Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар

Автор: n***********@mail.ru, 25 Ноября 2011 в 12:43, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық субъектілердің сыртқы нарықта жұмыс істеу принциптері, ішкі нарықтағы жұмыс істеу принциптерінен өзгешеленеді. Міне сондықтан, әлемдік нарыққа шығудың алдында, әлемдегі экономикалық және саяси жағдайға назар аудару қажет. Сонымен қатар, халықаралық сауда қатынастарында, сол халықаралық қатынастардың белгілі бір ережелеріне, шарттарына сай келу керек екендігін, әр түрлі ақша қаражаттарымен жұмыс істеу және жоғарғы тәуекелдік аясында жұмыс істейтіндігін түсіне білу қажет.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар курстық жұмыс акша несие банктер.docx

— 80.73 Кб (Скачать)

      Еуропалық одаққа Қазақстанның евроға деген қарым-қатынасы өте маңызды. Оның басты екі себебі бар.

      Біріншіден, жаңа валюта дүниежүзінде төзімді позиция алу үшін бүкілеуропалық валюта болу керек, ал Қазақстан аз болса да, Еуропаға жақындау көрші. Қазақстанның қаржы нарығының қандай кішігірім болғанына қарамастан, Қазақстан евроға Еуропадан тыс тіршілік ету индикаторы саналады. Егер ол Еуропалық одақтың стратегиялық партнері бола отырып, доллардың монополиялық әсерінде қалған болса, онда евроның АҚШ доллары секілді сыртқы нарықтағы функцияларын орындай алмауын білдірер еді.

      Екіншіден, Қазақстан – мұнайдың ірі экспортері, ал мұнай саудасы доллармен жүретіні бәріне мәлім. Әрине Еуропалық одақ елдері бұл жағдайды да өздеріне қаратып алғаны жөн. Мәселе коммерциялық пайдада ғана емес, мәселе стратегиялық артықшылықтарда, яғни евроның дүниежүзілік тауарлық және де қаржы нарықтарындағы ұзақ мерзімді перспективасы.

      Қазақстанда Еуропаның ұлттық валюталары сатылмайтын  және сатып алынбайтын елдерге саяхат жасауда евро өте ыңғайлы болды. Теңгені мысалға ирланд фунттары немесе испан песеталарына айырбастау әрқашан қиынға түсетін. Мұндай операцияларды  орындайтын банктер саны аз және бұл  операция үшін үлкен комиссия ұстайтын. Қазір бұл мәселе жоқ. Қазір қолма-қол  евроның айналымы өскендіктен, евромен  жүргізілетін мәмілелер аса арзандады.

      Қазақстан мен Еуропа арасындағы тығыз экономикалық және мәдени байланыста болғандықтан, еуропалық валютаның курсының өзгерісі біздің елге сезімді өзгерістер әкелуі мүмкін.

         Евроның теңгеге байланысты бекітілуі  қазақстандық тауарлардың еуропалық  нарығындағы бәсекені жоғарылатады. Бірақ шикізаттық емес экспорттың  үлесі үлкен болмағандықтан,  жалпы көрсеткіштің өсуін байқауын  қиындатады. Жеке кәсіпкерліктер  жағдайды пайдаланып, экспорт көлемін  ұлғайтып алулары да мүмкін.

      Жоғарыда  айтылғанның нәтижесінде импорттың  доллардағы бағаларының өсуіне қарамастан, евроның нығайтылуы сауда балансының жағымды сальдосының өсуіне әкеледі. Бірақ бұл негативті жоғарыда айтылған эффекттерге байланысты ЖІӨ-нің  өсуіне апармайды.

      Менің ойымша, Қазақстанның евроға «үйренуі»  жағымды болар, бізге де, оларға да. Және де доллар монополиясын жою үшін оған күшті бәсеке керек, ал евродан  күшті валюта әлі жоқ деген  ойдамын. 

      2.2 Доллар және әлемдік дағдарыс себебі

      "Доллар" сөзі американ ұлтынан бұрын  пайда болған, бұл валютаның жасы 500-де екен. АҚШ-та доллары 207 жыл  бұрын пайда болған, доллар бұрынырақта  бухгалтерлік кітаптарда көп  қолданылып келген. Дәл қазір  мен осы валютаның қайдан пайда  болғанын және аттары қалай  аталғанын мысалы пиастры, талер, доллар болды ма соған тоқтала кетейін. Бірақ біз алдымен "доллар" сөзінің қайдан пайда болғанына назар аударып көрелік. XVI ғасырларда Богемияның солтүстік-батысындағы Қасиетті Иоахимсталь таулы алқабындағы шахтада күміс өндіру қолға алына бастады. Осы шахта жанынан Санкт-Иоахимсталь неміс қалашығы пайда болды.

      1519 жылы Рим империясына арналып  қасиетті Иоахимнің бейнесі бейнеленген  бір унциялы монеталар соғыла  бастады. Келе-келе оның атауы  талер деп аталып кетті. Талер  ақшасы Еуропада өте жоғары  сұранысқа ие болды. Ал Швецияда "далеры" монеталарын 1534 жылы соға бастады, ал Данияда 1544 жылдары соғылды. Бұрынырақта Англияда бұл валютаны даллер деп атаған, қазір доллар деп атап кеткен.

      1611 жылы Шекспирдің қойылым премьерасы  болып өтті. Осы премьерада "Доллар" туралы көп айтылады. Содан бастап  Ағылшын колониясындағы Солтүстік  Американың барлық жерлерінде  сөзге қосып айтатын болды.  Испанияның дәуірлеп тұрған заманында  әлем елдерінің құрлықтарында  және теңіздерде ең тұрақты  испан күміс реалы және алтын  дублондары тұрақты валюта ретінде  қолданылып келді. Георг ағылшын  королінің бұйрығымен Ағылшын  банктерінде сақталып жатқан  испан реалдары қарыз жабуға  қолайлы деп, оны ақша ретінде  айналымға жіберді. Сонымен қатар  песо да солтүстік америка  колонияларында басқа ақшалар  сияқты доллар деп аталып кетті.  Мұндағы S деген белгі( Spain- деген  мемлекеттің атымен басталады.).

      "Талер"  сөзі американ әдебиетінде 1899 жылдан бастап күнделікті өмірде  қолданысқа ие болды. Американдықтар  тәуелсіздік алғанна кейін 1785 жылы 6 маусымда Құрама Штаттар  Конгресінің шешімімен және Томас  Джефферсонның ұсынысымен мемлекеттің  ақша атауы доллар болып аталсын  деген ұйғарымға келді. Осыдан  келіп, бірінші рет АҚШ мемлекетінде "доллар" сөзі ұлттық валюта  ретінде ресми түрде қабылданды. 1993 жылы Мексикада ақшасының деноминациясы  өткізілді. 

      Жаңа  песоның бағасының белгісі NP$ болып  белгіленді. Украинада жақын арада  ресми түрде ұлттық валюта ойлап  тапты – ол гривна деп аталады. Бұл доллардың символы болып  саналады. 1991 жылы қазанда қазіргі  заманға сай Словенияда ұлттық валюта доллар болып саналады. Әлемде мынандай доллар түрлері бар олар: австралиялық, сингапурлық, канадалық, гонконгтық, жаңа зеландиялық, фиджилік, зимбабвиялық, каймандық және тағы басқалары.

      1792 жылы Филадельфиялық монета шығару  алаңы құрылды, бұл жерде американдық  долларлар соғыла бастады. Ең  бірінші бір долларлық банкнот  1767 жылы ағылшын колониясына қарайтын  Солтүстік Америкадағы Мэриленд  қаласында басылып шықты. Ал 

      1875 жылы маусым айынан бастап  Конгрестің шешімімен қағаз долларлар  басылып шыға бастады. Доллар  барлық жерде бір белгімен  жүрмейді. Зерттеушілердің есептеуі  бойынша, бұрынырақта, испандықтар  американ колонияларынан S белгісі соғылған монеталар тауып алған. Ең бірінші доллар ақшасын қолданған бай көпес ол 1773 жылы ирландық-эмигрант саудагер және плантатор Оливер Поллок, бірінші Пенсильвания қаласында тұрып, содан кейін Нью-Орлеан Луизианға көшіп келді. Ол кезде ол жерді американдықтар 1803 жылы сатып алған болатын. Бұл саудагер испандықтардан қару-жарақ алып, ағылшындарға сатқан болатын. Сонда ол P және S белгісі бар ақшаларды қолданған. 1797 жылдың көкек айынан бастап бірінші рет символ ретінде Ч. Лидің "Американский бухгалтер" кітабінда басыла бастады, содан бері сол күнді доллардың туған күні деп есептейді. Жалпы қабылданған заң бойынша доллар белгісі санның алдында тұру шарт.

      Міне  осы доллар қазіргі кезде әлемдік экономика аренасында орны ерекше. Жоғарыда айтып кеткендей, дүние жүзіндегі операциялардың жартысына жуығы осы АҚШ-тың доллары арқылы жүзеге асуда. Сондықтан доллардағы жағымсыз құбылыстар әлемдік экономикаға зардаптар әкеледі. Соның бірден бір себебі әлемдік қаржылық дағдарыс. Осы қаржылық дағдрыстың долларға қатысы қандай десек, бұған бірден тікелей деген жауап аламыз. Мен осы мәселені зерттей келе, қаржылық дағдарыстың негізгі және жалғыз себебі ол доллардың көптеп эмиссиялануы деген пікірге келдім. Доллардың көптеп эмиссиялануына не себеп болды? Газет журнал бетінде басылымға шықпайтын, астарлы жағынан шолып өтейін.

      1971 жылы доллардың шығарылуы алтын  валюта резрвтеріне байланғаннан  бастап, доллар көптеген көлемде  эмиссияланды. Доллардың сатып алу  қасиеті АҚШ-тың ЖІӨ-не ғана  сәйкес емес, сонымен қатар долларды  қолданатын басқа да мемлекеттердің  ЖІӨ-мен белгіленді.

        АҚШ-та доллардың шығаруын ешкім  бақылай алмайды, тіптен АҚШ-тың  басқарма үкіметі, өйткені онда  эмиссиялау жұмысын Федералдық  Резерв Жүйесі(ФРЖ), былайша айтқанда  Орталық банк атқарады және  ол мемлекетке бағынбайтын жеке  ұйым болып келеді. Оның басшылығы  АҚШ-тың 20 жеке меншік банктерінен  құралған. Олардың басты бизнесі  – ақшаны эмиссиялау. Бұл қызметті  атқару үшін 1907 жылы құрылып көптеген  қиыншылықтардан өтті, яғни 1-ші және 2-ші дүнижүзілік соғыстар және 1944 жылғы Бреттон-Вуд келісімі.

      1971-2009 жылдар аралығындағы доллардың  массасы 10 шақты есе өсті. АҚШ-тың  Жалпы ішкі өнімі(ЖІӨ) әлемнің  ЖІӨ-нін 20%-ын құрайды десек,  дүниежүзі бойынша шығарылатын  өнімнің 40%-ын қолданады. Ол  қалай болғаны, яғни американдықтар  басқа елдердің тауарларына өздерінің  қамтамасыз етілмеген долларларына  айырбастау нәтижесінде жүзеге  асады. Әлемді өз қажеттіліктеріне  пайдаланады. ФРЖ-да әлемнің ең  мықты «милары» жиналған және  олардың бұл қызметті еш кедергісіз  жасауы үшін «дене» керек, міне  осы дене болып АҚШ үкіметі  алынды. Сондықтан денесі, яғни шатыры  мықты болу үшін оның әскері  дүниедегі ең мықты әскер болуы  керек. Сол себептен өз қаражаттарының  жартысын ФРЖ тоқ және қамтамасыз етілген әскерге жұмсайды.

      Халықта кейде доллар бағамы төмендесе, Американың экономикасы құлдырауда деп қуануда. Дегенмен бұл жайт ФРЖ-ға ешқандай әсер бермейді, өйткені ФРЖ-ға қандай «дене» болса да бәрі бір Американың экономикасын құлдырату керек болса оған да барулары әбден мүмкін. ФРЖ-ның қалған бөлігі Италияда,Францияда,Англияда және тағы да басқа жерлерде бар.

      Ақша  соншалықты көп мөлшерде эмиссияланып жатса, онда әлемде доллар массасы тауар  көлемінен артып кетпейді ме деген  сұрақ туындайды. Міне осы жайтты болдырмау үшін ФРЖ «милары»(өте  ақылды адамдар) қор нарығын ойлап  тапты. Біздің сіздермен көріп жүрген қор нарықтарымыз жалған, виртуалды  болып шықты. Ол дегеніміз бұл  арнайы құрастырылған жүйе(айналымда виртуалды трилиондаған ақша жүреді). Барлық мәліметтері ФРЖ «миларымен» қадағаланып, нарық қатысушылардың көз бояушылық жасап, тек қана 1-2% ғана нақты ақшамен қамтамасыз етіліп, сол сомманы ғана инвесторлар шығара алады. Бұл виртуалды жүйе болғандықтан оны құрастырушылар, инвесторлардың пайда табуы тұрмақ, бастапқыда құйған ақшаларын алып шығару қарастырылмаған. Мұнда ешқандай қарыздық міндеттеме жоқ және ешкім ешкімге қарыз емес.

      Қор нарығы өз қызметін құрастырушылар алдында  атқарды және қажеттігін жойды. Оны  құрасырушылар ақылды адамдар және олар қор нарығын құтқарып жатқан түр келтіреді. Бізге АҚШ 700 млн  доллар соммасындағы ақша қаражатын  қор нарығын құтқаруға салып  жатыр дейді, дегенмен қор нарығын  бұндай ақша қаражаттарымен құтқару  мүмкін емес. Оны құтқару үшін 100 триллион долларға жуық қаражат қажет, бірақ бұл іс жүзеге аспайды, өйткені ФРЖ осынша қаражатты басып шығарса, доллар бағамы ондаған есе төмендеп, құлдырауға ұшырайды. 

      Тағы  бір түсініксіз жайт, теледидардан көріп жүрген аналитиктардың акцияның төмендеуі немесе өсуі және мұнай  бағамы жайлы мәліметтерден, олар қайдан шығады деген сұрақ туындауы мүмкін. Міне осы мәселені ашып көрейік, мысалға  мұнай бағамы 10$ баррельге жоғарылады. Оның себебі АҚШ-тың мұнай қоймасындағы мұнай қоры күткен көрсеткіштен 1млн баррельге төмен болып шықты. Кім қандай мөлшерде күтті? Неге осы күтім мұнай бағамын анықтау керек?

      Енді  осы 1 млн баррельді қарастырайық. Brent маркасы үшін бұл шамамен 131 мың  тонна. Мұнайдың бұл көлемі АҚШ-та 2005 жылы 1 сағатта қолданылатын мөлшері  және сол кезде күніне 21 млн баррель  мұнай қолданылып, 2009 жылы бұл көрсеткіш 24 млн баррельге жетті. 1млн баррель  – ол жылдық пайдаланымының 1/8760 мөлшері  немесе жылдық пайдаланымның 0,012%-ын құрайды. Ақшалай мәнде ол 1млн баррель 100млн долларды құрайды. Бұл 100 млн долларды ешкім жоғалтпады, тек қана ол мұнай қоймасына уақытында жеткізілмеді. Енді санап көреңіздер осындай жаңалықтар нәтижесінде осыны құрастырушылар қанша пайда тапқанын. Соңғы 8-10 жылда мұнай бағамының жоғары болуының жалғыз себебі, қор нарығы сияқты қызметті атқаруы. Тек бұл жолы виртуалды ақшамен емес нақты тауар түрінде. Барлық тауарлар ішінен мұнай ақша массасын байлау ушин ең тамаша тауар! Өйткені мұнайға сұраныс ешқашан жоғалмайды. Көлігі бар адамдар тамаққа экономдаса да бензинсіз күн көре алмайтын хальге жетті. Мұнайдың 69%-ы бензин мен дизельге өңделеді. Соңғы кездерде кәсіпорындар мен қатар халықтардың қолдарында көптеп ақша қаражаттары жиналып қалатын болып, ФРЖ саясатына қауіп төндірді. Сондықтан мұнай бағасының өсуі, қосымша тауарлар мен қызметтер бағасының қымбаттауына әкелді.Ал бұл дегеніміз триллиондаған соманы байлауға септігін тигізді. Сөйтіп соңғы жылдардағы мұнай бағасының өсуі АҚШ-тағы доллар басып шығарушылардың қызығушылықтарына сәйкес жүргізіліп отырды. Әлем экономикасының «бақыланбалы қирауына» дайындалу үшін, пирамиданың қирауын бірнеше жылға созу қажет болды.

      Мұнайдың  бағасын өсіру үшін және оған сенімді түсініктеме табу мақсатында Иракка қарсы соғысы ұйымдастырылды. Олардың мақсаты Ирактың мұнайын қадағалау емес, оның әлем нарығына бірнеше жылдарға жетпеуін қадағалау болды. Және бұл тікелей мұнай бағасының өсуіне әкеп соқты.

Информация о работе Қазіргі замандағы әлемдік ақшалар