Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:38, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi. Қазiргi кездегі орталық банктер мемлекеттердiң қаржы және экономикалық жүйелерiнде маңызды орын алады. Бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігінде сөз жоқ, себебі кез келген елдің несие жүйесiнiң ядросын банк жүйесі құрайды. Орталық банк несие ұйымдарының қызметтерiн басқаратын бiртұтас орган болып табылады. Бірақ ол тікелей әсерін тек қана банктiк мекемелерге көрсете алады, өзгеге – тек қана жанама түрде жүргізеді. Айналысқа ақша массасын шығару – Орталық банктердiң қызметiнiң өте маңызды бағыттарының бiрi. Банк жүйесінің қалыптасуының ерте кезеңдерінде эмиссияны Орталық банктермен қатар коммерциялық банктер бiрге жүзеге асырған. Кейінірек эмиссияға деген ерекше құқықты тек Орталық банктер атқарды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I БӨЛІМ. Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі
1.1. Орталық банктердің мәні, функциялары және түпкі мақсаты.........................4
1.2. Дамыған елдердің банк жүйесiндегi орталық банктеріне және қазiргi кезеңдегi қазақстан республикасына шолу..............................................................11
ІІ БӨЛІМ. Орталық банктердің экономиканы реттеуі және қаржы жүйелерiндегі алатын орны
2.1. Дамыған елдер мен Қазақстанның орталық банктерiнiң ақша – несие саясатына анализ жасау.............................................................................................20
III БӨЛІМ. Қазақстан республикасы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
3.1.Қазақстан Республикасының 2010 жылғы макроэкономикалық дамуы және ақша-кредит саясаты..................................................................................................24
3.2.Қазақстан Республикасының 2011 жылға арналған ақша-кредит саясаты....25
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................32
Ақша – несие саясатын (АНС) Еуропалық орталық банктердің жүйесі (ЕОБЖ) жүзеге асырады. ЕОБЖны Еуропалық орталық банктер құрайды. ЕОБЖның ақша-несие саясатын құрастыру мен орындауды Еуропалық орталық банктің Басқарушы кеңесі мен Атқарушы дирекциясы жүзеге асырады. АНСның жалпы бағыттары экономика мен қаржы министрлерінің кеңесімен үйлестіріледі. Еуропалық орталық банк (ЕОБ) тәуелсіз статусқа ие және ресми түрде тек Еуропалық парламенттің алдында есеп береді.
ЕОБның ақша нарығындағы пайыздық қойылымды тұрақтандыру және банктік жүйенің өтімділік құрылымына әсер ету үшін қолданатын АНСның негізгі құралы болып ашық нарықтағы операциялар болып табылады.
АНСның құралдары мен мақсаттарына және ЕОБЖнің қызметіне ( 2008ж мен 2009ж басы) анализ жасау келесі қорытындыға әкеледі: ЕОБЖ еуроны біртіндеп қолма – қолсыз ақша айналымына енгізе алды және бірыңғай ақша нарығын құра алды; ЕОБЖның бұл жетістіктерге жетуі Еуропалық валюталық институт жүргізген айтарлықтай дайындық жұмыстардының нәтижесі болып табылады. ЕОБтің қызметін қиындататын және инфляцияға әкелетін факторларды атап өткен дұрыс: ЭВС тың экономикалық дамуы АҚШқа қарағанда төмен болуы, еуроның әлсізденуіне және әлемдік қаржылық капиталдардың американдық нарықпен шоғырлануына(аккумуляция) әкеледі; Энергетикалық ресурстардың бағаларының жоғарылығы және Азиядағы жаңа қаржылық кризистың болу қаупі. [3] Осы факторлар ЕОБның валюта бағамын қолдауға ерекше көңіл бөлу керектікігінің дәлелі.
