Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар

Автор: n***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 12:43, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық субъектілердің сыртқы нарықта жұмыс істеу принциптері, ішкі нарықтағы жұмыс істеу принциптерінен өзгешеленеді. Міне сондықтан, әлемдік нарыққа шығудың алдында, әлемдегі экономикалық және саяси жағдайға назар аудару қажет. Сонымен қатар, халықаралық сауда қатынастарында, сол халықаралық қатынастардың белгілі бір ережелеріне, шарттарына сай келу керек екендігін, әр түрлі ақша қаражаттарымен жұмыс істеу және жоғарғы тәуекелдік аясында жұмыс істейтіндігін түсіне білу қажет.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар курстық жұмыс акша несие банктер.docx

— 80.73 Кб (Скачать)
 

      Халықаралық валюта қорының ең жоғарғы басшылығы  – басқарма кеңесі. Онда әр мүше-мемлекет өзінің өкілетті басшысы мен орынбасарын  көрсетеді. Әдетте олар қаржы министрлері  немесе Орталық банк басшылары. Бұл кеңес қордың басты мәселелерін шешеді: келісім бөлімдеріне өзгертулер енгізу, мемлекетті мүшелікке енгізу және шығару, олардың капиталдағы үлесін анықтау және қарастыру, атқарушы директорды таңдау. Басқарма кеңесі жылына бір рет жиналады, бірақ кез-келген уақытта отырыстар өткізіп,пошта арқылы дауыс бере берулеріне болады.

      Жарғылық  капиталы 217 млрд. СДР-ды құрайды.Ол мүше-мемлекеттердің пай қосуы арқылы өз квотасының 25%-ы  СДР-де немесе шетел валютасында  болса, қалған 75%-ы өзінің ұлттық валютасында  құралады. ХВҚ мүше-мемлекеттер квота  мөлшеріне сәйкес дауыс беріледі.

      ХВҚ-да ең көп дауысқа ие мемлекеттер: АҚШ  – 17,8%, Германия — 5,99 %; Жапония — 6,13 %; Ұлыбритания — 4,95 %; Франция — 4,95 %; Сауд Аравиясы — 3,22 %; Италия — 4,18 %; Ресей  — 2,74 %. Еуро одақ мемлекеттерінің үлесі  – 30,3%, 29 өндірісі дамыған мемлекеттердің үлестері – 60,35%-ті құрайды. Ал қалған қордың 84%-ын құрайтын мемлекеттер үлесі  тек қана - 39,75%.  Әр мемлекет капиталға  қосқан пай үлестеріне қарамастан 250 базалық дауысқа және қосымша  әр 100 мыңға 1 дауысқа ие. Егер мемлекет алғшқы эмиссияланған СДР-ға ие болса, онда бұл мемлекетке тағы да әр 400 мыңға 1 дауыс қосылады. Бұндай тәртіп, ақырғы шешуші дауысты дамыған мемлекеттерге  береді.

      Кеңес шешім қабылдаулары кәдімгідей 50%-дан  асса қабылданып, кей арнайы сұрақтарға 70-85%-да ғана анықталатын. Дегенмен АҚШ  және Еуропаның дамыған елдері шешімді  өз қызығушылықтарына сәйкес өзгертуге  мүмкіндіктері бар. Дамушы мемлекеттер  де белгілі келісілген түрде шешімді  өзгертулеріне мүмкіндіктері бар. Бірақ, олардың бір-бірімен келісуі  қиынға соқтырады. 2004 жылғы жиналыста  дамушы мемлекеттердің шешім қабылдаудағы беделін көтеру туралы мәселесі қарастырылған.

      Халықаралық валюталық және қаржылық комитет  ұйым құрылымын ұйымдастыруда маңызды  қызмет атқарады. 1974 – 1999 жылдар аралығында бұл комитеттің атауы «Уақытша халықаралық  валюталық комитет» болған. Оның құрамы 24 ХВҚ басқарушыларынан тұрады және жылына 2 рет жиналады. Дегенмен бұл  бөлім нұсқаушы шешімдер қабылдай алмайды. Бірақ келесідей қызметтер атқарады: атқарушы кеңестің қызметін бағыттайды, стратегиялық шешімдерді жоспарлайды, басқарма кеңесіне келісімшарт бөліміне түзету енгізу туралы ұсынысын білдіреді. Дәл осындай қызметтерді Даму бойынша комитет атқарады.

      Атқарушы  кеңес 5 жылдық мерзімге ХВҚ қызметкерлер штатын басқаратын - басқарушы-директорды сайлайды. Басқарушы-директор Еуропа елінен болуы шарт. 2008 жылдың баснан бері басқарушы-директор – француз Доминик Стросс-Канн және оның бірінші орынбасары Джон Липски.

      Несиелеудің негізгі механизмі:

  1. Резервтік үлес. Мемлекеттердің алғашқы шетел валютасында алатын  25% квотасының үлесі Ямайкалық келісімге дейін «алтын» деп аталып, 1978 жылдан бастап резервтік үлес аталып кеткен. Резервтік үлес дегеніміз – мүше-мемлекеттің квотасынан асып түскен қаражаттарды айтамыз. Егер осы резервтік үлесті ХВҚ басқа мүше мемлекетке несие беру үшін пайдаланса, онда резервтік үлес өседі.
  2. Несиелік үлес. Резервтік үлеске қосымша алуға болатын қаражаттар. Ол 4несиелік үлеске бөлінеді, әрқайсысы 25% квотаны құрайды. Несиелік ресурстарды алу мөлшері шектулі,ХВҚ активтеринде мүше-мемлекеттің квотасының 200%-ынан артық болмау тиіс. Демек мүше-мемлекеттің алуға болатын шекті сомасы квотасының 125%-ын құрайды.
  3. Стенд-бай несиелік резервтері бойынша келісімдер. Мүше-мемлекетке белгігілі бір шарттарды орындаса, ХВҚ-дан ұлттық валютаның орнына шетел валютасын беру туралы кепілдік. Несиелік үлеске қосымша несие резервтік үлестің иесі мүше-мемлекеттің келісімімен беріледі. Стэнд-бай несиелері 50-70-жылдары 1 жылға ғана берілсе, 1977 жылдан бастап 18 айға және 3 жылға беріле бастады.
  4. Ауқымды несие механизмі. Несиелік және резервтік үлестерді толықтырды. Несиелік үлеске қараған ұзақ мерзімге және үлкен сомада берілетін несие. Мүше-мелекеттің бұндай несиені алу себебі: өндірістегі, саудадағы және бағалардағы құрылымдық өзгеріске сәйкес төлем балансындағы теңсіздіктің орнауы. Ауқымды несие 3 жылға немесе 4 жылға беріледі. Стэнд-бай және ауқымды несие мкроэкономикалық құрылымға өзгерістер енгізу үшін беріледі. ХВҚ несие алушыларға белгілі бір шарттар қояды және осы шарттардың қаталдығы несие түріне байланысты белгіленеді. Кей шарттар алдын ала орындалуы тиіс. Несиелік қаражаттардың қандай мақсатта қолданылып жатқаны ХВҚ мен қадағаланады. Ол белгілі бір макроэкономикалық сандық көрсеткішті ұлғайтуға немесе инстуционалдық құрылымды өзгертуге бағытталуы мүмкін. Егер ХВҚ несие көзделген шарттарға қолданылмай жатыр десе, келесі несиелік транш тоқтатылып, мемлекетке қысым көрсетіледі.

      Әлемдік банкке қарағанда ХВҚ қызметі  макроэкономикалық құлдыраулардың орнын жабу мақатында қолданылады. Әлемдік банк кедей мемлекеттерге  ғана несие берсе, ХВҚ кез-келген мүше мемлекетке шетел валютасында  қаржылық міндеттемелерді өтеу мақсатында беріледі.

      ХВҚ-ның  қызметіне көптеген мамандар мен  саясаткерлер сын айтады. Сындарының көбісі мәселелерді шешуде американдық  моделельді қолдану жайлы және дағдарыстан  шығу бағыттарының қолайлы еместігі.

      АҚШ-тың  саяси моделі жайлы айта кетсем, оның негізгі себебі ХВҚ-ның дауыстарының 17%-ы осы мемлекетке тиесілі болуы. Шешім қабылдау үшін 80% дауыс қажет  болғандықтан, олардың дауысы шешім  қабылдауға жетпесе де кез-келген шешімді  тоқтата алады. Сөйтіп бұнда да АҚШ-тың  басымдылығын байқап отырмыз.  

         

      3.2 СДР

      СДР (Специальные права заимствования (англ. Special Drawing Rights, SDR, SDRs)  - халықаралық валюта қорының есеп айырысу(виртуалдық) және қарыз алушыға белгілі бір құқық беретін валютасы болып табылады. ОЛ 1969 жылы ХВҚ-мен құрылды. СДР-дың шын мәнінде ешқандай заттық негізі және нақты баламасы жоқ және ХВҚ-ға мүше-мемлекеттің алтын валюталық тұрғысына қосымша резерв ретінде пайдаланылады. Ол валюта болып та, қарыздық міндеттеме де болып та табылмайды.

      СДР-дың  пайыздық мөлшерлемесі апта сайын қарастырылып отырады. СДР тек қана Халықаралық  валюталық қорында айналыста  болады. Қазіргі кезде СДР ХВҚ-ның  есепайырысу валютасы ретінде 4 валюта негізінде анықталады: АҚШ доллары, еуро, ағылшындық фунтстерлинг және жапондық иенде (USD, DEM + FR = EUR, GBP и JPY). Әр валютаның  СДР қоржынында өз салмағы бар. Есепайырысулар күнделікті, ай, тоқсан және жыл сайын  жүзеге асырылып отырады. 

      2-кесте 

      1СДР-дың  әр түрлі валютадағы  бағасы 

      Кезең       USD       DEM       JPY       GBP       FRF
      1981-1985       0.54 (42%)       0.46 (19%)       34 (13%)       0.07 (13%)       0.74 (13%)
      1986-1990       0.452 (42%)       0.527 (19%)       33.4(15%)       0.09 (12%)       1.02 (12%)
      1991-1995       0.572 (40%)       0.453 (21%)       31.8(17%)       0.08 (11%)       0.80 (11%)
      1996-1998       0.582 (39%)       0.446 (21%)       27.2(18%)       0.11 (11%)       0.81 (11%)
Кезең USD       EUR       JPY       GBP        
      1999-2000       0.582 (39%)       0.3519 (32%)       27.2 (18%)       0.1050 (11%)        
      2001-2005       0.577 (45%)       0.426 (29%)       21.0 (15%)       0.0984 (11%)        
      2006-2010       0.632 (44%)       0.410 (34%)       18.4 (11%)       0.0903 (11%)        
 

      СДР-дағы баға белгілеу күнделікті, орташа еуропалық  уақыт бойынша түсте, Лонданда жарияланып, ХВҚ сайтында көрсетіледі. Егер Лондон биржасы жабық болса, онда Нью-Йорк биржасының фиксингі қолданылып, ал егер екі биржа да жабық болса, онда сәйкесінше мемлекеттердің орталық  банктерінің айырбас бағамдары  қолданылады.

      СДР бағамын анықтау техникасы жалпы  басылымдарда да, арнайы басылымдар да да көрсетілмейді. Сондықтан қарапайым  халық тұрмақ, мамандардың өздеріне СДР бағамы анықталу ережесі түсініксіз және білгісіз болып келеді.

      СДР ережесіне сәйкес күнделікті екі  жақты бағам айырмасы белгіленіп отырады: доллардың СДР-ге және СДР-дың  долларға. Мысалы:2009 жылдың 13 қаршасы, жұма күні 1СДР-ге 1,599333 доллар берсе, 1 долларға 0,625261 СДР береді. Бұнда біз байқағанымыз, көрсеткіштер үтірден кейін алты санға дейін дөңгелектеніп алынады.

      Әлемдік экономикалық дағдарысқа сәйкес, 2009 жылдың наурыз айында Қытай АҚШ-тың долларының орнына арнайы қарыз алу құқыларына сәйкес әлемдік резервтік валюта енгізуді ұсынды.  Болашақта бұл  Европа валюталық жүйесінен еуро шыққандай, айналыста жаңа валюта құрылуына  себепші болуы мүмкін.   
 
 
 
 
 
 
 

      Қорытынды

      Сөйтіп, мен өзімнің курстық жұмысымда  қазіргі замандағы әлемдегі ақшалардың тарихын, әлемнің негізгі ақшаларын  және ақша-валюта жүйесін сипаттап өттім. Қазіргі заманда әлемдік ақшалардағы ең басты мәселе, ол әлемдік дағдарыс. Осыған байланысты әлемдік дағдарыс қалай басталғанын сипаттап, бізді болашақта не күтіп отыр деген сұрақ бойынша өз пікірімді білдіргім келіп отыр... 

      Енді  әлемдік дағдарыстың өзіне де келейік...

      Бір мезетте әлемдік дағдарыс басталып кетіп, қор нарығы қирады. Металургиялық, көліктік, құрылыс, химиялық және т.б  кәсіпорындардың тауарларының өтімділігімен  проблемалар басталды.

      Қор нарығының күйреуінен банктердің баланстарында  «тесік» пайда болғандықтан, шетел  банктері Қазақстаннан және т.б елдерден кредиттерін қайтаруды талап  етті. Барлығымыз білетіндей қазіргі кезде барлық дерлік компаниялар кредитсіз жұмыс істемейді. Барлығының қызметі кредитке негізделген. Сондықтан барлық бизнес түрлері үшін қиын жағдай туындады.

      Енді  ФРЖ-лықтардың жұмысы басталды. Ең қажетті  және ең пайдалы кәсіпорындарды су тегін бағаға сатып алу. Бірақ, мынандай оқиға туындайды: банкроттық қаупінде тұрған кәсіпкерге бизнесін арзан бағаға сату туралы ұсыныс жасасан келіспей қоюы мүмкін. Сондықтан келесідей саясат қолданылды. Мемлекеттер «батушыларды» құтқару мақсатында несие ұсынады. Сонда кәсіпкер алдында 2 сұрақ туындайды: банкроттықпен келісу немесе мемлекет несиесін алу. Әрине ол мемлекеттің несиесін алады. Бірақ, сол кәсіпкер мемлекеттің қатаң несиесін түсінбей, несиені қайтару уақыты келгенде, ақша қаражаты болмайды. Сол кезде оған шеттен келген біреу сол бұрынғы арзан бағасын айтады, және бұл кезде кәсіпкер бұл шарттармен қуана келіседі. Міне осы «бақыланбалы қираудың» негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

      Доллардың болашағы жайлы менің пікірім: келесі кезекте доллар дефолтқа ұшырайды. Одан қашып құтылу мүмкін емес. Әлемдік экономика қаржылық пирамида принципі бойынша құрылды және жоғарыда айтып кеткендей, кез келген қаржы пирамидасы уақыты жеткенде қирайды. Менің ойымша, долларды сақтап қалу мүмкін емес және сақтаудың да қажеті жоқ. Өйткені, ол өз жұмысын атқарды, құрушылары қажетті пайдасын тауып үлгерді.

      Жаңа  әлемдік валюта жүйесіне көшу керек  деп ойлаймын. Бұрынғы валютадан  бас тартпай, жаңа валютаға көшу мүмкін емес.

      Әлемде  доллар басылып шығарылғандай тауар  жоқ. Оның массасы нақты активтерден  ондаған есе көп. Және доллар жақын  арада дефолтқа ұшырайды деп ойлаймын. Ол кенет іс болып, құраушыларының өзіне  зардаптар әкелуі мүмкін. Сондықтан  оған белгілі бір оқиға себепші болуы керек. Қандай оқиға болатындығын уақыт өте көреміз. Доллармен қоса көптеген әлемнің ақша жүйесі қирайды. Кейін ешкімде ақша болмағандықтан, барлығы «таза беттен» басталады, яғни жаңа өмір басталады.

      Дегенмен, бұл тек қана менің пікірім. Қандай оқиға болмасын, барлығы біздің қолымызда. Біз Қазақстан Республикасының  жастары, яғни болашағы. Болашақ қаржыгер ретінде, еліміздің экономикасын дамытып, ұлттық валюта теңгенің әлемдік беделін өсіріп, Қазақстан Республикасын дамыған мемлекеттер қатарына қосу сіз бен біздің қолымызда. Бірігіп осы мақсатқа жетейік!   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Қолданылған әдебиеттер: 

    1. М.С. Саниев “Ақша, Несие, Банктер”, Алматы-2001ж
 
    1. “Ақша, Несие, Банктер”, Г.С.Сейтқасымов, Алматы «Экономика» 2006г.
 
    1. Авдокушин Е. Ф. Международные экономические  отношения : учебное пособие .-М. : Маркетинг ,2000.
 
    1. Левшин  Ф.М. Мировой рынок: конъюнктура, цены и маркетинг. М., «М.О.», 2003.
 
    1. Носкова И.Я., Максимова Л.М. “Международные экономические  отношения”. - М.: Экономик-пресс, 2007.
 
    1. «Основы международных  валютно-финансовых и кредитных  отношений» под редакцией Круглова В.В. г. Москва, «Инфра-М», 2006г.

Информация о работе Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар