Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 21:03, дипломная работа
Курстық жұмыстың теориялық әдістемелік және ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері экономика және қаржы несие мәселелері бойынша арнайы құжаттар. Қаржы Министрлігінің, ұлттық банктің банк қызметін реттеу және валютаны түгел реттеу жөніндегі мерзімді баспасөзде жарияланған статистикалық және арнайы материялдар қолданылды. Ізденіс барысында экономикалық талдаудың мынадай тәсілдері қолданылады: теориялық концепцияларды жалпылау, салыстырмалы және аналетикалық.
КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ МӘНІ
Валюталық операцияның мәні мен жіктелуі 5
Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру 13
Банктерде валюталық операциялар жүргізу техникасы 16
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайына талдау 31
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама 35
Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау (мысалға “Қазақстан Халық Банкі”) 41
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64
4) Олар үшін қауіпті
болса да алып-сатарлық
Банктегі капитал қозғалысына клиенттің көрсететін қызметімен және тауар экспорты мен импорты есебін жүргізумен байланысты клиенттерге қызмет көрсету операциясы саудадан тыс операция деп аталады. Банктер саудадан тыс операцияның мынадай түрлерін жүргізе алады:
Саудадан тыс операциялар клиенттерге кең көлемде банктік қызмет көрсету нәтижесінде кең таралған. Пластикалық карточкаларды шығару және онымен қызмет көрсету – жаңа операциялардың бір түрі, ол банкке жаңадан клиенттер тартуға және бұрынғы клиенттерді сақтап қалуға, банк беделін көрсетуге және банктер арасындағы бәсекелестік күресте жоғары деңгейде көрінуге мүмкіндік береді. Валютаны қолма-қол сатып алу және сату операциясы саудадан тыс сипаттағы негізгі операцияның бірі болып табылады. Конверсиялық операциялар қолма-қол және қолма-қолсыз теңгеге қарсы қолма-қол және қолма-қолсыз шетел валютасын сатып алу және сату мәселесімен байланысты. Ағымдағы операция және капиталдық қозғалыспен байланысты операцияның бөлінуі операцияға қатысты лицензиялаудың қажеттілігін, салық салу сипатын, есептерді (капиталды және ағымдағы) жүргізуді анықтау үшін маңызды. /26./
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
Капитал қозғалысымен байланысты операцияға мыналар жатады:
Уақыт пен техниканың
жетістіктеріне байланысты банктердегі
валюталық операциялар
Кассалық мәміле мыналар үшін белгіленген болуы мүмкін:
а) Жоспарланған операцияны жүргізу мақсатында шетел валютасын тез алу үшін (ішкі сауда келісімшарт немесе қаржылық келісімшарт, шетел инвестициясын жүргізу және тағы басқа)
ә) қысқа мерзімді алып-сатарлық операцияларды жүргізу.
б) валюталық қауіп-қатерден сақтандыру (соңғысы орташа және ұзақ мерзімді операцияларды маңыздырақ).
Кассалық мәміле үшін мына келесі белгілер маңыздырақ болып табылады:
1) Оларды қысқа мерзімде
жүргізу дәстүр бойынша
мәміле деп валюталандыру (валюта түсу) мерзімі келесі шарт бекітілген мерзімнен бастап екі күннен кем емес жұмыс күшінде орындалса ғана танылады. Егер валюта түсуі келісімшарт белгіленген күні орындалса, онда «today» спот- мәміле туралы, немесе сол күнгі есеп айырысуға арналған мәміле туралы айтылады; Егер келесі күні орындалса, онда «tomorrow» спот – мәмілесі немесе келесі күнгі есеп айырысуға арналған мәміле туралы айтады.
2) Мәмілеге қатысушы
жақтарда саудаланатын
Бұл сатушы мен сатып алушы айырбастау келісімшартын бекіну мерзімінде оларда айырбастайтын валютаның болуы керек (есепшотында немесе кассада) дегенді білдіреді. СПОТ мәміленің принципінде бір мерзімді валюта айырбастау қарастырылады, яғни мұнда несиелеу орын алмайды. Бірақ территориялық қашықтыққа байланысты екі жақтың біреуі ғана күндізгі овердравты жеткізуі мүмкін. Егер мысалы, бір банк Еуропада, ал екіншісі Америкада орналасса, онда жағдай бірқалыпты жұмыс уақыты есепке алынбайды, уақыт айырмашылығы 6 сағаттан астам уақытты құрайды. /15./
Ереже бойынша тәуліктік овердрафтқа пайыздар қосылады, сондықтан американдық банк ұтымды жағдайда болады, себебі ақша құралы оған бұрынырақ айырбасталады және пайыз қосылмайды.
Кез келген валюталық операцияны жүргізуде жүргізуші жақтар ақша айырбастау кезеңінің тәсіліне байланысты (телеграфт, пошта арқылы аудару, чек, жедел шарт немесе банкнот), баға белгіленімі тәсіліне байланысты валюта айырбастау бағамын келісіп алу керек. Сонымен бірге банк арқылы баға белгіленіміланған сатып алу, сату бағамы немесе орташаланған курс арасындағы таңдау маңызды рөл атқарады. Телеграфтың атқару бағамы ең жоғарғы курс болып табылады, себебі онда шетел валютасы банк арқылы тез төленеді немесе шетел банкінен аударуда алғаннан кейін келесі күні төленеді. Мәмілені орындауды жылдамдығына байланысты спот мәмілесі үшін телеграфтық аудару тиімдірек. спот мәмілесінде басқа тәсілдер ақша айырбастауда жылдамдығына байланысты тиімсіз болуы мүмкін. Егер ақша айырбастаудың басқа тәсілін қолдану мүмкін болса, онда соңғы курс телеграфтың айырбастау бағамының негізінде анықталады. Ол бір елден екінші елге төлем құжаттарын жеткізу мерзімі ішінде пайыздың көлеміне азайтылған телеграфтық айырбастау бағамының негізінде анықталады.
Спот валюталық бағамының клиенттерімен есеп айырысу негізінде банк тиімдірек курсты белгілеу қажеттілігінен шығады.
Жедел валюталық операция – бұл операция бойынша екі жақ мәмілені бекіткен соң белгілі бір уақыт ішінде шетел валютасының белгіленген сомасын жеткізуге келіседі, бірақ бекітілген мерзімдегі бағамы бойынша.
Валютамен жедел мәміленің негізгі түрлері мыналар:
а) Форварттық операция (аутрайт операциясы);
ә) Фьючерстік мәміле;
б) опциондық мәміле.
Тәжірибе валютамен жедел мәміленің әртүрлілігі кездесті, сонда да олардың ортақ сипаттарының болуы, оларды кассалық мәміледен айыруға мүмкіндік береді:
1) Мәміле бекітілген мерзім мен оның орындалу мерзімі арасында ұзартылған уақыт кезеңі. Формальды түрде бұл кезең екі жұмыс күнінен асу керек, бірақ факт бойынша ол 30 жұмыс күнінен кем емес болады.
2) Келісімшарт жүргізген уақытта екі жақты активтердің (валюта) болуы шарт емес. Тіпті жедел мәміленің бірнеше түрлері бар, мысалы, екі жақ алдын-ала валютаны сатып алу сатусыз-ақ мәмілені орындауға келіседі. Жедел валюталық мәмілені негізгі белгілеу мыналарда құрылады:
а) негізгі ішкі экономикалық келісімшарттың (сауда, қаржы) орындалу уақытында қажет валютаның алынуы.
ә) валюталық спекуляция және төрелік .
б) валюталық қауіп-қатерді хеджирлеу.
Мерзімге арналған мәмілелерде маңыздырақ оның өсуімен валюталық бағамының өсуінің өзгеруіне деген потенциалды қауіп- қатер өсуде. /9./
Егер қолма-қол валюталық операция немесе спот – операция қарапайымдау валюталық операция деп есептелсе, онда форвардтық, фьючерстік мәмілелер туралы олай емес, олардың өз ерекшеліктері бар:
1) Мәміленің орындалуы
мен бекітілген мерзімі
2) Жедел мәміле бойынша валюта бағамы белгілі бір мерзімнен кейін орындалса да операцияны бекіту кезеңінде белгіленеді.
3) Жедел мәміле бойынша
валюта бағамы спот операциясы
бойынша валюта бағамынан
Мәміле жүргізілетін курс сияқты мерзімінде (1 жылға дейін) келісіледі. Одан басқа кассалық курсқа үстемелер («репорт» «ажио») немесе одан жеңілдіктер («депорт», «дизажио») құрылады. Депорт көлемі Форвардтық мәміленің көлеміне ғана байланысты емес, жеке валюта бойынша пайыздық қойылымдағы айырмашылыққа да байланысты. Бұл үстемелер своп бағамымен аталады. Жедел мәміле бойынша курс сұранысының арақатынасымен және мәміле бекітілген мерзімдегі валюта нарығындағы пікірлермен, жеке валюта бойынша пайыздық қойылымдағы айырмашылықпен анықталады.
Бұл факторларды қорғау есебінде қарауға болмайды. Мысалы, егер шетел валютасы бойынша пайыздық қойылым өссе, онда кассалық нарықтағы бұл валютаға сұраныс та өседі, соның нәтижесінде спот бағамыда өседі, сонымен бір мезгілде жедел нарықта бұл валютаға сұраныс түсіп кетеді, сонымен бірге форвардтық курс та төмендейді. Бұндай жағдайда форвард бағамы бойынша кассалық курсқа қарым-қатынасы бойынша депорт орын алады. /26./
Мәміле банк белгіленген
форвард бағамымен бірге
Жедел мәміле анықталған жинағы бар банк клиенттерімен байланысты. Жедел валюталық мәмілені жүргізуге құштарлық мынадай жағдайда экспортерларда өседі, импортерларда төмендейді:
1) Егер анықталған валютаның бағамы түсуі мүмкін болса;
2) Кассалық курс жедел курстан төмен болса;
3) Бекітілген курстық арақатынаста форвард бағамы интервалды нүктелердің жоғары шекарасында тұрса;
4) Форвард бағамының репорты жоғары болса;
Егер аталған факторлар керісінше өзгерсе, онда экспортерлардың құштарлығы төмендейді, ал импортерлардың жедел мәміле жасауға деген құштарлығы өседі.
Қазақстанда жедел мәміле екі түрде жүргізіледі:
1) Қарапайым форвардтық
мәміле. Бұл жағдайда қайта жасалатын
мәміле бір уақытта
своп мәмілесі деп бір ғана валютаны әртүрлі мерзімде сатып алу және сатуды жүргізетін банктердің арасындағы валюталық мәмілені айтады.
Валютаның анықталған сомасы уақытқа сатып алынады және сонымен бір уақытта кассалық нарықта сатылады немесе керісінше. Белгіленген мерзімде алынған шетел валютасының сомасы депортпен (репортпен) айырбастауда своп қойылымының көлеміне қарай өседі (төмендейді). Кең көлемдегі айналымда своп халықаралық мемлекеттік монополиялық реттеу шеңберіндегі Ұлттық банктер арасында жүргізіледі. Банктерде жүргізілетін жедел валюта саудасын ең алдымен бағамық айырмашылықтарды алғаннан бастап бағалануға болады. Пайда валюта бағамының көлеміндегі уақытша айырмашылықтың қорытындысын пайдалануда белгілі болады. Егер банктер курстық пайда табу мақсатында валюталық операцияларды жүргізсе, және своп мәмілесіндегідей. Сонымен бірге уақытта сақтану үшін қайта жүргізілетін операцияны жүргізбесе, онда оны валюталық спекуляция деп санауға болады.
Своп операциясы мынадай мақсаттарда қолданады:
1) Коммерциалық мәмілелер
жүргізуде банк шетел
2) Халықаралық есеп
айырысуды қамтамасыз ету үшін,
валюталық резервтерді
3) клиенттерді несиелендіру.
4) валюта нарығындағы мәміле нақтырақ айтсақ, капитал қысқа мерзімді экспорты своп мәмілесінің сипатын жиі пайдаланады.
Егер капитал экспорты басқа валютаға қосылуы пайдаланса, онда своп мәмілеге жүгіну керек.
Валюталық операцияның келесі бір түрі – валюталық төрелік деп аталынады.
1) Егер, мысалы, банк клиентінің
оған анықталған валюта
2) Валюталық төрелік мақсатқа жету құралы болып табылады. Бұл жағдайда банк валютаны өзіне тиімдірек жедел сатып алуға, сонымен бірге сатуға тырысады.
Валюталық төрелік валютаны сатып алудағы және сатудағы курстық айырмашылықтарды алу үшін қолданады.
Валюталық төрелік курстардағы айырмашылық және теңестіруші төрелік негізінде жүзеге асады.
Бірінші жағдайда төрелікер (дилер) валютаны бір қаржы орталығында өте төмен бағамен сатып алып, сонымен бір мезгілде оны бағамы жоғары басқа жерде пайда мен сатады. Сондықтан дилер тез арада екі немесе одан да көп екі жақты мәмілені бекітеді.
Бұл операциялар әрқашанда өз құралдарының есебінен жүргізіледі. Теңестіруші төрелік тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей төрелік борышкер және қарыз беруші валюталары арасындағы курстық айырмашылықтарды пайдалана отырып жүргізеді.
Жанама теңестіруші төрелікда өте төмен курспен сатып алынатын және төлем орнында сатылатын үшінші валюта қатысады. Төрелікер теңестіруші төрелікда әртүрлі нарықтағы мүмкіндіктерді пайдаланады және шетел валютасына айырбастау үшін аз көлемде валютаны шығындауды қамтамасыз ететін курсты таңдайды. Ақпаратты жеткізудегі жылдамдықтың өсуі нәтижесінде төрелікң бұл түрі өз көрсеткішін жоғалтады. Осыдан төрелік операциялар үшін қолдануы мүмкін маржалар күрт төмендейді.
Пайыздық төрелік – бұл валюталық курстар және пайыздық қойылымдар арасындағы айырмашылықтар арқылы пайда табу мақсатымен қаржы ұйымдастыруына пайыздық кіріс әкелетін немесе валютадағы қағаздар салу. Пайыздық төрелік әртүрлі елдердегі қарыздықміндеттегі инвестициялауда пайда болады. Төрелік түсінігін былай тұжырымдауға болады: бір жерде арзан сатып алу үшін, екінші бір жерде қымбатырақ сату деген сөз. Осының нәтижесінде сатып алу және сату орнында сұраныс жоғарылайды, нәтижесінде валюталық курстың төмендеу тенденциясы туады. Бұндай операциялар валюта бағамын теңестіреді. Төрелік пайданы әрбір нақты жағдайда үнемі алуға деген талпыныстан курстық және пайыздық айырмашылықтар азаяды және жоғалады. /9./
Информация о работе Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлері