Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2012 в 12:11, курсовая работа
Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу комитетінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым.
Кіріспе
1 БАНКТІҢ МЕНШІК КАПИТАЛЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік капиталдың жалпы сипаттамасы және оның құрылымы
1.2 Банктің меншік капиталы және оның құрылымы
1.3 Банктердің меншік капиталының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің әдістемесі
2 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІК КАПИТАЛДАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫН ТАЛДАУ
2.1 Банктердің қаржылық жағдайы мен меншік капиталдарын қалыптастыруын талдау
2.2 Қазақстан Халық банкі АҚ мәліметтерінің негізінде банктің меншік капиталын қалыптастыру қызметтерінің көрсеткіштерін талдау
3 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІК КАПИТАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДІЛІКТІ БАСҚАРУ
3.1 Екiншi деңгейлi банктердегi тәуекелдерді ағымды талдау әдiстерi
3.2 Бантің меншік капиталын қолдануда тәуекелді кешенді бағалаудың жетілдіру жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Банктің заңды және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттарының мөлшерін анықтау үшін, банктің тартылған қаржыларын банктің меншікті капиталымен салыстырамыз. Оның маңызы өте зор. Себебі, заңді және жеке тұлғалардың тартылған бос ақша қаражаттары, банктің активті операциялары мен инвестициялық қызметтің негізгі көзі болып табылады.
Банктің тартылған ресурстардың оңтайлы үлес салмағы, банктің меншікті қаржылары мен тәуекелділігі бойынша салмақталған активтердің арасындағы қатынасы ретінде меншікті капиталдың жеткілікті нормативі арқылы қадағаланады.
Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі баптардан тұрады:
1-сурет. Меншікті капиталдың құрылымы.
1.3 Банктердің меншік капиталының
қаржылық тұрақтылығын
Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда. 2008 жылдың 1 қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші. Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді.
ЕДБ-дің меншікті капиталы мен активтердің соңғы 2000-2007 жж қатынасын төмендегі суреттен көруге болады.
Суреттен көріп отырғанымыздай, екінші деңгейдегі банктердің активтері 2005 жылы 527,9 млрд теңгені құраса, ал бұл көрсеткіш 2012 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683,4 млрд теңгені құраған.
ЕДБ-дің капиталдары 2005 жылы 97,6 млрд теңгені құраса, 2012 жылдың аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 782,8 млрд теңгені құрап отыр.
Көптеген Қазақстандық банктердің қаржылық нәтижелері соңғы жылдары тұрақтылыққа қол жеткізді. Банктің рентабельдік көрсеткіштері бойынша біздің банктеріміз Орталық Еуропа елдерінің банктерінің осындай көрсеткіштерімен тең түсуде
ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі
2005ж. |
2006ж. |
2007ж. |
2008ж. |
2009ж. |
2010ж. |
2011ж. |
2012ж. | |
Таза пайда, млрд теңге |
7,1 |
7,4 |
20,6 |
30,1 |
34,9 |
53,1 |
127,5 |
266 |
ROA, % |
1,3 |
0,9 |
1,8 |
1,8 |
1,2 |
1,8 |
1,4 |
2,3 |
ROE, % |
7,3 |
6,1 |
12,8 |
13,5 |
9,2 |
14,1 |
14,6 |
18,6 |
Кестеден көріп отырғанымыздай 2005 жылы таза пайданың көлемі 7,1 млрд теңгені құраса, 2012 жылдың соңына оның мөлшері 266 млрд теңгеге дейін жеткен. Таза табыс көлемі 2005-2012 жж аралығында 37 есе өскен. Оған ЕДБ-дің активтерінің, соның ішінде банктің клиенттерге берген несиелерінің өсуі себеп болып отыр.
Банктік сектордың осал жақтарын
айқындауда соңғы жылдарда өткен
Қаржыгерлердің конгрессіне арналып
жасалған Қазақстаннның қаржы секторының
SWOT-талдауынның нәтижелерін
ЕДБ-дің қызметіне жасалған SWOT-талдауы
Күшті жақтары |
Мүмкіндіктері |
|
|
Әлсіз жақтары |
Қатерлер |
|
|
Жоғарыдағы банктік сектордың 2005-2012 жж аралығындағы дамуына жасалған зерттеулерді, SWOT-талдауын және Елбасының 2008 жылы халыққа жасаған жолдауында банктік сектордың алдына қойған мақсаттарын басшылыққа ала отырып, қазіргі заманға сай банктің активтері мен пассивтерін басқаруды жетілдіруге қолжеткізуге тиісті банктік сектордың даму мақсаттарын М. Портердің ромбысы үлгісінде беруге болады.
Банктік сектордың капиталдану деңгейін және құнын арттыру | ||
Банк секторының өтімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қолдау |
|
Банктің қызметтері мен өнімдерінің технологияларының сапасын арттыру |
Тәуекелдерді басқару жүйесін дамыту |
Қазақстанның банк секторының даму мақсаттары
Бұл даму
мақсаттары қазіргі банк жүйесінде
орын алған басты мәселелер анықтап
береді, оларға: біріншіден, капиталдану
деңгейінің төмендігі, екіншіден өтімділік
пен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз
етудің жеткіліксіздігі, үшіншіден, банк
қызметінде озық технологияларды игерудің
әлсіздігі, төртіншіден, тәуекелдерді
басқару жүйесін дамыту туралы мәселелерді
шешу. Демек, аталған мәселелер бүгінгі
банктік сектордың
2 ЕКІНШІ
ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ МЕНШІК
2.1 Банктердің қаржылық жағдайы мен меншік
капиталдарын қалыптастыруын талдау
Егер банк өзінің меншікті қаржыларын тиімді қолдана алса, онда ол олардың көмегімен банк кірісін көтеріп, салымдардың сақталуын қамтамасыз ете алады. Кіріс деңгейін арттыру үшін, банк ең алдымен өзінің меншікті қаржыларын қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салмай, оның орнына несиелердіберумен айналысатын жағдайда, өзінің кіріс деңгейін көтере алады. Қосымша төлемділік қабілеттілігін немесе міндетті резервтердің көлемін ұлғайту қажеттілігін қанағаттындыру үшін, несиелік портфельдің немесе бағалы қағаздардың кейбір бөлігін нақты ақшаға айналымдар арқылы жетуге болады. Егер менеджер қосымша салымдарды тартумен байланысты сұранысты қанағаттандырған болса, онда ол банктің төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін сақтай отырып, тартылған салымдарды инвестициялаумен қатар, несиелерді берумен байланысты операцияларды жүзеге асыра алады. Өзінің қысқа мерзімді берешектері мен депозиттік шоттарын реттей отырып, банк өзінің төлем қабілеттілігін және кіріс көлемінің деңгейін арттыра алады.
Капиталдың көрсеткіштері арқылы мемлекеттік қадағалау органдар банктердің қызметін қадағалап, оларға баға бере алады. Әдетте меншікті капиталға жататын көсеткіштерге:
Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі ұзақ уақыт бойы ғылыми-зерттеу затына және банктер мен оны реттеуші ұйымдар арасындағы пікірталасқа айналып келеді.
Банктер өздерінің активтерін
арттыру үшін капиталдың төмеңгі
мөлшерде болғанын қалайды. Ал банкті
бақылаушылар, банктердің банкроттықтан
аулақ болуы үшін капиталдың жеткілікті
мөлшерде болуын талап етеді. Банктердің
банкроттығы ондағы басқарудың нашарлығынан
болуы мүмкін, себебі банкті жақсы
басқарса, ол төмеңгі капитал нормасында
жұмыс жасай алады деген
«Капиталдың жеткіліктілігі»
термині банктің жалпы
Банктің ресурсындағы меншікті капиталдың өте төмеңгі үлесінде болуы да дұрыс емес. Себебі, ол банктің салым иелері алдындағы жауап беру мөлшеріне сәйкес келмейтіндігін сипаттайды.
Банк меншікті капиталын
ұлғайтуға негіз болатын
Сондықтан, кез келген саяси
немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар
банктердегі ресурстардың сыртқа ағылуына
себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк
капиталының активтерге қатысты
қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі
оның шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі
КII-нің мәні) құрайды.Бұл дегеніміз
банк жүйесіндегі төлем
Демек, банк капиталының
жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк
жүйесін қолдайтын басты
Банктердегі немесе жалпы банктік жүйедегі капитал көлемін тура анықтау қиын, бырақ жоғарыда қарастырылған қызметтердің орындалуы үшін салым иелері мен бақылаушы ұйымдардың сенуі үшін капитал жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Қажетті капиталдың сомасы банктің тәуекел деңгейіне байланысты болуға тиіс. Мысалы, егер банктің берген несиелерінің тәекел дәрежесі өте жоғары болса, онда банкке көп мөлшерде қорлар құруға тура келеді. Қажетті меншікті капитал мөлшерін анықтай отырып, банк алдында мынадай міндеттер тұрады: тәекелдің артуына байланысты өз капитал мөлшерін ұлғайту қажет пе немесе тәекел деңгейі төмен болып келетін активтерге өз қаражаттарын орналастырған тиімді ме? Осындай жағдайда банк капиталы, оның активтер сапасына, басқару сапасына, қызметіндегі саясатқа және банктің басынан кешетін тәекелдерге тәелді ме, жоқ па? деген балама сауал туындайды.
Банк меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.
Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған. Мұндай тәсіл баланстан тыс операциялардың іске қосылуын қамтамасыз етуімен қатар, төмеңгі туекелді активтерге қаражаттар жұмсауды ынталандыра түседі.
Базель келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын басты көрсеткіш ретінде, тәуекелді актевтер көрсеткіші болып саналады:
мұнда: - Тәуекелді активтер коэффициенті;
- Банктің меншікті капиталы;
- Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;
Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:
Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):