Банктің меншікті капиталы

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 12:11, курсовая работа

Описание работы

Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу комитетінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым.

Содержание

Кіріспе
1 БАНКТІҢ МЕНШІК КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік капиталдың жалпы сипаттамасы және оның құрылымы
1.2 Банктің меншік капиталы және оның құрылымы
1.3 Банктердің меншік капиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің әдістемесі
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІК КАПИТАЛДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫН ТАЛДАУ
2.1 Банктердің қаржылық жағдайы мен меншік капиталдарын қалыптастыруын талдау
2.2 Қазақстан Халық банкі АҚ мәліметтерінің негізінде банктің меншік капиталын қалыптастыру қызметтерінің көрсеткіштерін талдау
3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІК КАПИТАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУ
3.1 Екiншi деңгейлi банктердегi тәуекелдерді ағымды талдау әдiстерi
3.2 Бантің меншік капиталын қолдануда тәуекелді кешенді бағалаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

ЖОСПАР.docx

— 170.10 Кб (Скачать)

Әлемдік банк теориясы мен  тәжірибесінде   қаражат өтімділігі «қор» немесе «ағым» мағынасында  түсіну қабылданған. «Қор» мағынасындағы  қаражат өтімділігі белгілі бір  уақытта актив құрылымын осы  облыстағы қолданбаған резервтердің есебінен оның жоғары қаражат өтімділігі тармақтарының  пайдасына өзгерту  арқылы коммерциялық банктің тұтынушы алдындағы өз міндеттемелерін  орындау  мүмкіндігінің дәрежесін анықтайды.

«Ағым»  ретіндегі  өтімділігі динамика көзқарасы бойынша сарапталады  және ол коммерциялық банктің  белгілі  бір уақыт арасында   өтімділігінің  қолайсыз деңгейін өзгерту немесе актив  және пассив  тармақтарын тиімді басқару, қосымша қарыз қаражат  тарту, табысты көбейту жолымен  банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру арқылы  қаражат өтімділігінің  объективті қажетті деңгейінің құлдырауын  болдырмау мүмкіндігін бағалау  деп көрсетеді. 

Яғни, әр коммерциялық банк   өтімділігін  белгіленген дәрежеде ұстауды өз бетінше қаматасыз  етуі керек. Бір жағынан   қаражат  өтімділігінің белгілі бір уақыт  арасында құрылған жағдайын сараптау арқылы болса, екінші жағынан банк қызметінің нәтижелерін болжау және  жарғылық капитал, резервтер мен арнайы фондтарды  құру, шет ұйымдардың қарыз қаражаттарын жұмылдыру, белсенді несие операцияларын  орындау аумағындағы ғылыми негізделген  экономикалық саясатын жүргізу арқылы.

Сақталған ақшалы қаражаты барлар мен оларды қажет ететіндер  арасындағы делдал ретіндегі коммерциялық банктердің қызметі  осы қаражатты  ұтымды жұмылдырып және оны несиеге  беру немесе жалпы кірістілік, сонымен  қатар табыс үшін жоғары пайыз  мөлшерлемесімен  инвестициялаумен сипатталады.

Ақшалы қаражатты жұмылдыру  мен оларды болашақ сұраныстың  және қолда бар қаражаттың нақты  мерзімде түсуінің нарықтық белгісіздігі жағдайында оларды орналастырумен байланысты операциялық қызмет жүргізу үшін, банкке  қаражат өтіміділігі түріндегі  қаражат қажет, яғни оңай және тез, өте  аз мөлшердегі тәуекелмен немесе мүлдем тәуекелсіз  ақшаға айнала алатын активтер қажет.

Сонымен, коммерциялық банктің  өтімділігі -  бұл оның активтерін қолма-қол қаражат ретінде қолдану  немесе оларды осындай түрге айналдыру  мүмкіндігі. Банктің нақты қаражаты және басқа қаражат өтімділігі бар  активтерінің сомасы, сонымен қатар  басқа көздерден қаражатты жұмылдыру  қабілеті қарыздарлық және қаржылық міндеттемелерін уақтылы орындау  үшін  жеткілікті болса, онда коммерциялық банк  болып саналады. Бұдан былай, қаржы өтімділігі бар резерв несие  мен инвестиция бойынша ұтымды келісімдер жасау; несиеге сұраныстың мезгілдік  және аяқ асты  құбылуын компенсациялау; салымдардың кенет алынуы кезінде  толықтыру және т.б.   сияқты  кез-келген аяқ асты қаржылық қажеттілікті қанағаттандыру үшін қажет.

CREVCO-ның функциялары: несиелік  тәуекелді анықтау және бағалау,  банктегі несиелік саясатты дайындау, несиелік лимиттерді белгілеу, несиелік  портфельді бағалау, несиелік  портфельдің диверсификациялау  критерияларын белгілеу. Оның негізгі  маңызды функцияларының бірі  – несиені табыс есебінен өтеу  шешімін қабылдау, яғни оны үмітсіз  деп тану болып табылады. Осыған  қоса, бұл комитет CRESCO-ға банктің  несиелік саясатына өзгертулер  еңгізу туралы ұсыныс жасайды.  Бұл комитеттер тұрақты негізде  жұмыс істемейді және айына  бір реттен артық құрылмайды.

Тәуекелдің дәрежесін  анықтауға банк қажетті ақпараттарды жинау үшін  CREVCO мен CRESCO комитеттерінің қызметкерлері арнайы талдау жұмыстарын жүргізеді. Олар мемлекеттік тәуекелдер мен салалық тәуекелдерді анықтап, жиналған ақпараттардың нәтижесінде  талдау жұмыстарын жүргізеді.

Несиелік саясатта несиелерді беру тәртібі, несие алуға деген  ұсынысты қарастыру, несиелік талдау процесін жүргізу, басқа банктермен несиеге  байланысты ақпараттарды ауыстыру тәртібі  қарастырылады.

Несиелік тәуекелді төмендетуге  арналған бағыттарға қарыз алушының несие қабілетін бағалау болып  табылады. Қарыз алушының несие қабілетін  балл бойынша бағалау әдісі қазіргі  кезде көп елдерде қолданылады. Бірақ әр банкте несие қабілетін  бағалау критериялары әр түрлі болып  келеді[25].

Англияның клирингтік банктерінде PARSEP және CAMPARI әдістері қолданылады. PARSEP әдісі:

P – қарыз алушының  репутациясы;

A – алынған несиенің  сомасы;

R – өтеу қабілеттігі;

S – қамтамасыз етілу  дәрежесін бағалау;

E – несиенің мақсаттылығы;

P – тәуекелді қабылдағаны  үшін банктің алатын сыйақы  сомасы.

Ал Америка банктерінде "5 си" ережесі қолданылады. Мұнда қарыз алушыны бағалау кезінде қойылатын талаптар ағылшын тілінің "с" әріпінен басталатын бес сөзден тұрады:

CAPACITY – қарызды өтеу  мүмкіндігі; 

CHARACTER – қарыз алушының  репутациясы;

CAPITAL – капитал;

COLLATERAL – кепілзаттың қамтамасыз  ету дәрежесі;

CONDITIONS – экономикалық  конъюнктура.

Қарыз алушыларды бағалаудың жоғарыда көрсетілген жүйелерімен  қоса, батыс елдерінде соңғы он жылдықта потенциалды қарыз алушылардың  сапасын бағалауда статистикалық  әдістер қолданылуда. Мұндай әдіс ретінде "Z" моделін қарастыруға болады. Бұл модельді американдық экономистер  жетпісінші жылдардың соңында құрастырған. "Зет" моделі қарыз алған кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдығын бағалауға  арналған. "Зеттің" мәнін бірнеше  айнымалылары бар теңдеу арқылы шешіледі. Осы әдісті қолдана отырып американдық  экономист Альтман бес айнымалыны ұсыныс етті:

Х1 – айналым капиталының  активтер сомасына қатынасы;

Х2 – бөлінбеген табыстың активтер сомасына қатынасы;

Х3 – операциондық табыстың активтер сомасына қатынасы;

Х4 – акцияның нарықтық бағасының  жалпы қарыз сомасына қатынасы;

Х5 – сату көлемінің активтер сомасына қатынасы.

Егер "Z" мәні 2,675-тен  төмен болса, кәсіпорынды потенциалды  банкроттардың қатарына кіргізуге  болады, ал егер "Z"мәні 2,675 жоғары болса, мұндай кәсіпорындарға банкроттық қаупі тумайды.

Коммерциялық қарызды  бағалаудың моделін американдық  экономист Чессер ұсыныс етті. Оның моделі негізгі алты айнымалыдан  тұрады:

Х1 – бағалы қағаздар мен  кассадағы қолма-қол ақшаның активтер сомасына қатынасы;

Х2 – сату көлемінің бағалы қағаздар мен кассадағы қолма-қол  ақшаға қатынасы;

Х3 – салықты есептемей  тұрғандағы табыстың активтер сомасына қатынасы;

Х4 – жалпы қарыздың активтер сомасына қатынасы;

Х5 – негізгі капиталдың акционерлік капиталға қатынасы;

Х6 – негізгі капиталдың таза сату көлеміне қатынасы.

Дамыған мемлекеттерде валюталық  тәуекелдердің негізгі үш түрі жиі  кездеседі:

- операциялық;

- трансляциялық;

- экономикалық.

Операциялық тәуекел сауда  операцияларымен, қаржылық инвестициямен  және дивидендтік төлемдермен байланысты. Операциялық тәуекелге ақша қаражаттарының қозғалысы мен табыс деңгейі  ұшырайды.

Трансляциялық тәуекел шетелдік инвестициямен және шетелдік қарыздармен  байланысты болып келеді. Ол табыстар мен шығындарды ұлттық валюта негізінде  есептегенде баланс баптарының көрсеткіштерінің көлеміне әсерін тигізеді.

Шетел тәжірибесі ретінде  өтімділік тәуекелін басқаруды  қарастырып өтейін. Коммерциялық банктердің өтімділігі мына үш элементтің дұрыс  ара қатынасы ретінде қарастырылады: банктің меншікті капиталы, тартылған  және орналастырылған қаражаттар. Осыны ескере отырып, шетел тәжірибесінде коммерциялық банктердің өтімділігін сақтау мақсатында басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістері қолданылады. Осыған байланысты, әр мемлекеттің орталық банктері өтімділікке байланысты әдістемелер жасап отырады. Банктерге сараптама баға беруге мүмкіндік беретін әдістердің бірі CAMAL болып табылады. Бұл әдіс АҚШ-та және басқа да дамыған мемлекеттерде қолданылады. CAMAL:

C – (capital adequaty), капиталдың  адекваттылығы; 

A – (assets quality), активтердің  сапасы;

M – (management), басқару;

E – (earnings), табыс немесе  рентабельділік;

L – (liquidity), өтімділік.

Әлемдік тәжірибеде өтімділікті  басқарудың мынадай әдістері қалыптасқан:

1. қорларды конверсиялау  әдісі;

2. қордың пул әдісі;

3. резервтік позицияны  басқару әдісі;

4. несиелік позицияны  басқару әдісі;

5. портфельді белсенді  басқару әдісі.

6. Қорлардың конверсия  әдісі қаражаттардың тартылу  көздері көп болған кезде қолданылады  да, активтер мен пассивтер мерзімі  бойынша сәйкестендіріледі;

1. Қордың пул әдісі  ақша нарығындағы операцияларға  шек қойылған уақытта қолданылады.  Бұл әдіс бойынша қажетті өтімділік  дәрежесі мен оның орнын толтыруға  арналған банктік қаражаттардың  көзін сәйкестендіру қолданылады.  Яғни, оның негізгі мақсаты өтімділікті  қамтамасыз ету үшін қажетті  бірінші ретті және екінші  ретті резервтерді құру.

2. Резервтік позицияны  басқару әдісі былайша сипатталады:  резервтік позиция анықталады, бірақ  екінші ретті резервтер алдын  ала құрылмайды.

3. Несиелік позицияны  басқару әдісі бойынша банк  өтімділігін сақтау үшін қысқа  мерзімді несие арқылы өтейді.

Форвардтық мәмілелер  кезінде айырбас бағамы бірден келісіледі, бірақ айырбас операциясы болашақта  жүргізіледі. Форвартдтың келесідей  сипаттамалары бар:

- валюталық операция келісім  шарт жасалған күннен бастап  кем дегенде екі жұмыс күннен  кейін жүзеге асады;

- болашақтағы валюталық  курс келісім шартта көрсетіледі;

- төлем уақытысы келмегенге  дейін өтімділік қарастырылмайды.

Своп дегеніміз – белгілі  бір уақыт аралығында бір валютаны екінші валютаға айырбасталу операциясын  айтамыз. Мұнда спотпен форвард  операциялары бір уақытта жүргіледі. Опциондық операция дегеніміз –  валютаны сатушы мен сатып алушы  арасында валютаны болашақта  сатып  алу  келісімі болып табылады. Мұнда  валютаны сатып алушы белгіл бір  уақыттан кейін валютаны сатып алуға  құқығы бар, бірақ ол міндеттеме болып  табылмайды[26].

Ал техникалық талдау әдісінің тұжырымдамасы бойынша мемлекеттің  қысқа мерзімдегі макроэкономикалық  көрсеткіштері бағамның өзгерісінде  көрініс таппайды деп есептеледі. Мұнда, математикалық және техникалық есептеулер жүргізілу арқылы нақты  болжамдар есептеледі. Мұнда есептік  база ретінде орта ғасырладың математигі Фибоначи ұсынған сандар қатары қолданылады.

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11-сурет. Банктік тәуекелдердің  сипаттамасын бағалау.

 

 

Техникалық талдау әдісі  валюта бағамының өзгерісін реттеп отырады және валютаны сату, сатып  алу туралы сигналдарды талдайды. (Техникалық талдаудың келесідей  әдістерін қарастырып өтейік:

1. «Фильтр» ережесі.

Сату сигналы – валюта бағамы бұған дейінгі жоғары валюта бағамымен салыстырғанда Х процентке  төмендеді;

Сатып алу сигналы –  валюта бағамы бұған дейінгі төмен  валюта бағамымен салыстырғанда  Х процентке жоғарлады;

2. Валюта бағамының ауытқуының  орташа дәрежесін есептеу ережесі.

Сату сигналы – бес  күндегі орташа валюта бағамы отыз күндегі валютаның орташа бағамынан  жоғары;

Сатып алу сигналы –  бес күндегі орташа валюта бағамы отыз күндегі валютаның орташа бағамынан  төмен.

Мақсаты – ұзақ мерзімді тенденцияларды анықтау.

1. Салыстырмалы күш көрсеткіші  валюта бағамының шамадан тыс  көтеріліп кетуін немесе шамадан  тыс төмендеп кетуін анықтауға  арналған көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіш арқылы белгілі  бір уақыт аралығындағы валюта  курсының өзгерісін анықтай аламыз. Бұл көрсеткіш процент түрінде  есептеледі. Егер бұл көрсеткіштің  шамасы 30%-пен 70%-тің аралығында  болса, онда валюта бағамы бейтарап  болып табылады. Ал егер оның  шамасы 25%-тен төмен болса, валюта  бағамы шамадан төмен, ал егер 75%-тен жоғары болса шамадан  тыс жоғары болып есептелінеді.

Бұл көрсеткішті есептеу  үшін жалпы бағамның өсуін жалпы  бағамның өзгеруіне бөлеміз. Кестеде  берілген мысал бойынша бұл коэффицент былай есептелінеді 265 / (265+60) = 81,53% Көріп  отырғандай жоғарыда келтірілген мысалда  валюта бағамының өзгеруіне талдау жасап валюта бағамы шамадан тыс  жоғары болып кеткен деген тұжырымдамаға  келуге болады. Қазақстанның экономикалық жағдайына валюталық тәуекелді  техникалық талдау әдісімен анықтау  қиынға соғады. Мұндай талдау валютасы тұрақты мемлекеттерге ғана жарамды  болып келеді.

Пассивтерді басқару мынадай  екі жағдайға негізделеді:

1. Банк өтімділік мәселесін  қосымша ақша қаражаттарын, оларды  капитал нарығында сатып ала  отырып, оларды тарту жолымен  шешуі   мүмкін.   Берілген   анықтама   тәжірибе   жүзінде   Батыс елдерінде   жүзеге   асты.   Біздің   Казкоммерц  банк,   Халық банкі сияқты  ірі банктеріміз өз акцияларын  Батыс капитал нарығында орналастыру  әрекетін жасауда.

Информация о работе Банктің меншікті капиталы