Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 14:18, курсовая работа
Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда басты орын алады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА...........................................................................................................4
1.1 Банк қызметіне жалпы сипаттама........................ . 4
1.2 Банктің қаржылық қызметіне талдау...... 7
Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.....................................9
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі..........................9
Тауарлы-материалдық қорлар есебі.........................................................13
Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі...... 15
Меншікті капитал есебі ............................................................................17
Дебиторлық қарыздар есебі......................................................................19
Міндеттемелер есебі..................................................................................24
3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................27
3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру......................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................32
инвестицияны артық бағалаудан түскен төленбеген қосымша капитал; негізгі емес қызметтен түскен табысы (зияны).
ТМҚ-р - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс үдерісінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толықтай аударады.
ТМҚ-ға мыналар жатады:
- шикізат, материал, сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мен тетіктер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қорлар;
- аяқталмаған өндіріс;
-субъектінің іс-әрекеті барысында сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
Материалдық қорлар былайша жіктеледі:
- негізгі материалдар – шығарылатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін құрайды;
- көмекші материалдар - өндірілетін қнімге белгілі бір қасиеттер дарытады.
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде «ТМҚ-р есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС 2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері қолданылуы мүмкін:
Орташа өлшемді құн бойынша – есепті кезеңде қозғалысы болған әр бір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.
ФИФО – есепті кезең соңында есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.
ЛИФО – кейінгі сатып алулардың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығару ағымдағы кірістер мен шығындардың сәйкестілігін қамтамасыз етеді және инфляцияның құрылыс қызметі нәтижелеріне ықпалын ескеруге мүмкіндік береді.
Қоймадағы ТМҚ-р есебін материалды есептеу карточкаларында жүргізеді.
Карточка номенклатуралық
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды.
Құжаттарды қабылдау қоймада «Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау арқылы іске асады.
Материалды жауапты адамның жұмысындағы ауытқушылықтар анықталғанда бухгалтер бас бухгалтерді немесе басшылықты хабардар етуге тиіс.
Ай соңында қоймаға «
Қоймадан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрін» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.
ТМҚ-ды түгендеу олардың орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға, өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақытылы анықтауға саяды.
Түгендеу материалды жауапты адамдардың қатысуымен, міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу, өлшеу жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей, материалды жауаптының айтуымен түгендеу тізімдемесіне жазуға болады.
Жеке бөлімшелерде жүйелі өткізілген түгендеуден кейін оларға кіруге болмайтындай жабылып, мөрленеді. Егер түгендеуді өткізу кезінде ТМҚ-р түссе, онда оларды материалды жауапты адам түгендеу комиссиясының қатысуымен қабылдайды және түгендеуден кейін тізілім немесе материалдық есеп бойынша кіріске алады. Мұндай құндылықтарға түскен ай-күніне сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының төрағасы қолы қойылып, «Түгендеу кезінде түскен ТМҚ-р» атты арнайы тізімдеме ( опись) жасалады. Түгендеу негізінде, аса қажет болған жағдайда тек қана субъекті басшысының және бас бухгалтерінің жазбаша рұқсатымен ТМҚ-р босатылады, ол түгендеу комиссиясының төрағасы қол қойған «»Түгендеу кезінде босатылған ТМҚ-р жеке тізілімдемесінде өткізіледі.
Банктің меншікті капиталы капиталдың экономикалық санатының бір түрі болып табылады. Ол мекеменің қалыптасу көзінің және ортаның өзгеруіне байланысты дұрыс қызмет ету үшін елеулі мәнге ие. Кәсіпорынды ашу кезінде құылтайшылар енгізген меншікті капитал серіктестіктің бастапқы қызметін ұйымдастыру үшін пайдаланылатын алғашқы қаражат немесе қызмет өсуі және кеңеюі кезеңінде қосымша қаражат болып келеді. Сонымен қатар меншікті капитал мекемелерді қаржылық тұрақсыздықтан және шектен тыс тәуекелдерден сақтайды, оны банкроттықтан қорғануын қамтамасыз етеді, ағымдағы шығындардың залалын жабады, клиенттің сенімін арттырады, клиентураның коммерциялық және тұтыну тауарларына деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Резервтік капиталдың есебі.
Резервтік капитал құрылтай құжаттарға сәйкес серіктестікте өз қалауынша құралады. Кәсіпорындағы резервтік капитал залалдарды жабуға, басқа қаражат болмаған жағдайда қорлар сатып алуға арналған. Кәсіпорында резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады.
Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді.
Резервтік капиталдың қолда бар ақшасы мен қозғалысы туралы ақпаратты алу үшін «Резервтік капитал» бөлімше шоты пайдаланылады.
Каспий банк АҚ-ғы резервтік капитал құру кезіндегі өткізбелер:
Резервтік капиталдың құрылуы Дебет 3510 Кредит 3200
Резервтік капитал қаражатын пайдалану:
а/ құрылтайшылардың шешімі бойынша резервтік капитал есебінен төленген есептелген дивиденттер сомасына Дебет 3589 Кредит 3027
ә/ резервтік капиталдың қаражат есебінен жабылған залал сомасына Дебет 3589 Кредит 5410
Меншікті капитал бірнеше қызметтерді атқарады: қорғау, оперативті, реттеуші айналым резервтік қызмет.
Егер серіктестік меншікті қаражаттарды тиімді басқара білетін болса, онда серіктестік осылардың көмегімен табыстылықты көтеріп және салымдардың сақталуын қамтамасыз етеді. Табыс деңгейін қаражаттарды қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздардан ссудалар беруге жұмсауға алмастыру жолымен қол жеткізуге болады.
Меншікті капитал – субъектінің міндеттемелері шегерілгеннен кейінгі активтері.
Меншікті капиталға мыналар жатады: жарғылық, резервтік, қосымша төленген және қосымша төленбеген капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған залал).
Жарғылық капитал аудиті.
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс-қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйысдастыру-құқықтық түріне байланысты.
Жарғылық капиталды
а) жарғылық капитал көлемінің құқықтық – нормативтік акті талаптарына сай болуын;
ә) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;
б) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы, көбінесе олардың ішінде төмендегідей проводкаларға ерекше көңіл бөлінеді:
- Дебет 3000 «Төленбеген капитал» шотына және Кредит 3001 «Салымдар мен пайлар» шотына қатысушылардың салымдары сомасына;
- Жарғы капиталы мөлшері ұлғайғанда Кредит 3025 «Салымдар мен пайлар» шотына «Негізгі құралдар», «Материалдар», «Тауарлар», «Банктердегі аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы және басқа да шоттардағы ақша», «Ұлттық валютадағы ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша» және «Кассадағы қолда бар ақшалар» бөлімшелерінің шоттарына жазу түседі.
Резервтік капитал – іс – жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.
Резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтындығына сенім арттырады.
Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15 % - нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.
Серіктестіктің резервтік капиталы мемлекеттік тіркеуден өткен уақытынан бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол серіктестіктің жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан ( пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.
Ақшалай қаражат кассадағы
және банктегі шоттардағы
Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмсау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын Кассалық операцияларды жүргізу ережелері белгіленген.
Касса – бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме.
Кассалық операцияларды
ККО-ны бухгалтерия қызметкерлері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдіңмөрімен куәландырылады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушының қолына беріледі, ал ордер кассада қалады.
Қолма-қол ақша берумен байланысты операциялар шығыс кассалық ордермен (ШКО)(ф. № КО-2) немесе басқа құжаттармен (төлем тізімдемесі, ақша беру туралы өтініш) және фискальды коды бар бақылау-кассалық аппарат арқылы жүргізіледі.
ШКО-ны бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтермен ұйым басшысы немесе соған уәкілетті тұлға қол қояды, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі.
Ақша беру туралы құжаттарға басшы және бас бухгалтер қол қояды. Бұл құжаттардың түзетілген жері, түзетуі болмауы керек. ККО, ШКО-де оны жасау үшін негіз көрсетіледі және оларға тіркелетін құжаттар аталады.
ККО,ШКО кассаға тапсырылуға дейін бухгалтерияда кірістік және шығыстық құжаттарды тіркеу журналында (ф.№ КО-3) тіркеледі.
Кассалық ордерлер бойынша ақша қабылдау мен беру оларды толықтырған күні ғана болады. ККО, ШКО-ді алған кезде кассир мыналарды тексеруге міндетті:
- құжаттарда бас бухгалтердің қолы бар-жоқтығын, растығын; ал ШКО-да басшының да қойылған қолы бар екендігін тексеру;
- құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын;
- құжаттарда аталған тіркемелердің бар-жоқтығын.
Егер осы талаптардың бірі орындалмаса, кассир құжаттарды бухгалтерияға қайтарады.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын (ф.№ КО-4) кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптың барлық парақтары нөмірленіп, жіппен қайымдалуы (прошнуровано) тиіс және парақтардың жалпы саны кассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі. Кассалық кітаптағы жазбалар көшірме арқылы 2 дана болып жүргізіледі. ККО,ШКО жазбалары басталмас бұрын кассалық кітапта күн басындағы ақша қалдығы көрсетіледі. Жұмыс күнінің соңында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын есептейді және күн соңындағы ақшаның алған қалдығын шығарады. Кассалық кітап беттерінің екінші даналары жыртылады және кассирдің есебі болып қызмет етеді. Есеп оған тіркелген бастапқы құжаттармен (ККО,ШКО) бірге бухгалтерияға тапсырылады. Кассалық операциялардың синтетикалық есебін 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша», 1005 «Кассадағы қолма-қол шетелдік валюта» шоттары кіретін 45 «Кассадағы қолма-қол ақша» бөлігінде жүргізіледі.
1006 шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер (кассалық кітаптың екінші данасының жыртылған парақтары) негіз болып табылады.
Есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз түрі.
Ағымдық және жинақ шоттары – жеке және заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің банктік шоттары.
Информация о работе Каспий банк қызметінің экономикалық негізі