістік және семинар сабақтарында проблемалық әдіс пайдалану, лабораториялық жұмыстар орындау кезінде кезеңдердің реттілік тәртібімен жүргізу және есептерді шешкенде олардың экологиялық жақтарын талдаудан бастап барып шешу қажет.

Химиялық білімдер жүйесінде экологиялық компоненттерді қарастырудың маңызды шарты туындаған  экологиялық проблемаларды шешудің  түрлі жолдарын көрсетуге мүмкіндік  беретін ғылымдар жүйесі негізінде  экологиялық сана, ойлау қалыптастыру. Курстың мазмұнын таңдау және меңгеруді ұйымдастыру жалпы қабылданған ғылымилық, қолжетімділік, жүйелік, систематикалық оқушылардың саналы және творчествалық белсенділіктері, көрнекілік, оқыту мотивациясы, оқытудың өмірмен байланысы принциптеріне негізделуі тиіс. Мектеп жағдайында және жоғарғы оқу орындарында химиялық бағытта экологиялық білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздерін талдауда Ж.Ә.Шоқыбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Ж.Жайлау, Н.Н.Нұрахметов, У.Маканов, Қ.О.Шайхеслямова т.б. еңбектерін атауға болады. Сонымен қатар, С.К.Еримбетова, Г.Н.Мукушова, Р.С.Абекова, АД.Болтаев, Ж.Қ.Қуанышева оқушыларда экологиялық білім беруді қалыптастырудың практикалық-әдістемелік мәселелерімен айналысқан. Мектепте факультативтік сабақтар, сондай-ақ жекелеген тақырыптарда экологиялық білім негіздері кіріктірілген сабақтар, сыныптан және мектептен тыс жағдайда оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстары, экологиялық акцияларды өткізу оң нәтижелерге қол жеткізетін алдыңғы қатарлы ұстаздардың еңбектеріндегі іс-тәжірибелерінен көруге болады.

Жоғары оқу  орындарында экологиялық бейінді  мамандар даярлау, оның негізгі мәселерін  шешу жолдарын көрсету, химиялық пәндерді экологияландырған аспектіде оқытудың әдістемелік тұрғыдан зерделеу, студенттерге экологиялық тәрбие беру жолдары мен ұйымдастыру әдістері көптеген ғылыми еңбектерге түрткі болған. Атап айтқанда, А.Т.Сармурзина химиялық экологиядан бірқатар оқу құралдарын, Т.К.Длимбетова химия ғылымын экологияландыру үрдісінің теориялық–әдістемелік негіздерін, радиоэкологиялық білімдердің дидактикалық жүйесін жасады. Ш.Ш.Хамзина, Қ.О.Шайхисламова, К.Б.Тлебаева болашақ химия мұғалімдерін экологиялық білім беруге даярлау мәселелерімен айналысқан. Жоғарғы оқу орында химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда студенттердің экологиялық білімін қалыптастыру әдістемесінің ерекшеліктерін С.К.Идрисова, Э.Ж.Әлімқұлова, Н.А.Чуйкова, З.С.Даутова зерттеді.

«Мектеп химия курсында экологиялық білім  берудің әдістемелік аспектілері» атты екінші бөлімде химияны оқыту кезінде химия-экологиялық білімдерді қалыптастырудың әдістемелік негіздері көрсетілген, экологиялық компоненті бар химия курсының мазмұнын жүйелі қарастыру негізінде оны қалыптастырудың ұйымдастыру формалары, әдістері мен құралдары негізделген. Химия сабақтарында экологиялық мазмұндағы есептер шығару мен эксперименттік жұмыстарды пайдаланудың әдістемелік ұсынымдары көрсетілген. Мектеп химия курсының бөлімдері бойынша, 5- және 6-шы негізгі топша элементтерінің және олардың қосылыстарын, қаныққан көмірсутектер және олардың туындыларын оқытуға байланысты әдістемелік ұсынымдар берілді.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық  білім мен тәрбие беру тұжырымында  «пәндерді экологияландыру дегеніміз  – дәстүрлі пәндерді оқыту барысында  тақырыптардың мазмұнын қосымша  жаңа экологиялық мәліметтермен байыту» - деп көрсеткен.

    Экология ғылымының негіздерін оқу пәндерінің мазмұнына өңдеу – бұл білімді экологияландырудың бірінші міндеті, екінші – пәндерді оқытудың  тиімді әдістемелік жүйесін жасау.

Химия пәнінің  тақырыптары мен олардағы материалдар бойынша пәнаралық байланыста беруге болатын ғылыми экологиялық ұғымдар, экологиялық білім, оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану негізге алынған оқу құралдарының мазмұны, оқутудың формалары, мұғалімнің оқытудағы іс-әркетімен тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде олар теориялық біліммен қатар адамгершілік, инабаттылық тәрбиесін жоғары деңгейде көтеру мақсаты жүзеге асады.

    Химия пәнінен экологиялық білім беру пәнаралық байланысты тудыра отырып, керекті қосымша әдебиеттер және күнделікті ақпарат құралдарынан алынатын мағлұматтар мен ғылыми-экологиялық матералдар жүйесі дайындалуы тиіс. Ал оқулықтан және жинақталған оқу материалдарынан оның тиімді тұстарын  анықтап, таңдап алуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

    Химияны пәнаралық байланыста оқыту үдерісіне мына міндеттер іс жүзіне асырылады:

           1. химияның жаратылыстану  пәндерімен  байланысын үздіксіз қолдана  отырып, экологиялық білім алуда,  зертханалық, сарамандық жұмыстарға  шығармашылық деңгейде көңіл  бөлу;

2. зертханада, өндірісте,  қоршаған ортада, табиғатта, және  күнделікті тіршілікте байқалатын  сандық, сапалық өзгерістерді бақылауда  өзінің білімін қолдана білу  және сол арқылы экологиялық  проблемалардың мәнін түсіну;

3. пән бойынша  алған білім жүйесін басқа пәндерден алынған білім қорымен байланыстырып, табиғат туралы материалистік көзқарас қалыптастыру;

4. ағзалармен, табиғи  заттармен оларды зерттеп-танып  білуге қажетті көрнекі және  техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс  жасай білудің білімнің біліктері  мен дағдыларын қалыптастыру:

5. экологиялық  білім, білік, дағдыны оқу үрдісінде,  өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте  жүзеге асыра білуге үйрету;

6. тұлғаның экологиялық  білім, білік қалыптастырудағы  шығармашылық дербестігін қалыптастыру, табандылығын тәрбиелеу;

7. тұлғаның пәнге көзқарасын, икемі мен құштарлығын пәнаралық негізінде экологиялық білім бере отырып дамытп, болашақ мамандықтарына бағдар беру.

Мектеп химия  курсын экологияландырып оқытуда жүйелілік  келісті  пайдалану ұсынылады.

   Жүйелі келіс – затты жүйе ретінде қарастыратын және логикалық зерттеу кезіндегі бағардаламаға сәйкес жасайтын қазіргі ғылымдағы негізгі методологиялық бағыт-бағдар. Мұнда негізгі принцип кез келген заттың тұтастығын меңгеру, басқалармен өзара әрекеттесу болып табылады.

   Осы келіс (Зайцев О.С., Решетова З.А., Томилин О.Б., Сергеева Т.А., Кузьмина М.Г.) жоғарғы оқу орындарында химия пәнін оқытуда сәтті қолданылады және (Бессонова И.А. Зорина Л.Я., Тыльдсепп А.А) мектепте оқытуда,сонымен қатар Мулдагалиева химия-экологиялық арнайы курсты қалыптастыруда қолданды.

   Оқытылып жатқан пәнге оқушының тұтас көзқарастарының жоқтығынан білім элементтернің арасындағы өзара қатынасып сонымен қатар әдістемелік жұмыстың мәселерінің жеткіліксіздігі химия-экологиялық білімінің жүйәсін қалыптастыруды қиындатып отыр.

Ғылыми, оқу-әдістемелік  және психолого-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде орыс әдіскерлері  О.С.Зайцев, Л.Ю.Зюзина, О.В.Тарасовалар  ұсынған химия-экологиялық білім  жүйесін қалыптастырудың әдістемелік  моделі ең тартымды модель болып есептеледі (1-сызбанұсқа). Химиялық және экологиялық білімдерді жүйелі қарастыратын мақсатты, мазмұндық, іс-әрекеттік, диагностика-нәтижелік компоненттерден тұрады.

Информация о работе Мектеп пәндерін экологияландыру