Каспий банк қызметінің экономикалық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2012 в 14:18, курсовая работа

Описание работы

Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда басты орын алады.

Содержание

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3
КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА...........................................................................................................4
1.1 Банк қызметіне жалпы сипаттама........................ . 4
1.2 Банктің қаржылық қызметіне талдау...... 7
Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.....................................9
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі..........................9
Тауарлы-материалдық қорлар есебі.........................................................13
Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі...... 15
Меншікті капитал есебі ............................................................................17
Дебиторлық қарыздар есебі......................................................................19
Міндеттемелер есебі..................................................................................24
3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................27
3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру......................................................27
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................32

Работа содержит 1 файл

Каспий банк қызметінің экономикалық негізі.doc

— 237.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Университет

 кафедра

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

«Банк ісі» пәні бойынша

Тақырыбы: «Каспий банк қызметінің экономикалық негізі».

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            Орындаған: _________тобының                                                                          студенті __________

                                            Тексерген:    ________                 

                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қала, жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.......................................................................................................................3

  1. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА...........................................................................................................4

  1.1        Банк  қызметіне жалпы сипаттама........................      .                  4

  • 1.2 Банктің қаржылық қызметіне талдау......                                              7                                                              
    1. Каспий банкі АҚ-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.....................................9
      1. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебі..........................9
      2. Тауарлы-материалдық қорлар есебі.........................................................13
      3. Ақша қаражаттары мен қаржылық инвестициялар есебі......              15
      4. Меншікті капитал есебі ............................................................................17
      5. Дебиторлық қарыздар есебі......................................................................19
      6. Міндеттемелер есебі..................................................................................24

    3. КАСПИЙ БАНКІ АҚ-ДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ......................................................................................................27

         3.1 Қаржылық есеп беруді ұйымдастыру......................................................27

    ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................31

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................32

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    КІРІСПЕ

     

     

    Шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банк саласындағы   бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру экономиканы басқаруда басты орын алады.

    Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы дамытуда  алар орны ерекше. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

    Банктің ерекшелігі операция сипатына, есеп жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ бухгалтерлік және басқа да есеп құжаттарының мазмұнына байланысты.

    Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі – бухгалтерлің есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасының  тұрақты өсуіне әсер етеді.

    Оқу іс-тәжірибесінің өзектілігі соңғы  жылдардағы банк   саласындағы қарқынды даму, бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясына сәйкес қаржы нарығын дамыту, европалық деңгейдегі байланыс қызметін көрсетуге қол жеткізу, сондай-ақ халықтың ақпарат қызмет түрлерін пайдаланудың арта түсуімен  байланысты. Банктердің қызметін реттеу мемлекет үшін де, банктің қызметін тұтынушылар үшін де аса қажетті шара.

    Банктік қызметті реттеу банктік операциялардың Қазақстан Республикасының заңдары  мен Ұлттық Банкттің нормативтік  актілерне сәйкес  жүргізілуін,   банктердің  қызметтері  мен  өнімдерін    тұтынушылардың  құқықтық нормалары мен мүдделерінің бұзылмауын, банк жүйесінің  қаржылық тұрақтылығы  мен сенімділігін   және  қаржы нарқтарында  адал бәсекелестік  жүргізуін  қамтамасыз  етеді.

    Оқу іс-тәжірибесінің негізгі мақсаты:

    • Банктегі экономикалық көрсеткіштерін зерттеп, талдау жасау;
    • Банктегі  бухгалтерлік есептің ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау;
    • Банктегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды жетілдіру;
    • Банктегі  бухгалтерлік есепке  талдау жасау және сыртқы аудитті жүргізуді ұйымдастыру;
    • Банктегі басқару есебінің ұйымдастырылуы, талдауы мен аудитінің жүргізілуі;
    • Каспий банк АҚ-ғы салық есебінің ұйымдастырылуы.

     

     

     

    1.КАСПИЙ БАНКІ АҚ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ     ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

      1. Банк қызметіне жалпы сипаттама

     

    Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты басқарушылардың (әкімшіліктердің) ықпалы, акционерлердің (меншік иелерінің) мүдделеріне қайшы келетін салық мәлімдемесінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы қаржылық есептілікті құру нәтижесінде таза табыс ұсыну мен есеп айырысуға тіреледі.

    Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айрықша  қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар мүддесіне жауап беретін, жалпы  мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып табылады.

    Каспий банкі АҚ-да есеп саясаты Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының 2001 жылдың 13 қаңтарында № 3 қаулысымен бекітілген «Есеп саясаты және оның ашылымдары» бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес жасаған.

    Субъектінің есеп саясаты субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебінің Бас шот жоспарының, ҚР Қаржы Министрлігінің бухгалтерлік есеп әдістемесі бойынша  департаментінің нұсқауларының, Салық комитетінің және Үкіметтің басқа атқарушы органдарының директиваларының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

    Каспий банкі АҚ-да есеп саясаты салықтық есеппен сәйкес келеді және  ҚР « Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңның, бухгалтерлік есеп стандарттарының және оның әдістемелік ұсынымдарының  және инструкцияларының қоятын талаптарына жауап береді.

    Банк қабылдаған есеп және салық сясатының ұзақ мерзімді сипаты бар және бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есеп беруді алу бойынша есеп және салық саясатының төмендегідей талаптарын қамтамасыз етеді:

    • бухгалтерлік есепте шаруашылық қызметтің барлық фактілерінің толық көрсетілуі;
    • мүмкін болатын табыстар және активтерге қарағанда шығындар және пассивтер есебін жүргізу кезінде байқампаздық немесе консерватизм талаптарын сақтау;
    • бухгалтерлік есепте шаруашылық қызмет фактілерін тек құқықтық нысанына қарай емес шаруашылық қызметтің экономикалық мазмұны және жағдайларына байланысты көрсету, мазмұнның нысаннан артық болу принципін сақтау;
    • аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерін қалыптастыру кезінде үздіксіздік талаптарын сақтау;
    • өндіріс және шаруашылық қызмет жағдайларына қарай бухгалтерлік есепті тиімді және үнемді, яғни, рационалдық талаптардың сақталуы;
    • ұзақ мерзімді активтерге амортизация есептеуде, тауарлы-материалдық қорларды бағалауда, күдікті борыштар бойынша резервтер құруда, пайдаланылған әдістердің бір есепті мерзімнен екінші есепті мерзімге жалғастырылуының қолданылуы, яғни, бір ізділік принципінің сақталуы.

    Есеп және салық саясатының негізгі аспектілері серіктестіктің жылдық есеп беруінің түсіндірме жазбасында көрініс табады. Онда соңғы қаржылық  нәтижелер, орындалған жұмыстар және қызметтер, өткізілген өнім көлемі, өткізілген өнімнің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құны ашылады, серіктестіктің дебиторлық және кредиторлық қарыздарды, күдікті қарыздар сомасы және өндірістің жоспарланған  көлемінің орындалуына әсер еткен   себептер ашылады.

    Каспий банк АҚ-да жылдық қаржылық есеп беруі түсіндірме жазбамен қатар бухгалтерлік баланстан, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есептен (№ 2 нысаны), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептен тұрады.

    Банктің есеп саясатында бухгалтерлік есептің төмендегідей әдістері қарастырылған:

    • негізгі құрал-жабдықтар және материалдық емес активтерге амортизация есептеуде түзу сызықты әдіс;
    • тауарлы-материалдық қорларды бағалауда орташа салыстырмалы құн әдісі;
    • күдікті дебиторлық қарыздар бойынша резерв құруда төлеу мерзімі бойынша есептеу әдісі;
    • табыстар мен шығындарды тану кезінде есептеу әдісі.

    Есептеу әдісі табыстар мен шығындарды есепке алу нақты ақша қаражаттарының келіп түсуі немесе жұмсалуы кезінде емес, ал нақты операция жүргізілген уақытқа негізделген.

    Банктің есеп саясаты банк Директорымен мына жағдайларда өзгертіледі:

    • Банк қызметінің тоқтатылуы;
    • Басқа банктермен бірігуі;
    • Қазақстан Республикасының заңдылықтарының өзгеруі;
    • Бухгалтерлік және салықтық есепті реттейтін нормативтік құжаттардың өзгеруі.

    Каспий банк АҚ-ның есеп саясаты банк Директорымен 2003 жылдың 13 мамырда қабылданып, 2004 жылы қайта толықтырылып  бекітілген.

    Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық  құрылымының күрделенуіне байланысты бақылау қызметінің қызметі үлкен мәнге ие болуда. Бәсеке ортасында бақылаудың тиімді жүйесі ұйымның өміршеңдігінің кепілі және табысты қызметтің басты шарты болып табылады.

    Шет елдерде ішкі және сыртқы аудит кең қолданылады.Бұл кезде алдын-ала және ағымдық бақылауға орын беріледі, өйткені шаруашылық операциялары аяқталғаннан кейін оның тиімділігіне, яғни ұйымның шаруашылық-қаржы қызметі барысында қолдан шығып кеткен кемшіліктерді жою шараларын қабылдауға ықпал ету мүмкін емес. Республикамызда ішкі бақылау жүзеге асырылады, бірақ ол әкімшіліктің кейбір ұйғарымдарының, үкіметтің нормативтік актілерінің орындалуын тексерумен, шаруашылық қызметін талдаумен шектеледі, әрі тек кезекті бақылау сипатына ие.

    Ішкі аудит ішкі бақылаудың жалпы  жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде  қарастырылады. Ішкі аудит сыртқы аудиттен маңызды, әрі түбегейлі айырмашылықтарға ие, атап айтсақ:

    1. Банк жетекшісіне немесе орынбасарына, басқармаға немесе акционерлер жиналысына тікелей бағынатындықтан, ішкі аудиттің тәуелсіздігі шартты. Бірақ, қандай жағдайда да, ішкі аудитор ұйым алдында еңбек келісім шартымен және ішкі тәртіппен (распорядок) анықталатын міндеттеме алады және қаржылық тұрғыдан мүдделі болады.
    2. Ішкі аудиттің басты міндеті шынайы есептілікті растап отыру емес, ресурстардың жоғалуын болдырмау үшін бақылау шараларын қамтамасыз ету.

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    1.2  Банктің қаржылық қызметіне талдау

     

        1-Кесте Каспий банк Акционерлік-Қоғамының      қаржылық қызметінің экономикалық көрсеткіштері

     

    Көрсеткіштер

    Жылдар

    2006 жылды 2008 жылмен салыстырғанда ауытқуы

    2006

    2007

    2008

    +;-

    %

    1.

    Активтері

    Оның ішінде:

    -несие портфелі

    -бағалы қағаздар

    55776,7

     

    37705,7

    10214,6

    82594,1

     

    55011,0

    15787,6

    160974,0

     

    109258,3

    25460,9

    +105197,3

     

    +71552,6

    288,6

     

    289,7

    249,2

    2.

    Депозиттер

    26285,3

    31507,9

    48133,8

    +15246,3

    183,1

    3.

    Меншікті капитал

    6398,3

    9710,0

    13210,3

    +21848,5

    +6812,0

    206,4

    4.

    Таза пайда

    191,7

    60,7

    979,1

    787,4

    510,7


     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    Банктің  қаржы  ресурстарының  ұлғаюы  банктің активтерінң көлемінің ұлғаюына ықпал еткен.  Банктің активтері 2005 жылдың  1-сәуіріне 55776,7 мың теңгені құраған. 2006  жылы   1-сәуірде өткен жылдың осы кезеңімен   салыстырғанда 1,5  есеге (148,1%) артып 82594,1 мың теңгені   құраған. 2007  жылдың 1-сәуіріне  активтердің көлемі  160974,0  мың теңгені құрап өткен жылдың  осы кезңімен  салыстырғанда 1,9  есеге (194,8 %)  көбейсе , соңғы 3 жылда 2,9  есеге  (288,6 %)  артқан.   Банктің  активтерінің  артуы  негізінен банктің несиелік  операциялары  мен инвестициялық  операцияларының  ұлғаю  есебінен болған.

    Информация о работе Каспий банк қызметінің экономикалық негізі