Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар

Автор: n***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 12:43, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық субъектілердің сыртқы нарықта жұмыс істеу принциптері, ішкі нарықтағы жұмыс істеу принциптерінен өзгешеленеді. Міне сондықтан, әлемдік нарыққа шығудың алдында, әлемдегі экономикалық және саяси жағдайға назар аудару қажет. Сонымен қатар, халықаралық сауда қатынастарында, сол халықаралық қатынастардың белгілі бір ережелеріне, шарттарына сай келу керек екендігін, әр түрлі ақша қаражаттарымен жұмыс істеу және жоғарғы тәуекелдік аясында жұмыс істейтіндігін түсіне білу қажет.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар курстық жұмыс акша несие банктер.docx

— 80.73 Кб (Скачать)

      Кіріспе

      Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты  қазіргі замандағы әлемдік ақшалардың пайда болуына, қырылымына, маңыздылығына көзделіп, сонымен қатар тарихи, қазіргі жағдай және болашақтағы позиция тұрғысынан қарастыру.

      Менің ойымша, әлемдік ақша түсінігін қарастырмас  бұрын, жалпы ақша дегеніміз не және оның  экономикалық мәнін түсіну қажет. Ақшажалпыға бірдей балама, өзге тауарлардың құнын көрсететін және барлық тауарларға бірдей айырбасталатын ерекше тауар. Тауар құнының ақшамен бейнеленуі оның бағасы деп аталады. Баға құнның ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төмен де, тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. Табиғат өздігінен ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше тауар, ол  тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып, жалпы балама рөлін атқарады.

      Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар белгілі  бір ретке  келтіріліп, валюталық  жүйе негізінде анықталады. Халықаралық  валюталық жүйе негiзi, сыртқы валюта нарықтарында орталық эмиссиялық банктердің қызметтерін реттейтін, қандай да бір  ережелер және заңдардың жиыны болып  табылады. Бұл ережелердің мақсаты, халықаралық сауда жүйесіне қатысушылардың қызметі оңтайлы болып, экономикалық жүйелердің дамуы мен гүлденуі. Іс жүзiнде, осы мақсатты iске асыру  процессінде, халықаралық валюталық  жүйесi, халықаралық саудалық қатынастарын ұзақ мерзiмдi жоспарлауға арналған тұрақты iргесін қамтамасыз етуi және әр түрлі валюталық, жеке елдер және олардың үкiмет органдарының жақтау шараларына шектеулерді жоюына мүмкіндік  туғызады.

      Халықаралық сауда қатынастарына әріптес-бақталас ретінде, үлкен әсер ететін өнеркәсiптiк - дамыған елдер болып табылады. Соңғы он жылдықта бұл салаға дамушы елдердің активизациялауы байқалуда.

      Қазіргі кезде кей мемлекеттер ғана халықаралық  мамандандырулардың, кооперативтердің және еңбек бөлінісінің артықшылықтарын  қолданбай келеді. Экономикалық субъектілердің (банктер, кәсіпорындар, заңды тұлғалар және тағы да басқалары) өндірісінің  интернационализациясының өсуі, олардың  әлемдік нарыққа белсенді өтуіне себепші.

      Экономикалық  субъектілердің сыртқы нарықта жұмыс  істеу принциптері, ішкі нарықтағы  жұмыс істеу принциптерінен өзгешеленеді. Міне сондықтан, әлемдік нарыққа  шығудың алдында, әлемдегі экономикалық және саяси жағдайға назар аудару қажет. Сонымен қатар, халықаралық  сауда қатынастарында, сол халықаралық  қатынастардың белгілі бір ережелеріне, шарттарына сай келу керек екендігін, әр түрлі ақша қаражаттарымен жұмыс  істеу және жоғарғы тәуекелдік аясында  жұмыс істейтіндігін түсіне білу қажет. 

      Ақша  тауарлы шаруашылықта адамдардың қоғамдық қатынасын бейнелейді және ақша келесідей  қызметтерді қамтиды: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына жинау; дүниежүзілік ақшалар. Жалпы, ақшаның  қызметі туралы толығырақ, сіздер, осы  курстық жұмыстың келесі тарауында  танысасыздар.

      Мен, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  – Ақша мәні, қызметтері, әлемдік  ақша түсінігі, оның тарихы және қазіргі  жағдайдағы рөлі туралы айта кетемін.

      Екінші  бөлім – Әлемдік экономикадағы  негізгі ақшалар, яғни евро, доллар туралы және ұлттық валютамыз теңгенің тарихы, сонымен қатар шетел валюталарымен  бағам айырмасы жайлы сипаттаймын  және әлемдік дағдарыстың себебін  қарастырамын.

      Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде – Әлемдік  валюта жүйесін реттеуші Халықаралық  валюталық қор және оның виртуалды  валютасы СДР-ды, сонымен қатар Үш валюталық одақ жайлы және ондағы евро рөлін баяндаймын. 

               
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      I бөлім. Әлемдік  ақша түсінігі 

      1.1 Ақша мәні және әлемдік ақша эволюциясы.

      Ақша  ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір  шарт және өнім болып табылады. Ақшалар көптеген ғасырлар бойы формасын өзгертіп келеді және қазіргі ақшалар олардың соңғы фазасы емес. Нақты кезеңдерде құнның баламалы формасы пайда болды: бір тауардың барлық тауарлардан ерекшеленуін және барлық тауарлардың осы тауарға айырбасталуын балама деп атаймыз. Балама-тауарға талаптар iстеп шығарылады :

  • бөлiнгiштiк;
  • ықшамдық;
  • бiртектiлiк.

      Тауар — бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе коғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның коғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну кұнның алу кұралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша.

      Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну кұны ретінде көрінеді. Оның кұны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-біріне ауысады.

      Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар — барлық басқа тауарлардың бір-бірімен  өзара айырбасталу кұралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы кұндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Кұнның жалпы кұндық формасы ақша формасына айналды.

      Тауар айналысының тарихи эволюциялық  даму процесінде жалпы кұндық эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болады. Малды жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.

      Бір халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек бөлінісінің  нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп  шығуымен мал айырбас құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық  жағдайларға байланысты нақты сол  ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда –  түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды  жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде  табылған заттарда, поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде  пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы  уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда  “өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде  жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал”  деген атуға ие болды. Ярослав  Мудрый 1018 ж. Былай деген “біздің  жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп аталынды.

      Капитал сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл  сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

      Солтүстік    халықтары    ең    бірінші    тауар    ретінде    айырбас  үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды. Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде колданды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен, хазармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды.

      Әлемде  әр түрлі экзотикалық ақшалар  болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында осы күнге дейін феи акша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай "монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.

      Юлий  Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде  кұлдарды пайдаланды. Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

      Өнер  мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты. Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда болды. Бұл аз бұзылатын әсімдік өнімдері — зәйтүн майы, күріш, кофе, какао, құйма түріндегі тұздар, тағы басқа..

      Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана  бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры Дионосий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды.

      XVII ғасыр Солтүстік Америкада ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер колданылды.

      Металл  ақшаларының артықшылығы, олар — біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқа. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебі салмағының жүйесі нақтылана түсті.

      Кейін келе металдардың арасында басты  роль алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.

      Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және тағы басқа формаларда ұзақ уақыт бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы драхма - бір уыс шеге деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазанның, құмыра, қалқан түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде пайдаланылды.

      Монеталардың  пайда болуы — ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

      Егер  де монетаның номиналды құны, сол  монетаның құрамындағы металдың құнына тең болса, онда ол – толық  құнды ақша болады. Ал, толық құнсыз ақшаны біз – билонды ақша деп  атаймыз.

      Монеталық ақша айналысының тарихында мынандай түсініктер қалыптасқан:

      Биметаллизм – Жалпы эквивалент ролін екі металл, яғни, алтын мен күміс атқарады.

      Монометаллизм – Жалпы эквивалент ролін ақша жүйесі ретінде бір металл атқарады.

      Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналасынының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналасында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

      XIX ғасырда социал утопистері — Прудон, Оуэн, Грей және басқалар акшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.

      Ақша  тауардан дами отырып, тауар болып  қала береді, бірақ тауар ерекше жалпылама эквивалент.

      Ақша  — жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

      Жалпыға бірдей эквивалент рөлі тарихи түрде  алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес. К.Маркс айтқандай: "Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет коғаммен берілген".

      Алтын жалпыға бірдей эквивалент рөлін  орындау үшін ең бір 
лайық тауар болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай, әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана "патша арағында" ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары кұнға ие. Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек шығындарының өте жоғары болуына әкеліп соғады. Алтынды колдану жылдан-жылға өсуде. Ол әртүрлі салаларда пайдаланылады - электроникадан бастап, зергерлік-іскерлікке дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған құймалар түрінде кездеседі.

      Ресей XIX ғасырдың 20 -жылдарында алтын өндіруден бірінші орында болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндігі үлесі 40 %  кұрады.

Информация о работе Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар