Орталық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 18:53, курсовая работа

Описание работы

Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.
Шет ел экономисттерінің пікірінше : «Банк – басқа іскерлік ұйымдар сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді.»(№6)

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

1 ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ.................................................................................................4

1.1 Орталық банктің мәні мен мақсаты.................................................................4
1.2 Батыс елдеріндегі Орталық банктердің функциялары...............................5

2 БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ .........................................8

2.1 Орталық банктердің ақша-несиелік саясатының әдістері ...........................8
2.2 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері ...........................17

3 БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ .........................................20

3.1 АҚШ-тың банктік жүйесі және Орталық банкі ..........................................20
3.2 Германияның банк жүйесі және Орталық Банкі Бундесбанк ...................25


ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................................32

Работа содержит 1 файл

айдана курсавой.docx

— 68.78 Кб (Скачать)

Нарықтық  экономика iштей тұрақсыз өзгермелi жүйе болып табылады, мемлекеттiк реттеуге онда негiзгi рөл берiлген. Реттеушiлер  қатарында мемлекеттiң монетарлық саясаты маңызды орын алады; ақша ұсынысындағы өзгерiс инвестициялық сұраныстың өзгеруiне әкелiп соқтырған пайыздық мөлшерлеме деңгейiнiң өзгеруiнiң себепкерi болып табылады, ал мультикативтiк әсер арқылы атаулы жалпы ұлттық өнiм (ЖҰӨ) өзгередi.

Кейнсиандық теорияның негiзгi теориялық теңдеуi мынадай:

ЖҰӨ=С+1+G+NX (3)

мұнда:

С- халықтың тұтыну шығындары;

1- инвестициялар;

G- тауарлар  мен қызметтер сатып алуға  арналған мемлекеттiк шығындар;

NX– таза  экспорт;

Кейнсиандықтар  мемлекеттiк реттеу процесiнде тоқыраған  экономиканы тұрақтандыру iсiнде  бюджеттiк саясатқа, салық жүйесi мен мемлекеттiк шығындар құрылымының  өзгеруiне негiзгi маңыз бередi. Олардың  түсiнiгiнше өндiрiстiң құлдырау, жұмыссыздық  пен инфляция жағдайында монетарлық саясаттың макроэкономикалық салдары  көп мәндi. Кейнсиандық тұжырымдаға  сәйкес нақты пайыздық мөлшерлемесiнiң  деңгейiн төмендетумен (инфляция пайызы шегерiлген пайыздық мөлшерлеме) монетарлық саясатты ынталандыру ақша ұсынысын көбейтедi және инвестициялық сұранысты  арттыруға жетелейдi.

Осыған  байланысты ЖҰӨ мультипликациялық  тиiмдiлiгi артады. Өндiрiстiң құлдырауы  тоқтап, жұмыссыздық азаяды, халықтың кiрiсiнiң артуы үшiн жағдайлар  жасалады. Ақша ұсынысы артқанда, олардың  қысқа мерзiмдi артықшылығы пайда  болады. Халық артқан ақша запастарын тауар сатып алуға немесе банктердегi салымдарда жинақтайды. Ақша сұранысы артып, тиiсiнше бағалар да өседi. Халық пен фирмалардың шоттардағы қолма-қол ақшанысың мөлшерi де артады.  Егер ақша ұсынысын азайтса, онда пайыздық мөлшерлеменiң өсуiмен тепе-теңдiк  белгiлiнедi.

Экономиканы ақша-несие реттеудiң теориялық  тұрғылары қазiргi заманғы экономикалық ғылымның ең бiр қимылды-қозғалысты бағыттарының бiрi болып табылады, бiрiншiден, осы тұжырымдама әдiстемелерiнiң  ерекшелiгiмен, екiншiден, экономиканы  мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң қазiргi заманғы дамуының объективтi заңдылықтарымен  түсiндiрiледi.

Ақша-несие  реттеу тұжырымдамасының қолданбалы тұрғыларын әзiрлеу орталық банкке экономиканың жай-күйiн ақша-несие бақылаудың құралдар жүйесi мен әдiстерiн қамтамасыз етедi.

Мемлекет  ақша-несие реттеудiң жәрдемiмен  экономикалық дағдарыстарды жұмсартуға, инфляцияның өсуiн тоқтатуға ұмтылады, мемлекет экономикалық жағдайды қолдау мақсатында, ел экономикасының түрлi салаларына күрделi салымдарды ынталандыруға арналған несиелердi пайдаланады.

Ақша-несие  реттеу тетiгi мына негiзгi әдiстерден  тұрады: банк өтiмдiлiгiн реттеу, мемлекеттiк  қарызды басқару, банк несиесiнiң  мөлшерiн реттеу.

Осыдан  ақша -несие реттеу тетiгi ақша-несие  әдiстер мен құралдарының жиынтығын  бiлдiредi деп пайымдауға болады, олардың  кешендi қолдануы қойылған экономикалық мақсаттарға қол жеткiзуге жеткiзедi.

Сонымен, ақша-несие реттеу теттiгiнiң үлгiсi былайша түсiндiрiледi.

Ақша-несие  реттеудiң теориялық негiздемесi жүйеге фактiлердi ендiруге, түсiндiруге және қорытуға негiзделедi, экономикалық ғылым басқалар сияқты фактiлерге, яғни, белгiлi деректердiң немесе белгiленген құбылыстардың қадағаланатын өзгерiстерiне негiзделу салдарынан-осы ғылымдардың  эмпириялылығын айқындайды. Теорияны талдаудың соңғы нәтижесi ретiнде  фактiлер жиынына мағына енгiзедi, оларды бiрiктiрiп байланыстырады, олардың  арасында өзара байланыс орнатады және олардан белгiленген қағидалар мен  беталыстар шығарады. /4, 149 б/

Ғылыми  тұрғыдан фактiлер қазiргi бар теорияларды  растау (дедуктикалық әдiс) үшiн де, сондай-ақ жаңа теория үшiн негiз болуы мүмкiн.

Замандастар барынша дәрежеде жүргiзетiн макроэкономикалық  саясат негiзiнде ескеретiн макроэкономикалық  теориялар (кейнсиандық теория мен монетарлық) – негiзiнен индуктивтiк жолмен пайда болатын теориялар. Бұгiнгi күнге көптеген ғалым экономисттер оларды макроэкономика мәселелерiне бiр мәндi жауап беретiн оқулардан гөрi болжамдарға жатқызады. Осыған қарамастан макроэкономикалық теоиялардың болжалдығы олардың маңызын кемiтпейдi.

Экономистер экономикалық өсу факторларына ықпал  ететiн ақша-несие саясатының тұжырымдамаларына  қатысты ұзақ жылдар бойы пiкiр таластыруда.

Ақша-несие  саясатының мәнi айналымдағы ақша мөлшерiн  өзгерту жолымен экономикалық жағдайға ықпал етуге негiзделедi. Монетарлық билiктердiң тиiстi құралдары болса  да, алайда әр түрлi экономикалық бағыттар арасында ақша ұсынысының экономикаға  ықпал етуiне қатысты әртүрлi келiспеушiлiктер орын алуда. Ақша-несие саясатынының негiздемесi, оның стратегиясы мен  тактикасын белгiлеу алдымен теориялық  қағидаларды айқындауды және оның iшкi тетiктерiн ашуды талап етедi.

Ақша  жиынын зерделеу дәстүрлерi көптеген он жылдар бойы терең теориялық әзiрлемелердi қамтиды, олар iс жүзiндегi әрекеттер  негiзi ретiнде пайдаланылады. Басты  мәселе-осы салада дүниежүзiлiк ғылыми бiлiм әлеуетiнiң қолданылуы, бұған  мына құбылыстар кiредi:

-экономикалық  және институционалдық ерекшелiктердi  ескере 

отырып,ақшаның  баламалы айқындамасын қалыптастыруы;                      

- орталық  банктiң ақша жиынын бақылау  мүмкiндiгi анықтау;

- ақша  жиынына ықпал ету құралдарын  талдау және олардың         

салыстырма  тиiмдiлiгi; 

 

Кесте 1 - Ақша-несие реттеу тетiгiнiң үлгiсi  /4, 156 б/

Ақша-несие реттеу тетiгiнiң үлгiсi


 

Ақша-несие  реттеу


 

Ақша-несие реттеу құралдары (ресми пайыздық мөлшерлемелер, мiндеттi резерветер нормалары, валюталық басқыншылық, мемлекеттiк қарызды басқару, банктерге несие, тiкелей мөлшерлiк шектеулер)



 

Ақша-несие реттеу әдiстерi –несиелеудi реттеу, пайыздық реттеу, мемлекеттiк  қарызды басқару, валюталық реттеу



Ақша-несие саясатының мақсаттары- ұлттық валюта бағамын тұрақтандыру, инфляция қарқынын төмендету, өндiрiстiң өсуi және т.б.


 

 

Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Орталық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының  Орталық Банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Орталық Банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту  саясатты болуында.

Шаруашылық  жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:

    • рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
    • экспанциялық ақша-несие саясаты. 

Рекстрикциялық  ақша-несие саясаты -  коммерциялық  банктердiң несиелiк операциялар  көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң  деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық  ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады. 

Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:

Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуi;

ә) толық  жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;

в) төлем  балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;

ә) пайыз  мөлшерлемесi;

б) айырбас  курсы.

Құралдары:

а) несие  берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн  тiкелей реттеу;

ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;

б) есептеу  мөлшерлемесiнiң өзгеруi;

в) ашық нарықтағы операциялар. / 1, 273-275 б/

Тiкелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиiмдi пайдалану ақша нарығынаң  дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсiресе алғашқы өзгерiстер кезеңiнде, тiкелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Орталық Банкi операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне байланысты белгiлейдi. Орталық Банкi мүдделендiру мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.

Жоғарыда  атап өткеніміздей соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуді  қолға алу. Бұл мақсатты орындауда  Қазақстан Республикасының Орталық Банкі бүгінде қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:   / 2, 79 б/

    1. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi деңгейiн белгiлеу;
    2. Қазақстан Орталық Банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
    3. Мемлекеттiң бағалы қағаздарын  сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргiзу, осы операция негізінде айналыстағы ақша жиынын реттеу;
    4. Банктерге және үкiметке, экономикалық құрылым салаларына  несиелер беруді тиімді жүргізу;
    5. Валюталық нарықтағы басқыншылық, яғни Орталық Банктің шетел валюталарын өзі ең бірінші сатып алуы және осы арқылы валюталық бағам мен төлем балансын реттеп отыру;
    6. Кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
    7. Ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi. 

Соңғы мақсаттар  жалпы экономикалық саясаттың, сонымен  қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды  ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты ретiнде қарастырылады.

Орталық Банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек,  жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол жеткiзуi тиiс.  Орталық Банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу базасы ретiнде қызмет етіп отырады.  /2, 80 б/

Орталық Банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Орталық Банктiң қысқа мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Орталық Банктiң мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлуеттiк ресурс болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.

Ақша  нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн несие  көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi төмендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн  қорғау мақсатында Орталық Банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн қолданады. /3, 410 б/

Резервтiк  талаптар, ашық нарықтағы операциялар  және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң  негiзгi құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан  банк жүйесiнiң бүгiнгi даму жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң  депозиттерiн сақтандыру қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай  мультипликатор үрдiсiн реттеу қызметтерiн  атқарады.

Әлемдiк  тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте  жоғары деңгейде болуы, банк жүйесiнiң  қаржы делдалы ретiндегi тиiмдiлiгiн  нашарлатып, ал ең төменгi резервтер нормасының артуы несиелiк ресурстардың экономикаға құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.

Орталық Банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:

Информация о работе Орталық банктер