Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2012 в 06:30, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық экономикадағы дамуына қосар үлесін анықтау болып отыр.
КІРІСПЕ…………………………………………………………....................…………..3
І. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПЕН ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОРНЫ......................................................................................................5
1.1. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары....................................5
1.2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы негiзгi қызметтерi мен операциялары .............................................................................................................9
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ, БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ (АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ «Темірбанк» АҚ МЫСАЛЫ РЕТІНДЕ )……………………………......12
Қазақстан Республикасы банктік жүйесінің даму тенденцияларына талдау….12
2.2. Қазақстандағы «Темірбанк» коммерциялық банкінің қалыптасу кезеңдері мен қызметін жағдайын талдау…………………………………………………………….17
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҚАЗАҚСТАНДА БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ………………………………………………………….21
3.1 Банктік қызметті жетілдірудегі мәселелер және оны шешу жолдары………….21
3.2 Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары………………...26
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................................32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТТЕР……………………………………………………..35
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ………………………………………………………….
І. ҚАРЖЫ
НАРЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ
ПЕН ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ
ОРНЫ..........................
1.1. Коммерциялық
банктердің қызметтері мен операциялары..................
1.2. Қазақстан
Республикасының Ұлттық банктің экономикадағы
негiзгi қызметтерi мен операциялары ..............................
II. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
2.2. Қазақстандағы
«Темірбанк» коммерциялық
III. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ҚАЗАҚСТАНДА БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ………………………………………
3.1 Банктік
қызметті жетілдірудегі
3.2 Қазақстандағы
банктік қызметті дамытудың
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДИБИЕТТЕР……………………………………………………
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттің негізі экономика болса, ал экономиканың негізі қаржы және банк жүйесі болғандықтан, қазіргі еліміздегі банк жүйесінің құрылымын, оның экономикадағы негізгі қызметтері мен тиімділігін талдап, ұлттық экономикадағы дамуына қосар үлесін анықтау болып отыр.
Қазіргі
уақытта енлімізде банктердің дамуы
соңғы 18 жыл шамасында көптеген реформалық
процесстерді басынан кешірді. Осы
уақыт кезеңінде Қазақстан
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты еліміздегі банктік қызмет нарығы және олардың даму болашағына сипаттама бере отырып олардың қазіргі кезеңдердегі тенденциялары мен ерекшеліктеріне сипаттама беру.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері: бірінші бөлімде банк және банктік қызметтерге теориялық сипаттама беру және бере отырып, банктің мәні және оның қызмет ету аясын, Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихын қарастыру, банк қызметін ұйымдастырудың негіздері екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтер нарығын, яғни банктің ресурстары және капиталдық базасын, банк активтерінің құрылымын, банктердің көрсетілетін қызметтері мен операцияларын, банк қызметін басқаруын Темір банк мәліметтері негізінде талдау жасау. Ал, үшінші бөлімінде, Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтің даму болашағына, Қазақстан Республикасының банктердің даму тенденциялары, Қазақстан Республикасының банктік қызметті дамытудағы преоритеттік бағыттарына сипаттама беру.
Курстық жұмыстың негізгі зерттеу объектісі болып - Қазақстан Республикасындағы банктік қызмет нарығы және олардың даму болашағы
Соңғы жылдары аталған процесстер күш жинап жатқандығына куә болады және кейде басқарылмайтын сипат танытады.
Қазіргі уақытта осыған ұқсас жетіспеушіліктер мен қателіктерді жібермеу жөнінде жұмыстар алдына алынып жатыр. Осыған соңғы жылдары банк қызметтерін айқын реттейтін заңдардың қабылданғандығы куә болады. 1997-1998 жылдар кезеңінде «ҚР Ұллтықбанкі туралы» және «ҚР банкі және банк банк қызметі туралы» Заңдар, сондай-ақ «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» Заң жаңа редакцияда қабылданған. Заңнамалық актілермен екінші деңгейдегі банктердің кредиторларының қызығушылығын қорғау, банк жүйесінің тұрақтылы мақсатында банктер мен банктік емес қаржылық мекемелердің капитал көлемі сәйкес келмеген жағдайда акцияларын күштеп сатып алу мүмкіндіктер мен негіздері қарастырылған. 1990 жылдардың бірінші жартысында жеңілдігі бар және директивті несие беру практикасы, экономиканың тапшылығын Ұлттық банктің тікелей несиелеуі тоқтатылды.
Экономиканы несиелеу функциясы екінші дәрежелі банктерге өткеннен бері осы күнге дейін, Қазақстанның банк жүйесі жедел қарқынмен дамып келе жатыр. Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агентінің мәліметі бойынша, өткен жылдан банк секторының жиынтық активтері 2811,4 млрд. тенге, жиынтық капиталы 222,5 млрд. тенге, берілген несие- 8868,3 млрд. тенгеге өсіп отыр. Бұл көрсеткіштер банк өтімділігінің кризистік жағдайын көрсетеді. Қазіргі кезде банк жүйесі кризистік жағдайды бастан кешіруде. Бұған не себеп болды деген сұрақ туады. АҚШ-тағы ипотекалық кризис Қазақстанның қаржы нарығына әсер етті. Американдық қаржы институттары пайданы максималды түрде ұлғайту мақсатымен, ешбір кепілдіксіз,төлем қабілеттілігін тексермей, төменгі проценттік ставкамен ипотекалық несиелер берген. Қарапайым халық бұл несиені ойланбай тұтынады. Елге 70 млрд. доллар көлемінде несие таратылады. Бірақ бұл несие қайтарымсыз болып қалады. Соның салдарынан банктер банкротқа ұшырамас үшін ұзақ мерзімге берген несиелерінің проценттерін күрт көтеріп жібереді. Бұл жағдай Қазақстан қаржы нарығына кері әсерін тигізеді, себебі, біз 2007 жылы жылдық 1,0-1,3% алсақ, қазір 5-5,3 % қайтаруға тура келеді. Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық қаржы жүйесі Әлемдік қаржы нарығымен тығыз байланысты. Халықты дүрліктірмес үшін, осы жағдайларды ескерместен үкімет басындағылар, Қазақстанда кризистік жағдай жоқ, болмайды да деп мәлімдеп келді. Ал қадағалау органдары бұндай жағдайды блдырмау үшін барлық шараларды қолданамыз деп келді. Бұл жағдайдың кесірінен банктер халыққа өте үлкен процентпен және қатаң тәртіппен несие беруге мәжбүр болып отыр. Кризистік жағдай қазіргі уақытта тұрақты, бірақ актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Сарапшылардың болжамы бойынша банктердің өтімділік деңгейі өте төмен деңгейде деп қарастыруда. Алдағы уақытта Алматыны аймақтық қаржы орталығына айналдыру жоспарланып жатыр, сонымен бірге үкімет ағымдағы жылы бағалы қағаздар нарығын жандандыруды көздеп отыр. Қазақстанның 2007 жылдың екінші жартысында Халықаралық сауда ұйымына кіру мүмкіндігіне байланысты шетел инвестицияларын отандық қаржы нарығына тарту процесі либерализацияланып жатыр. Елбасының пайымдауынша, Қазақстанның ХСҰ-на кіруі, отандық банктер мен шетел банктерінің арасында бәсекелестіктің өрістеуіне алып келетін болады. Қатаң бәсекелестік қысымына ірі банктер тойтарыс беру үшін, прогрессивті және инновациялық өзгерістерді бастан кешетін болады. Ал ұсақ банктер бір –бірімен сіңісіп кетеді немесе жойылады.
Курстық жұмыста жиі қолданылған терминдер: активті операциялар мен пассивті операциялар, банк, банктік жүйе, акция, акционерлік қоғам, банктік ресурстар, капиталдық база, банктік қызмет, несие және т.б. экономикалық терминдер.
І.ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ПЕН ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОРНЫ
1.1. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Коммерциялық банктердің
екінші дәстүрлі-базалық қызметі-
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді(1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттерліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.
Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру.
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:
1.Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал – жабдықтар.
2.Қаржылық лизинг анағұрлым
ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім
машиналар мен құрал –
Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
Факторингтік келісімнің бірнеше типі бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.
Регистік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қасымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.
Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.
Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты - қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.
Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).
Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді(купондар, талондар).
Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитентердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген опрерациялар бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
Информация о работе Қазақстандағы банктік қызметті дамытудың негізгі бағыттары