Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар

Автор: n***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 12:43, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық субъектілердің сыртқы нарықта жұмыс істеу принциптері, ішкі нарықтағы жұмыс істеу принциптерінен өзгешеленеді. Міне сондықтан, әлемдік нарыққа шығудың алдында, әлемдегі экономикалық және саяси жағдайға назар аудару қажет. Сонымен қатар, халықаралық сауда қатынастарында, сол халықаралық қатынастардың белгілі бір ережелеріне, шарттарына сай келу керек екендігін, әр түрлі ақша қаражаттарымен жұмыс істеу және жоғарғы тәуекелдік аясында жұмыс істейтіндігін түсіне білу қажет.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар курстық жұмыс акша несие банктер.docx

— 80.73 Кб (Скачать)

      Келесі  қызықтратын мәселе алтынның биржалық бағасының анықталуы. Бізге түсіндіретіндей  алтын биржасында сауда жүріп, ұсынылған бағалар балансында анықталмайды. Оны Ротшильд отбасылық жиналысында биржаның ұсыныстары қарастырылып анықталады. Осыдан 6-7 жыл бұрын алтынның 1унциясына 250 доллар деңгейіне дейін түсіп кетті. Сол кездерде газет, журнал басылымдарында алтынның бағалы тас функциясы қалды, алтыннан тез арада құтылу керек деген. Сол кезде Англияның, Швейцарияның банктері алтын қорларының жартысын инвесторларға сатып жіберді. Ол шамамен 2500 тонна алтын. Кейін 3 жыл ішінде алтын бағасы унциясына 1000 долларға дейін көтерілді. Қазіргі жағдайда оның бағамы 750-800 доллар аумағында. Және оған қорқудың қажеті жоқ. Қажет жағдайда оның бағасы 2000,3000 – ға дейін өсе береді.

      Кез-келген адам түсінеді, егер сен алтынның бағамын  анықтайтын болсаң басқа жұмыс істеу  керек пе, әлде бұл кез-келген бизнестің жалпы қосындысына тең бизнес пе...

      Дәл қазір «бақыланбалы қирау» жүзеге асырылып жатыр. Бұл қор нарығын құрушыларға  ешқандай жағымсыз әсер әкеліп жатқан жоқтығын түсінуіміз қажет. Барлығы  жоспар бойынша жүріп жатыр. Ол қосымша  пайда әкеліп, ФРЖ-лықтардың әлемдегі беделін жоғарылату қажет. Бұл кезеңнен қашып құтылу мүмкін емес, өйткені  кез келген қаржылық пирамида міндетті түрде қирайды.1-2 жылдан кейін өздігінен  қираушы еді, бірақ ол кезде «бақыланбалы қирау» болмай құрушыларына зардаптар  әкелуі мүмкін еді. Осы кезеңде ең маңызды және ең пайдалы кәсіпорындарды өте арзанға сатып алу жұмысы жүргізіледі. Оны жүзеге асыру үшін барлық қаржы ағымдарын бақылап, бәсекелестердің алдын алу қажет.

      Қаржылық  айналымды бақылауға дайындық болды  ма? Оның ізін көре аламыз ба? 90-шы жылдардың  ортасында банктік құпия жойылды. Оның негізгі себебі салық төлеуден қашу. Оған келіспегендерге АҚШ-тың, Канаданың және тағы да басқа халықтардың  банктік нарығына жол жабу қаупінде, банктік құпия алынып тасталды. Дегенмен жай ғана ақша қаражаттарынның қозғалысын бақылау еш пайда бермейді, оған сонымен қатар шаралар қолдану  қажет. Келесі қадам - 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы болды. Бұл оқиға көптеген мәселелерді шешті, соның ішінде бізді қызықтыратын тақырып бойыншасын қарастырайық. Осы оқиға негізінде, терроризмді қаржыландыруға қарсы  күрес заңы қабылданды. Негізінде  террористер банк арқылы қаржылан байтынын түсіну қиын емес және ол үлкен ақшаны қажет етпейді.

      Бұл заңның негізгі мақсаты ол емес еді. Осы заң арқылы енді қаржылық ағымға әсер ету мүмкін еді. Және кез келген қаржы ағымы күмән тудырып, оны  сот арқылы террористерге бағытталмайтындығын  дәлелдеу қажет  болды. Сөйтіп, ФРЖ  бар билікті өз қолына алды... 
 

      2.3 ҚР ұлттық валютасы  және оның бағамы

      Теңгенің  алғашқы банкоталарын полиграфиялық  дайындауды «Харрисон және ұлдары»  фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды  (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде  Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).

      Ұлттық  валюта енгізілгеннен кейін алғашқы  екі жыл біздің еліміз үшін өте  қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды  ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына  байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын  сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне  байланысты  есеп айырысу жүргізген  кезде ұлттық валюта тұрақтылығына  ықпал ете алатын барлық негізгі  факторлар есепке алынады. Алғашқы  кезде теңге бағамы төмендейді деп  күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген  өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы  айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды. 

      Теңгенің  тарихын келесідей  кезеңдерге бөліп  қарастыруға болады:

      1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар).

      1995 жылдың аяғында – 8,2% болған  ЖІӨ өсу қарқыны төиендеуінің  сақталуына қарамастан, осы кезеңнің  аяғында инфляцияның деңгейін 60,3%-ға дейін төмендетуге қол жетті.

      1993 жылғы қарашада теңгенің енгізілу  кезіне қарай Қазақстанның банк  жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған  болатын: екі деңгейлі банк  жүйесі жұмыс істеді, барлық мамандандырылған  банктер акционерлік банктер  болып қайта құрылды, ал Ұлттық  банке орталық банктің бірқатар  функциялары берілді. Бұл өз  валютвмызға көшуді және Қазақстанның  ақша-кредит саясатын жүргізуін  едәуір жеңілдетті.

      Банк  секторын едәуір сауықтыру жөніндегі  іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 1993-1996 жылдар арлығындағы кезеңде  екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге азайды.

      2-кезең.  Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)

      Банк  секторын шоғырландыру және сауықтыру  процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына  ықпал етті. Жекелеген банктер  қайта ұйымдастырылды.

      1998 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан  рыноктық қатынастар негізінде  құрылған және ұзақ мерзімді  перспективаға есептелген үш  деңгейлізейнетақы жүйесіне көшті. 

      3-кезең.  Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап).

      ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. Дегенмен қазіргі экономикалық дағдарысқа сәйкес бүкіл әлемде экономикалық түсім байқалуда. Соған қарамастан Қазақстанның 2009 жылғы экономикалық өсімі 2008 жылға қарағанда 2%-ды ғана құрады.

      Қазіргі кезде 2009 жылғы орташа жылдық деңгей – 7,5 – 9,5% аралығын құрады.

      Банк  секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.

      Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.

      Банк  жүйесінің тұрақтылығы нығая  түсуде. Оның валюта баламасындағы  жиынтық меншікті капиталы 1,4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД  елдері ішінде бір банкке келетін  меншік капиталының мөлшері бойынша  Қазақстан жетекші орында.

      Валютаның ресми бағамдары.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ресми  бағам  механизміне өзгерістер енгізді. 09.06.2003 ж. бастап өткен жұмыс күні үшін Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік (негізгі) сессиясында қалыптасқан АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық бағамы теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша ресми бағамы болып есептелсін. 

      1-кесте 

          Жылдар         Минимум      Орташа         Максимум

             2009            120.79       147.162          151.40+

             2008            119.48      120.292          120.87+

             2007            118.79      122.538           127.00+

             2006            117.25      126.082          133.85+

             2005            129.83        132.891           136.12+

             2004            130.00       136.038            143.33+

             2003            143.66      149.107          155.20+ 
 
 

      Әр  түрлі валюта бойынша  теңге бағамы: 

                  1 АВСТРАЛИЯ ДОЛЛАРЫ                     AUD / KZT          139.29     1 АҒЫЛШЫН ФУНТ СТЕРЛИНГІ GBP / KZT          250.10     1 БЕЛАРУС РУБЛІ                                BYR / KZT            0.06     1 ВЕНГЕР ФОРИНТІ                                HUF / KZT            0.83     1 ДАТ КРОНАСЫ                                DKK / KZT           30.02     1 БАЭ ДИРХАМЫ                                AED / KZT           40.82     1 АҚШ ДОЛЛАРЫ                                USD / KZT          149.95     1 ЕУРО                                                    EUR / KZT          223.37     1 КАНАДА ДОЛЛАРЫ                         CAD / KZT         142.78     1 ҚЫТАЙ ЮАНІ                               CNY / KZT           21.97     1 КУВЕЙТ ДИНАРЫ                               KWD / KZT          525.59     1 ҚЫРҒЫЗ СОМЫ                                KGS / KZT            3.43     1 ЛАТЫШ ЛАТЫ                                 LVL / KZT 315.55    1 ЛИТВА ЛИТІ                                            LTL / KZT 64.69     1 МОЛДАВАН ЛЕЙІ                                 MDL / KZT 13.60     1 НОРВЕГ КРОНАСЫ                        NOK / KZT 26.71     1 ПОЛЬША ЗЛОТЫ                                  PLN / KZT 54.35     1 САУД АРАВИЯНЫҢ РИЯЛЫ              SAR / KZT 39.98     1 РЕСЕЙ РУБЛІ                                            RUB / KZT 5.21     1 СДР                                                      XDR / KZT 239.82    1 СИНГАПУР ДОЛЛАРЫ                       SGD / KZT 108.15    1 ТҮРІК ЛИРАСЫ                                  TRY / KZT 101.42    1 ӨЗБЕК СОМЫ                                  UZS / KZT 0.10     1 УКРАИН ГРИВНАСЫ                        UAH / KZT 18.43     1 ЧЕХ КРОНАСЫ                                  CZK / KZT 8.78     1 ШВЕД КРОНАСЫ                                  SEK / KZT 21.87     1 ШВЕЙЦАР ФРАНКІ                        CHF / KZT 147.88    1 ЭСТОН КРОНАСЫ                                  EEK / KZT 14.28     1 ОҢТҮСТІК АФРИКА РАНДІ              ZAR / KZT 20.19     100 ОҢТҮСТІК КОРЕЙ ВОНАСЫ    KRW / KZT 12.99     1 ЖАПОН ЙЕНІ                                           JPY / KZT 1.66 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      III бөлім. Әлемдік  валюта жүйесі 

      3.1 Халықаралық валюталық қор

      Халықаралық валюталық қор, ХВҚ (ағ. International Monetary Fund, IMF) – орталығы Вашингтон қаласында  орналасқан, БҰҰ-ның арнайы маманданған  мекемесі. 1944 жылы 22 шілдеде қаржы-валюта сұрақтары бойынша келісімшарттың негізі БҰҰ-ның Бреттон-Вуд конференциясында қарастырылды(ХВҚ хартиясы). Оның концепциясын құру бойынша қомақты үлесін ағылшын делегациясын басқарып келген – Джон Мейнард Кейнс және американдық ұлттық хатшы орынбасары – Гарри Декстер Уайт болды. 1945 жылы 27 желтоқсанда 29 мемекет өкілдерінің келісімімен шартқа қол қою нәтижесінде - ХВҚ-ның ресми құрылуы болып саналды. ХВҚ өзінің жұмысын Бреттон-Вуд келісімінің бөлігі ретінде 1947 жылы 1 наурыздан бастады. Тап осы жылы Франция алғашқы несие алды. Қазіргі кезде ХВҚ мүшелерінің саны 186-ға жетті, оның құрылымында 133 мемлекеттен 2500 адам қызмет етеді.

      ХВҚ мемлекеттің төлем балансы жеткіліксіз  болған жағдайда қызқа мерзімді несие  беруді жүзеге асырады.  Әдетте несие  беру, шарттар және ахуалды жақсарту бағыттары ұсыныстары жиынымен беріледі.

      ХВҚ-ның  дамушы мемлекеттерге несие беру кезіндегі шарттары және ахуалды  жақсарту бағыттары олардың дербес болуына бағытталмай, ХВҚ-ға байланып қалуына әкелетін саясатына қарсы  сынақтар тудырды.

      ХВҚ-ның  басты мақсаттары:

  • ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің бос ақша қаражаттарының болмауына және тұрақты пайда тауып, «халықаралық сауда қатынастарының ұлғаюы мен дамуына» септігін тигізу;
  • Халықаралық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, мемлекеттер арасындағы валюталық қарым-қатынастарын реттеу және әріптес мемлекеттің валютасын тоқырату арқылы пайда табуға жол бермеу;
  • Халықаралық валюталық есепайырысу жүйелерін құрастыруға септігін тигізу және валюталық шектеулерді жою;
  • ХВҚ мүше-мемлекетке шетел валютасында қысқа мерзімді несие беру

      ХВҚ-ның  негізгі функциялары:

  • халықаралық қаржы саясаты жөніндегі әріптестікке көмектесу;
  • әлемдік сауда-саттықты ұлғайту;
  • несие беру;
  • ақша қаражаты айырбастау бағамын тұрақтандыру;
  • дебиторлық мемлекеттерге кеңес беру;
  • халықаралық қаржы статистикасын құрастыру;
  • халықаралық қаржы статистикасын жинау және басылымға шығару.

Информация о работе Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар