Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 14:18, курсовая работа
Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда басты орын алады.
КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА...........................................................................................................4
1.1 Банк қызметіне жалпы сипаттама........................ . 4
1.2 Банктің қаржылық қызметіне талдау...... 7
Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.....................................9
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі..........................9
Тауарлы-материалдық қорлар есебі.........................................................13
Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі...... 15
Меншікті капитал есебі ............................................................................17
Дебиторлық қарыздар есебі......................................................................19
Міндеттемелер есебі..................................................................................24
3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................27
3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру......................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................32
Банктің несиелік портфелі 2005 жылдың 1-сәуіріне 55011,0 мың теңгені құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге (145,8%) артқан. Ал 2007 жылдың 1-сәуіріне 109258,3 мың теңгені құрап 2004 жылдың осы кезегімен салыстырғанда 2,9 есеге (289,7%), 2005 жылдың 1- сәуірдегі көрсеткішімен салыстырғанда 1,9 есеге (198,6%) өскен.
Банк өзінің қызметін жыл сайын пайдамен аяқтап отырған. 1.04.2005 жылы банктің таза пайдасы 191,7 мың теңгені құраған. 2006 жылдың 1- сәуіріне 60,7 мың теңгені құрап өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36% - ке кеміген. Ал 2007 жылдың 1- сәуіріне өткен жылдың осы кезңімен салыстырғанда 16 есеге көбейіп 979,1 мың теңгені құраған. 1.04.2005 жылы таза пайданың кемуі : 1.жалпы әкімшілік шығындарының өсуі есебінен;
1.04.2007 жылы таза пайданың көбеюі:
1 таза проценттік табыстың артуы есебінен;
2 проценттік емес табыстың кобеюі есебінен;
3 операциялық табыстың артуы есебінен болған;
Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
НҚ-ң келіп түсуі НҚ-ды қабылдау-өткізу (ф.№ НҚ-1) нысандағы актімен рәсімделеді. Ол жекелеген объектілерді НҚ-ң құрамына есептеу үшін, олардың пайдалануға берілуін рәсімдеу үшін, НҚ-ң бөлімше ішіндегі қозғалысын рәсімдеу үшін, НҚ-ды қоймадан пайдалануға беру үшін , сондай-ақ басқа субъектіге беру мақсатында НҚ құрамынан шығарып тастау үшін пайдаланылады. НҚ-ды қабылдауды рәсімдеген кезде басшы тағайындаған қабылдау комиссиясы әр бір жеке бір дана объектіге акт жасайды. Акт рәсімдеогеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттармен бірге бухгалтерияға беріледі. Оған бас бухгалтер қол қояды және субъект басшысы немесе уәкілетті адам бекітеді. НҚ ішкі қозғалысын рәсімдегенде акт 2 данада жасалады. НҚ басқа объектілерге сатылғанда акт 3 дана жасалады, оның екеуі өткізуші субъектіде қалады.
Негізгі құралдардың есебі активтік 2410 шоттарда жүргізіледі, оларда субшоттар бастапқы бағасымен немесе ағымдағы құнымен ескеріледі. Есептелген тозу сомаларын есепке алуға пасивтік 2420 шоттар арналған.
НҚ-ң келіп түсуі.
НҚ-р кәсіпорынға сатып алуға байланысты, құрылыс нәтижесінде, өтеусіз, жарғылық капиталға салым ретінде және т.б. жағдайларда келіп түседі.
НҚ-р өндіріс үдерісіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады және жарамсыз күй кешеді.
Амортизация – бұл тозудың құндық белгісі.
Амортизациялық құн- дегеніміз бастапқы құн мен жою құнының арасындағы айырмашылық.
Амортизация нормасы – бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының НҚ-ң жылдық орташа құнына қатынасы.
1. Құнды біркелкі (тікелей) есептен
шығару әдісі. Объектінің аморт
2. Өндірістік әдіс. Амортизация объектіні пайдалану мен уақыт бөлігінің нәтижесі ғана болып табылады деген негіздеме оны есептеген кезде ешқандай роль атқармайды.
3. Сандар сомасы бойынша құнды есептен шығару (кумулятивті) әдісі есептеу коэффициентін анықтаудан тұрады.
4. Кемімелі қалдық әдісі
НҚ-ң шығарылуының есебі.
НҚ объектілері субъектінің бухгалтерлік балансынан:
1. физикалық және моральды
2. шаруашылық қызметте
3. жарғылық капиталға салым
4. басқа заңды немесе жеке тұлғаларға өтеусіз берілгенде;
5. қалдықтарды ұзақ мерзімді жалға бергенде;
6. кемшіліктерге, табиғи
Материалдық емес активтер есебі.
Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын ( 1 жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді.
Материалдық емес активтерге (МЕА): лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен қамсыздандыру; патенттер; авторлық құқық; басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі; фирмалық атаулар; ноу-хау; табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.
МЕА-ді бағалау:
1. Басқа банктер мен адамдардан ақыға сатып алынған МЕА есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі;
2. Банкке өтеусіз келіп түскен МЕА сараптау жолымен бағаланады;
3. Жарғылық капиталға
салым ретінде құрылтайшыдан
келіп түскен активтер есепте
тараптардың келісімімен
МЕА-р басқа банкке табыс етілгенде ( сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады: өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға.10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізіледі. Инвентарлық карточкалардың деректерін МЕА –ді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда мыналар келтіріледі:
а/ МЕА атауы;
ә/ ай басындағы және соңындағы қалдықтары;
б/ ай ішіндегі қозғалысы.
Каспий банк АҚ-на МЕА келіп түсуі:
1. «Связной» 1С: Бухгалтерия бағдарламасын сатып алды:
а/ сатып алынған МЕА-ң келісім құнына ( ҚҚС-сыз)
Дебит 1659
Кредит 2066
ә/ ҚҚС сомасына Дебит5761 Кредит2206
б/ ҚҚС-ты есепке алу Дебит3130 Кредит 5761
в/ ұсынылған шотты төлеу Дебит 2066 Кредит 1001, 1000,1002
2. МЕА-і банктің өзі жасауы (интеллектуалдық құн объектісін құру, бағдарламалық қамтамасыз ету, сауда белгілерін әзірлеу):
а/ жұмсалған материалдардың құнына Дебит 1650 Кредит 1601
б/ жасалған МЕА-ң нақты құнына Дебит 1654 Кредит 1650
МЕА есептен шығарылуы:
1. Басқа кәсіпорындардың
а/ МЕА баланстық құнына Дебит 5000 Кредит 1660
ә/ бұрын есептелген тозу сомасына Дебит 1694 Кредит 1660
б/ келісім құнына Дебит 7708 Кредит 7868
г/ жыл соңында барлық жиынтық кірістің кемуіне Дебит 4896Кредит 5022
Жиынтық кірістің артуына Дебит 5022 Кредит 4896
2. Моральдық тозуына және
а/ МЕА баланстық құнынан Дебит 5022 Кредит 1660
ә/ бұрын есептелген тозу сомасына Дебит 5784 Кредит 5785
б/ жыл соңында Дебит 4954 Кредит 5022
МЕА амортизациясын ексепке алу үшін 11 «МЕА амортизациясы» бөлімшесінің 5784 шоттары көделген. Бұл шоттар пассивтік әрі реттеуші сипатта. 5784 шоттардың кредиті бойынша МЕА амортизациясының ай басындағы қалдығын, ай ішінде есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 5784 шоттардың дебеті бойынша МЕА амортизациясының есептен шығарылуы көрсетіледі.
МЕА аудиті ретінде қалыптасуды, іс-жүзіндегі нақты қолда бар, құжаттарда көрсетілудің анық сенімділігін, пайдалы қызмет ету құны мен мерзімін бағалаудың шынайылығын, амортизациялық есептеуді, істен шығарудың негізділігін, есепті ұйымдастыруды, оларды кәсіпорында қолданудың тиімділігін ішкі бақылауды тексеру түсіндіріледі.
Белгіленуі мен атқарылатын функцияларына байланысты МЕА үш негізгі топқа бөлінеді:
1. Санаткерлің ( зияткерлік) меншік.
2. Мүліктік құқықтар.
3. Кейінге қалдырылған шығындар.
Санаткерлік меншіктің объектілері мыналар: патенттер, лицензиялар, пайдалы үлгілер ( модельдер), өнер тапқыштар, өндірістік үлгілер, ЭЕМ үшін бағдарламалар, сараптау жүйелері, «ноу-хау», «гудвилл», сауда белгілері, фирмалық атаулар, қызмет ету белгілері, авторлық және басқа аралас құқықтар.
Мүлік пайдалану жөніндегі мына құқықтар жатады: табиғат ресурстарын ( жер қойнауын, минералды қазбалармен т.б.) жер телімдерін ( учаскелерін), мүліктің әрқилы түрлерін және т.с.с.
Кейінге қалдырылған шығындарға мыналар жатады: ұйымдатыру шығындары, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме.
Кәсіпкерлік табысты, капитал өсімін немесе процентін алу мақсатында әр түрлі экономика саласына капитал жұмсау жолымен іс жүзіне асырылатын жиынтық шығындарды инвестиция дейді.
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
- үлестік- жай және артықшылықты акциялар;
- борышқорлық – облигациялар, қазыналық вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1. Жұмсау мерзімі бойынша :
- қысқа мерзімді – бір жылға дейін иемдену мерзімі ( бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздағы компанияның инвестициясы);
- ұзақ мерзімді – бір жылдан көп иемдену мерзімі;
- мерзімсіз инвестициялар.
2. Тағайындалуы бойынша:
- қаржылық – құнды қағаздарға жұмсау;
- нақты – субъектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
3. Шығу тегі бойынша – бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша – құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша – отандық, шетелдік.
6. Қолдану түрі бойынша –
инвестициялық, инвестициялық
7. Иемдену қатары бойынша – жеке, жалпы.
8. Шығарылым формасы бойынша
– эмиссиондық, эмиссиондық
9. Меншік формасы бойынша – мемлекеттік, корпоративтік.
10. Айналыс сипаты бойынша – нарықтық, нарықтық емес.
11. Тәуекелдік деңгейі бойынша – аз тәуекелділікпен, мүмкін үлкен тәуекелдікпен.
12. Қолма-қол табыс бойынша – табыстық, табыссыз.
13. Қаражатты жұмсау формасы бойынша : борыштық, иелі үлестік, жеке жобалар.
14. Экономикалық мәні бойынша – мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық және отандық
стандарт бойынша бухесепте
а/ қаржылық;
ә/ еншілес, тәуелді және бірігіп бақылау арқылы шаруашылық субъектісіндегі инвестициялар.
Шаруашылық жүргізуші субъект акцияға ие болу жолымен немесе үлестік қатысудан табыс алу арқылы басқа субъектілерге қаржылық жұмсалымды тудыра алады.
Қаржылық инвестиция мыналарға жіктеледі:
- қысқа мерзімді – баланста не белгілі бір күні ғана әрекет ететін ағымдағы нарық бағасымен, не ағымдағы сатудың төмен бағасымен ескеріледі. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдық сатудың төмен бағасыы бойынша ескерілсе, баланстық құн не тұтастай құнды қағаз портфелі негізінде, не инвестиция түрінде немесе жекелеген инвестиция негізінде анықталады.
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияны
қайта бағалау барысында
Қойылған мақсатқа жету үшін мынадай бастапқы мәселелер шешілуі қажет:
Информация о работе Каспий банк қызметінің экономикалық негізі