Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 06:30, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық экономикадағы дамуына қосар үлесін анықтау болып отыр.
КІРІСПЕ…………………………………………………………....................…………..3
І. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПЕН ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОРНЫ......................................................................................................5
1.1. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары....................................5
1.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары .............................................................................................................9
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ, БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ (АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «Темірбанк» АҚ МЫСАЛЫ РЕТІНДЕ )……………………………......12
Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің даму тенденцияларына талдау….12
2.2. Қазақстандағы «Темірбанк» коммерциялық банкінің қалыптасу кезеңдері мен қызметін жағдайын талдау…………………………………………………………….17
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҚАЗАҚСТАНДА БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ………………………………………………………….21
3.1 Банктік қызметті жетілдірудегі мәселелер және оны шешу жолдары………….21
3.2 Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары………………...26
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР……………………………………………………..35
Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер банктер
тарапынан пайда табу
мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге
банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет
түрлеріне қатысты толық
Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің кленттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығын түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастару жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады. Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшырармен алынуы, немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар меншік меншікті салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауын бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез-келген келесі күндерде кері ала алады.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек. Депозиттердің басқа түрлеріне қарағанда жоғары пайыздардың
төлеудің жинақ салымдары
құнтты демеу және салымшылардың
жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру
үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық
емес ұйымдар кәдімгі жинақ
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау.
1.2. Қазақстан Рсеупбликасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары
Орталық банктер бүкiл елдiң несие
жүйесiн бақылаушы әрi реттеушi бас
органның ролiн атқара отырып, ерекшк
орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттiк органы болып табылады.
Олардың басшылық ролi мемлекет берген
үлкен өкiлеттiктермен
Әлемдiк
тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң
Орталық банкке кең өкiлеттiк беруi
екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi
жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Орталық
банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы
негiзiнде экономиканы жалпы
“Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi туралы”
Заңы бойынша Қазақстан
Ұлттық банк - ақша резервтерiн, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкi бар заңды тұлға. Мүлiктiң құралу көздерiне – банк iсiнен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Қазақстан
Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты мен
мiндеттерi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
негiзгi мақсаты Қазақстан
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қызметтерi мен операциялары.
Ұлттық банк “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңға сәйкес мынадай қызметтер мен операцияларды орындайды:
Қазақстан Ұлттық банкiнiң функциясы, өкiлеттiгi және құқықтары Қазақстанның Ұлттық банкi:
1) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға валюталық операциялар жүргiзуге, қолма-қол шетел валютасында бөлшек сауданы жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге, сондай-ақ шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензиялар бередi;
2) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға: банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялауға; банкаралық клирингке; сейф операцияларына; төлем карточкаларын шығаруға лицензиялар бередi;
3) Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сондай-ақ қызметiнің бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiн және қалыптастыру тәртiбiн белгiлейдi;
4) қызметiнiң бiрден-бiр түрi шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге рұқсат беред және т.б.
Өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында банктерден, олардың қауымдастықтарынан (одақтарынан) және мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат алуға құқылы;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес вексельдердi қайта есептеудi жүзеге асырады;
Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттың негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады;
Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің немесе басқа да заңды тұлғалардың арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттардың негiзiнде активтердi сенiмгерлiкпен басқаруды жүзеге асырады. Қазақстанның Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арасында жасалатын сенiмгерлiкпен басқару туралы шарттар ресми баспа басылымдарында жарияланады;
Банк шоттарының режимiн белгiлейдi;
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерiн белгiлейдi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
Банктер операциялары мен мәмiлелерiнiң жекелеген түрлерi бойынша сандық шектеулердi белгiлейдi;
Қазақстан Республикасының заң актілерiнде айқындалған банк қызметiн және бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметті тиiстi лицензиялар алмай-ақ жүзеге асырады;
Қазақстанның Ұлттық Банкi ұлттық валютамен мынадай операциялар жүргiзедi:
Сондай-ақ ҚР-ның заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтердi атқарады.
ҚР-ның Ұлттық банкi “банктердiң банкi” ретiнде ең басты мақсаты экономиканы төлем құралдарымен үздiксiз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдiң барлық несие жүйесiнiң қызмет етуiне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесiн қалпына келтiру, банк қызметiн реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейдi және өз қызметiнде пайданы табу мақсатын көздемейдi. Оның клиенттерi – коммерциялық банктер және басқа да несиелiк мекемелер болып табылады. Осыдан келiп, Ұлттық банкiнi “банктердiң банкi” деп атайды.
Ұлттық банк “банктердiң банкi” қызметiн атқару үшiн:
Ұлттық банк – коммерциялық банктердi және басқа да қаржылық – несиелiк мекемелердi несиелеу қызметiн атқарады. Шетелде Орталық банктердi “сонғы сатыдағы несие берушi” деп атайды.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” Заңында былай жазылған: ҚР-ның Ұлттық банкi Үкiметтiң бас банкирi, қаржы кеңесшiсi әрi агентi ретiнде және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара мәмiлеге келуi бойынша әрекет етедi.
Информация о работе Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары