Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:38, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi. Қазiргi кездегі орталық банктер мемлекеттердiң қаржы және экономикалық жүйелерiнде маңызды орын алады. Бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігінде сөз жоқ, себебі кез келген елдің несие жүйесiнiң ядросын банк жүйесі құрайды. Орталық банк несие ұйымдарының қызметтерiн басқаратын бiртұтас орган болып табылады. Бірақ ол тікелей әсерін тек қана банктiк мекемелерге көрсете алады, өзгеге – тек қана жанама түрде жүргізеді. Айналысқа ақша массасын шығару – Орталық банктердiң қызметiнiң өте маңызды бағыттарының бiрi. Банк жүйесінің қалыптасуының ерте кезеңдерінде эмиссияны Орталық банктермен қатар коммерциялық банктер бiрге жүзеге асырған. Кейінірек эмиссияға деген ерекше құқықты тек Орталық банктер атқарды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I БӨЛІМ. Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі
1.1. Орталық банктердің мәні, функциялары және түпкі мақсаты.........................4
1.2. Дамыған елдердің банк жүйесiндегi орталық банктеріне және қазiргi кезеңдегi қазақстан республикасына шолу..............................................................11
ІІ БӨЛІМ. Орталық банктердің экономиканы реттеуі және қаржы жүйелерiндегі алатын орны
2.1. Дамыған елдер мен Қазақстанның орталық банктерiнiң ақша – несие саясатына анализ жасау.............................................................................................20
III БӨЛІМ. Қазақстан республикасы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
3.1.Қазақстан Республикасының 2010 жылғы макроэкономикалық дамуы және ақша-кредит саясаты..................................................................................................24
3.2.Қазақстан Республикасының 2011 жылға арналған ақша-кредит саясаты....25
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................32
Федералды
резервтiк жүйенің қызметі
Қысқаша
айтқанда, Федералды резервтiк жүйе
өз саясатын дефляция мен инфляциялық
процесстермен күресуге бағыттайды.
Соңғы инстанциядағы несие
Мықты қаржы құрылымын ұйымдастыру несие - ақша саясатының тиімділігі мен экономиканың дамуының алғышарты болып табылады. Сондықтан Федералды резервтiк жүйеге көптеген бақылау және реттейтiн функциялар табысталған. Мысалы, ол бағалы қағаздарды сату мен сатып алуға қатысты берілетін несиелердің санына жауапты, АҚШ банктерiнің шетелдегі қызметiн және шетелдiк банктердiң қызметін реттейді.
Банктік холдингтік компаниялардың қызметін бақылайтын заңдардың орындалуын қадағалайды, штаттар деңгейінде тіркелген және ФРЖ мүшесі болатын банктерді бақылайды, тұтынушылардың мүдделерін қорғайтын ережелерді бекітеді.
АҚШтың тәуелсiз орталық банкiсі бар екендігі бәріне мәлім. Федералды резервтiк жүйенiң шешiмдерiн Президент немесе үкiмет бөлiмiнің кез келген қызметкерi ратификациялауға құқығы жоқ. Бірақ ФРЖ өзінің саясаты үшін Конгресстiң алдында және барлық халықтың алдында жауапқа жүктеледі. ФРЖның басшылар кеңесiне және төраға мен вице төрағаны тағайындау президентпен жүзеге асырылады (Сенаттың рұқсатымен). ФРЖ мен өкіметтің қызметі ортақ экономикалық және қаржылық саясатты көздейді, бұл жағдайларды есепке ала отыра бұл жүйенi "Үкіметтің ішіндегі тәуелсiз мекеме" деп айқынырақ сипаттауға болар едi. ФРЖ үкіметтің ішіндегі (саясатты анықтайтын) топтармен үнемі байланыста болады. ФРЖ өкілі ретінде басқарушылар Кеңесінің меңгерушісі болып табылады. Ол Конгресстiң тиiстi комитеттерiнiң алдында ФРЖ саясаты, жүйенің экономикадағы жағдайға қатысты көзқарасы, қаржы және басқа сұрақтар бойынша есеп береді. Үкіметтің және федералды ведомствалардың құнды қағаздарымен жасалатын келісімдер депозиттік мекемелердің резервті қорларын үлкейтеді немесе кішірейтеді. Сонымен бiрге комитет операцияларға рұқсат береді және оған шетелдiк валюталардың нарықтарында басшылық етеді. Комитеттің құрамына басшылар Кеңесінің 7 мүшесі және 5 резервтік банктердiң президенттерi кiредi. ФРЖның басқа функциялары 12 Федералды резервтік банктердің желісі арқылы iске асады. Резервтік банктердiң филиалдары 25 қалада ұйымдастырылған. Әрбiр резервтік банктің өзінің Кеңесі бар. Ол банктың қызметкері болып табылмайтын, сырттан келген 9 директор тұрады. Заң бойынша әрбір ауданның ФРЖ банк-мүшесі, А класына жататын 3 директор (ФРЖ банктер-мүшесінің өкілі) және Б класына жататын 3 директор сайлайды. Басқарушылар кеңесі тағы 3 С класының директорын сайлайды. Б мен С класы қоғам өкілдері болып табылады
ФРБтің негізгі кіріс көзі – жүйенің бағалы қағаздарға қатысты салымдарының проценттері және депозиттік мекемелерге беретін ссуданың проценттері.
Франция банкi
Орталық
банктiң кұрылу процессi
Францияның несие жүйесінің орталығында Франция банкі орналасады. Франция банкi регламенттердi өз бетінше қабылдап және кәсіби қызметіне байланысты нормаларды шығаруға құқығы бар. Франция банкі несие саясатын дайындауға және шараларды іске асыруға өкіметпен бірге қатысады.
Қазіргі кезде Франция банкі несиелік мекемелер мен жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банк ретінде емес, «банктердің банкісі» ретінде қызмет етеді. Оның басты клиенттері үкімет пен банктер. Бірақ бұған қарамастан, заңнамада жеке тұлғаларға қызмет көрсету рұқсат беріледі.
Франция банкісінде бүкіл әкімшілік биліктің орталықтандырылуы басқарушыға жүктеледі. Басқарушы мен оның орынбасары Министрлер Кеңесінің декреті болып сайланады. Басқарушы республика Президентінің алдында ант береді. Жылына бір рет немесе керек болған жағдайда бірнеше рет басқарушы Франция банкісінің операциялары жайында Президентке есеп береді. Басқарушы банктің барлық қатынастарында өкілдік етеді және Франция банкінің атынан келісім шарттар мен мәмілелерге қол қою ерекше құқығына ие. Басқарушы Басты кеңесте басшылық етеді және оның күнтізбесін анықтайды. Басты кеңестің құрамына басқарушылар мен олардың орынбасарларынан бөлек, франция азматтығы бар 10 кеңесші және экономика, қаржы, бюджет министрлерімен тағайындалатын қаржы инспекторы мен оның орынбасары кіреді. Оның ішінде 9 кеңесшіні Министрлер Кеңесінің декреті сайлайды, ал біреуін банк қызметкерлері арасында өткізілетін құпия сайлау өткізу арқылы сайлайды. Басты кеңестің құзырына келесілер кіреді: банкті басқарудың жалпы сұрақтарын қарастыру, бюджетті қабылдау және оған өзгерістер енгізу, баланстық бухгалтерлік есепті бекіту және басқа функциялар.
Басты кеңестің шешімі қабылданды деп танылады, егер оған 7 мүшесі дауыс берсе. Егер қаржы инспекторы қарсылығын білдірмесе, ол біржолата қабылданады. Кері жағдайда ол мәселені қайта қаралуға жібереді. Басты кеңестің бірде бір шешімі басқарушының келісімінсіз жүзеге асырылмайды. Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отыра Франция банкінің атқарушы өкіметке тәуелділігі байқалады.
Франция банкі шетелдердегі банктік операцияларға қадағалау жасайды. Банктік операцияларға қатысатын жеке және заңды тұлғалар, сонымен қоса несие мекемелері ай сайын жасалатын операциялары туралы декларацияны беріп отыру керек.
Франция банкі елдің ақша белгілерін шығаратын жалғыз банк. Ол Қазынашылық пен несиелік мекемелер арқылы ақшаны айналымға шығарады. Жыл сайын Франция банкі 600 млн жуық қағаз ақшаларды айналысқа енгізеді және сонша ақшаны айналыстан шығарады.
Орталық банк алтын валюта резервтерін сақтаушы ролін атқарады.
Орталық банктің Франция экономикасын ақша – несиелік реттеудегі негізгі әдістері:
Орталық банк қазыналық бон, облигациялар мен басқа да бағалы қағаздарының эмиссиялауына қатысады.Олар 5 жылға дейінгі мерзімге шығарылады.
Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының Орталық
Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің негізгі міндеті- Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай қосымша жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялану мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік жасау және жүзеге асыру;
- Ақша – несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау және негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық
банкі жұмысының негізгі
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне бағынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығдағы нисиелік, есеп айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-несиелік реттеудің әдістерінің формаларын талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Қазақстан Ұлттық банк төмендегідей қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан респубилкасының мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан аумағында банкноталар мен монеталар айналысқа шығарушы жалғыз болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қырызына қызмет корсетуге қытысады;
- Қазақстан Республикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын, өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
- Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының, оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді, әрі пруденциялық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Республикасында ресми мөлшермелерді өзгерту арқылы пайыз мөлшермелердінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Республикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз мөлшермелерін өзгертуге құқықтар береді;
- Қазақстан Республикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және нысандарын анықтайды, қазақстандық теңгемен банкаралық есеп айырысулардың мезгілінде және ұзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
- Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың орындалуын бақылайды.
- Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге, шетелдік валютаны сатып алу, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға бухгалтерлік, статистикалық тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын және мерзімін бекітеді;
- Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды реттеу мақсатында бекіте алады;
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
- Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды, сақтандыру және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен монелардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты түрде жариялайды;
- Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
- Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз шегеру құқына ие;
- Қазақстан Республикасындағы банктер жүйесіне қадрларды дайындауға қатысады;
Сирек жағдайларда
мемлекеттік бюджеттің
Қазақстан
Республикасының заңдарына
2.1. Қазақстан мен Дамыған елдердің Орталық банктерінің ақша-несие саясатына анализ.
Қазіргі кездегі әлемдік экономикалық қатынастарды интеграциялық процестердің дамуымен сипаттауға болады. Оған мысал ретінде бірыңғай ақша айналысысын құру мен реттеуді және еуропа аймағындағы валюта интеграциясын жатқызуға болады.
Информация о работе Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі