Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:39, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы зейнетақы қоры туралы болып табылады. Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, қазіргі кезде зейнетақы сұрақтары және сол сияқты мәселелер көп қозғалып келеді. Негізінен зейнетақы қорлардың өкілдері бұл мәселені шешу жолы ретінде келесідей ұсыныс берген – зейнетақы активтерін өндіріске, бизнеске, рейтингі жоғары емес компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсауына мемлекет тарапынан рұқсат сұрап отыр. Барлық мемлекеттердің негізгі туындайтын мәселесі осы зейнетақы жүргізу бағыттарына байланысты болып келеді. Бір жағынан, өз азаматтарын әлеуметтік қорғау үкіметтің міндеті болып табылады. Екінші жағынан, нарықтық экономика үлгісін қабылдаған мемлекеттің шығыстары барынша үнемді пайдалануы қажет, ал мемлекеттік шығыстарды ақшаны эмиссиялау арқылы қаржыландыру экономиканың тұрақсыздығына әкелетінін түсінеміз. Әрине, зейнетақы жүйесінің шешілмеген жақтары да бар. Біздің мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік, өндірістік жағдайды ескере отырып, зейнетақы жүйесінің қосымша жаңа бағыттарын таңдауға ұмтылуы қажет.
Қазіргі таңда зейнетақы 25 пайызға, ал келесі жылда 30 пайызға өсіретінін білеміз. Және де осы зейнетақы жасына жетпей, әсіресе ер адамдар уақытынан бұрын көз жұмып зейнетақы жасына жетпейтіні анық. Менім ойымша, сондықтан ер адамның зейнетке шығу жасын кеміту керек. Зейнеткерлерге ешқандай жеңілдіктер берілмей жатыр, көп балалы аналарға да, тіпті электр қуатына, газ және су арнасын төлеуге жеңілдіктер берілмей жатыр. Осы тақырыпты қозғау мен үшін өте тиімді және маңызды мәселе деп есептеймін. Жазғалы отырған курстық жұмысымда зейнетақы қоры, зейнетақы нарығы туралы және басқа елдерде қандай зейнетақы сұрақтарын шешу мәселесін зерттейтінін және қандай зейнетақы жүйелеріне тоқталатынын ашып жаздым.
Кіріспе...........................................................................................................3
1-тарау. Зейнетақы қорларының есебі
1.1. Зейнетақы қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы түсінік.........................
1.2. Қазақстан Республикасында зейнетақы қорыларының
құрылу және қызмет ету тәртібі...........................................
2-тарау. Зенетақы нарығы
2.1.Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы..........
2.2. Қазақстан зейнатақы нарығының құрылымы..............................
2.3 Қазақстан зейнетақы нарығының ағымдағы жағдайы.............
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары..........................................
Қорытынды.................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................