Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 14:18, курсовая работа
Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда басты орын алады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА...........................................................................................................4
1.1 Банк қызметіне жалпы сипаттама........................ . 4
1.2 Банктің қаржылық қызметіне талдау...... 7
Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.....................................9
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі..........................9
Тауарлы-материалдық қорлар есебі.........................................................13
Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі...... 15
Меншікті капитал есебі ............................................................................17
Дебиторлық қарыздар есебі......................................................................19
Міндеттемелер есебі..................................................................................24
3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................27
3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру......................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................32
Корреспонденттік шоттар - банктік операциялардың жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұйымдардың банктік шоттары.
Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клтенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған (ҚР АК 747 бап) басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шотты ашу үшін клиент банкке мынадай құжаттар ұсынады:
1. ҚР Заңды тұлғалары –
- қаражат берушілердің (басшы, бас бухгалтер) қойған қолдарының үлгілері бар құжат және нотариалды куәландырылған, екі дана мөр бедерлемесі;
- клиенттің салықтық есепке (СТН) қойылған фактісін растайтын салық қызметі органы берген құжаттың түпнұсқасы;
- мемлекеттік тіркеуден өту фактісін растайтын уәкілетті орган берген, белгіленген формадағы құжаттың көшірмесі;
- фирмалар мен өкілдіктер үшін - ҚР заңды тұлға – резиденті филиал немесе өкілдік басшысына берген сенімхаттың көшірмесі;
- жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі, не болмаса клиенттің үлгі жарғы негізіндегі қызмет фактісін растайтын құжат;
- банк белгілеген үлгідегі өтініш.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формалары ұсынылады:
1. Төлем тапсырмасы.
2. Чек.
3. Вексель.
4. Төлемдік талап-тапсырма.
5. Аккредетив.
6. Инкассолық өкім, салық қызметі
органдары мен кеден
7. Ұлттық банктің құқықтық-
Төлеуші мен алушы арасындағы қаражат есептеу формалары шартпен немесе келісіммен белгіленеді.
Банктік шоттардағы ақшалай қаражатты есептеу үшін субъектінің қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Үлгі жоспарының 4- бөлігі шоты арналған. Ағымдағы шоттағы операцияны көрсету үшін 1007«Ағымдық, корреспонденттік шоттардағы ұлттық валюта ақша» шоты қолданылады. Бұл шоттың дебеті бойынша ақша қаражаттарының түсуі, ал кредиті бойынша – шығуы көрсетіледі. Үзінді көшірмелердің 1007 шот кредиті бойынша №2 журнал-ордерге қосымша №2 тізімдеме жүргізіледі, онда 1007 дебетіне жатқызылған барлық сома есептеледі.
Аудитор төлем мен ақша қозғалысы циклін функционалды аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:
- касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
- касса- банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшін есеп пен ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін (нормативті) қамтамасыз етудің бар-жоғы;
- бұл жұмыс учаскесінің қызметкерлері кімге есеп береді;
- касса-банк және басқа ақшалай операциялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді?
- банкте кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма ?
- бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
-аналитикалық және синтетикалық есеп ,шаруашылық-ішілік бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған
Бұрмалаулар мен теріс пайдаланулардың алдын-алу үшін мыналар талап етіледі:
- банктегі есеп шот бойынша жазбаларды көшірмелерге тіркелген ннегіздемелермен үнемі салыстыру;
- жабдықтаушылармен құжаттарды қарама-қарсы тексеру өткізіп, құжаттарды рәсімдеуге талапты арттыру;
- дебиторлармен және кредиторлармен, қызметкерлермен және басқа контрагенттермен есеп айырысуларды қайта тексеруді жүйелі жүргізу.
Кассалық операциларды тексеру.
Кассадағы сақталатын ақша 1001
Ақша жалған құжатсыз тікелей ұрлау
ісі кассаны тексергенде
Ақшаның кем шығуы бөгде адамдардың кассаны бұзу арқылы ақшаны ысырап қылу мен ұрлауы салдарынан ғана болмауы мүмкін, ол басқа заңсыз операцияларды уақытша заңсыз қарызға ала тұруымен де байланысты болуы ықтимал. Мұндай бұрмалаулар мен өызметті теріс пайдаланулар кассирді дұрыс таңдамау, кассаны жүйелі түрде тексермеу және ішкі бақылаудың нашарлығының салдары болып табылады.
Есеп шоттан алынған ақшаны кассаға кіріске алмау жағдайлары өте жиі кездеседі. Аудитор банктен чек бойынша алынған ақшаны кіріске алудың толықтығы мен уақыттылығын чек түбіртектерінде жазылған ұқсас сомамен, банк көшірмелерімен және кірістік кассалық ордерлермен салыстыру жолымен тексерілуі тиіс. Егер көшірмелерде тазартып өшіру, түзеу іздері бар болса, сондай-ақ қалдықтар айырмасында банктен ағымдағы немесе немесе есепшоттан көшірмелер алып, тексерілетін кәсіпорынның бухгалтериясындағы жазбаларды көшірме мәліметтерімен салыстыру керек.
Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуі керек. Сонымен бірге, едәуір сомадағы қолма-қол ақша алған немесе салған кәсіпорындармен есептесуларді салыстырған жөн.
Тексерудің келесі кезеңінде мыналарды анықтау керек: бұл ұйымда кірістік және шығыстық ордерлерді тіркеу журналы белгіленген түрде жүргізіле ме, барлық кассалық құжаттар журналда тіркелген бе, кассалық ордерлерде қалдырылып кеткен нөмірлер жоқ па, ақшалай қаражаттың түсуі мен жұмсалуы туралы операциялардың барлығы нөмірленуге, жіппен қайымдалуға, сургучты мөрмен басылуға тиісті парақтар саны кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтердің қойылған қолдарымен куәландырылуға тиісті кассалық кітапта жазылған ба? Кассир жұмыс күні соңында сол күнгі операциялардың жиынтығын кассалық кітапта есептеуге және келесі күнге ақша қалдығын ығаруы тиіс.
Ақша қаражаттары аудитінде банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді.Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кәсіпорындар өзінің ақша қаражаттарын қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Банк мекемелерімен есеп айырысу ағымдағы (есептік), корреспонденттік, жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен, шоттарда жаңылыс жазулар туралы талап-тілекпен байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептесудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.
Ағымдағы ( есептік) шоттағы операциялардың аудитінде келесі жағдайларға назар аудару қажет:
1. Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі.
2. Соманың банк көшірмелері
3. Көшірмелерге тіркелген бастапқы
құжаттарда банк мөртабанының
бар болуы; жасалған
4. Банкке тапсырылған қолма-қол
ақшаның және басқа да ақша
қаражаттардың кәсіпорынның
5. Ақшалай қаражатты акцептелген
төлем тапсырмаларымен
6. Теңгені конвертациялауға
7. Бухгалтерлік проводкалардың банктік операциялар бойынша дұрыстығын, операциялар бухгалтерлік есепте тиісті шоттарда көрсетілген бе ? Бухгалтерлік есеп бойынша өндіріс шығынына есептен шығару операцияларына ерекше көңіл бөлу керек.
8. Банк көшірмелерінің және
Аудитор жол-жөнекей ұлттық және шетелдік валютадағы қаражаттың кәсіпорынның ағымдағы шотына немесе басқа шотқа есепке қосу үшін банк кассасына, жинақ кассасына немесе пошта бөлімшесінің кассасына салынған, бірақ белгілеуі бойынша әлі есепке алынбаған ақшалай соманың қозғалысы туралы ақпаратты оқып – білуі керек. 1004 «Жолдағы ақша» шоты бойынша есепке алу үшін банк мекемесінің, пошта бөлімшесінің түбіртектері, банк инкассаторларына тапсыруға арналған ілеспе тізімдеме көшірмелері негі болып саналады.
Дебиторлық берешек- сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы емес болып бөлінеді. Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсетілген қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Күмәнді дебиторлық берешек және оны бағалау, вексельдер есебі.
Күмәнді талаптар – ҚР-ң заңды және жеке кәсіпкерлері – резиденттеріне, сондай-ақ ҚР-да тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар- резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және ҚР-ң заңдарына сәйкес салық төлеуші- дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.
Есеп беретін адамдармен және басқа да дебиторлармен есеп айырысу.
Субъект қызметкерлеріне кассадан шаруашылық шығындарына және іс сапар бойынша шығындарға берілетін ақшалай аванс есеп берілетін сома деп аталады. Ақша бойынша есеп айырысуда қызметкерлердің іс сапарларына байланысты шығындарды өтеуін мынадай мөлшерлері белгіленген Салық кодексінің 93 бап 1 тармағында басшылыққа алынды:
- пәтер- тұрақты жалға алуды төлеу – тиісті құжаттармен расталған, орын сақтағаны үшін төлем де кіретін, іс жүзінде шыққан шығындар бойынша;
- ҚР шегіндегі іс сапарда болған әрбір күн үшін тәуліктің төлеу мөлшері тәулігіне екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек;
- Іс сапар орнына бару мен қайтаруға іс жүзінде шыққан шығындар, бұған орын сақтағаны үшін төлеу де кіреді – тиісті құжаттармен расталған нақты сомада төленеді;
- ҚР-нан тыс жерлерге іс сапарда болған әрбір күн үшін төленетін тәуліктілікті төлеу- ҚР Үкіметі белгіленген мөлшерлер шеңберінде.
Қызметкерді іс сапарға жіберу үшін субъект басшысы іс сапардың орны мен мерзімі ескертілетін бұйрық шығарады. Бұйрық негізінде қызметкерлерге іс сапарлық немесе № 1а формасымен беріледі және іссапарлық сома есебі жүргізіеді.
Есеп беру үшін берілген аванс сомасын заңда белгіленген мөлшерге сәйкес жолақы, тәуліктік, пәтерлік ұндарды алдын-ала есептеу бойынша анықтайды. Алынған ақшаны тек берілген мақсатқа жұмсауға рұқсат етіледі. Есеп беретін адамдар белгіленген мерзімде ақтаушы құжаттарды тіркеп, іс жүзінде жұмсалған сома жайлы есеп тапсыруға міндетті.
Міндеттемелер есебі, талдауы мен аудиті
Міндеттеме –бұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті.
Міндеттеме - өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар ағынына әкеп соғады.
Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.
Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс-жүзіне асырылады:
- ақшалай қаражат төлеу;
- активтерді табыстау;
- қызмет ұсыну;
- міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
- міндеттемені капиталға аудару.
Міндеттеме ағымдық және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.
Банктің қарыз есебі.
Қарыз ресми мәртебесі бар банктерге, мерзім, төлеу және қайтару шарттарын қарастыратын коммерциялық келісім-шарт негізінде кредитті төлеу қабілеті бар ұйымдарға беріледі.
Банк қарызы – бұл банктің клиентке соманы белгілі бір мерзімге сыйақы төлеумен ұсынуы және бөлісуі.
Банктен тыс мекемелерден қарыз алу - «қарыз беруші» жақ «қарыз алушы» жаққа белгілі бір кезеңде қайтару шартымен ақша немее материалдық қорды келісімшарт бойынша қарызға береді.
Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Информация о работе Каспий банк қызметінің экономикалық негізі