Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 06:30, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық экономикадағы дамуына қосар үлесін анықтау болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………....................…………..3

І. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПЕН ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОРНЫ......................................................................................................5
1.1. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары....................................5
1.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары .............................................................................................................9

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ, БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ (АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «Темірбанк» АҚ МЫСАЛЫ РЕТІНДЕ )……………………………......12
Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің даму тенденцияларына талдау….12
2.2. Қазақстандағы «Темірбанк» коммерциялық банкінің қалыптасу кезеңдері мен қызметін жағдайын талдау…………………………………………………………….17

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҚАЗАҚСТАНДА БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ………………………………………………………….21
3.1 Банктік қызметті жетілдірудегі мәселелер және оны шешу жолдары………….21
3.2 Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары………………...26

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР……………………………………………………..35

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 121.25 Кб (Скачать)

        Бұл жерде ең бастысы проблемалық активтердің пайда болуының алдын алу және пайда болған жағдайларда оларға мониторинг жұмыстарын ұйымдастыру шараларының іске асырылуы көзделеді. Ал енді пайда табу мақсатына келсек, мұнда аталған бөлімшенің ықпалымен банктің шығындарын азайта отырып, проблемалық активтерді барынша қайтаруға жағдайлар жасау туралы айтылады. /.

Елбасымыздың  биылғы 2007 жылғы Жолдауында «Ішкі  және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағаты» бөлімінде атап өткендей: алтыншы бағыт – «ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы  мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі» деп аталды. Мұнда:

  1. біздің банктеріміз жергілікті рыноктағы, сондай-ақ өңірлік әрі халықаралық жобалардағы бәсекелестік тартысқа әзір болуы керек. Біздің қаржы жүйемізде резидент еместердің қолжетімділігіне байланысты қойылған бірқатар шектеулерді біз Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жөнінде келіссөздер аясындв алып тастадық;
  2. Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде – мемлекеттік жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет;
  3. екінші деңгейлі қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе, энергетикалық, инфрақұрылымдық және «серпінді» жобаларды іске асыру үшін тарту туралы маңызды мәселені шешу қажет;
  4. капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін есепке ала отырып қарастырған жөн. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек артады, мұның өзі еліміздің сыртқы жиынтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына әкеп соқтыруы мүмкін;
  5. біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықтың өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша оның дамуы мүмкін емес;
  6. электрондық банк қызметтері инфрақұрылымын кеңейту үшін заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру электрондық сауданы дамытудың қуатты факторына айналмақ.

Бүгінгі таңдағы бүкіләлемдік қаржы дағдарысы  тұсында банк секторы мен қаржы  нарығының барлық құрылымындарының басты мәселесі болып жатқан қаржылық дағдарыстан зардап шекпей, керісінше  өзінің қызметтері мен жағдайын жоғарлата  шығуды көздейді. Қазақстанда қаржы  дағдарысы 2007 жылдың аяғынан бастап ене бастады және ол отандық банк секторына ең бірінші болып әсер етті. Елдегі екінші деңгейлі банктердің барлығына дағдарыс ауыр тиіп, олардың  қызметтері мен көрсететін операциялары бірнеше есе кеміді. Экономиканы  банк секторы арқылы несиелеу көлемі азайып кетті. Оған басты себеп елге келетін сыртқы несиелердің күрт кемуі және пайыздардың жоғарлауы  себеп болды. Аталған несиелердің  және инвестициялардың кемуі отандық  өндіріс пен кәсіпкерлік белсенділікті  төмендетті, жұмыс орындары қысқарып, әлеуметтік жағдай нашарлай бастады, елде жұмыссыздар саны өсу беталысы байқалды. Осы орын алған мәселелерді ескере отырып бүкіләлемдік қаржы дағдарысынан тұрақты әрі одан әрі дамуға бағытталған  үкіметтік бағдарламалар іске аса  бастады. Оның ең бастысы өткен 2008 жылдың соңына қарай ұлттық қор және мемлекеттік  сектордан еліміздің қаржы нарығы мен банк секторын қаржыландыру бағдарламасын  іске асыруды қолға алуын айтсак болады. Атап айтсақ банк секторын қаржыландыруға ұлттық қордан және де жинақтаушы зейнетақы  қорларынан 4 млрд. АҚШ доллары қаржы  бөлуге шешім қабылдады және ол қаржыларды ең басты еліміздің 10 екінші деңгейлі банктеріне бөліп беруге міндеттелді. Оның ішінде ең негізгі банктерге 4 екінші деңгейлі банк жатқызылды. Олар: «Халық Банк» АҚ, «Банк Тұран Әлем»  АҚ, «Альянс Банк» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ еліміздің ірі банктер санатына енді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қаржылық дағдарыс көптеген дамыған  және дамушы мемлекеттердің экономикасына ұлкен зиян келтіретіндіктен қадағалау органдары үшін банкттік жүйелерге мониторинг жүргізу маңызы артып келеді. Өйткені қай елдің экономикасы болмасын, қаржылық сектордың маңызы сөзсіз үлкен. Сондықтан қазіргі кезде банктік қадағалауды күшейту және сапасын арттыру, сондай-ақ қадағалауды бір халықаралық стандартқа сәйкес келтіру – бірінші реттегі мәселеге жатқызылады.

       Тиімді банктік қадағадаудың негізгі қағидалары қадағалау мен пруденциалдық реттеудің маңызды халықаралық стандарты болып табылады. Банкттік қадағалау бойынша Базель Комитетімен дайындалған қағидалар банктік қадағалаудың бағдары болып табылады.

      Базель Комитетінің негізгі қағидаларын орындау, Ұлттық және халықаралық қаржы жүйелерінің нығаюына алып келеді.

      Тиімді банктік қадағалауды ендіру үшін бастапқы келесі шарттар болу керек:      

  • тұрақты және сенімді макроэкономикалық саясат;
  • дамыған мемлекеттік инфрақұрылым (халықаралық стандарттарға сай бухгалтерлік есептің қағидалары мен ережелері, тәуелсіз аудит жүйесі, дамыған төлем жүйесі және т.с.с);
  • нарықтық тәртіп, яғни нарық қатысушылары туралы шынайы ақпарат алу мүмкіндігі;
  • банктердегі проблемаларды шешудің тиімді процедуралардың болуы;
  • жүйелік қорғау немесе мемлекеттік сақтандырудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін механизмдердің болуы.

      Шетел елдердің банктік тәжірибесі тиімді қадағалау жүйесінің келесі негізгі шарттарын көрсетеді:

  1. банктер санының аз болуы;
  2. Банктер мен тексеру органдары арасында жақын байланыс орнату;
  3. Банктік қадағалау органдары мамандарының жоғары біліктілігі;
  4. Банктердің өз ішінде сапалы менеджменттің болуы;
  5. Нарықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ақпараттың толық ашылуы және қатаң аудиторлық және есепке алу тәжірибелерінің болуы.

      ҚР банктік қызметті реттеу, бақылау және қадағалау процестерінің қалыптасуы мен сәйкес қағидаларын жасау, халықаралық тәжірибенің дамуымен қатар жүргізіліп келеді.

      Қадағалау сапасы - қадағалау құралдары, пайдаланып жатқан үлгі мен қойылған мақсаттарға байланысты болып келеді. ҚР қаржы жүйесіндегі оңтайлы өзгерістердің болуы, банктік реттеу аясындағы актуалды мәселелерді шешуге жағдай жасады. Бұл жерде қаржы нарығын дамыту және қадағалаудың сапасын көтеруге бағытталған шаралар жиынтығы туралы сөз болады. Соның ішінде:        

  • қаржылық қызметтерді тұтынушы тұлғалардың құқығын қоғау шараларын жүргізу, қадағалау қызметінің құралдары мен міндеттерін, алдына қойған мақсаттарын анықтау;
  • қаржы нарығының оптималды инфрақұрылымын қалыптастыру және оның мүмкіндіктерін экономикалық мәселелерді шешуге толық пайдалану;
  • қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыру және қадағалау     жөнінде  нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;
  • банктердегі есеп беру мәліметтерінің шынайлылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыстарды жүргізу;
  • ҚР барлық территориясында нақты уақыт режим жүйесінде есеп-айырысуды ендіруді жеделдету;
  • қаржы нарығында ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету;
  • банк жүйесінде өтімділікті реттеудің нарықтық құралдар жиынтығын кеңейту. Сондай-ақ, банктік қызметті реттеудің басқа нормалар мен коэффициенттерін, банк секторының нақты жағдайына сәйкес одан әрі жетілдіру.

ҚР-ның  коммерциялық банктерінің қызметтерін  дамыту мен жұмыс істеу табыстылығын ұлғайтудың маңызды бағыттары-келесі жағдайларды қамтамасыз ететін қызметтері бола алады.

  • клиенттерге есепті-кассалық қызмет көрсетудің жақсартылуы, шетел валютасында да, ұлттық валютада да шоттар бойынша нақты ақшалы құралдар мен басқа да төлемдік құралдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету;
  • банк пен олардың клиенттерінің құнды қағаздармен операция жүргізуі;
  • инвестициялық және жекешелендіру бағдарламаларын жүзеге асыру;
  • азаматтарға шоттарды жүргізу және құндылықтарды сақтау түріндегі     қызметтерді көрсетуді енгізу;
  • форфейтингтік, трасттық, лизингтік және т.б. операциялар мен қызметтердің дамуы.

Әрине, бұндай қызметтерден келетін табыс несиелік немесе валюталық операциялардан келетін  табыстармен салыстырғанда аса  мағынасыз, бірақ та банктің  бұл  қызметтерді клиенттерге көрсетуі оның жеке клиенттері алдындағы беделімен  тартымдылығын жоғарылатады.

Шетелдік  эксперт-мамандардың ойы бойынша, Қазақстанның банктік ортасындағы  бәсекелестік әлсіз көрініс табады, бірақ та оның күшею қарқыны көрініп  тұр.

Банктер үшін қиын уақыттарда, мен ең алдымен  негізгі сүйеніш болып жұмысшылардың  мамандандырылуы деңгейі саналады деп ойлаймын. Ал жалпы алғанда, ең бастысы-қандай  да болмасын жағдайдан  әрқашанда жол табуға болатындығын ұмытпау керек. Оларды іздестіру  ғана керек.

Қазіргі заман талабына сай банктер өте  көп қиыншылықтарға ұрынуды, бірақ  та бір банктің екінші банктен  өз мәселелерін шешуде көмек алмауы таңқаларлық жағдай еай

Бәсекелестіктің күшеюі әлемдік қаржылық нарықты  глобализация прцесімен тікелей  байланысты.

Глобализация  ұлттық қаржылық нарықтардың либерализация  процесіне әкеледі. Банктік қызмет дәстүрлі түрде экономикалық ең реттелетін сомасы болып қалуда. Бірақ та қазіргі  кезде бүкіл аймақ бойынша  банктік аяға мемлекеттік бақылау  жасау әлсіретілуде. Коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлік банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлік фирмалар, капиталды басқару бойынша компаниялар  бір-бірінің қызмет ету аясына аса  көп әрі тез енуде.

Мұның нәтижесінде  қандай да болмасын қаржылық қызмет нарығында  бәсекелестер саны өсуде.

Соңғы бірнеше  жылдарда бәсекелестіктің өсуі көбінесе электронды қаржылық қызметтер мен  жаңа қаржылық технологиялардың тез  өсімімен  байланысты. Мысалы, активтердің  құпияландырылуы мен өндірістік қаржылық құралдардың кеңінен таратылуы  дүние жүзі бойынша қаржылық қызметтерге  бағаны төмендету және теңестіруге  ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер  олардың алдында тұрған тапсырмалардың күрделілігін түсінеді.

Менің ойымша, нарық экономикасындағы коммерциялық банктердің рөлін дұрыс түсіну негізінде, олардың әр қайсысы өзінің орнын  табуы керек. Сондай-ақ, өзара әрекет жасаудың қарама-қайшылық процесінде жинақтардағы, өндірістегі, айналымдар мен тұтынудағы мақсатты міндеттерін  шешуде, олардың коммерциялық және әлеуметтік тиімділігін көтеру үшін қолдағы барлық құралдарды пайдалану  қажет.

Сонымен курстық жұмысты аяқтай келе келесідей ұсыныстар жүйеленді:

  • Қазақстанның банк жүйесі тарапынан экономиканың келешегі зор секторларына нарықтық жағынан орнықты қолдау көрсетуі үшін жағдай жасалуын және банктердің өңірлік экономикалық жобаларға, соның ішінде – мемлекеттік жеке меншік әріптестік шеңберінде қатысуын күшейту қажет.
  • екінші деңгейлі қуатты банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы, әсіресе, энергетикалық, инфрақұрылымдық және «серпінді» жобаларды іске асыру үшін тарту туралы маңызды мәселені шешу қажет;
  • капиталдың қозғалысы саласындағы негізсіз шектеулерді алып тастау жайындағы мәселеге тағы да оралуымыз қажет. Бұл мәселені Қазақстанның оңтайлы жиынтық сыртқы қарызын қолдау қажеттігін есепке ала отырып қарастырған жөн. Біздің банктеріміз сыртқы қаржыландыруға шектен тыс иек артады, мұның өзі еліміздің сыртқы жиынтық қарызының бақылаусыз ұлғаюына әкеп соқтыруы мүмкін;
  • біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықтың өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша оның дамуы мүмкін емес;
  • электрондық банк қызметтері инфрақұрылымын кеңейту үшін заңнамалық негізді одан әрі жетілдіру электрондық сауданы дамытудың қуатты факторына айналмақ. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев  

    «Қазақстан 2030»  атты стратегиялық бағдарламасы  Алматы 1997 ж

2. Қазақстан Республикасының   «Қазақстан Республикасындағы банктер    

      және  банк  қызметі туралы» заңы 

3.Сейтқасымов Г.С. «Ақша,  Несие, Банктер». Алматы 1999г.

4. Колесников В. И. Банк ісі. -  М: Қаржы және статистика, 2000г.

5. Ж. Алыкпашев. «Вестник  КазНУ» журналы. Экон. серия. №3(31).2005г.

6. Балабанов И.Т. Бантер және банк ісі. – Питер, 2000г.

7. Ж.К. Бекболатұлы. Қазақстанның  коммерциялық банктері: мәселелер  

       және әлеуеттер // Қазақстан   экономикасы, 1997г., № 9-10.

8. Дробозина Л.Т. Ақша, Несие, Банктер - М., Инфра-М., 1997г.

9. Жукова Е. Ф. Банктер және и банк операциялары.-М.:Банктермен       

   биржалар– Юнити, 1997г.

10.Ілиясов А.А., Гилимов А.К.  «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық    

       серия. №4(26). 2003г.

11.Қалиева Г.Т. Қазақстандағы коммерциялық банктер және олардың

       тұрақтылығын  тқамтамасыз ету проблемасы. Автореферат. – Алматы:

        1999г.

12. «Темірбанк» акционерлік  қоғамының мәліметтері. 2006-2008 жж.

13. Крымова В. «Экономикалық  теория». Алматы 2004г.

14. Лаврушин О.И. «Ақша, Несие, Банктер». Екінші басылым, Москва

         2000г.

15. Маркова О. М., Сахаров В. И. Коммерциялық банктер және олардың

    операциялары. – М., Банктер мен биржалар – Юнити, 1995г.

16. Миркин Я. М. Банк операциялары. – М., Инфра-М., 1996г.

17. Поляков В. П., Москвина  Л. А. Ақша айналымы мен несие  негіздері.-                   

      М., Инфра-М, 1995г.

18.Сәлімова Ж.Д. «Вестник КазНУ»  журналы. Экономикалық серия.   №3(37). 2005г.

19. Сейтқасымов Г.С. «Ақша, Несие,  Банктер». Алматы 1999г.

20. Шаяхметова К.О. «Вестник КазНУ» журналы. Экономикалық серия.   №1(41).2006г.

21. Лаврушин О.Н. Банк ісі. - М:  Қаржы және статистика, 2000г.

22. Сейтқасымов Г.С. Банк ісі.  – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998г.

23. Сейтқасымов Г.С. «Ақша, Несие, Банктер». - Алматы: Экономика, 1999г.

24. Ілиясов К.К. . Қазақстан экономикасының қаржы-несиелік даму

Информация о работе Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары