Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 06:30, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық экономикадағы дамуына қосар үлесін анықтау болып отыр.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………....................…………..3

І. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПЕН ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОРНЫ......................................................................................................5
1.1. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары....................................5
1.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары .............................................................................................................9

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ, БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ (АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «Темірбанк» АҚ МЫСАЛЫ РЕТІНДЕ )……………………………......12
Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің даму тенденцияларына талдау….12
2.2. Қазақстандағы «Темірбанк» коммерциялық банкінің қалыптасу кезеңдері мен қызметін жағдайын талдау…………………………………………………………….17

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҚАЗАҚСТАНДА БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ………………………………………………………….21
3.1 Банктік қызметті жетілдірудегі мәселелер және оны шешу жолдары………….21
3.2 Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары………………...26

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР……………………………………………………..35

Работа содержит 1 файл

курсовой.docx

— 121.25 Кб (Скачать)

Тағы, клиентураның берілген шеңберіне қызмет көрсете отырып, Қазақстандық банктері байланыстарды қалыптастыру және шетелдік банктері арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыру қажеттілігімен кездеседі. Бірақ, жалпы клиенттерге қызмет көрсетуге шетелдік банктің серіктесі болу үшін, біздің банкке өз дамуының жоғары деңгейіне қол жеткізуі қажет. Соның ішінде жаңа технологиялар аясында.

Банктің дамуы мүмкіндіктері оның құралдар мен табыстар көздерін өсіру қабілеттілігімен анықталады. Құралдар көздеріне, жеке және заңды тұлғалардың салымдары, бюджеттік инвестициялар, шетелдік инвестициялар жатады. Құралдарды тару бойынша кәсіпкерлікті ұйымдастыру шарттарын қарастырып өтейік.

Осылайша, банктің дамуы оның корпоративті клиентура  базасын сақтау мен  дамытуға тәуелді. Сондықтан да банктің  бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың  негізгі стратегиясы – корпоративті клиенттермен серіктестік байланыстарын  ұйымдастырудың бәсеке қабілетті формаларын кездестіру болуы  керек. Банктің  даму мүмкіндіктерін талдау банктің  стратегиялық қайта құрылымдау бағыттарын концентуалды анықтайды. 

 

3.2 Қазақстандағы  банктік қызметті дамытудың негізгі  бағыттары

Банк  жүйесін жетілдіріп отыру жалпы  экономикалық тиімді өсудің кепілі болып  табылады. Себебі, экономиканың қызме  тетіп отырған барлық салалары мен  құрылымдары негізінен әр түрлі  деңгейдегі қаржылар арқылы қызмет етеді. Ал осы қаржыларды шоғырландыратын, оларды тиімді салаларға бағыттайтын, бос ақша қаражаттарды айналысқа  жіберіп, ұлттық экономиканы жалпы  қаржылық реттеп отыратын осы банк жүйесі болып табылады. Ал бүгінде  экономикасы қарқынды дамып келе жатқан, ұлттық экономиканы шикізаттық бағыттан индустриялы бағытқа бет  бұруға кіріскен және аз арада БСҰ-на кіргелі отырған Қазақстан үшін банк жүйесін тиімді жетілдірудің маңызы зор болып табылады. Мұны кезекті  Жолдауында елбасымызда нақты атап өтті.

Клиенттерге кешенді қызмет көрсету  тәжірибесі клиенттердің аса күрделі  қажеттіліктерін қанағаттандыра  отырып жаңа қызметтерді (трастық, лизингтік  және т.б.) жүзеге асыра бастаған отандық  коммерциялық банктермен бірте-бірте  енгізілуде. Қазақстанның қызіргі заман  талабына сай экономикалық шарттарында  бәсекелестік күреске клиентке көрсетілетін қызмет диапазонына тұрақты түрде  кеңейтіп, олардың өзіндік құнын  төмендетеалатын банк қана төзе алады. Әйтпесе, банкт несиелік ресурстар  көлемі бірден қысқарады, оның құрылымы, сәйкесінше, баланс өнімділігі нашарлайды.

Болашақта клиенттерге үйде банктік  қызмет көрсету бөлшектік банктік  қызметтің негізгі формасына  айналады. Ол банкоматтарды, несиелік және төлемдік карталарды қолдануға  негізделетін қызметтермен банк бөлімшелерімен көрсетілетін қызметтерді үйде банктік  видео-қызметтің біртұтас жүйесіне біріктіруді қамтамасыз етеді. Телекоммуникация  мен персоналды компьютерлердің дамуы миллиондаған қызметкерлерге үйде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Үй қызметкер үшін жұмыс орнына айналады. Жаңалық енгізу нәтижесінде еңбек өнімділігі жоғарлайды, компанияның қосымша шығындары азаяды, олардың табыстары мен тиімділігі бірден өседі.

Болашақта іс жүзіндегі банкоматтардың санын көбейту, олардың сенімділігін арттыру, банкоматтық тор бойынша  шараларды жүзеге асыру болжамдалуда..

Қазақстанда тұрақты банктік жүйені қалыптастыру шарттарының бірі болып банктік бақылау жасаудың қуаты органының болуы табылады. Коммерциялық банктерге бақылау жасауға коммерциялық банк энергетика, индустрия және сауда Министрлігін іске қосуды болжамдауда.

ҚР-ның  заңдылығында банктік және банктік  емес операциялардың жеткілікті түрдегі  нақты шектеулері жоқ. Бұл коммерциялық несиелендірудегі келісім-шарт жасаудың заңдылығы туралы әртүрлі пікір-таластарды туындатады.

Өз кезегінде, Қазақстанда анонимді банктік шоттарды енгізу қажеттілігі-біздің банктердің потенциалды клиенттері көп жағдайда банктік құпияны қамтамасыз  ету жоспарында банктерге де, құқық қорғаушы мекемелерге де сенімділік артпайтындарына негізделеді.

Клиенттерге кешенді қызмет көрсету тәжірибесі клиенттердің аса күрделі қажеттіліктерін  қанағаттандыра отырып жаңа қызметтерді (трастық, лизингтік және т.б.) жүзеге асыра бастаған отандық коммерциялық банктермен бірте-бірте енгізілуде. Қазақстанның қазіргі заман талабына сай экономикалық шарттарында бәсекелестік  күреске клиентке көрсетілетін қызмет  диапазонын тұрақты түрде кеңейтіп, олардың өзіндік құнын төмендете алатын банк қана  төзе алады. Әйтпесе, банкте несиелік ресурстар көлемі бірден қысқарады, оның құрылымы сәйкесінше баланс өтімділігі нашарлайды. Нәтижесінде, бұндай банк үлкен зиян әкеліп,  бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін.

Нарыққа өту шарттарында банктердің жұмысы ақша нарығы принциптерінің негізінде  құрастырылуы  қажет, олардың бірі болып нақты тартылған ресурстар  шегіндегі банктердің жұмысы саналады.

Пластикалық карточка-бұл өзінің техникалық мүмкіндігі бойынша, мақсаты бойынша  әртүрлі карточкалардың барлық түрлерін білдіретін жалпылама термин.

Барлық пластикалық карточкалардың өздерінің жетілдіру дәрежесіне байланысты емес маңызды ерекшелігі-оларда әртүрлі бағдарламаларда қолданылатын ақпараттардың белгілі бір наборы сақталатындығында. Карточка ғимаратқа  кіруде пропуск ретінде компьбтерге  кіру құралы жүргізуші куәлігі ретте  қолданылады, телефондық байланысты төлеу  үшінде пайдалануға болады және т.б. Ақша айналымы сферасында пластикалық  карточкалар қолма-қолсыз есеп айырысуды  ұйымдастырудың прогрессивті құралдарының бірі болып табылады.

Электронды ақшалай есеп айырысу  жүйесінің қалыптасу процесінде батыста ІSO (Іnternatіonal Standarts Organіsatіon) ұйымы құрылды, ол пластикалық карточкалардың сыртқы түріне белгілі бір стандарттарды, шоттарды номерлеу тәртібін; магнитті сызық форматын, хабарлау форматын өңдеп жасады. ІSO мүшелері болып  VІSA, Master Card, Amerіcan Express  сияқты карточкалардың ірі элементтері табылады.

Банк келесілерге байланысты карточкалармен жұмыс істеуге мүдделі:

  • олар, яғни карточкалар тартылған ресурстар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. 1-ден, карточкалар иелері банкке өздерінің арнайы шоттарына салуға қажетті соммасы.; 2-ден, бұл сақтандыру депозиттері болуы мүмкін;
  • карточкалармен жүргізілетін барлық операциялардан банк комиссиялық ақы болады. Сонымен бірге карточкалардың өзін алғанда клиент төлем төлейді;
  • қолма-қол ақшаны, чектерді төлемдік айналымнан шығарудың жалпы элементтік тенденцияны есепке ала отырып, банктің бәсекелестік потенциалы жоғарлайды, инновациялық процестерге қатысушы ретте банктің беделі де өседі.

Банк, үшін карточкалардың бизнес жоғары шығындарымен байланысты, әсіресе карточкамен  жүргізілетін жұмысының басында.

Қазіргі кезде әлементтердің 200-ден  астам елінде несиелік карточкалар  негізінде банктік қызметтерді  дамытуда, ал товарлар мен қызметтерді  қолма-қолсыз төлеу көптеген елдерде  барлық ақшалы операциялар құрылымында 90 пайызды құрайды.

Банктік несиелік карточка өзімен бірге  товарлар мен қызметтерді сатып  алуда төлемді кейінге қалдыруға  оның иеленушісіне мүмкіндік беретін  пластикалық карточкаларды білдіреді.

Карточкаларды 18 жасқа толған тұлғалар қолдана алады, сонымен қатар  олардың атына банкте ағымды шотты  ашу қажет етілмейді. Сондықтан  несиелік карточкаларды банктерде  ағымды шоттары мен салымдары  бар тұлғаларда тең құқықта қолдана  алады.

Несиелік карточкалар көмегімен  жүзеге асырылатын операцияларға жатады: товарларды сатып алу, қызметті төлеу, қолма-қол ақшаны ссуда немесе аванс  түрінде алу. Несиелік карточкалардың көбісін ел ішінде және шетелде банкоматтар  анықталады қолма-қол ақша алу үшін де пайдалануға болады. Мысалы, американдық RІGGS және Cіtіbank   банктерінің несиелік карточкалары АҚШ аумағында 40-50 мың  автоматтарда ақша алуға мүмкіндік  береді, бірақтан көптеген бонкаматтарда  алынатын қолма-қол ақша қаражаттарының сомасы күнделікті лимитпеншектеледі. Несиелік карточка бойынша ақша бере отырып банк клиентті несиелейді. Бірақ  банкомат банкке қарағанда клиенттердің төлем қабілеттілігі мен оның несиелендіру лимитін тез арада  тексере алмайды. Мұндай шектеулер  тек магнитті карточкаларға қатысты, себебі микропроцессорлы карточкалар  өз жадында барлық қажетті ақпаратты сақтайды.

Коммерциялық банктің  тиімділігін арттыру жолдарын қарастырғанда  қаржы қызметкерлерінің ІІІ конгресінде  қаралған Қазақстан қаржы рыногының  даму тұжырымдамасы Қазақстан Республикасында  туынды қаржы құралдарының, атап айтқада, форвардтар мен фьючерс нарығының  дамуына арналған. Коммерциялық банктер  форвардты және фьючерсті мәмілелер  бойынша қызмет көрсетуді жүзеге асырғанда, сыртқы экономикалық қызметтерді  несиелеу саласындағы жұмыстарды жетілдіру  мақсатын көздейді, сондай-ақ, клиенттерінің  халықаралық есеп айырысуды жүргізудегі  жаңа қаржы құралдарына деген  қажеттілігін қанағаттандыру үшін. Бірақ, олар бойынша жүргізілетін операциялардың көлемі аз, бұл банк көрсететін қызметердің  аталған сегменті дамымағандығын дәлелдейді.

Клиенттердің сыртқы экономикалық мәмілелерін қаржыландыруға ықпал  ететін жаңа қызметтің өзге түрлері  факторинг пен форфейтинг болып  табылады. Несиелік мөлшерлемелердің жалпы төмендеу тенденциясы мен  мықты бәсекелестік банкерді клиенттердің сыртқы экономикалық мәмілелерін несиелеудің  тиімді түрлерін іздестіруге мәжбүрлейді. Факторинг өз сатуларының көлемін  ұлғайтуға ынталанатын немесе өз өнімдерін сату рыноктарын игеруге мүдделі кіші және орта кәсіпорындар үшін өте маңызды. Қазақстандағы аталған  банк қызметтерін зерделеу факторингтік және форфейтингтік оперцияларды жүзеге асырудың көңіл қоюды талап ететін мәселесі мәмілелерге қызмет көрсетудің жоғары тәуекелділігімен шарттасатын факторингтік және форфейтингтік операциялардың қауіпсіздігі болып табылады.

Батыс экономистердің ойы бойынша  несиелік және дебеттік карточкалардың дамуы атқарушы немесе экзекъютивті карточкаларды байқалады. Қазіргі  кезде олар тек жоғары төленетін  клиенттерге, ірі бизнесмен, кәсіпкерлерге  ғана беріледі. Бұл карточкалар несиелік карточкалар бойынша лимитке  қарағанда несиелендірудің жоғары лимитін пайдалануға мүмкіндік  береді.

Чектік кепілденген карточка-клиент чекін кепілдеу үшін қолданылатын пластикалық  магнитті картасының бір түрі. Алғашқы  чектік кепілденген карточка 1964 ж. шығарылды, ал қазір Ұлыбританияда олар 25 млн-ға жетті. Жалпы карточка товарларды төлеу  үшін чекті толтыру процесін жетелдетті. Сонымен бірге чектік кепілденген  карточка бойынша күнделікті лимит-чектік карточкамен кепілденген төлемнің шеккі сомасы белгіленеді.

Банкоматтар-бұл көп функционалды автоматтар, магнитті пластикалық карточкалардың жинақтаумен басқаратын автобанктер. Алғаш рет банкоматтар 60-шы жылдардың  соңында пайда болды. Алғашқы  автоматтардың көпшілігі қолма-қол  ақшалардың тек азғана сомасын берді.

Банк үшін банкомат бөлім персоналдарын  қысқартуға, көп пайда алуға мүмкіндік  беретін тиімді құрал болып табылады. Банкоматтардың кемшілігі:

  • операцияны жүргізген күні клиент шотынан қаражаттарды алу;
  • карточкаларды жоғалту және ұрлауы мүмкін;
  • әртүрлі себептер бойынша банкомат жұмыс істемеген жағдайдағы қиындықтар.

Жүйелерді пайдаланудың клиент үшін артықшылығы:

  1. операцияларды жүргізу тездігі. 1 операцияны жүргізу жылдамдығы 15-30 секунд алады;
  2. банк қызметі үшін төлемнің қысқартуы. Төлемдердің электронды жүйесінің көмегімен жүзеге асырылатын операциялар банк үшін басқа операцияларға қарағанда арзанға түседі;
  3. сатушы шотына қаражаттардың тез аударылуы, себебі бұл операция автоматты түрде сатып алу кезінде жүргізеді;
  4. қағаз құжаттарының айналымы мен айналым шығындарын қысқарту;
  5. санкцияланбаған шоттан қорғау сенімділігі және төлемді кепілдеу.

Ақпаратты өңдеудің жоғары жылдамдығы және түсімді жедел инкассациялауы осы электронды банктік қызмет сферасының дамуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасындағы банктік қызметті дамытудағы преоритеттік бағыттарының бірі – екінші деңгейлі банктердің проблемалық активтерін басқару  тәжірибиесін жетілдіру. Активтер мен  пассивтерді басқару субъектілерінің  ішінде отандық банктік тәжірибеде қолданылып жүргендеріне: активтер мен  пассивтерді басқару комитеті, несиелік комитет, проблемалық несиелермен  жұмыс бөлімі, тәуекелдерді басқару бөлімшесі және қазынашылық жатады. Мұндағы бастапқы екі комитет бөлімшенің қызметін атқармайтыны белгілі. Олар қазіргі жағдайда банктің активтері мен пассивтеріне құзіретті басқаруды жүзеге асыра алмағандығын, бүгінгі күні ҚР ЕДБ-нің активтері мен құрылымында жіктелетін (күмәнді және үмітсіз) немесе проблемалық активтер үлесінің артуынан байқауға болады.

Менің ойымызша қазіргі жағдайда банктің активі мен пассивін кешенді басқаруға тек теориялық тұрғыдан тоқталу жеткіліксіз, себебі бұл жерде «басқару» деген ұұғымының өзі тәжірибенің араласуын қажет етеді. Банк активтері мен пассивтерін басқарудың отандық тәжірибеде тек қана активтер мен пассивтерді басқару комитетінің қызметі, банктің өтімділігі мен табыстылығы тұрғысынан қосымша бір бөлімшенің болуы қажет саналлады.

Ондай бөлімше  ретінде біз, банктің басқару  құрылымында әсіресе активтерді басқаруға қатысты мамандандырылған бөліммше ретінде «Проблемалық  актиивтерді басқару  бөлімшесін»  құруды ұсынамыз.

Проблемаллық  активтер дегеніміз бұл – банктің  жіктелетін активтерінің бір бөлігін, яғни қайтару мерзімі кешіктірілген  активтер топтарын білдіреді.

«Проблемалық  активтерді басқару бөлімшесі» сияқты басқару құрылымдары шетелдік банктер  тәжірибесінде бөлім түрінде  кездеседі. Ондай бөлім ретінде  отандық банктер тәжірибесінде  «проблемалық несиелермен жұмыс  бөлімі» алуға болады.  Олар екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде  берітінде ғана құрылып қызмет етуде  және оның тиімділігі де дәлелденіп отыр. Демек, «Проблемалық активтерді басқару  бөлімшесінің» құзіреті жоғарыда аталған  бөлімге қарағанда кең, яғни ол бөлімнің сол бөлімшенің құрылымына жатқызуға  толық негізі бар. «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» бұл кез келген банктің проблемалық активтерін басқарумен тікелей айналысатын  өкілетті  ұйым болып табылуға тиіс. «Проблемалық активтерді басқару бөлімшесі» өз қызметінде банктік заңдылықтарды, ҚҰБ мен ҚҚА- нің нормативтік  актілерін, банктің жарғысын, Басқарманың  шешімдерін, өзге банктің нормативтік  және үкімдік құжаттарын және аталған  бөлімше туралы ережесін басшылыққа алады.

Информация о работе Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары