Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 21:03, дипломная работа

Описание работы

Курстық жұмыстың теориялық әдістемелік және ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері экономика және қаржы несие мәселелері бойынша арнайы құжаттар. Қаржы Министрлігінің, ұлттық банктің банк қызметін реттеу және валютаны түгел реттеу жөніндегі мерзімді баспасөзде жарияланған статистикалық және арнайы материялдар қолданылды. Ізденіс барысында экономикалық талдаудың мынадай тәсілдері қолданылады: теориялық концепцияларды жалпылау, салыстырмалы және аналетикалық.

Содержание

КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ МӘНІ
Валюталық операцияның мәні мен жіктелуі 5
Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру 13
Банктерде валюталық операциялар жүргізу техникасы 16
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайына талдау 31
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама 35
Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау (мысалға “Қазақстан Халық Банкі”) 41
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

Долларлану дамушы және өтпелі экономикалы елдердің сипатты  ерекшелігі болып табылады. Ол ішкі ақша айналысынан кез келген шетел  валютасымен ұлттық валютаның (тек АҚШ долларымен емес). Қазақстан экономикасын долларлану үрдісін жеделдету елдің барлық қаржы - несие жүйесінің бұрмалануына әкеп соқтырды. Бұл жерде көп мөлшердегі қорлану ішкі инвестицияларға емес, бірінші кезекте АҚШ үкіметінің несиелеріне қатысты екенін ұмытпау қажет.

Ел экономикасы үшін долларланудың көптеген басқа залалдарын қозғамай, ол экономикалық тұрақсыздықтың, жоғары құнсызданудың, ұлттық валютаның  тұрақсыздығының және басқа осы  құбылыстарға байланысты себептердің  салдары болып табылады. Олар валюталық курстың режімі, ақша массасының және қолданыстағы шетел валютасының көлемі, тұрғындардың кіріс көлемі, заңнамалық және нормативтік базаның сапасы және тағы басқа.

Долларланудың жоғары деңгейін жеңу оны пайда болуына себепті  жою жолымен мүмкін. Өсіп келе жатқан негативтік беталыс өзара байланысты шаралар кешенін қабылдауды талап етеді. Ұлттық валютаға сенімді жаймен қалпына келтіру қажет, басымдықтар жүйесін қалыптастырған банк жүйесіне сенімді көтерген, валюталық курстың нақты режімін белгілеген, заңнамаға, оның ішінде салық заңнамасына өзгерістеренгізген жөн.

Ортажедел болашақта  таза түсімнің қысқаруы шетелдер қатысатын  компаниялармен ұзақ мерзімді қарыз  капиталын тартумен орны толықтырылады. Солтүстік жаңа кен орындарының  кәсіпшілік пайдалануының басталуына байланысты экспорттан түсудің көбеюі экономикадағы ішкі жинақтың өсуін ынталандырды, сол арқылы ішкі нарықтардағы резиденттердің қатысу ауқымының өсуіне әсер етті.

2004 жылы экономикада  банктер несиелерінің көлемі 1,5 еседен  аса өсті және 1484,3 млрд. теңгені құрады, долларлық баламада 11 миллиардтан асты. Ұлттық валютадағы несиелердің өсуі шетел валютасы несиелерімен салыстырғанда жедел сипат алды. Нәтижесінде теңгемен несиенің үлес салмағы 44,5-тен 48,1 %-ға дейін өсті. Мұндай динамика ұзақ мерзімді несиелер бойынша да байқалды, олардың үлес салмағы 65,7 %-ға дейін көбейді.

 

 

 

 

2.3 Валюталық операцияларға  банктік қызмет көрсетуді дамытудың  қазіргі заманғы деңгейін талқылау

(мысалға АҚ «Қазақстан  Халық банкі»)

 

 

Халық Банкі жеке және заңды тұлғаларға банктік қызметтің барлық түлерін көрсететін екінші деңгейлі банк болып табылады. Банктің жеке клиенттері болып Қазақстанның барлық ересек тұрғындары табылады, банк 15 400 000 салымшылар шоттарына қызмет көрсетеді, банктің депозиттер нарығындағы үлес салмағы 64 %-ды құрайды. Банк 28 000 заңды тұлғалардың (мекемелер мен кәсіпорындар) шоттарына қызмет етеді. Маңғыстау облыстық филиалы жеке тұлғалардың 344 921 шоттарына қызмет жасайды. Тұрғындардың депозиттері 485 487 000 теңгені немесе облыс тұрғындары барлық депозиттерінің 47 %-ын құрайды.

Мықты филиал желісінің  және қазіргі заманғы телекоммуникация жүйесінің болуы Халықтық Жинақ  Банкіне Қазақстан Республикасының  ірі есеп орталығы болуына әсер етті. Банк есеп жүйесінің маңызды ерекшелігі қауіпсіздік, сенімділік, жылдамдылық және көптармақтылығы болып табылады. Алматымен деңгейлес барлық аударымдар күнбе-күнге жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта барлық облыс аралық ақша аударымдардың 80 %-ға жуығын банк жүзеге асырады. Ішкі есеп жүйесі бойынша тек Маңғыстау облыстық филиалы арқылы 1998 жылдың ішінде 39 372 аударым, орташа есеппен айына – 3 281 аударым, күніне – 152 аударым өткен.

Алматы қаласында банктің  орталық есеп орталығында күніне 3 120 миллион теңге сомасындағы ақшаны аудару бойынша 14 432 транзакция жүргізіледі, ай сайын 65 000 миллион теңге сомасына 300 667 транзакция жүреді; барлығы 1998 жылда 780 миллиард теңге сомасына 3 608 000 транзакция жасалған.

Қазақстанның барлық ірі бантері өздерінің аударымдарын және өз клиенттерінің аударымдарын жүргізу үшін Алматы қаласында Халық  Банкінің есеп орталығында корресептерін  ашып қойған. Барлығы банктердің 71 тікелей  корресебі ашылған. Тікелей корресептер арқылы жыл басынан 96 миллиард теңге сомасына транзакция жүргізілді.

«Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның кез келген аймақтық бөлімшесінің валюталық бөлімінің негізгі  міндеттері болып табылады:

- жеке және заңды  тұлғалардың валюталық қаражаттарын тарту, оларды нәтижелі пайдалану, бос қаражаттарды орналастыру, өз атынан және қайтарым, төлем, шұғыл шарттарымен өз есебінен;

- жеке және заңды  тұлғалардың банк шоттарын ашу  және жүргізу, клиенттерге есеп-кассалық  қызмет көрсету.

Валюталық бөлімнің міндеттері болып табылады:

- әдістемелік басшылық, Қазақстан Халық банкі облыстық  филиалының барлық құрылымдық  бөлімшелерінде валюталық операциялар  мен қаржылай құжат айналымын  ұйымдастыру және жетілдіру төмендегі  негізде жүреді:

- есептеу техникасын қолдану арқылы операциялық жұмыстарды жүргізудің прогрессивтік үлгілері мен тәсілдері, есептеу құжаттарын, есеп үлгілерін және құжат айналымын жүргізу;

- операциялық жұмысты  жүргізудің ең жақсы тәсілдерін  қорытындылау және тарату;

- банктік қызмет көрсетудің халықаралық стандартын енгізу;

- филиалдың қаржы –  шаруашылық қызметінің кері нәтижелерін  болдырмау және оның қаржы  тұрақтылығын қамтудың ішкі резервтерін  анықтау;

- барлық валюталық  операцияларды жүргізудің дұрыстығы  үшін бақылауды қамтамасыз ету;

- еңбек өнімділігін жоғарылату, негізгі және айналым қорларын нәтижелі пайдалануды, материалдарды үнемді қолдану;

- ұйымдастыру, үнемі  толықтырып отыру кодификациялау  және Қазақстан Халық банкі  облыстық филиалының барлық құрылымдық  бөлімшелеріне және бөлімнің қызметін және банктің қаржы-шаруашылық қызметін реттеп отыратын заңнамалық және нормотивтік актілердің базасын орындаушылардың назарына жеткізу;

- құжаттарды сақтауды  ұйымдастыру.

Валюталық бөлім оған жүктелген тапсырмаларға сәйкес келесі қызметті жүзеге асырады:

- банктік құжат айналымын  және банктің айырбастау пунктерінің  операциялық жұмыстарын жүргізуді  ұйымдастырады;

- айырбастау пункттерінің  әдістемелік басшылығын жүзеге  асырады;

- заңды және жеке  тұлғаларға, клиенттерге валюталық  және депозиттік шоттар ашады және соларды жүргізеді;

- шетелдік валютамен  заңды және жеке тұлғаларға  есеп – кассалық қызмет көрсетуді  ұйымдастырады және жүзеге асырады;

- құнды қағаздар мен  қатаң есептілік бланкілерін  қабылдау,сақтау, есепке алу және  өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

- ұйымдастыру пункттерінің  желілерін ашуды және қалыптасуын  ұйымдастырады;

- әртүрлі валюталық  операцияларға байланысты кеңес  беру және делдалдық қызметтер  көрсетеді; 

- пластикалық карталарды  қолдану арқылы тауарлар мен  қызметтер үшін тұрғындардың қолма-қол емес есептерінің жүйесін ұйымдастырады.

- банк Жарғысына және  филиалдар туралы ережеге сәйкес  басқа елдердің шетелдік валютамен  банк клиенттерінің, банктің өзінің  жеке және заңды тұлғаларының  барлық валюталық операцияларын  есепке алуды және бақылауды жүзеге асырады;

- бөлім жұмысының барлық  бағыттары бойынша бұйрық жобаларын,  келісімшарттарды, үкімдерді, нұсқауларды,  актілерді, шешімдерді, хаттамаларды, хаттарды және басқа ішкі құжаттарды  дайындауға қатысады;

- валюталық операциялық күннің ұйымдастырылуының және банктің аудандық филиалдарындағы технологиясының сақталуын тексереді, оларға нормативтік базаны ұйымдастыру сұрақтарына көмектеседі;

- аудандық филиалдардың  есептерін талдауды жүзеге асырады,  жиынтық айлық, кварталдық және жылдық есептерді және басқаларды талдауды жүзеге асырады.

Банкке қызмет көрсетуге  клиентті қабылдау шетелдік валютамен  есеп және кассалық операцияларды жүргізу  бойынша ынтымақтастық келісімшартымен  рәсімделеді.

Валюталық операциялар  бөлімі күн сайын Жол, Банк, Персоналдық чектерді қабылдайды, чектермен American Express карточкаларын сатады, ЛОРО және НОСТРО шоттарын жүргізеді, құжаттамалық есептердің барлық түрлерін жүргізеді, валютамен аккредитивтер, құжаттық және таза инкассо, халықаралық кепілдіктер. /24./

Кең корреспондент желісін  қалыптастыру – банктің ұзақ мерзімді саясаты қағидаларының бірі, оның мақсаты – клиенттерге көп  пайда түсіре отырып өзінің қаржы  қаражаттарын жедел және нәтижелі басқаруға  мүмкіндік беру.

Негізі корреспондент  банктер American Express Bank LTD, New York, Bankers Trust Company New York, New York, Citibank N.A., New York, Republic National Bank of New York, New York. Bankers Trust Int’I AG, Frankfurt am Main, Commerzbank AG, Frankfurt am Main, Deutsche Bank AG, Frankfurt am Main, Dresdner Bank AG, Frankfurt am Main, Мәскеу Халықаралық Банкі болып табылады.

SWIFT электрондық халықаралық  төлемдер жүйесі ең қысқа мерзімде  әлемннің кез келген нүктесіне  төлемдердің қауіпсіз және сенімді  өтуін қамтамасыз етеді. Коммуналдық  желі мақұлданбаған рұқсаттан толықтай қорғайды.

Валюталық операциялар  бөлімі ұлттық және шетел валютасының  айырбасталуын және қайта айырбасталуын  жүргізеді, экспорт-импорт бойынша  клиенттердің келісімшарттарын сараптайды, оларды мәміле құжаттарымен рәсімдейді және әлемнің кез келген нүктесіне шетел валютасын аударады.

«Клиент-Банк» қолма-қол  есептерінің компьютерлік-модемдік жүйесі арқылы клиенттер өз офисінен төлем тапсырмаларын дайындай алады  және электрондық төлемдер жүргізеді, өз шоттары бойынша көшірме, шот бойынша ақша қаражаттары қозғалысы туралы хабарлама ала алады, шоттағы қалдықты болжай алады және тағы басқа.

Қазақстанның Халық  банкімен және оның филиалдарымен валюталық  операциялардың келесі түрлері жасалады:

- жеке және заңды  тұлғалардан қолма-қол шетел валютасын сатып алу;

- жеке және заңды  тұлғаларға қолма-қол шетел валютасын  сату;

- жол және коммерциялық (банктік) чектерді және басқа  төлем құжаттарын шетел валютасымен  төлеу;

- «American Express» жол чектерін сату;

- несие карточкалары  бойынша есептер жүргізу;

- Халық Банкінің клиенттерімен  оның қызметтеріне (қолма-қол шет  валютасы түрінде) іс сапар  қаражаттарын рәсімдеу және беру;

- Қазақстан Республикасында  Халық Банкінің айырбастау пункттерін  ашуды ұйымдастыруды жүзеге асыру  және олардың қызметіне бақылау жасау;

- клиенттерге жеке  валюталық шоттар ашу, жүргізу  және жабу, салымдар рәсімдеу;

- шекарадан келіп түскен  аударымдарды төлеу;

- ағымдағы шоттар бойынша  шетел валютасымен қаражаттарды  қабылдау және есептен шығару;

- шот иелерінің тапсырысы бойынша жеке қаражаттарды шекараға аудару;

- клиенттердің шоттары  бойынша операцияларды жүргізу  және басқа мәліметтерді (шот  иелерінің сұрауы бойынша) дайындау  және жіберу.

Қазақстан Халық Банкі  сатып алуға рұқсат етілген және оның түп нұсқа екендігіне күдік туғызбайтын қолданыстағы қолма-қол шетел валютасын (банкноттар, қазыналық билеттер) сатып алу - сату бойынша мәмілелер жүргізеді. Бұл операция жүргізілген күндегі Халық Банкімен белгіленген коммерциялық курс бойынша теңгелей эквивалентпен жүзеге асады.

Банк жеке тұлғалардан  растайтын құжатты ұсынбастан шектеусіз  шетел валютасын сатып алады. 500 АҚШ доллары және одан жоғары шетел  валютасын қолма-қол сатып алу  немесе сату кезінде кассир анықтама – сертификат толтырады, онда клиенттің  құжатындағы деректер көрсетіледі. Анықтама сертификаттың төлемақысы банк тарифтерімен белгіленген көлемде алынады.

Қолма-қол шетел валютасын  сатып алу – сату бойынша валюталық  операциялар және онымен байланысты есептер Қазақстан Республикасының  Халық Банкімен белгіленген сатып алу және сатудың коммерциялық бағамы бойынша жүргізіледі. Қолма-қол шетел валютасын сатып алу және сату курстарының өзгеруіне уақытын көрсету арқылы күніне екі рет болады.

Қолма-қол шетел валютасын  есепке алу Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі белгілеген курс бойынша «Қолма-қол шетел валютасы» 060 (1001) баланстық шотында жүргізіледі. Бір шетел валютасын екіншісімен айырбастау тек Халық Банкінің (филиалы) кассасы арқылы кросс - бағамы бойынша жүргізіледі, онда банк тарифімен белгіленген сәйкесті комиссия ұсталынады.

Халық Банкі «American Express»  жол чегін төлеуге сатып алуды  және сатуды жүзеге асырады. Төлемге  басқа да белгілі компаниялардың жол чектері мезетте төлем  арқылы қабылданады –«Thomas Cook», «Master Card International, Inc», «Citicorp», «VISA INTERNATIONAL SERVICE Association».

Валюталық шоттардың  ашылуы банк пен шот иесі арасында келісімшарт жасаған кезде жүргізіледі. Келісім бойынша банк шот иесінің  есебіне түскен ақшаларды қабылдауға, оған немесе үшінші тұлғаға сәйкесті ақша сомасын аудару туралы оның үкімін орындауға және келісімде көрсетілген басқа қызметтерді көрсетеуге міндет алады. Келісімшартта екі жақтың реквизиттері, келісімшарттың заты, жеке идентификациялық коды (шот иесіне банкпен берілген); салық төлеушінің тіркеу нөмірі-шот иесінің, ол құжатпен көрсетіледі, оны салық қызметінің ұйымы береді, банкпен қызметтер көрсету шарты және есептер тәртібі болуға тиіс.

Информация о работе Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлері