Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 12:11, курсовая работа
Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу комитетінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым.
Кіріспе
1 БАНКТІҢ МЕНШІК КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік капиталдың жалпы сипаттамасы және оның құрылымы
1.2 Банктің меншік капиталы және оның құрылымы
1.3 Банктердің меншік капиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің әдістемесі
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІК КАПИТАЛДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫН ТАЛДАУ
2.1 Банктердің қаржылық жағдайы мен меншік капиталдарын қалыптастыруын талдау
2.2 Қазақстан Халық банкі АҚ мәліметтерінің негізінде банктің меншік капиталын қалыптастыру қызметтерінің көрсеткіштерін талдау
3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІК КАПИТАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУ
3.1 Екiншi деңгейлi банктердегi тәуекелдерді ағымды талдау әдiстерi
3.2 Бантің меншік капиталын қолдануда тәуекелді кешенді бағалаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ЖОСПАР
Кіріспе
1 БАНКТІҢ МЕНШІК КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМСЫЗ
ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік капиталдың жалпы сипаттамасы
және оның құрылымы
1.2 Банктің меншік капиталы және оның құрылымы
1.3 Банктердің меншік капиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің әдістемесі
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ
МЕНШІК КАПИТАЛДАРЫНЫҢ
2.1 Банктердің қаржылық
жағдайы мен меншік
2.2 Қазақстан Халық банкі
АҚ мәліметтерінің негізінде
банктің меншік капиталын
3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІК КАПИТАЛДАРЫН
ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ
БАСҚАРУ
3.1 Екiншi деңгейлi банктердегi тәуекелдерді
ағымды талдау әдiстерi
3.2 Бантің меншік капиталын қолдануда
тәуекелді кешенді бағалаудың жетілдіру
жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Банктің пассивтік операциялары
негізінде қалыптасқан және барлық
активтік операциялар бойынша банк
өтімділігін қамтамасыз ету және
пайда табу мақсатында орналастыруға
бағытталатын банктің меншікті және
тартылған қаражаттарының жиынтығы
банктік ресурстар болып
Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:
Банк ресурстарының
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие.
Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.
Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.
Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік формада құрыла алады.
Тақырыптың өзектілігі: екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы және оның банк қызметіндегі рөлі мен мақсаты.
Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұлғайту перспективаларын айқындау.
Жұмысты орындаудағы міндеттер:
Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу комитетінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым.
1 БАНКТІҢ МЕНШІК КАПИТАЛЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ
1.1 Банктік капиталдың жалпы сипаттамасы
және оның құрылымы
Банк Капиталы — банктің кредиттік-төлемдік және басқа да операциялар жасау үшін пайдаланатын ақша капиталының (банк ресурстарының) жиынтығы. Банк Капиталы банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор және жыл бойына бөлінбеген пайда) мен сырттан тартылған капиталдан (депозиттік қаражаттар, халықтың салымы) құралады. Банктің өзіндік капиталы Банк Капиталының 15 — 25%-ін ғана құрайды. Әйтсе де, оның банктің қалыпты жұмыс істеуі үшін маңызы зор. Банктің тұрақтылығы, өтімділігі мен төлем қабілеттілігі тікелей өзіндік капиталдың көлеміне байланысты. Банк шығынданып, банкротқа ұшырау қаупі төнсе, бұдан құтылу үшін өзіндік капиталға сүйенеді. Өзіндік капитал банк қызметін ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде де маңызды рөл атқарады. Банк өзіндік капитал көлемін қосымша акциялар шығарып, немесе жылдық пайда есебінен ұлғайтып отырады. Банк Капиталының қомақты бөлігі сырттан тартылған қаржылардан тұрады. Егер банктің экономикалық жағдайы орнықты, төлем қабілеттілігі, өтімділігі жоғары болса, сырттан ресурс тарту қиынға түспейді. Мұндай банктер үшін мол пайда әкелмейтін өтімділігі жоғары активтік резервтерді көп мөлшерде сақтамай-ақ, өз ресурстарын жоғары пайдалы кредит портфеліне, құнды қағаз сатып алуға жұмсауына болады.
1.2 Банктің меншік капиталы және оның құрылымы
Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категорияларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан үлесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:
Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады.
Оданда басқа, банктің меншікті капиталы салымшылардың өз қаржыларын банктік айналымға, соның ішінде: несиелік, факторинктік, лизинктік операциялар мен бағалы қағаздарды сатып алу және тағы басқа инвестицялық операцияларға салу кезінде күтпеген шығындардың пайда болу тәуекелдігінен қорғайды. Осыған қоса, меншікті капиталдың есебінен қаржылық резерв құрылады және бұл резервтер банктің төлем қабілетін сақтаумен қатар, шығындар пайда болған кезде банктің қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Банк қызметі үнемі белгілі бір тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.
Банктің меншікті капиталы банктің несиелік ресурсы ретінде тартылған ресурстармен тығыз байланыста болып, олармен бірге айналымға қатысады. Банктің меншікті каиталы банктің тартылған ресурстарына қарағанда сенімділігі жоғары ресурс болып табылады. Активті опеациялардың жүргізілуі мумкін шығындардың пайда болуына әкеледі және олар өз кезегінде резервтердің құрылуын талап етеді. Егер де банк қызметін жүргізген кезде және оның қорытындысы бойынша банкте шығындар пайда болса, онда банк жарғылық капиталдың белгілі бір бөлігінен айырылады, ал резервтердің бар болу кезінде, жарғылық капитал резервтер есебінен толықтырылады да банк қызметінің қалыпты жұмыс атқаруына жол береді.
Банктер «Резервтік талаптардың
ең төмеңгі мөлшері» атты нормативке
сай, тартылған несиелік ресурстардің
бір бөлігін жеке шотта депонирлеуге
міндетті. Бырақ ол банктің өтімді
активтері мен актив
Осыдан келе, банктің меншікті капиталы бір жағынан тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтерді анықтау құралы ретінде, екінші жағынан қаржылық шығындарды жабу үшін жинақталған қаржылар құралы ретінде де деп айтуға болады. Банкке жататын тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің жалпы сомасы мен айналымдағы банктің меншікті қржылардың сомасының арасндағы айырма, банктің төлемділік қабілетін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу агенттігімен қоятын пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес, банктің активтеріне баға беру үшін, оларды тәуекелділігі бойыша топтастырады. Тәукелділігі бойынша топтастырылған активтердің коэффициенті, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шоттағы қаржылар 0-ден бастап, мерзімінде төленбеген қарыз 100-ге дейін процент түрінде көрсетілген. Бұл көрсетткіштер курсттық жұмыстың «қосымша мәліметтер» атты бөлімінде толық көрсетілген.
Топтастырылған активтер
банктің меншікті қаражаттарымен салыстырылады.
Активтерді топқа бөлу, тәуекелділік
деңгейінің, банк қызметінің қатерлі
жағдайларға ұшырау қауіптілігімен
мінезделеді. Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкімен бекітілген меншікті
капиталдың жеткіліктілігінің төмен
нормативтік деңгейінің себебінен,
соңғы кездері қаржылық тұрақтылығы
төмен банкттік ұйымдардың қалыптасуына
әкеп соқты. Сондықтан, қазіргі таңда,
Қазақстан Республикасының
Меншікті капитлалдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті капиталдың жеткіліктілігін сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен шешуге болады:
Банк қызметін қадағалау
жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік
шоттардағы қалдықтар бойынша
Резев капиталының болмауы немесе оның жетіспеушілігі, банктің тартылған ресурстардың көп бөлігін мерзімді төлемдерді өтеу мақсатында, оларды өтімді активтер ретінде қолдануға мәжбүр етеді. Осыдан келе, банктің несиелер бойынша проценттік кірістермен қатар, кірістердің жалпы сомасы азайып, капиталдандыру мүмкіншілігі кемиді.
Халықаралық тәжірибеге келетін болсақ, банк өтімділігінің көрсеткіштері, актив операцияларының қолдану мүмкіншілігі мен міндеттемелердің және олардың өтеу мерзімін есепке ала отырып, арасындағы нормативтік қатынастар ретінде көрсетіледі.