Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 11:38, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыс тақырыбының өзектiлiгi. Қазiргi кездегі орталық банктер мемлекеттердiң қаржы және экономикалық жүйелерiнде маңызды орын алады. Бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігінде сөз жоқ, себебі кез келген елдің несие жүйесiнiң ядросын банк жүйесі құрайды. Орталық банк несие ұйымдарының қызметтерiн басқаратын бiртұтас орган болып табылады. Бірақ ол тікелей әсерін тек қана банктiк мекемелерге көрсете алады, өзгеге – тек қана жанама түрде жүргізеді. Айналысқа ақша массасын шығару – Орталық банктердiң қызметiнiң өте маңызды бағыттарының бiрi. Банк жүйесінің қалыптасуының ерте кезеңдерінде эмиссияны Орталық банктермен қатар коммерциялық банктер бiрге жүзеге асырған. Кейінірек эмиссияға деген ерекше құқықты тек Орталық банктер атқарды.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

I БӨЛІМ. Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі
1.1. Орталық банктердің мәні, функциялары және түпкі мақсаты.........................4
1.2. Дамыған елдердің банк жүйесiндегi орталық банктеріне және қазiргi кезеңдегi қазақстан республикасына шолу..............................................................11

ІІ БӨЛІМ. Орталық банктердің экономиканы реттеуі және қаржы жүйелерiндегі алатын орны
2.1. Дамыған елдер мен Қазақстанның орталық банктерiнiң ақша – несие саясатына анализ жасау.............................................................................................20

III БӨЛІМ. Қазақстан республикасы ақша-несие саясатының негізгі бағыттары
3.1.Қазақстан Республикасының 2010 жылғы макроэкономикалық дамуы және ақша-кредит саясаты..................................................................................................24
3.2.Қазақстан Республикасының 2011 жылға арналған ақша-кредит саясаты....25

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................................28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................................32

Работа содержит 1 файл

Курсовая.docx

— 1.22 Мб (Скачать)

•ақша-несие саясатын дамыту бағытын анықтау;

•ақша-несие саясатының негiзгi құралдарын таңдау;

•ақша массасы, қарыздар және жинақтар бойынша статистикалық базасының деректерін жасау және жүргiзу;

•елдің экономикалық және ақша-несие саласындағы проблемаларын зерттеудi өткiзу;

•ақша бағдарламаларын құрастыру және олардың орындалуын бақылау.

Орталық банктiң ең маңызды реттеушi функциясы несие және шетелдiк валютаға сұраныс пен ұсынысты реттеу болып табылады. Ол ақша және валюта нарығындағы интервенция операцияларын өткiзу арқылы iске асады. Орталық банктер несие экспансиясын тежеу мақсатында несие - банк институттарының өтiмдiк деңгейiн төмендету шараларын қолданады, несие экспансиясын кеңейту үшiн қарама-қарсы әрекеттердi жүзеге асырады. Ұқсас сипатқа валюта нарығындағы интервенция операциялары ие болады. [3] Несие – банк жүйесінің қызмет етуіне бақылау жасау Орталық банктің маңызды функцияларының бірі. Мұндай бақылау жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Ал өз кезегінде Ұлттық ақша бірлігіне сенiмді орнықтыру үшін несие - банктiк институттар тиiмдi  және тұрақты жұмыс iстеу керек.

Әдетте, несие - банк жүйесін қадағалауды  тiкелей орталық банктер жүзеге асырады, дегенмен Бельгия, Германия, Швейцария және Жапония мемлекеттерінде қадағалау органдары орталық банктен институционалды түрде бөлiнген. Бірақ оған қарамастан, Орталық банктер  олардың қызметiне араласу немесе консультациялық қызмет көрсету арқылы олармен тығыз байланыста болады. Басқа елдерде Орталық банктер басқа институттармен бiрлесе отырып несие - банктiк мекемелердiң қызметiн бақылайды. Мысалы, АҚШ-тың ФРЖ қызметтерге бақылауды депозиттердi сақтандыру Федералды корпорациясы, ақша айналымын бақылау Қызметi, штаттардың уәкiлеттi органдарымен бiрлесе отырып жүргізеді.[7]

Валюталық бақылау және валюталық реттеудi жүзеге асыру Орталық банктiң  маңызды бақылау функцияларының бірі болып табылады. Валюталық бақылау  және валюталық реттеудiң қатаңдылық деңгейі ең алдымен елдің жалпы  валюта - экономикалық жағдайына тәуелдi болады. Осылай, дамушы елдерде сыртқы төлемдер мен есептеулерге жататын кең аядағы операциялар бақылау жасауды қажет етеді. Бұл шетелдiк валютаның жұмсауын регламенттеу қажеттiлiгiмен шартталған. Керiсiнше, қазіргі кезде экономикалық қатынаста дамыған елдер валюталық бақылауды либерализациялау жолымен жүріп келеді. Қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақша арқылы есептесу жүйесiнің үзiлiссiз жұмыс жасауын қамтамасыз ету - орталық банктiң қызмет көрсету функцияларының бiрi.

Бастапқыда  бұл саладағы Орталық банктiң  қызметi қағаз-ақша таңбаларын айналымға  шығарумен шектелетін. Кейіннен, қолма-қолсыз ақшалардың даму шамасына байланысты Орталық банк төлем-есеп қатынастарының  ұйымдастырушысы және қатысушысы ролiн ойнай бастады. Ақша қаражаты ағымының ортасында орналасқандықтан, Орталық банктер қолма-қолсыз есептер мен төлемдердiң механизмінің тез және үзiлiссiз жұмыс жасауын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қоса, Орталық банктердің төлем жүйелерiне тiкелей қатысуы міндетті болып табылмайды, кейбiр Орталық банктер бұл жүйелердiң қызметiне бақылаумен шектеледi. Орталық банктiң тағы да бір қызмет етушi функциясы - несие - банктiк институттар мен үкiметке несие беру. Соңғы инстанциядағы несие беруші бола тұра, Орталық банктер қаржы ресурстарға уақытша мұқтаж болып отырған несие - банктiк мекемелерге ссудаларды ұсынады.

Үкіметке  несие беру арқылы Орталық банктер  мемлекеттiк қарыздар мен мемлекеттiк  бюджеттiң тапшылығын қаржыландыруды жүзеге асырады. Бұл әсіресе дамушы елдерде кең қолданылады. Орталық банктiң үкiметке ссудалары олардың активтерiнің қомақты үлесі болып табылады. Керiсiнше, дамыған мемлекеттер бұндай тәжiрибеден қашқақтайды. Сондықтан қазіргі кезде бұл функция негізгілер қатарына емес, қосымшаларға жатқызылады.

Орталық банктiң келесі қызмет етушi функциясы - үкiметтiң қаржы агентiнiң рөлiн орындау, яғни, үкiмет есептерiн жүргiзу және әр түрлi үкiмет мекемелерiнiң активтерiн басқару. Кейбiр елдерде, мысалы, АҚШ-та бұл функцияларды Орталық банктер мен коммерциялық банктер бiрлесiп орындайды. Басқа мемлекеттерде, мысалы, Италияда Орталық банктер iс жүзiнде мемлекеттiк мекемелердiң бухгалтері болып табылады.[1]

Орталық банктiң қосымша функциялары оның басты мiндетiмен (ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын сақтау) тiкелей байланысты емес, бiрақ оны iске асыруға мүмкiндiк туғызады. Бұл функцияларға жатады: мемлекеттiк қарыздарды басқару, аналитикалық зерттеулердi өткiзу және статистикалық деректер қорын жүргiзу, банкноталар жасау және т.б. Әр елдiң Орталық банктерiнде аналитикалық және статистикалық зерттеулерді өткiзу функциялары өзінің сипатына байланысты тым әртүрлі болуы мүмкін. ақша-несие және валюта саясаты төңiрегiндегі зерттеулер төлем баланстарының мәлiметтерiне негiзделедi. Кейбiр елдерде (Белгия, Германия, Франция, Нидерланды, Жапония) бұл орталық банкке жинау функциясы және сондай мәлiметтерге талдау жасау бойынша құқық беруге (делегирование) себепшi болды.

Орталық банктердiң көпшiлiгi экономиканың нақты  секторындағы экономикалық конъюнктураға зерттеулердi жүзеге асырады. Кейбiр орталық банктер (АҚШ федералды резервті банктерi, Жапония банкi, Бельгия ұлттық банкi, Немiс федералды банкi, Франция банкi, Англия банкi және т.б.) өткiзiлген  зерттеулердiң толық нәтижелерiн жариялайды.

Орталық банктердің көбісі кәсiпорындардың қаржылық жағдайларын зерттейді және банктiк тәуекелдер бойынша орталықтандырылған қызметтердi құрады (Бельгия ұлттық банкi, Немiс федералды банкi, Франция банкi, Италия банкi, Испания банкi). Бұдан басқа, Германия, Бельгия, Испания, Италия орталық банктерiнде кәсiпорындар балансының орталықтандырылған деректер қорлары бар.[10]

Барлық  орталық банктердiң мақсаты - банкноталарды айналымға шығару және оның елдiң аумағында айналымын қамтамасыз ету. Сонымен бiрге Орталық банктердің аз бөлігінде ғана (Италия, Ұлыбритания, Бельгия, Испания т.б.) банкноталардың өндiрiсi бойынша арнайы құрылымдық бөлiмшелерi бар.

Кейбір  Орталық банктер банктiк емес клиентурамен байланыстарды жүзеге асырады және қоғамдық қызметтердi ұсынады. Барлық Орталық банктер өз елiнiң қаржы мекемелерiмен, басқа Орталық банктермен және халықаралық қаржы ұйымдарымен корреспонденттiк қатынастарды қолдайды. Алайда, Банктiк емес клиентурамен коммерциялық қатынастар әрдайым екінші кезекте болады.

Орталық банктер ұжымдық пайдалану қызметтерiнiң  нақтылы жиынын  ұсына алады. Банк жүйесiнің қызмет етуін және коммерциялық банктер мен олардың клиентурасының арасындағы қатынастарды жақсарту үшін кейбiр Орталық банктер, жоғарыда айтылып кеткендей, банктiк тәуекелдер бойынша орталықтандырылған қызметтердi құрады, төленбеген векселдерді бақылайды.

Дегенмен, эмиссиялық монополия мен есеп орталығы функцияларының мәнiнiң төмендеуі байқалуда. Оның себебі ақша айналымын модификациялау және электрондық есеп жүйелерiн енгiзумен байланысты. Орталық банктің ақша белгілерін эмиссиялау монополиясы көбінесе тек қана банкноталарға қатысты жүргізіледі. Монетелар мен қазынашылық билеттердің эмиссиясы қазынашылықпен iске асырылады. Батыс елдердегi банкноталардың эмиссиялары қандай да болмасын қатал жоспарлаумен жүргізілмейді. Мысалы, Англия банкi эмиссия кезінде айналымға қолданыста болған ескі ақшаларды шығару арқылы банкноталарды жасауға кететін шығындарын қысқартады. Англия банкi Англия аумағы және Уэльсте банкноталарды шығару монополиялық құқығына ие болады (сонымен қоса олар Шотландияның аумағында және Солтүстік Ирландияда айналымға енгiзе алады). Сонымен бiрге Шотландия мен Солтүстік Ирландияның үш ең iрi коммерциялық банктерiне  банкноталарды шығаруға рұхсат етілген. Бірақ соңғылардың эмиссия құқығы едәуiр дәрежеде шектелген. Олар Англия банкісінде жүз проценттi салымдармен қамтамасыз етілген кезде ғана банкноталарды шығара алады.[5]

 

1.2. Дамыған елдер мен қазіргі кезеңдегі Қазақстан республикасының банк жүйесiндегi Орталық банктерге шолу.

 

Англия  банкi - әлемнiң ең ескi орталық банкi. Бұл институт он жетiншi ғасырдың соңында Англияда құрылған. Ол банкрот болған үкiмет пен қаржыгерлер тобының арасында жасалған мәмiле нәтижесінде пайда болды. 1690 жылдардағы Англия банк жүйесi қарыз қаражаттарынан (заемные средства) несие беретiн банкирлерден және депозиттерге алтындарды қабылдап, сол қаражаттан ссуда беретін зергерлерден тұрды. 1688 жылы азамат соғысы бiттi. Өкiмет басына меркантилизмдік және тонаушылық отарлау саясатын жүргiзетiн саяси партия келдi. Француз империясы Англияға жалғыз мықты қарсылас болған, кейіннен Англия жарты ғасырды қамтитын соғыс ашады.

Милитаризм  саясаты өте шығынды болып  шықты, және 1690 ж Ағылшын үкiметі қазынаның таусылып, ақша жоқтығына тап болады. Көп жыл соғысты көрген адамдарды үкіметтік облигацияларды сатып алуға көндіру мүмкiн емес болып шықты. Сонымен бiрге салық мөлшерлемесін жоғарылату да мүмкiн емес болатын.

Сол кезде 1693 жылы үкiметті қаржыландыру әдiстерiн iздестiретін Қауымдар (Палаты Общин) Палатасы комитетi құрылды. Сол кезде Шотландық қаржыгер Вильям Петерсон өзінің қаржы тобының атынан үкiметке жаңа жоспар ұсынады. Мемлекет тарапынан белгілі бір артықшылықтарға айырбас ретінде, Петерсон жаңа банкноталарды шығара отыра дефициттi жоятын Англия банкiн құруға ұсынды. Осындай түрде мәмiле жасалды. 1694 жылы Парламент Банкті бекiткеннен кейiн тіпті король Вильямның өзі және Парламенттiң кейбір мүшелерi жаңа «ақша фабрикасы»-ның акционері болуға асықты.

Англия  банкi, басқа елдердiң орталық  банктерi сияқты, дәл қазiргі уақытта  өзгеріп отыратын жағдайларға бейімделу үшін жаңа талпыныстарды қажет ететiн қаржы және экономикалық өзгерiстердiң орталығында орналасқан. Бұл олардың функциясын, ұйымдастырылуын және технологияларына маңызды өзгерiстер енгiзу қажеттiлiгін тудырады, сонымен қоса банк аралық кооперация және халықаралық ынтымақтастыққа жаңа көзқарастар мен жолдарды енгізу. Англия банкiнің орындайтын функциялар екi топқа бөлінеді:

1. топ  - банктiк статустан шығатын тікелей  кәсiби мiндеттер (депозиттік - ссудалық, есеп және эмиссиялық операциялар)

2. топ  - бақылау функциялары, оның көмегімен мемлекет ақша-несие жүйесіне экономикалық процесстерге әсер ету мақсатымен кiрiседi.

Англия  банкi өзінің бұл рөлдерiн орындау кезінде, заң нормаларына емес, негiзiнен дәстүрлерге сүйенеді. Несие - банктiк мекемелердiң қызметінің регламентін белгiлейтiн түрлi ережелер мен процедуралар осы мекемелердiң арасындағы «джентльмендік келiсiмдер» ретінде орнатылған. Англия банкінің функциялары көп, бiрақ олардың барлығы үш басты мақсатқа жетуге арналған. Олардың ішінде:

1. Ұлттық валютаның құнын қолдау, негiзiнен - үкiметпен бірлесе отыра нарықтағы операцияларды орындау, басқаша айтқанда ақша саясатын жүзеге асыру;

2. Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету. Банктер мен Сити қаржы нарығының қатысушыларына бақылау жасау және төлемдердің тиімді мықты жүйесін қамтамасыз ету.

3.Мемлекеттің ішкі қаржы жүйесінің тиімділігі мен бәсекелестікке жарамдылығын қамтамасыз ету және Лондондық Ситиді халықаралық қаржы орталығы ретіндегі позициясын нығайту. Кез келген банк секілді Англия банкi өз клиенттерiне қызметтердің бірнеше түрін көрсетедi. Бірақ Англия банкінің клиенттері басқа банктердiң клиенттерiнен ерекшеленеді. Клиенттердi 3 маңызды топқа бөлуге болады:

1.Коммерциялық  банктер. Барлық клиринг банктердің Англия банкiсінде шоттары бар. Клирингтік операцияларда сол шоттар қолданылады. Банктердің шотында белгілі бір міндетті сомасы болу керек, және ол соманы асыруға болмайды. Ұлыбританияда қызмет ететін барлық банктер өздерінің депозиттеріндегі сомманың 0,35 % Англия банкінің шотында (депозит) сақтауға тиіс. Бұл резервтер нормасы Англия банкінің басты кiрiс көзi болып табылады.

2. Басқа елдердің орталық банктерi Англия банкісінде шоттары бар және алтынды сақтайды. Олар Англия банкісі арқылы Лондонда жұмыстарын жүргізе алады.

3. Үкiмет шоттарын Англия банкiсінде ұстайды. Осылай төлемдер, бюджеттік салықтар және әлеуметтiк мұқтаждықтарға арналған бюджеттік төлемдер Англия банкісінің шоттары арқылы өтеді.

Жоғарыда айтылғандырмен сәкестіре отырып Англия банкісінің алғашқы үш функциясын ерекшелеуге болады:

1. Англия банкi коммерциялық банктерге банк қызметін атқарады

2. Англия  банкi басқа Орталық банктерге банк қызметін атқарады

3. Англия  банкi үкiметке банк қызметін атқарады.

Англия  банкісінің басқа функциялары жоғары айтылған орталық банктердiң ортақ функцияларымен дәл келедi.

Англия  банкi үкiметтен формальды тәуелсiздiгімен ерекшеленеді. Демек, ол қаржы министрлiгiнің басшылығымен жұмыс iстейдi. Англия банкінің жетекшісінің өкілеттік мерзiмi үкiметтiң ауысуына тәуелдi болмайды.[5]

АҚШ федералды резервтiк жүйесi

XX ғасырдың  басында АҚШ аумағында 5 мыңнан кем емес эмиссиялық банктер болды. Оның әрбiрi өзінің негiзгi капиталының сомасына тең болатын банкноталардың массасын айналымға шығару құқығына ие болатын. Сонымен қоса әр Ұлттық банк өзге банктердiң билеттерiн қабылдауға мiндеттi болатын (олардың заңды төлем құралдары болмауына қарамастан). Қазір АҚШ банк жүйесi тұрады:

• Федералды  резервтiк жүйеден, ол елдің орталық банкісі функциясын орындайды;

• Коммерциялық банктерден;

• Инвестициялық  банктерден;

• Жинақ банктерiнен;

• Несие-жинақ ақша қауымдастығынан.

АҚШ федералды  резервтiк жүйесiнiң ұйымдық құрылымы:

АҚШ банктері бөлек бағынышты. Яғни, коммерциялық банктердің  (ұлттық банктердің) қызметін лицензиялау, бақылау, қадағалау және реттеуді федералды үкімет жүзеге асырады, ал қалғандары үшін жеке штаттардың өкiметтерi. Реттеуді есепке ала отыра барлық американдық банктер төрт топта бөлінеді:

• Ұлттық банктер;

• Штаттардың банктерi – ФРЖға мүше;

• Банктер  – ФРЖға мүше емес, депозиттерді сақтандырудың федералды корпорациясына (ДСФК) кіреді.

• Банктер – ФРЖға мүше емес, олардың салымдары ДСФК да сақтандырылмаған.

Ұлттық  банктер ақша айналымының Тексерушілеріне бағынады (Қаржы министрлігінің қызметі) және барлық федералды банктік заңдар мен ФРЖ, ДСФКнің ережелері мен нұсқауларына бағынады. ФРЖға мүше – Штаттардың банктерi, олар тiркелген және аймағында операцияларын жүзеге асыратын штаттың заңдары мен ережелерiне бағынады. ФРЖға мүше емес және ДСФКда сақтандырылған салымдары бар – банктер тиiстi штаттардың заңдарына және, сонымен бiрге, ДСФК ереже мен нұсқауларына бағынады. ФРЖға мүше емес, шоттары сақтандырылмаған банктер тек штаттардың заңнамасына бағынады. Демек, банктер өз юрисдикциясын таңдайды, яғни федералды өкiметтерге немесе штаттардың өкiметтеріне бағынуын таңдайды. Бұған қоса, елде федералды өкіметке де , не штаттардың өкіметіне бағынбайтын банктер жұмыс iстеуде (олар жеке деп аталады).

Информация о работе Дамыған мемлекеттердегі орталық банктердің қызметі