Орталық банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 18:53, курсовая работа

Описание работы

Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың бірі болып табылады. Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының зор мағыназы бар.
Шет ел экономисттерінің пікірінше : «Банк – басқа іскерлік ұйымдар сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін жұмыс істейді.»(№6)

Содержание

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

1 ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ.................................................................................................4

1.1 Орталық банктің мәні мен мақсаты.................................................................4
1.2 Батыс елдеріндегі Орталық банктердің функциялары...............................5

2 БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ .........................................8

2.1 Орталық банктердің ақша-несиелік саясатының әдістері ...........................8
2.2 Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері ...........................17

3 БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ .........................................20

3.1 АҚШ-тың банктік жүйесі және Орталық банкі ..........................................20
3.2 Германияның банк жүйесі және Орталық Банкі Бундесбанк ...................25


ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................................32

Работа содержит 1 файл

айдана курсавой.docx

— 68.78 Кб (Скачать)

ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ .................................................................................................................3

 

1  ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ  МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН ФУНКЦИЯЛАРЫ.................................................................................................4

 

1.1 Орталық  банктің мәні мен мақсаты.................................................................4

1.2 Батыс  елдеріндегі Орталық банктердің функциялары...............................5

 

2 БАТЫС ЕЛДЕРІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ .........................................8

 

2.1 Орталық банктердің ақша-несиелік саясатының әдістері  ...........................8

2.2  Орталық банктердің қызметінің шетелдік тәжірибелері ...........................17

 

3 БАТЫС ЕЛДЕРІНІҢ ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРІ .........................................20

 

3.1 АҚШ-тың банктік жүйесі және Орталық банкі ..........................................20

3.2   Германияның банк жүйесі және Орталық Банкі Бундесбанк ...................25

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ ...................................................................................................30

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...................................................................32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Банктік жүйе – банктік операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесінің негізгі буыны.

 «Ал  банк – банк қызметін атқарушы, коммерциялық ұйым болып табылатын  заңды тұлға.»(№10 1-бап 1-тар)

«Банк мәртебесі  жоқ бірде бір заңды тұлға  өзін «банк» деп атай алмайды және банк қызметімен айналыса алмайды»( №10 1-бап 3-тар)

Экономика саласындағы ақша және банк ісі проблемалары ең бастылардың  бірі болып табылады.  Кез-келген мемлекеттің экономикасының мықтылығы банк жүйесінің беріктігінен білінеді. Әсіресе жас мемлекеттер  үшін банк жүйесінің жақсылап қалыптасуының  зор мағыназы бар.

Шет ел экономисттерінің пікірінше : «Банк  – басқа іскерлік ұйымдар сияқты,өз кірісін максималды түрде ұлғайту үшін  жұмыс істейді.»(№6)

Мемлекеттің банк жүйесінің дамуына қарап  мемлекет экономикасының  қарқыны  мен әлеуметтік жағдайын   бағалай  аламыз.  Егер банк жүйесі дұрыс әрі  тиімді болса , оның халқының да хал  – ахуалы жоғарғы деңгейде болады .

«Нарықтық даму жағдайындағы қоғам өмірінің әр алуан әлеуметтік- экономикалық мүдделерінің түйісетін жері банктер жұмыс істейтін банк  жүйесінің ауқымы болғандықтан, сондай – ақ осы жүйе арқылы мемлекеттің қаржы, ақша - кредит, оның ішінде валюталық саясатын іске асыру мақсатында түрлі банкілік операциялар жүргізілетіндіктен банктер мен олрдың қызмет аялары банктік құқық құзыретімен қамтылатыны бүгінге көпшілікке мәлім.»(№8 3-б.)

«Мемлекет банк жүйесін қалыптастырған кезде, басқа дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйенері сөзсіз. Дамыған мемлекеттердің банк жүйесі  көптеген даму  сатыларынан  өтіп , өз экономикасына тиімді  жолын  таңдайды.»(№7) Банк жүйесінің күрделілігін түсіну үшін, АҚШ пен Германия сияқты алып мемлекеттердің банк жүйелерін  қарастырайық.

Қазақстан Республиксының жетістігі Ұлттық Банктің  қызметінің нәтижесі болып табылады. Ұлттық Банктік қызметі және жүргізіп отырған саясаты елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізетін әсері соншалықты, Парламент, Үкімет және шаруашылық жүргізуші  субъектілердін мәжілісінде басты  мәселе ретінде қарастырылады.  Қандай құралдар және әдістер арқылы жүзеге асырылады.  Экономикасы дамыған  елдерде, мәселен Шығыс Еуропа мен  АҚШ,  қандай жаңаша әдістер қолданыс тапқаны. Сонымен қатар Ұлттық Банктің  және Қазақстан Республиксының экономикасы  дамыған және дамушы елдермен салыстырғанда  қай белеске жеткенін талдау керек.   

 

 

 

 

1  ОРТАЛЫҚ БАНКТІҢ МӘНІ МЕН АТҚАРАТЫН  ФУНКЦИЯЛАРЫ

1.1 Орталық банктің мәні мен мақсаты

Орталық банк елдегі ақша – несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша – несие саясаты  экономиканы мемлекеттік реттеудің  негізін құрайды. Сондықтан ақша – несие саясатын автономды түрде  жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз  қозғауға да болмайды.

Ұлыбритания мен Францияда орталық банктердің капиталы мемлекет игілігінде, алайда акционерлер ретінде коммерциялық банктер бола алады. Оларда да орталық  банктер атқарушы органдардан тәуелсіз, тек парламентке есеп береді.

Орталық банктердің автономиясы Батыс Германияда, АҚШ – та заң жүзінде бекітілген. Батыс Германияның банк жүйесі туралы заңында, Орталық банк өз саясатын үкіметпен  үйлестіріп отыруы тиіс, алайда оның тұрақты  ақша айналысын сақтау мақсаттарына қайшы келетін талаптарын орындауға  міндетті емес деп жазылған. Ол канцлерге  де, федерация министріне де бағынбайды, тек Бундесбанк туралы заңға ғана бағынады.

АҚШ-тың несие жүйесінің жоғары органы болып табылатын – Федералды резервті жүйесінің (ФРЖ) мүшелерін – сенаттың мақұлдауымен президент тағайындайды және олардың қызметі келіспеушілік бойынша қызметіне босатылуы мүмкін емес. Басқарушылар кеңесі конгрессі алдында есеп беріп отырады.

Біздің  еліміз бен шет елдердегі несие  жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты  дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша – несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып  келеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің біршама  тәуелсіздігінің негізгі жағдайы  бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады. Мемлекеттік қаржылар және банктік жүйелерді заңмен шектеу, яғни үкіметтің Ұлттық банк қаражаттарын пайдалануына шек қоюдың принципиалдық  мәні бар.

Президенттің " Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы" заң күші бар  жарлығында былай деп жазылған:  "Жүргізіліп отырған мемлекеттік  ақша-несие саясатының және оны заңға  сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы  жүйесінің қызмет етуінің тиімділігін  қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк:

а) Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігіне  заем алушының  кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді;

б) осы шарттар  бойынша үкімет жәрдемімен ашылған  Қазақстанның халықаралық ұйымдарда  мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты  өзара келісілген шарттармен Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігіне  қосымша несиелер береді".

Осылайша  Үкімет, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие  бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының  мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде  қарыз алады.

АҚШ, Жапония, Англия, Канада және басқа елдерде  іс жүзінде үкіметті тікелей несиелендіру жоқ; Германия, Голландия, Францияда  заңмен шектелген, Австрияда үкіметтік  несиеден заң алтын және конвертацияланатын валютамен 100% қамтамасыз етілуі талап  етіледі. 

Бөлімді қорытындылай келе, қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.

 

1.2 Батыс елдеріндегі Орталық банктердің функциялары

Дамыған елдердің орталық банктерінің қызметін игеру, сондай- ақ ақшалай- кредиттік саясатының әдістерін қолдану, Қазақстанда  нарықтық экономиканың негізін құруына  мүмкіндік береді.  
Орталық банктің капиталы мемлекеттің иелігінде, бірақ акционер ретінде (мысалы Ұлыбритания, Франция) әр түрлі меншік кредиттік- қаржылай институттар бола алады.  
Орталық банктердің ерекшелігі - атқару органдарының басқаруынан тәуелсіз болуы. Көбінесе олар заңшығарушы органдарының билігіне тәуелді болады (парламент, конгресс). Мысалы Германияда, орталық банктің автономиясы заңды түрде бекітілген. Дегенмен де, мұндай тәуелсіздік үкіметпен бекітілген экономикалық саясаттың тиімділігін арттыру керек.  
Кредиттік- қаржылай институттарын несиелендіру кезіндегі шектелімді орнату, сонымен қатар ақшалай эмиссияны бақылау, ақшалай жиынның нормативтерін бақылауы - дамыған мемлекеттердің орталық банктерінің маңызды мақсаты болып отыр.  
Орталық банктер пайдаланатын ақшалай кредиттік экономиканы реттеу әдістері ортақ және жекеше болып бөлінеді. Біріншісіне есептік (дисконт) саясаты, ашық нарықтағы операциялар және міндетті сақтық қор (резерв) мөлшерлерін басқару жатады.  
Есептік саясат деп- орталық банктің вексельдерді сатып алатын шарттарын айтады. Бұл саясат кредиттік институттардың өз клиенттеріне беретін, несиенің бағасына әсер тигізетін есептік проценттің реттелуіне негізделген. Экономикалық циклға байланысты бұл пайыз өзгеріп, қайта қарастырылуы мүмкін. Мысалы Германиядағы Бундесбанк (орталық банк) 1948-1989 жылдар аралығында ресми пайыздық мөлшерлемесін 76 рет өзгерткен болатын.  
Есептік саясаттың қолданылуы тікелей вексель айналымына және құнды қағаздар нарығына тәуелді.  
Орталық банк коммерциялық банкке вексельде көрсетілген толық соманы төлемей, есептік мөлшерлемесін, яғни вексельдің қойылған сәтінен орталық банкпен өтеу мерзіміне дейінгі сомасын ұстап қалады. 
Вексельдің иесі келесі жағдайларда оны төлем мерзіміне дейін ақшаның орнына қолдануға мүмкіндігі бар: 
• өз борыштық міндеттемелерін төлеуге;  
• вексельді өтеу мерзіміне дейін сақтап, оны төлемге ұсыну; 
• вексельді банкке төлеу мерзіміне дейін сату. 
 
Банк вексельдің иесіне онда көрсетілген толық сомасын төлемей, белгілі бір пайызын ұстап қалады. (мысалы, жылына 9%) Клиент коммерциялық банкке вексельді сатып алуды ұсынғанда, әдетте коммерциялық банктің есептік мөлшерлемесі туралы сөз болады.  
Коммерциялық банкпен ұсталатын пайыз сомасы қазіргі орталық банктегі есептік мөлшерлемеден 0,5-2 %- ке өсіп отыр.  
Коммерциялық банктің клиенттері ақшаны тек есептік вексельдің негізінде ғана емес, сонымен қатар ломбардтық операциялар, яғни банкте бағалы қағаздар мен тауарлардың несиеге алуына кепіл. 
Ломбардтық мөлшерлеменің деңгейін өзгерту арқылы орталық банк шаруашылық жүйесінің ақшалай қамсыздандыруды реттеуге тырысып отыр. Әдетте, 1%- ке, кей жағдайларда 2 %- ке жоғары. Ломбардтық мөлшерлеменің есептікпен салыстырғандағы жоғарылығы банктердің ломбардтық несиені берешек нысанында қарастырып, оған вексель мөлшерлемесінің барлық мүмкіндігін қолданғаннан кейін ғана сүйенеді.  
Орталық банктің есептік саясатына есептік мөлшерлемені орнатуымен қатар, вексельдің сапасына қойылатын талаптарды өзгерту және қайта есептеу контингенттерін орнату сияқты реттеу әдістері жатады. 
Егер орталық банкке экспортті ынталандыру қажет болса, онда қайта есептеу мөлшермесін экспорттік вексельдер алады. Егер вексельдің бағамы төмендейтін болса, мысалы құрылыс кезінде, онда банк осы саладағы вексельдердің есебін тоқтатады. Ондай саясат орталық банктің қайта есептеу сапалы саясаты деп аталады. Бұл кезде орталық банк коммерциялық банктерге қайта есептеу кезеңін бекітеді. 
Дамыған елдердің орталық банктерінің ақшалай-кредиттік саясатының ең иілмелі әдістерінің бірі – ашық нарақ саясаты. Оның негізінде ақша нарығына әсер ету мақсатында, бағалы қағаздарды алып-сату. Осындай саясаттың негізгі мақсаты- құнды қағаздарға, банктік акцептілерге сұраным мен ұсынымды бақылай отырып, коммерциялық банктердің сәйкес назарын аудару. 
Ашық нарықтағы операцияларды басқарып, орталық банктер несиелік мекемелердің өтімділік деңгейін бақылай алады. 
Құнды қағаздардың бағамы мерзіміне байланысты дифференциалды түрде тағайындалады. Бірақ ашық нарық саясатының жетістігі көптеген шарттарға байланысты. Кәсіпкер мен халық жағынан несиеге сұранымның төмендеуі кезінде коммерциялық банктер орталық банктің құнды қағаздарын сатып алады, сондай-ақ коммерциялық банк несие беретін шарттарынан тиімді ұсыныс жасалған кезде, құнды қағаздар сатып алынады. 
Құнды қағаздардың кері төлемін қолдана отырып, коммерциялық банктердің өнімділігін қолдау қажет болса, онда орталық банк сатып алушы ретінде шыға алады. 
әдетте, орталық банк қазынашылық вексель, пайызсыз қазынашылық куәлік, сондай- ақ жергілікті билік органдары мен үкіметтің қарыздық міндеттемелерінің негізінде ашық нарық саясатын жүргізеді.  
Қазынашылық вексель – мемлекеттің 3 айдан 6 айға дейінгі қысқа мерзімді вексель түріндегі қарызды пайыз бермейді, бірақ номиналды бағасынан төмен бағамен сатылады.  
Қазынашылық куәлік- мемлекеттің немесе федералды мемлекеттің көп мерзімді қарызы (мысалы, федералды теміржол) 
Шетелде орталық банктің ақшалай кредиттік бақылаудың әдісі ретінде минималды немесе міндетті қор саясаты қолданылады.  
Минималды қор- банктік міндеттемеге сәйкес мөлшері заңмен бекітілген, коммерциялық банктердің орталық банктегі салымы. Салым көлемін өзгерте отырып, орталық банк коммерциялық банктердің кредит өтеу қабілетіне ықпал жасай алады. Міндетті минималды қордың пайда болуы коммерциялық банктердің нақты ақшалай төлемдер кезінде өтемпаздық қордың қажеттілігіне байланысты.  
Қазіргі уақытты минималды қорлар келесі функцияларды орындайды: 
• коммерциялық банк өтемдердің белгілі бір деңгейін қамтамасыз етеді; 
• орталық банктің минималды қоры ақшалай жиынды реттеу және коммерциялық банктердің несие өтеу қабілетінің инструменті ретінде көрініс табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ОРТАЛЫҚ БАНКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ  АҚША-НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ

 

2.1 Орталық банктердің ақша-несиелік саясатының әдістері

 

Бүгінгі әлемдік банк жүйесінің стандартты дамуында елдің банктері екі құрылымға  бөлінеді. Ол әдеттегідей бірінші  деңгейлі мемлекеттің Орталық банкі  және екінші деңгейлі банктер. Екінші деңгейлі банктерге барлық коммерциялық және шетелдік, еншілес банктер жатады. Ал Орталық банк мемлекеттің басты банкісі бола отыра, ол мемлекеттік саясаттар мен мүдделерді іске асырып, елде ақша-несиелік реттеу саясаттарын іске асырады. Орталық банктер арқылы кез-келген мемлекет экономикадағы банк секторына тікелей немесе жанама түрде араласады.

Орталық Банктiң негiзгi мiдеттерi – ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету. Оларға:

  • Ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарды ұйымдастырады;
  • Ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
  • Несие берушiлер мен салымшылардың , сондай-ақ шетел валютасын сатып алу – сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мүддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiң экономикалық саясатын жүргiзедi.   /1, 74 б./

Ақша-несие  саясатының мәнi айналымдағы ақша мөлшерiн  өзгерту жолымен экономикалық жағдайға ықпал етуге негiзделедi. Монетарлық билiктердiң тиiстi құралдары болса  да, алайда әр түрлi экономикалық бағыттар арасында ақша ұсынысының экономикаға  ықпал етуiне қатысты әртүрлi келiспеушiлiктер орын алуда. Ақша-несие саясатынының негiздемесi, оның стратегиясы мен  тактикасын белгiлеу алдымен теориялық  қағидаларды айқындауды және оның iшкi тетiктерiн ашуды талап етедi. /1, 256 б/

Ақша-несие  реттеудiң теориялық негiздемесi жүйеге фактiлердi ендiруге, түсiндiруге және қорытуға негiзделедi, экономикалық ғылым басқалар сияқты фактiлерге, яғни, белгiлi деректердiң немесе белгiленген құбылыстардың қадағаланатын өзгерiстерiне негiзделу салдарынан-осы ғылымдардың  эмпириялылығын айқындайды. Теорияны талдаудың соңғы нәтижесi ретiнде  фактiлер жиынына мағына енгiзедi, оларды бiрiктiрiп байланыстырады, олардың  арасында өзара байланыс орнатады және олардан белгiленген қағидалар мен  беталыстар шығарады.

Ақша  жиынын зерделеу дәстүрлерi көптеген он жылдар бойы терең теориялық әзiрлемелердi қамтиды, олар iс жүзiндегi әрекеттер  негiзi ретiнде пайдаланылады. Басты  мәселе-осы салада дүниежүзiлiк ғылыми бiлiм әлеуетiнiң қолданылуы, бұған  мына құбылыстар кiредi:

-экономикалық  және институционалдық ерекшелiктердi  ескере 

отырып,ақшаның  баламалы айқындамасын қалыптастыруы;                      

- орталық  банктiң ақша жиынын бақылау  мүмкiндiгi анықтау;

- ақша  жиынына ықпал ету құралдарын  талдау және олардың         

салыстырма  тиiмдiлiгi;

Ақша-несие  реттеу тұжырымдасы әдiстемесiнiң  сипатты ерекшелiгi айырбас тұжырымдамасына  тән ақша-несие айналым саласында iс-шара жүргiзу жолымен макроэкономикалық  процестерге реттеушы ықпалды жүзеге асыру көзқарасы болып табылады. Мысалы, Неокенсияндық мектептiң  өкiлi Ф. Модильяни “Тиiстi тұрақтатын iс-шаралармен тұрақсыздыққа қарсы  тұруға болады. Ақша-несие саясаты  ақша ұсынысын нақты  сұраныс өзгерiстерiн  сәйкестiкке әкелуi мүмкiн” деп атап өттi. /2, 224 б/

Неоклассикалық  постулаттардың iзбасары П. Самуэльсон “тиiстi ақша-несие саясатының көмегiмен  даурықпа бұзақылықтан және күрт құлдыраудан  жалтаруға, кең экономикалық өсуге  сенiм артуға болады” деп жазды. Монетарлық идеялардың негiзiн қалаушы  М.Фридмен ақша-несие құралдары  ақша мөлшерiнiң тұрақты, алайда бiрте-бiрте  өсуiн сақтай отырып, макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткiзуде елеулi әсер етуi мүмкiн деп санайды.

Осы пiкiрлер экономиканы ақша-несие реттеу теориясының  барлық бағыттарының әдiстемелiк негiзiнiң  ортақтығын растайды, ол экономиканы  ақша айналымы мен несие құралдарымен мүмкiндiктерiн әсiре өсiруге, экономиканы  сұраныс пен ұсынысты сәйкестiкке  келтiретiн бағалармен реттелетiн  тепе-тең, жеткiлiктi тұрақты жүйе ретiнде  қарауға негiзделген.

Ж.Ю.Сэй, Л.Вальрас сияқты батыс экономистерiнiң  жұмыстарында, сондай-ақ И.Фишер мен  М.Фридменнiң сандық ақша теориясының  әр түрлi нұсқаларында экономиканы  тепе-тең жағдайлар жүйесi ретiнде  дамыту қағидасы байқалады. /4, 187 б/

Ақша-несие  жүйесiн қараған кезде, әдетте, ақша-несие  реттеудiң кейнсиандық және неоклассикалық теорияларын қозғайды.

“Несиелiк  реттеуге негiзделген кейнсиандық  үлгi нарық жүйесi мен еркiн кәсiпкерлiктiң  кемшiлiктерiн мемлекеттiк қазынашылық  және несие саясатының жәрдемiмен  жоюға ұмтылады. Алайда, ол iшкi өндiрiс  пен жұмыспен қамтудың дамуына ақшаның  ықпалын жеткiлiктi бағаламайды. Осыған қарама-қайшы монетаризмдi қолдаушылар  осы ықпалды мойындай ғана қоймай, ұтымды  ақша-несие саясатын жүргiзудi экономиканы тұрақтандырудың шешушi шарттары деп санайды.

Кейнсиандықтар  мен монетаристер арасындағы пiкiрталас экономикалық ойлардың екi бағытының  да жағымды жақтары мен кемшiлiктерiн  де айқындауға мүмкiндiк бередi. Бұл  теориялар алғашқыда қарағанда  қарама-қарсы, алайда мәнi бойынша бiрiн-бiрi толықтыратын экономикалық үлгiлерден барлық құнды және ұтымды алынатын синтетикалық көзқарасты әзiрлеуге себеп  болды.

Информация о работе Орталық банктер