Əлемдік экономикада дағдарысқа қарсы шаралардың əсер етуі жəне əлемдік сауданың өсуі есебінен 2009 жылдың екінші жартысынан басталған экономикалық өсудің қайта қалпына келу үдерістерінің жаппай жалғасқандығы байқалады. ХВҚ деректері бойынша əлемдік экономика 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында 5,25% өсуді көрсетті, оған дамушы елдердің экономикалары барынша үлес қосты (1-график). Өнеркəсіп өндірісі мен сауда осы кезеңде сəйкесінше 15%-ға жəне 40%-дан астам ұлғайды. (2-график)
1-график 2-график
2006 – 2007 ж валюта нарығында АҚШ долларының әлсізденуі, еуро, ағылшындық фунт стерлингтің қатаюы байқалды. 2008ж екінші жартысында экономикалардың өсуі тоқтады. Еуропа мен Жапонияда өсудің тоқтауын ұлттық валютаның күшеюі мен инвестициялардың азаюуымен себептестіреді. Жапонияда жəне Еуроаймақта экономиканың өсуі дағдарысқа дейінгі деңгейлерге əлі жеткен жоқ жəне сыртқы сұранысқа тəуелді күйінде қалып отыр. Фискалды ынталандырулардың жəне халықаралық сауданың өсуінің арқасында Жапонияның экономикасы 2009 жылдың екінші тоқсанынан бастап қайта қалпына келе бастады, 2010 жылдың басында өсуі күшейе түсті. Екінші тоқсанда, АҚШ-та өсудің баяулауы жəне еуропалық нарықтардың құбылмалылығынан қауіпсіз орынды іздеген капиталдың ағынынан йенаның нығаюы аясында Жапонияның экспорты жəне тиісінше өсуі қысқарды. Германия экономикасы жетекшілігімен Еуроаймақ қайта қалыпқа келудің айтарлықтай қарқынын турбулентті көктемгі кезеңнен кейін, 2010 жылдың екінші тоқсанынан бастап қана көрсете бастады. Еуропа аймағының кредиттік белсенділікке тəуелділігі ішкі сұраныстың шектелуін айқындайды, себебі банктер белгісіз ахуалда кредиттер беруге қатысты аса сақтық таныта бастады. Сатылатын тауарлар секторына қолдау көрсеткен еуроның өткен жоғарғы шектерден едəуір арзандауы жəне инвестициялардың өсуінің тұрақты қалпына келуі Еуропа экономикасы үшін оң факторлар болды.
2008 жылы АҚШ та өсудің тоқтауы «sub-prime» ипотека кризисімен және соның натижесінде болған тұтыну сенімділігінің төмендеуімен байланыстырылады (4-график).
(4-график) http://www.nationalbank.kz
Сонымен
қоса, АҚШ тың ипотекалық қарыздар
нарығындағы дағдарыс локалдықтан
ғаламдыққа өсіп кетті. Осы себептердің
арқасында әлемдік қаржы
АҚШ Федералды резервті жүйесі, Еуропалық орталық банкі кризиске қарсы тұру үшін несиелік интервенцияны өткізді. Ол өз елдерінің банктік жүйесінің өтімділігіне жәрдемдесу үшін жасалды. Негiзiнен, әлемдiк экономика құбылмалылық уақытына кiрдi. Жағдайдың уақытша тұрақтануына қарамастан әлемнің ірі банктері ипотекалық қарыз берумен байланысты бағалы қағаздарға инвестицияланған активтерді шығарып салуды жалғастыруда. (АҚШ, еуроодақ, Ұлыбритания, Канадалық және Швейцария) 2007 жылдың желтоқсанындағы әлемнiң дамыған елдерiнiң орталық банктерi өтiмдiлік дағдарысынан шығу үшін күш-жiгердi бiрiктiру туралы жариялады.[4]
Кризистің салдары ретінде инфляция деңгейінің өсуі болды. Осылай, АҚШ тың жылдық инфляция деңгейі 2008ж 2,5%дан, 2009ж 4,3% дейін өсті, Еуроаумағында 1,9%дан 3,1%дейін, соның ішінде Германияда 1,4%дан 3,1% дейін.
Қазақстан экономикасы бойынша болжамдар оң көріністе. ХВҚ экономикалық өсу бағасын 2010 жылы 4-тен 5,4%-ға дейін көтерді жəне оны 2011 жылы 5% көлемінде болжап отыр. ЕҚДБ жəне Сити Банк оған қарағанда сенімдірек жəне өсуді 5%-дан аса болады (тиісінше 5,3 жəне 5,5%) деп күтеді, ал Ренессанс Капитал жəне АТФ Банкі Қазақстан экономикасының нақты өсуін тиісінше 3,7 жəне 4,5% болады деп күтеді. Қазақстан экономикасы дамуының композиттік басым индикаторы (КБИ) Қазақстан экономикасында 2011 жылы қайта қалыпқа келу үдерістерінің жалғасатындығын көрсетеді (3-график). КБИ-дің экономиканың рецессиядан
3-график
шамамен бір жылдық лагпен шығуының жаңа нүктесін дəл айқындап бергенін атап өткен жөн. КБИ-дің ағымдағы мəндері айтарлықтай сыртқы күйзелістер болмаған жағдайда 2011 жылдың аяғына қарай Қазақстан экономикасының өзін-өзі қалпына келтіретіндей өсуге шығу керектігін білдіреді. Композиттік басым индикатор (КБИ) 5 сандық индекс: мұнай бағасының индексі, АҚШ-тың іскерлік белсенділігінің композиттік индексі, IFO World Economic Survey, М2 ақша массасы индексі, активтер бағасының индексі; жəне ҚРСА корпоративтік сұратуларының негізінде өнеркəсіп өнімі, түпкілікті өнімге жəне тауар қорларына сұраныстың өсуінің күтілуін сипаттайтын 3 сандық көрсеткіш негізінде құрылған. Экономика дамуының ағымдағы динамикасын сипаттайтын композиттік сəйкес келу индексі (КСИ) 4 индекс: өндіріс индексі, жұмыспен қамту индексі, нақты жалақы индексі, сауда көлемінің индексі негізінде құрылған (Дерек көзі: Ұлттық талдамалық орталық).
III БӨЛІМ. Қазақстан республикасы ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары
3.1. Қазақстан Республикасының 2010 жылғы макроэкономикалық дамуы және ақша-кредит саясаты
2010 жылы
елімізде бағалардың
Қазақстан Республикасы ақша-кредит саясатының шаралары еліміздің тұтыну нарығындағы тұрақтылықты сақтап қалуға мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағасы бойынша жылдық инфляция 2010 жылдың қорытындысы бойынша 6-8% шегінде белгіленген мақсатты дәліздің жоғарғы шегіне жақын қалыптасады.
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары,
сондай-ақ қазақстандық экспорттың негізгі
баға ұстанымына қолайлы баға конъюнктурасы
ішкі валюта нарығындағы тұрақты
ахуалдың сақталуына ықпал етті. Осындай
жағдайларда 2010 жылғы 5 ақпаннан бастап
Қазақстан Республикасының
2010 жыл
ішінде теңгенің АҚШ долларына
қатысты айырбастау бағамы
2010 жылы
Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің пайыздық
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкаралық нарықтағы басымдықпен қатысуын ескере отырып, нарықтың осы бөлігіндегі нарықтық қатынастар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ставкалары дәлізінің төменгі шегіне жақын шектерде қалды, бұл, көбіне, нарыққа қатысушылардың төмен белсенділігімен және өтімділіктің шектен тыс болуымен байланысты болды.
Ақша
нарығындағы қысқа мерзімді өтімділікті
Қазақстан Республикасының
Сыртқы
берешектерін қайта құрылымдау барысындағы
жекелеген банктердің сұратуы бойынша
Қазақстан Республикасының
Ең төменгі
резервтік талаптардың
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дағдарысқа қарсы шараларының, сондай-ақ әлемдік шикізат нарықтарындағы қолайлы ахуалдың арқасында 2010 жылы елдегі экономикалық өсудің қалпына келуі жалғасты. Бұл ретте орта мерзімді перспективада ЖІӨ-нің өсу қарқындары қалыпты болатын болады. Сонымен қатар әлемдік экономиканың дамуына қатысты белгісіздік те азаяды деп күтілуде.
3.2. Қазақстан республикасының 2011 жылға арналған ақша-кредит саясаты 2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және қалыптасып отырған макроэкономикалық алғышарттарға бара-бар жылдық инфляцияның төмен деңгейін ұстап тұруға бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-кредит саясатының негізгі мақсатын баға тұрақтылығы деп айқындағанына қарамастан, инфляциялық таргеттеу ұстанымдарына көшу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының құралдары ретінде пайыздық ставкалардың тиімділігін көтеруге байланысты анағұрлым ұзақ болашаққа көшіріледі. Ақша-кредит саясаты құралдарының тиімділігін жетілдіру мен көтеру және қабылданған шаралардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын бұдан әрі күшейту бойынша жұмыс жалғастырылады.
Теңгенің айырбастау бағамы ауытқуының белгіленген дәлізінің қолданысы аяқталған соң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарылатын өзгермелі валюта бағамы режиміне көшеді. Бұл ұлттық валютаның тұрақтылығымен байланысты, оған әлемдік нарықтағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына қолайлы баға конъюнктурасы және төлем балансының жай-күйі ықпал етеді. Орта мерзімді кезеңде теңгенің құнсыздануы үшін түбегейлі алғышарттар жоқ. Оған қоса, экономика дамуының 2 және 3 сценарийлерін іске асыру кезінде төлем балансының оң сальдосына байланысты ұлттық валютаның нығаю мүмкіндігі жоғары.
Бұл ретте
басқарылатын өзгермелі валюта бағамы
режиміне көшу Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкін ұлттық валютаның тұрақтылығын
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемеден
босатпайды. Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің шаралары үнемі өзгеріп
отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында
отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігіне
теріс әсер етуі мүмкін ұлттық валютаның
нақты бағамының біршама
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық
саясаты нарық ставкаларын
Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің негізгі
күш-жігері банктердің өтімділігін
алып тастау жүзеге асырылатын ставкалар
дәлізінің төменгі шекарасын (Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылатын
банктердің депозиттері бойынша
ставкалар) анағұрлым икемді реттеуге
шоғырландырылады. Оған қоса, ставкалар
дәлізінің төменгі шекарасын
өзгерту орта мерзімді кезеңге болжанатын
инфляцияның динамикасымен
2011 жылы
Қазақстан Республикасының
Қажет болғанда,
Қазақстан Республикасының
2011 жылы
Қазақстан Республикасының
Информация о работе Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі