Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 16:39, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы зейнетақы қоры туралы болып табылады. Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, қазіргі кезде зейнетақы сұрақтары және сол сияқты мәселелер көп қозғалып келеді. Негізінен зейнетақы қорлардың өкілдері бұл мәселені шешу жолы ретінде келесідей ұсыныс берген – зейнетақы активтерін өндіріске, бизнеске, рейтингі жоғары емес компаниялардың бағалы қағаздарына жұмсауына мемлекет тарапынан рұқсат сұрап отыр. Барлық мемлекеттердің негізгі туындайтын мәселесі осы зейнетақы жүргізу бағыттарына байланысты болып келеді. Бір жағынан, өз азаматтарын әлеуметтік қорғау үкіметтің міндеті болып табылады. Екінші жағынан, нарықтық экономика үлгісін қабылдаған мемлекеттің шығыстары барынша үнемді пайдалануы қажет, ал мемлекеттік шығыстарды ақшаны эмиссиялау арқылы қаржыландыру экономиканың тұрақсыздығына әкелетінін түсінеміз. Әрине, зейнетақы жүйесінің шешілмеген жақтары да бар. Біздің мемлекетіміздің экономикалық, әлеуметтік, өндірістік жағдайды ескере отырып, зейнетақы жүйесінің қосымша жаңа бағыттарын таңдауға ұмтылуы қажет.
Қазіргі таңда зейнетақы 25 пайызға, ал келесі жылда 30 пайызға өсіретінін білеміз. Және де осы зейнетақы жасына жетпей, әсіресе ер адамдар уақытынан бұрын көз жұмып зейнетақы жасына жетпейтіні анық. Менім ойымша, сондықтан ер адамның зейнетке шығу жасын кеміту керек. Зейнеткерлерге ешқандай жеңілдіктер берілмей жатыр, көп балалы аналарға да, тіпті электр қуатына, газ және су арнасын төлеуге жеңілдіктер берілмей жатыр. Осы тақырыпты қозғау мен үшін өте тиімді және маңызды мәселе деп есептеймін. Жазғалы отырған курстық жұмысымда зейнетақы қоры, зейнетақы нарығы туралы және басқа елдерде қандай зейнетақы сұрақтарын шешу мәселесін зерттейтінін және қандай зейнетақы жүйелеріне тоқталатынын ашып жаздым.
Кіріспе...........................................................................................................3
1-тарау. Зейнетақы қорларының есебі
1.1. Зейнетақы қорлары мен ЗАИБЖҰ туралы түсінік.........................
1.2. Қазақстан Республикасында зейнетақы қорыларының
құрылу және қызмет ету тәртібі...........................................
2-тарау. Зенетақы нарығы
2.1.Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы..........
2.2. Қазақстан зейнатақы нарығының құрылымы..............................
2.3 Қазақстан зейнетақы нарығының ағымдағы жағдайы.............
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары..........................................
Қорытынды.................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................................
-зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуге;
-зейнетақы жинағы мен төлемдердің есебін
дербес
жүргізуге;
-салымшы мен
зейнеткерге (алушыға) оның зейнетақы
жинағының жағдайы туралы ақпаратты
жылына бip мәрте
және олардың сұрау салуы
бойынша беруге;
-алушының зейнетақы жинағының жағдайы туралы ақпараттың құпия болуын қамтамасыз етуге;
-зейнетақы
заңдары мен зейнетақы
қарастырылған шарттардың
бұрмалануына жауап береді;
-алушының өтініші бойынша
оның зейнетақы жинағын
бip қордан екіншісіне аударуға;
-бір, үш, бес,
он күнтізбелік жылдарында стан
уақыт кезеңі ішіндегі өз қызметі туралы
статистикалық
және басқа да ақпараттарды
жариялауға, бұл арада жинақ-
таушы зейнетақы қорындағы
салым ақша бойынша
табыстың уәдесін немесе кепілдігін қамтамасыз
ететін
ақпарат жарияланбайды;
-зейнетақы
келісімшартына отырған
бірдей жағдай жасауға;
-ҚР заңдарына сәйкес
өзге де міндеттерді орындауға.
Қазақстандағы жинақтаушы
зейнетақы қорларына өзінің негізгі қызметімен қатар
басқа қызмет түрлерін қоса атқаруға тыйым
салынған.
Тыйым салынған қызмет түрлері:
-өндіріс;
-бағалы қағаздарды
және басқа да қаржылық
қоспағанда жылжитын және
жылжымайтын мүліктің
сауда-саттығы;
-сақтандыру;
-зейнетақы активтерін кепілзат салу;
-акциядан
басқа бағалы қағаздарды
-қордың «алтын акциясын» шығару.
Олар жыл сайын аудит өткізіп тұруға және зейнетақы резерв мөлшерінің ағымдағы міндеттеме құнына сәйкестігін анықтауға заң тұрғысынан міндетті. Мұндай міндеттеме барлық қорларға жайсыз тиюі мүмкін. Өйткені бұл нақты ұйымдастырушылық және материалдық шығындарды қажет етеді. Алайда бұл зейнетақы жинақтаушы қорлары мемлекеттік емес зейнетақыны да төлейтін болғандықтан аса өзекті болып табылады.
Билікті актуарийдің жұмысы қордың сенімділігін арттырады, ceбeбi ол қабылданған міндеттеменің сипатын, демографиялық сипаттаманы, инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін қоса ескере отырып, оның жұмысының нәтижелері мен келешегін нақты бағалауға, сонымен бipгe тапшылықтың болу мүмкіндігін ескертіп, қажетті шараларды уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Мынаны айта
кету керек: «Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы»
Заң зейнетақы активтері
Нарық жағдайында жинақтаушы зейнетақы қорлары мен қаржы нарығының басқа субъектілерінің арасында тиісті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруда, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде, баламалы заңдары және бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарын сақтауда динамикалық өзара әрекет белгіленеді. Халықтың ұзақ мерзімді жинақ ақшасын білдіретін зейнетақы жинағы қаржы нарығының дамуына өз әсерін тигізетін негізгі фактордың біpi ретінде қызмет етеді. Екінші жағынан, мемлекеттік және корпорациялық бағалы қағаздар нарығы осы зейнетақы жинағын инвестициялайтын негізгі сала болып табылады, әрі салым ақшасын салыстырмалы түрде ұзақ мерзімге және белгілі бip мөлшерде салу шартымен қарттықты қамсыздандыратын жеткілікті табыспен қамтамасыз етеді.
ЖЗҚ кайта құрылатын жағдайда бұл туралы өтініш ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне жіберіледі. Оған мынадай құжаттар тіркелуі керек:
-жинақтаушы зейнетақы қорын
қайта құру жөніндегі
акционерлердің жалпы жиналыста қабылдаған
шешімі;
-жинақтаушы зейнетақы қорын
шарттары, формалары, тәртібі және мерзімі
көрсетілген құжат;
-оны қайта құрудан кейінгі
зейнетақы жинақтаушы қорының есеп айырысу
балансын және осы қайта ұйым-
дастырудың нәтижесінде жұмыс істейтін
заңды тұлға-
ларды қоса алғанда қайта құру салдарының
қаржылық
болжауы.
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру жөніндегі өтініш ұсынған күннен бастап бip айдың ішінде қарастырылуы керек. Қайта құрылатын қор қайта құруға рұксат алған күннен бастап екі аптаның ішінде өзнің барлық салымшыларына алда болатын өзгерістер туралы жазбаша хабарлауы керек және бұқаралық ақпарат құралдарына тиісті хабарландыруды жариялауы қажет.
ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі ұйғарылған қайта құрудың нәтижесінде салымшылар мен алушыларға қатысты монополияға қарсы заң талаптарының бұрмалануы, жалпы акционерлер жиналысының тиісті шешімінің болмауы негізінде зейнетақы жинақтайтын қордың қайта құрылуына рұқсат бepмeyi мүмкін.
ЖЗҚ epіктi түрде және мәжбүрлеп таратылуы мүмкін. Мәжбүрлеп тарату мынадай жағдайларда орын алады:
-Агенттіктің рұқсаты болған
жағдайда жалпы акционерлер
жиналысынын шешімі бойынша;
-ҚР заң актілерінде қарастырылған жағдайдағы сот шешімі бойынша.
ЖЗҚ-ны eрікті түрде тарату жөніндегі өтініш ұсынылған күннен бастап бip айдың ішінде қарастырылады. Таратылған қор бұл турасында (өзінің таратылғандығы жайлы) салымшылары мен алушыларына он күннің ішінде хабарлауға міндетті. Сонғылары (салымшылар мен алушылар) таратушы комиссия белгілеген мерзімде басқа қорды өз қалауынша таңдай алады.
Жинактаушы зейнетақы қорлары өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құруы мүмкін. Бүгінгі таңда республикада 150-ден аса филиалдар мен өкілдіктер жұмыс істейді. Мәселен, «Қазақмыс» ЖЗҚ мен «Филипп Морис Қазақстан» ЖЗҚ, сондай-ақ салыстырмалы түрде жас әрі шағын «Капитал» ЖЗҚ, Қонаев атындағы МЕЖЗҚ-ны айтуға болады. Осылардың ішінде «Валют-Транзит қорының» 34 филиалы мен өкілдігі бар. Олардың көпшілігі республикалық маңызы жоғары қалалар мен облыс орталықтарында орналасқан.
Қазақстандағы осы зейнетақы қорларының географиялық бөлінуіне келсек, олардың пропорционалды түрде орналасқанын айта кету керек. 16 ЖЗҚ-ның 12-сі Алматы қаласында. 2004 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл қорларға шамамен 300 млрд теңге зейнетақы активтері шоғырланған. Бұл көрсеткіш нарықтың 91%-ынан көбін құрайды. Алайда зейнетақы жинағының барлық сомасын тек алматылықтар құрап отыр деп түсінуге болмайды: Қазақстанның барлық аймақтары мен қалаларының түрғындары да осы аталмыш ЖЗҚ салымшыларының қатарына кіреді, Қарағанды қаласы мен облысында «Валют-Транзит қоры» ЖЗҚ, Ақтөбе қаласында «НефтеГазДем» ЖЗҚ, ал Алматы облысында — «Филипп Морис Қазақстан» ЖЗҚ-сы бар.
Алматы қаласына зейнетақы қорларының мұншама көп шоғырлануын оның елдегі бірден-бір қаржы орталығынын болуымен ғана байланыстырып түсіндіру жеткіліксіз — бүкіл техникалық инфрақұрылымды (орталық депозитарий, қор биржасы), ЖЗҚ-ға қызмет көрсететін қаржы нарығының көптеген субъектілерін (кастодиандар, брокерлік компаниялар және т.б.) тек осы мегогюлистен ғана табуға болады. Мұндай ахуал Алматы қаласының келешекте халықаралық аймақтық қаржы орталығына айналатынына кепілдік береді.
2 тарау. Зейнетақы нарығы.
2.1. Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты обьективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі өткір сезілді. Оны жүргізудің негізгі қағидасына мыналар кіреді: ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасымен зейнетақыны дербес жинақтау қағидасына өту және 1980 жылдардың басында басталған чилийлік ең озық үлгінің негізінде мемлекеттік зейнетақы жүйесінен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу.
Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымында ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды.
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дағдарысқа ұшыратқан негізгі себептер мыналар:
7. Басқарудың екі жақты әкімшілік құрылымына
өкілетін
жергілікті жерлердегі үкіметтің орталықсыздандырылуы
бір жағынан аймақтық деңгейдегі операциялар
министрліктің бөлімшелерімен жүзеге
асырылады, екінші жағынан — барлық аймақтық
ұйымдар әкімдерге бағынады.
8. Зейнеткерлерге уақтылы төленбеген зейнетақы төлемдері оңдаған миллиард теңгеге жетті.
Зейнетақы реформасын жүзеге асырудың нәтижесінде зейнетақыға кететін шығындардың үлес салмағы кеміп, әлеуметтік сақтандыру бюджетінде қаржылық ресурстардың жинақталуын қамтамасыз ететін табыс өсті.
Бұл ресурстарды мемлекеттік тұрғыдан қор жинақталуын зейнетақы сызбаларын нақты әрекетке енгізу үшін пайдалануға болады. Зейнетақы шығындарының үлес салмағының кемуіне нақты зейнетақы жасын ұзарту, сондай-ақ әлеуметтік сақтандырылған тұлғалардын үлес салмағын арттыру өз әсерін тигізуі керек. Бұл арада зейнетақы реформасы әлеуметтік сақтанды-рудын жүйесіне белсенді қосылуға, өз табыстарын толық ашып көрсетуге және өзінің еңбек ететін жылдарын ұзартуға халықты ынталандыруы қажет.
Оның жүзеге
асырылуы мемлекеттің макроэкономикалық
Бұл себептер мемлекеттің зейнетақы жүйесін реформалауға әкеп соқтырады. Онда халықаралық ұйымдардың сарапшылары мынадай қағидаларды, атап айтқанда табанды, тұрақты болуды, ең аз шамадағы әкімшілік құнмен әрекет етуді және т.б. ұсынды. Ал зейнетақы бәріне бірдей әділ төленуі керек. Бұл арада зейнетақы реформасын жүзеге асыруда Қазақстан азаматтарының санасын өзгертудің маңызы зор.
Жаңа реформаға сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды: ерлер — 63 жас, әйелдер — 58 жас. Зейнетақы жасының ұзартылуы бір мезгілде емес, біртіндеп жүзеге асырылады:
1998 жылдың 1 каңтарынан бастап, ерлер — 61 жасында, әйелдер — 55 жасында;