Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 14:18, курсовая работа
Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда басты орын алады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА...........................................................................................................4
1.1 Банк қызметіне жалпы сипаттама........................ . 4
1.2 Банктің қаржылық қызметіне талдау...... 7
Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.....................................9
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі..........................9
Тауарлы-материалдық қорлар есебі.........................................................13
Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі...... 15
Меншікті капитал есебі ............................................................................17
Дебиторлық қарыздар есебі......................................................................19
Міндеттемелер есебі..................................................................................24
3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................27
3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру......................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................32
Жабдықтаушылар мен
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу – не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша , не алдын-ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорынның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі әрбір шот-фактура бойынша және әрбір жеке жабдықтаушы бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу құжатын алу барысында олар жабдықтаушылармен есеп айырысу кітапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есп айырысу құжаттарымен бірге қаражаттың қайта есептелуі үшін банкке береді.
Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық шот-фактураның нөмірі мен күніне, тауар-көлік жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға, сонымен бірге тауарлық емес операция бойынша тапсырмаларына сілтемесімен қызметтердің есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы – бұл қызмет етуші кәсіпорынның банкке рнайы бланкке рәсімдеу арқылы өз шотынан белгілі бір соманы басқа кәсіпорын шотына аудару туралы нұсқау. Қаражатты 3 немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бір банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу алынған ТМҚ-р, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алдын-ала төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын № 6 журнал-ордердегі төлемді талап ету-тапсырудың әрбір шот-фактура бойынша жүргізіледі. Бұл журнал-ордердегі сәйкесетін шоты бойынша жазудан басқа корреспонденттік шоты қоса көрсетіліп, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады.
Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
3. КАСПИЙ БАНК АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық кеөрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру прцесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты
өз пайдаланушыларына заңды
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қарадаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорнының шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел статистикалиқ есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижеміне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуан да мақсат тұтпайды.
- Түсініктілік.
- Маңыздылық.
- Мәнділік.
- Дұрыстық.
- Шындық және алалықсыз ұсыну.
- Бейтараптылық.
- Сақтық.
- Аяқтау және салыстыру.
- Жүйелілік.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік статистикалық және жедел болып бөлінеді. Жедел-статистиаклық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудың деректері бойынша жасалады. Бухгелтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерде жасалады. Қандай кезең үшін берілгендігіне қарай есеп шұғыл және пошта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты жәна басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептері толық көлемде берілун қамтамасыз етуі керек.
Қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлңк баланс, шаруашылық-қаржылық қызметтің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты – пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражаттарының ағынын бағалауға, кәсіпорын міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементі болып табылады.
Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес иелігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді(жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемемсін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындаған көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің сол шақтағысы мен болашақтағысынаң жігін ашу қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі., немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады(сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе).
Меншік капиталы – бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бәрнеше класқа бөлінеді: жарғалық капиталы, қосымша төленген капитьалы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Сонымен қатар қаржылық есеп берудің элементтеріне қаржылық нәтижесі, табыстар, шығыстар жатады.
Есеп берудің негізгі үлгісі болып бухгалтерлік баланс саналады. Оны жасауға бейін есеп регистріндегі барлық синтетикалық шоттар бойынша қалдық пен айналым аналитикалық есеп мәліметтерімен салыстырылады. Жылдың басындағы және аяғындағы баланстардың деректерін салыстыру үшін жыл басындағы бекітілген баланс баптарының номенклатурасы жыл аяғындағы бекітілген баланс номенклатурасымен және бөлім топтамаларымен, әрбір баптарымен сәйкестендірілуге тиіс.
Бухгалтерлік баланс 2БЕС пен есеп беруді жасау бойынша әдістемелік ұсыныстарында анықтылған ақпараттардан тұруы тиіс.
Қаржылық-шаруашылық қызметті ұйымдастыру туралы есеп беру нысаны табыс пен шығыс шоттарын ашып, оларға шолу жасайды. Қаржылық-шаруашылық қызметтің есеп беруі келесі көрсеткіштерден тұрады.
- өнімді, жұмысты, қызметті сатудан
түскен табыс; ҚҚС, акциздер
жәнее басқа міндетті төлемдер
мен салықтар шегерілетін
- өнімнің, жұмыстың, қызметтің сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның нақты шығындары, яғни өнімді, жұмысты, қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;
- жалпы табыс - өнімді, жұмысты,
қызметті сатқаннан түскен
- кезең шығыстары - өнімнің, жұмыстың, қызметтің өндірістік өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс, сату бойынша шығысы, пайыздарды төлеу бойынша шығыстары;
- негізгі қызметтен түскен
- негізгі емес қызметтен түскен
табыс (зиян) – кәсіпорынның негізгі
қызметімен байланысты емес
-салық салғанға дейінгі
-табыс салығы ьойынша шығыс
– 11БЕС салынған, соның ережесіне
сәйкес есептік кезең үшін
анықталған табыс салығы
- салық салғаннан кейінгі
-төтенше жағдайдан алынған
-таза табыс(зиян) – есептік кезеңде кәсіпорынның алған қаржылық нәтижесі.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру. Есеп беру 4БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынғын ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан республикасы ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы мекемелерінмемлекеттік реттеу қадағалау жөніндегіАгенттігінің талаптарына сәйкес банк секторының жағдайы бірте-бірте жақсарып келеді. Дегемен банктердің санының санының жылдан-жылға біртіндеп болса да азаюыбанк жүйесінде әліде болса жекелеген проблемалардың орын алып отырғандығын көрсетеді. Жалпы еліміздің банк жүйесінде болып жатқан ьұндай өзгерістерді Үкімет не ұлттық банк тарапынан банктерге жасалып отырған қысым деп қабылдамайкерісінше сапалық талап ету деп түсінген жөн. Өйткені банктерде шоғырланған заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттары банктердің жеке проблемасын шешуге немесе ысырапсыз жұмсалмай,экономиканың өркендеуіне жұмсалуы қажет. Ол үшін банк жүйесінң қызметінң заңдарға сәйкес жүргізілуін және меншікті капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету қажет. Ол банкердің активтерін тиімді орналастыруымен байланысты.
Информация о работе Каспий банк қызметінің экономикалық негізі