Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:39, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы зейнетақы қоры туралы болып табылады. Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, қазіргі кезде зейнетақы сұрақтары және сол сияқты мәселелер көп қозғалып келеді. Негізінен зейнетақы қорлардың өкілдері бұл мәселені шешу жолы ретінде келесідей ұсыныс берген – зейнетақы активтерін өндіріске, бизнеске, рейтингі жоғары емес компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсауына мемлекет тарапынан рұқсат сұрап отыр. Барлық мемлекеттердің негізгі туындайтын мәселесі осы зейнетақы жүргізу бағыттарына байланысты болып келеді. Бір жағынан, өз азаматтарын әлеуметтік қорғау үкіметтің міндеті болып табылады. Екінші жағынан, нарықтық экономика үлгісін қабылдаған мемлекеттің шығыстары барынша үнемді пайдалануы қажет, ал мемлекеттік шығыстарды ақшаны эмиссиялау арқылы қаржыландыру экономиканың тұрақсыздығына әкелетінін түсінеміз. Әрине, зейнетақы жүйесінің шешілмеген жақтары да бар. Біздің мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік, өндірістік жағдайды ескере отырып, зейнетақы жүйесінің қосымша жаңа бағыттарын таңдауға ұмтылуы қажет.
Қазіргі таңда зейнетақы 25 пайызға, ал келесі жылда 30 пайызға өсіретінін білеміз. Және де осы зейнетақы жасына жетпей, әсіресе ер адамдар уақытынан бұрын көз жұмып зейнетақы жасына жетпейтіні анық. Менім ойымша, сондықтан ер адамның зейнетке шығу жасын кеміту керек. Зейнеткерлерге ешқандай жеңілдіктер берілмей жатыр, көп балалы аналарға да, тіпті электр қуатына, газ және су арнасын төлеуге жеңілдіктер берілмей жатыр. Осы тақырыпты қозғау мен үшін өте тиімді және маңызды мәселе деп есептеймін. Жазғалы отырған курстық жұмысымда зейнетақы қоры, зейнетақы нарығы туралы және басқа елдерде қандай зейнетақы сұрақтарын шешу мәселесін зерттейтінін және қандай зейнетақы жүйелеріне тоқталатынын ашып жаздым.
Кіріспе...........................................................................................................3
1-тарау. Зейнетақы қорларының есебі
1.1. Зейнетақы қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы түсінік.........................
1.2. Қазақстан Республикасында зейнетақы қорыларының
құрылу және қызмет ету тәртібі...........................................
2-тарау. Зенетақы нарығы
2.1.Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы..........
2.2. Қазақстан зейнатақы нарығының құрылымы..............................
2.3 Қазақстан зейнетақы нарығының ағымдағы жағдайы.............
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары..........................................
Қорытынды.................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................
1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық артықшылықты зейнетақы жойылып, зейнетакыға шығудың талаптары бірдей болды. Зейнетақымен қамтамасыз етудің ынтымақтастық жүйесі кезінде экономика секторларының барлық субъектілері мемлекеттің зейнетақы қорына еңбекақы қорынан (ЕҚ) 25% төлеп отырды. Бұл 25% екі ағымға бөлінді: оның біріншісі 15% мөлшерінде мемлекеттік зейнетақы қорына зейнетақы жарнасы ретінде түсе бастады. Қазіргі уакытта мемлекеттік зейнетақы қоры зейнетакы төлеу бойынша мемлекеттік орталыкқа (ЗТМО) айналып, мүмкіндіктері артты. ЗТМО осы 15%-дан 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі зейнетақы алушыларға ағымдағы зейнетақысын төледі және алдағы кезеңнің зейнеткерлеріне 1998 жылдың 1 каңтарына дейін зейнетақыға шыққан азаматтардың енбек өтілінің жылдар мөлшеріне пропорционалды мөлшерде төлене бастады. 10% мөлшеріндегі екінші ағым салымшының өз қалауы бойынша бекіткен зейнетақы келісімшартына сәйкес мемлекеттік немесе мемлекеттік емес зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарнасы ретінде түсе бастады. Мұнда салымшы жылына екі мәрте зейнетақы қорын себебін түсіндірмей ауыстыруға құқылы. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жабық акционерлік қоғамдар түрінде құрылады.
2.2. Қазақстан зейнетақы нарыгының құрылымы
Қолданыстағы зейнетақы жүйесі кемшіліктері болғанына қарамастан республикада жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын компанияларды, кастодиан-банктерін, бағалы қағаздар бойынша брокерлік компанияларды, екінші деңгейлі депозиттік банктерді, қор биржасын, орталық депозитарийді, мемлекеттік реттеуші органдарды қамтитын қатысушылардың айтарлықтай үйлесімді институционалдық құрылымы құрылды.
Айтылып өткендей, Қазакстанда Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық (ЗТМО) құрылды. ЗТМО-дан зейнетақы алудың кұқығына мына санаттағы азаматтар ие болады:
әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының, ҚР Әділет министрлігінің қылмыстық атқару комитетінің қаржылық полиция органдарының қызметкерлері және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақыны алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін ҚР заңымен белгіленген ережеге сай әскери атағы бар мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері;
ЗТМО мемлекеттік кәсіпорын формасында құрылды. Бұл органның негізгі функцияларына мыналар жатады:
Республикада ЗТМО-дан өзге мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары бар. ЖЗҚ халықтың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын тартады, әрі бұл ресурстарды осы арада атаулы ие ретінде алға шығатын кастодиан-банктің шотына аударады. Зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым басқарады (ЗАИБЖҮ) немесе тиісті лицензиясы болса, зейнетақы қорлары дербес басқарады. ЗАИБЖҮ кастодиан-банктің шотына зейнетақы жарнасы түскен күннен бастап 3 күннің ішінде бүл қаражатты тиісті бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорларыны
Келешекте әрбір қатысушының өкілеттілігі мен міндеттерін қатаң шектеу зейнетақы жүйесіне оның сенімді жұмыс істеуін және жинақталған зейнетақының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында енгізілетін негізгі қағидалардың бірі болмақ. Сондай-ақ зейнетақы қорлары мен өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялар арасындағы өзара әрекеттің механизмі де қарастырылуда. Зейнетақыны жүзеге асыру бойынша зейнетақы қорының сызбасы мен өмірді ақырғы мерзіміне дейін сақтандырудың жинақтау-қайтару сызбасы мәні жағынан бір-біріне ұқсас. Өмірді сақтандыру жөніндегі сақтандырушы компаниялардың одан ары дамуы мен қалыптасуы және оны зейнетақы реформасына қосу зейнеткерлердің төлемі болып табылатын зейнетақының сенімділігін қамтамасыз ету бойынша проблемаларды шешудің бір нұсқасына айналуы мүмкін. Әрі ол зейнетақымен қамтамасыз етудің қолданыстағы институционалдық құрылымына және Қазақстандағы инвестициялық саясаттың шешілуіне қосымша орнықтылық пен сенімділік дарытады.
Зейнетақыны жинақтаудың жаңа жүйесі 1998 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істесе де, тек ақпан айында ғана зейнетақы жүйесінің барлық буындарының әкімшілігі (администраторы) толықтай құрылып, анықталды. 2004 жылдың 1 қаңарына дейін зейнетақы жарналарын тарту және зейнет-ақымен қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыруға берілетін лицензияға Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) мен 15 Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ) ие болды. Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының біреуі корпорациялық болып табылады. «Акционерлік қоғамдар туралы» жаңа Заңға сәйкес барлық зейнетақы коры алушының жұмыс орны мен мекен-жайына қарамастан салымшылардан зейнетақы жарнасын қабылдауды жүзеге асыра алады, яғни АҚ-ның ашық және жабық боп бұдан былай бөлінбейтіндігіне байланысты ЖЗҚ ашық және корпорациялық жинақтаушы зейнетақы қорлары деп бөлінбейтін болды.
2.3.Қазақстан зейнетақы нарығының ағымдагы жағдайы
Бүгінгі таңда Қазакстанньщ зейнетақы нарығы — елдің әлеуметтік-экономикалык жүйесінде ен серпінді дамып келе жагқан нарық. Одардьщ жүмыс істегендеріне 7 жылдан асты. Осы уақыт аралығында көптеген шешілуі тиіс, шиеленіскен проблемалардың ел экономикасының жағдайына бейімделуі бойынша шешілмеген және даулы мәселелердің пайда болғанын айта кету керек. Осылардың ішінде зейнеткерлердің еңбек еткен жылдарынан кейін қалыпты өмір сүруіне жинаған қаражаттарының аздық ететінін, яғни жетіспеушілігін, гендерлік проблеманың шешімін таппағандығын (әр түрлі өмір ұзақтығы, еңбекақыдағы теңсіздік, осыған байланысты ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшерінде орын алатын теңсіздік), өндірістік жарақат проблемасын және т.б. айтуға болады. Мемлекет зейнетақымен қамсыздандырудың механизмдерін жетілдіру жолында түрлі шараларды қарастырып жатыр. Мәселен, 2004 жылдан бастап зейнетақыға жинақталған қаражаты жеткілікті адамдардың 55 жасында зейнетақыға шығуына құқық беретін зейнетақы аннуитеті ұғымы енгізілді. Бүгінгі таңда мұндай әр түрлі зейнетақымен қамсыздандырумен «Валют-Транзит Life» АҚ өмірді сақтандыру компаниясы айналысады.
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы активтеріне келсек, қорлар 1998-2003 жылдар аралығында міндетті және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен жалпы сомасы 21604 млн теңгені құрайтын зейнетақы төлемдерін жүзеге асырған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6177 млн теңгеге (40%) өскен. 2000 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда таза зейнетақы активтерінің жиынтық мөлшері ЖІӨ-нің 4,3%-ын құрап, 112,65 млрд теңгеге теңесті. 2001 жылдың шілде айының ортасында ЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінің мөлшері 1 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл деңгейге қол жеткізу үшін зейнетақы жинақтау жүйесіне 3,5 жыл қажет болды. 10 айдың қорытындысы бойынша 2001 жылы зейнетақы активтерінің жиынтығы 46%-ға жетті (774,8 млн АҚІІІ долларынан 1133,7 млн АҚШ долларына дейін). 2001 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша таза зейнетақы активтерінің жиынтығы 168,135 млрд теңгені құрады, оның ішінде инвестициялық табыстың жиынтығы - 43,8 млрд теңге.
2004 жылдың қаңтар-ақпан айларында зейнетақы нарығында айтарлықтай өзгерістер болмады. 2004 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша республикада 16 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеген. Міндетті зейнетақы жарнасы бойынша салымшылары ең көп қорларға мыналар жатады: «МЖЗҚ» ЖАҚ — 37%, «Қазақстан Халық банкі» — 17% және «ҮларҮміт» — 15%. Жалпы салымшылардың санына шаққанда олардың үлесі 69%-ды құрайды.
2004 жыддың 1 наурызында ЖЗҚ-ның жинақталған зейнетақысы 378860,4 млн теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғандағы зейнетақының жинақталу қарқыны мына кестеде сипатталады
ЖЗҚ-ның зейнетақы қорлаяымы
Күні |
Зейнетакы жинақтарының сомасы, млк теңгемен |
Өсімі, млн тңгемен |
Зейнетақы жинақтарының өсу қарқыны. %-бен алғанда |
01.03.2002 |
193879,5 |
||
01.03.2003 |
281104,4 |
87224.9 |
45 |
01.03.2004 |
378860,4 |
97756,0 |
35 |
Бұл кестеден байқағанымыздай, 2002-2004 жылдарына арналған ҚБҚН-ның мәліметі бойынша зейнетақы қорланымының өсу қарқыны негізінен таза инвестициялық табыстың өсу қарқынының есебінен 10 тармаққа кеміген. Салымшылардың дербес зейнетақы шотына бөлінген бұл сома ақпан айында 2460 млн теңгеге артты, ал 2004 жылдың 1 наурызында 97984 млн теңгені құрады.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда таза инвестициялық табыстың өсу қарқыны мына кестеде көрсетілген.
ЖЗҚ-ны таза инвестициялық табысы
Күні |
Таза инвестициялық табыстың сомасы, млн теңгемен |
Өсімі, млн теңгемен |
Өсу қарқыны |
Зейнетақы жинақтарындағы таза инвестициялық табыстың үлесі, %-бен алғанда |
01.03.2002 |
53471 |
18365 |
52 |
28 |
01.03.2003 |
78902 |
25431 |
48 |
28 |
01.03.2004 |
97984 |
19082 |
24 |
26 |
Осы кестеден байқағанымыздай, инвестициялық табыстың өсу қарқыны кеміген. ЖЗҚ-ның ішіңде зейнетақы корланымының ең көп сомасына мына қорлар ие: «Қазақстан Халық банкі»
— 91766 млн теңге, «МЖЗҚ» — 91747 млн теңге, «Үлар Үміт»
- 65564 млн теңге, «АБН АМРО Каспий Мұнай Газ» - 26943
млн теңге. Бұл 4 қордың барлық шоғырланған
жалпы зейнетақы
сомасының 72%-ына ие екенін
айта кету керек.
1.03.2004 жылдағы жағдай
бойынша зейнетақы
Атауы |
Зейнетақы активтері, млн теңгемен |
Зейнетақы активтері, %- бен |
АBN АМRО Аssеt: Маnagement |
30516 |
8.05 |
«КНПФ Филиші Морис Казахстан»АҚ Капитал ЖЗҚ АҚ |
849 2744 |
0.22 0,72 |
«КаспийМұнайГаз ЖЗҚ» АМРО АБН АҚ |
26924 |
7.10 |
Жетісу |
65647 |
17,32 |
«ҰларҮміт ЖЗҚ» АҚ |
65647 |
17,32 |
Ақ ниет |
0 |
0 |
ВТА Asset Management |
32845 |
8.67 |
«Қазақстан ХЗЖҚ» АҚ |
10891 |
2,87 |
«НАНПФ Құрмет» АҚ |
15766 |
4,16 |
«ОНПФ Отан» АҚ |
6189 |
1,63 |
Актив-инвест |
14409 |
3,80 |
«ХЗҚ Валют-Транзит Фонд» АҚ |
14409 |
3.80 |
Bestinvest |
42797 |
11,29 |
«Сенім ЖЗҚ' АҚ |
16721 |
4,41 |
"Қорғау ЖЗҚ» АҚ |
5628 |
1.49 |
«Қазақмыс ЖЗК,» АҚ |
10864 |
2.87 |
"АННПФ Нефтегаздем» АҚ |
9585 |
2,53 |
Нұртраст |
9197 |
2,43 |
«Халықтық зейнетақы қоры» АҚ |
8165 |
2,15 |
«Қонаев атындағы ХЖЗҚ» АҚ |
1033 |
0,27 |
«Қазақстан Халықтық банкінің ЖЗҚ" АҚ |
91724 |
24,21 |
МЖЗҚ |
91807 |
24,23 |
Барлығы |
378942 |
100,0 |