Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:38, курсовая работа
Курстық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi. Қазiргi кездегі орталық банктер мемлекеттердiң қаржы және экономикалық жүйелерiнде маңызды орын алады. Бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігінде сөз жоқ, себебі кез келген елдің несие жүйесiнiң ядросын банк жүйесі құрайды. Орталық банк несие ұйымдарының қызметтерiн басқаратын бiртұтас орган болып табылады. Бірақ ол тікелей әсерін тек қана банктiк мекемелерге көрсете алады, өзгеге – тек қана жанама түрде жүргізеді. Айналысқа ақша массасын шығару – Орталық банктердiң қызметiнiң өте маңызды бағыттарының бiрi. Банк жүйесінің қалыптасуының ерте кезеңдерінде эмиссияны Орталық банктермен қатар коммерциялық банктер бiрге жүзеге асырған. Кейінірек эмиссияға деген ерекше құқықты тек Орталық банктер атқарды.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I БӨЛІМ. Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі
1.1. Орталық банктердің мәні, функциялары және түпкі мақсаты.........................4
1.2. Дамыған елдердің банк жүйесiндегi орталық банктеріне және қазiргi кезеңдегi қазақстан республикасына шолу..............................................................11
ІІ БӨЛІМ. Орталық банктердің экономиканы реттеуі және қаржы жүйелерiндегі алатын орны
2.1. Дамыған елдер мен Қазақстанның орталық банктерiнiң ақша – несие саясатына анализ жасау.............................................................................................20
III БӨЛІМ. Қазақстан республикасы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
3.1.Қазақстан Республикасының 2010 жылғы макроэкономикалық дамуы және ақша-кредит саясаты..................................................................................................24
3.2.Қазақстан Республикасының 2011 жылға арналған ақша-кредит саясаты....25
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................32
Жоспар
КІРІСПЕ.......................
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I БӨЛІМ. Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі
1.1. Орталық
банктердің мәні, функциялары және түпкі
мақсаты.......................
1.2. Дамыған
елдердің банк жүйесiндегi орталық банктеріне
және қазiргi кезеңдегi қазақстан республикасына
шолу..........................
ІІ БӨЛІМ. Орталық банктердің экономиканы реттеуі және қаржы жүйелерiндегі алатын орны
2.1. Дамыған
елдер мен Қазақстанның орталық банктерiнiң
ақша – несие саясатына анализ жасау.........................
III БӨЛІМ. Қазақстан республикасы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
3.1.Қазақстан
Республикасының 2010 жылғы макроэкономикалық
дамуы және ақша-кредит саясаты.......................
3.2.Қазақстан Республикасының 2011 жылға арналған ақша-кредит саясаты....25
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi. Қазiргi кездегі орталық банктер мемлекеттердiң қаржы және экономикалық жүйелерiнде маңызды орын алады. Бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігінде сөз жоқ, себебі кез келген елдің несие жүйесiнiң ядросын банк жүйесі құрайды. Орталық банк несие ұйымдарының қызметтерiн басқаратын бiртұтас орган болып табылады. Бірақ ол тікелей әсерін тек қана банктiк мекемелерге көрсете алады, өзгеге – тек қана жанама түрде жүргізеді. Айналысқа ақша массасын шығару – Орталық банктердiң қызметiнiң өте маңызды бағыттарының бiрi. Банк жүйесінің қалыптасуының ерте кезеңдерінде эмиссияны Орталық банктермен қатар коммерциялық банктер бiрге жүзеге асырған. Кейінірек эмиссияға деген ерекше құқықты тек Орталық банктер атқарды. Орталық банктердің қазiргi кездегі үлгісінің баға динамикасына әсер ету мүмкіндіктері мол, сонымен бiрге жалпы экономикалық жүйеге, ақша массасын азайту немесе үлкейту арқылы, ықпал жасай алады. Сонымен қоса, банк жүйесiнің тұрақты қызметі үшiн жағдай жасауда Орталық банктердің мәнi зор. Тарихи тұрғыда, қызметтiң бұл түрі – қиын жағдайда қалған банктерге үкiмет тарапынан саналы түрде көмек көрсету қажеттiлiгінен пайда болды, және ол соңғы инстанциядағы несие берушінің функциясы (the lender of last resort ) атауын алды. Бұл функциямен қоса Орталық банктер өз қарыздарларының қызметіне ережелерді анықтайды және оларды бақылау құзыретіне ие, яғни банк жүйесiн реттеуге құқылы. Дамыған елдердiң орталық банктерінің келесідей өкілеттіктері бар: банктік қадағалауды жүзеге асыруға немесе оған қатысу, банктiң қызметiн лицензиялауға, банктiк саладағы қатынастарды реттейтiн, сөзсiз орындалуы тиіс ережелерді қабылдауға. Орталық банктер инфляциямен күресте демек, тұрақты экономикалық өсу үшiн жағдай жасауда маңызды рөлдердi ойнайды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Дамыған елдердiң Орталық банктерiнің қызметін, олардың ақша-несие саясатын зерттеу болып табылады.
Зерттеу нысаны. Дамыған елдердiң Орталық банктерiнiң қызметi.
Зерттеу пәні. Дамыған елдердiң ақша-несие саясатын реттеу және жүзеге асыру құралы ретіндегі Орталық банктердiң құрылымы және әдістері болып табылады.
Зерттеудің әдiстемелiк базасы ретінде отандық және шетел ғалымдарының Орталық банктердiң қызметi туралы еңбектерi болып табылады. Осы жұмысты жазу үшiн ақпарат көздерiнің келесідей түрлері қолданылды: базалық оқу әдебиеті, қарастырылған саладағы әр түрлi авторлардың теориялық еңбектерi, журналдар мен арнайы баспалардағы мақалалар және шолулар т.б. Курстық жұмыстың құрылымы 3 тараудан және тақырыпты ашуға бағытталған бiрнеше бөлімдерден тұрады.
Орталық банктердiң қазiргi кездегі құрылымы салыстырмалы түрде жақында пайда болды. Капитализм дамуының ерте кезеңінде орталық (эмиссиялық) және коммерциялық банктердiң арасында айқын айырмашылықтар болмады. Коммерциялық банктер капиталды жинақтау үшiн банкноталарды белсенді түрде шығарып отырған. Несие жүйесi дами келе бiрнеше iрi коммерциялық банктерде банктiк эмиссияның орталықтану процесі орын алды. Бұл процесстiң қорытындысы ретінде банкноталардың монополиялық шығару құқығын жалғыз бiр банктің атына бекiту болды. Мұндай банк бастапқыда эмиссиялық немесе ұлттық деп аталды, кейінірек ақша – несие жүйесiнде оның басшылық ететiн жағдайына сәйкес келетiн Орталық деген атқа ие болды.
Бiрiншi ұлттық банк – швед Риксбанкi 1668 жылы феодализмнан капитализмға ауысу барысында пайда болды; 1694 жылы Англия банкі құрылды. Алайда, олар эмиссиялаудың ерекше құқығына ие болмады және қазiргi кездегі орталық банктердiң функцияларынан айырмашылықтары болды. Мысалы, алғашқыда Англия банкi сауда және өнеркәсiптi, ал Нидерланд банкi iшкi және сыртқы сауданы қаржыландыру үшін құрылған болатын. Орталық банктердiң қазiргi үлгісі XIX ғасырларда пайда болды. Қазiргі уақытта әлемнің барлық елдерінде орталық банктер бар, алайда, олардың арасында айырмашылықтардың болуы елдің саяси және қаржылай-экономикалық дамуының ерекшелiктерiмен байланысты. Орталық банктер - несие жүйесiнiң бiрiншi деңгейi. Орталық банктердiң басты мiндетi – ақша–несие жүйесінiң орнықтылығын және коммерциялық банктердiң тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету. Орталық банктердiң негiзгi функциясы – мемлекеттiң монетарлық саясатын iске асыру. Орталық банктер меншiктiң түрі бойынша мемлекеттiк, акционерлiк және аралас болып бөлінеді. Мемлекеттiк орталық банктердiң өкiлдерi - Немiс федералды банкi (Германия бундесбангi), Англия банкi, Франция банкi, акционерлiк Орталық банкі - АҚШ Федералды резервтiк жүйесi болып табылады.
I. Дамыған елдердегі орталық банктердің қызметi.
1.1.Орталық банктердiң мәні, түпкi мақсаттары.
Орталық банктерге деген қажеттілiк бұдан үш жүз жыл бұрын (алғашқы орталық банктердiң бiрi – Швед Риксбанкi 1668 жылы құрылған) феодализмнан капитализмға өту барысында тауар – ақша қатынастарының дамуымен байланысты пайда болды. XX ғасырда орталық банктiң елдегі шаруашылық айналымындағы қызметінің мәнін түсiну керек болды. 1920 жылы Брюсселде болған Халықаралық қаржы конференциясында «Орталық банкісі жоқ мемлекеттерде оны құру керек» деген қорытынды жасалады.[1] Орталық банктер жай банктiк (коммерциялық ) мекемелер және мемлекеттiк мекемелерге тән сипатқа ие болды. Басқа мемлекеттiк құрылымдарға қарағанда Орталық банктің өз бетінше тәуелсiз қызмет ету деңгейi жоғары. Көбiнесе ол парламентке немесе парламенттің арнайы тағайындалған комиссиясының алдында тiкелей жауапты.
Орталық банктiң жетекшiсiн мемлекет басшысы немесе парламент тағайындайды. Дамыған елдердің заңнамасына сәйкес бұл жоғарғы лауазымға Үкімет өз кандидатурасын ұсынуға құқылы. Әдетте Орталық банк ерекше өкілеттікке ие акционерлік қоғам ретінде құрылады. Көп жағдайда оның капиталы мемлекетке тиесілі болады, бірақ орталық банктің акционері ретінде коммерциялық банктер немесе басқа да қаржылық мекемелер бола алады[1]
Әр елдің Орталық банкісiнің еркіндік дәрежесi бірдей бола бермейді, мысалы, барынша тәуелсiз Немiс Федералды банкiсі және үкiметке толық тәуелдi болатын Франция банкі. Англия банкі бұл қатарда аралық орында орналасады. Орталық банктер ерекше мәртебесі бар заңды тұлға болып табылады. Банкке тиісті мүлік мемлекеттiң мүлігінен жеке болып табылады. Ресми түрде ол мүлік мемлекеттiң жеке меншiгінде болғанымен, Орталық банк оған иелiк ете алады.
Дамыған
елдердiң орталық банктерiнiң
Әдетте Орталық банк акционерлiк қоғам формасында жасалады. Оның капиталы мемлекетке (Франция, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды және Испания) тиесілі болады. Егер мемлекет капиталдың тек қана бiр бөлiгiне иелік етсе (Бельгия, Жапония), Орталық банктiң акционерлерi ретінде коммерциялық банктер (АҚШ) немесе басқа да қаржы мекемелерi болса (Италия), әйтсе де, мемлекет орталық банктiң басқару органдарын құруда басты рөлдi ойнайды.[1]
Мемлекеттiк өкiмет органдары мен Орталық банктердің өзара байланысының формасы және мазмұны әр елде айтарлықтай өзгешеленедi. Осындай өзара әрекеттесулерді шартты түрде екi модельге ажыратуға болады:
• Орталық банк қаржы министрлiгiнiң агенті ретінде және оның ақша-несие саясатындағы жолбасшысы ретінде болады
• Орталық
банк үкіметтен тәуелсiз
Бірақ, іс жүзінде бұл модельдер таза түрінде жұмыс iстемейдi. Елдердiң көпшiлiгiнде аралық модель қолданылады, оған сәйкес орталық банктер, белгілі бір деңгейдегі еркіндікке ие бола отырып, атқарушы билікпен өзара әрекеттеседі. Парламентке Орталық банктердiң бағынуы тек 5 елдiң заңнамасында - АҚШ, Германия, Швейцария, Швеция және Голландия - ескерiлген. Мемлекеттердiң көпшiлiгiнде Орталық банктер қазынашылыққа немесе қаржы министрлiгiнің алдында жауапты. Ұлыбританияда, Франция, Италияда және басқа да дамыған елдердің қаржы министрлiктері Орталық банктерге нұсқау беруге өкiлеттi болып келеді, дегенмен мұндай жағдайлар iс жүзiнде сирек болады. Әдетте, консенсусқа үкiмет, кәсiпкерлер мен банкирлер одақтарының мәжiлiстерiнде жетедi және ол қаржы министрлiгi мен Орталық банктің өкiлдерiнің бiрлескен мәлімдеме беру кезінде көрініс табады.[9]
Қаржы министрлiгi мен Орталық банк арасында орын алған келіспеушіліктер тек қана әкiмшiлiк жолмен шешімін табады, яғни оны Парламенттың резолюциясы немесе үкiметтiң шешiмi арқылы келісімін табады. Бірнеше Елдердің заңнамасында Орталық банктердiң парламенттiң алдында есеп беруi ескерiлген. Осылай, АҚШ федералды резервтiк жүйесi (ФРЖ) жылына 2 рет өз қызметiнің нәтижелері туралы АҚШ конгрессiне есеп береді, Германия мемлекетінің орталық банкi жыл сайын парламентке есеп беріп отырады.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде екi деңгейлi банк жүйесі қызмет жасайды. Жүйенiң жоғарғы деңгейiнде Орталық банк (эмиссиялық), ал төменгi деңгейде коммерциялық банктер орналасқан. Өз кезегінде Коммециялық банктер әмбебап және мамандандырылған (инвестициялық банктер, сақтандыру банктерi, қор жинау банктерi, тұтынушылық кредит банктерi, салалық банктер, өндiрiс iшiндегi банктер) және банктiк емес несие – қаржы институттары (инвестициялық компаниялар, инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, ломбардтар, трасттық компаниялар) болып бөлінеді. Дамыған елдердiң көпшілігінде орталық банк (эмиссиялық) мемлекет қарамағында болады. Мемлекет ресми түрде Орталық банктің капиталына иелік етпесе (АҚШ, Италия, Швейцария) немесе жартылай иелік етуіне (Бельгия - 50%, Жапония - 55%) қарамастан орталық банк мемлекеттiк орган функциясын орындайды.
Орталық банк банкноталарды шығаруда (эмиссия) монополиялық құқыққа ие. Ол елдің ресми алтын-валюта резервтерiн сақтайды, мемлекеттiк саясаттың несие - ақша саласын және валюталық қатынастарды реттеуді жүргiзедi. Орталық банк мемлекеттiк қарыздарды басқаруға қатысады және мемлекеттiк бюджеттiң кассалық - есеп қызметін жүзеге асырады. Орталық банк несие жүйесiнде «банктердің банкісі» ролін ойнайды, яғни коммерциялық банктер мен басқа да мекемелердің міндетті резервтерін және еркiн қаражатын сақтайды, оларға ссуда береді, «соңғы инстанциядағы несие беруші» ретiнде қызмет атқарады.
Орталық
банктердiң алуан түрлi функцияларының
арасында негiзгiсін ерекшелеу керек.
Ол функцияның көмегінсіз орталық банктiң
басты мiндетiнiң орындалуы
• жиынтық ақша айналымын басқару;
• ақша-несие саласын реттеу;
• несиеге сұраныс пен ұсынысты реттеу.
Бақылау функциялары:
• несие - банк жүйесінің жұмысына бақылау жасау;
• валюталық бақылауды өткiзу.
Қызмет етушi функциялар:
• коммерциялық банктердiң төлем-есеп қатынастарын ұйымдастыру;
•банктiк мекемелер мен үкiметке несие беру;
•үкiметтiң қаржы агентi рөлiн атқару.
Орталық банктердің бәрiне түгел тән ең маңызды реттеуші функциясы ақша-несие саясатын жетілдіру және жүзеге асыру болып табылады.[12] Өткізілетін ақша-несие саясатының сипаты Орталық банктің үкiметке қатысты тәуелсiздiгiнiң дәрежесiне тәуелдi болады, демек, Орталық банк ешқашан үкіметке абсолюттi түрде тәуелді болмайды. Мысалы, ақша массасы агрегаттарының мақсаттық бағдарларының өзгерiсiн, әдетте, тiкелей орталық банктер анықтайды. Бiрақ бір де бiр орталық банк өз бетінше, мемлекеттiң қатысынсыз, валюталық тәртiпті (режим) орната алмайды.
Басқа жағынан қарағанда, соңғы он жылдықта ақша-несие саласында қалыптасқан тенденциялар Орталық банктердiң тәуелсiздiгiнiң күшейуiне мүмкiндiк туғызды. Айта кетсек, капитал қозғалысын либерализациялау және «дерегулирования» процесстерiнің орын алуы нарықтық құралдардың маңыздылығының өсуіне және әкiмшiлiк реттеу әдiстерiнiң азаюына алып келдi. Бұл, өз кезегiнде, регламенттау процедураларының тұқыртуына әкелді және Орталық банктердiң тәуелсiздiгiн нығайтты. Ақша-несие саясатын дайындау және оны өткiзу келесілерден тұрады:
Информация о работе Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі