Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 21:03, дипломная работа

Описание работы

Курстық жұмыстың теориялық әдістемелік және ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері экономика және қаржы несие мәселелері бойынша арнайы құжаттар. Қаржы Министрлігінің, ұлттық банктің банк қызметін реттеу және валютаны түгел реттеу жөніндегі мерзімді баспасөзде жарияланған статистикалық және арнайы материялдар қолданылды. Ізденіс барысында экономикалық талдаудың мынадай тәсілдері қолданылады: теориялық концепцияларды жалпылау, салыстырмалы және аналетикалық.

Содержание

КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ МӘНІ
Валюталық операцияның мәні мен жіктелуі 5
Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру 13
Банктерде валюталық операциялар жүргізу техникасы 16
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайына талдау 31
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама 35
Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау (мысалға “Қазақстан Халық Банкі”) 41
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

Форвардтық және фьючерстік келісімшарттар болашақта келісілген мерзімде бір валютаның анықталған санының екінші валютаға айырбастауда инвесторға міндеттеме жүктейді. Инвестор мәміле ол үшін тиімсіз болған жағдайда да мұндай айырбастауды орындау керек. Бірақ көп инвесторлар валюталық айырбастауды жүргізуді олар үшін міндеттеме емес құқық деп санауды қалайды.

1)Егер жоспарланған  мәміле тиімді болса – бұл  айырбастауды жүргізуге құқылы.

2)Егер мәміле тиімсіз  болса – валюталық айырбастаудан  бас тартуға құқылы.

Осындай тиімді жағдайлар  қарастырылатын келісімшарттар окционы  деп аталады.Бұндай келімшартбойынша инвестордың валюталық айырбастау жүргізуге құқығы бар, бірақ міндетті емес. Инвестор екі жақты келісімшартқа қол қоюға шақыру үшін жоғары үстеме төлену керек, бұл опционның, келісімшарттың кемшілігі болып табылады.

Жедел валюталық операцияның  келесі бір түрі – «аутрайт»     

Аутрайт – валютаны сатып  алу және сатуды валюта бағамының белгілену шартымен , валютаның сомасымен және валютаны жеткізудің нақты мерзімін қарастыратын жедел валюталық операция. Мұндай валюталық операцияларды индустриалды дамыған елдердің банктері жүргізе алады.

Қазақстанның ақша нарығында  тұрақтылыққа жету шетел валютасына сұраныстың және инфляция деңгейінің бақылауының теңестірілуі , уақыт талабына және халықаралық тәжірибеге сай валюталық операцияларды реттеуде, басқа тәсілдерді қолдануға , валюталық операцияларды  жүргізуде, бөлек шектеулерді алып тастауға бағытталған валюта режимін ырықтандыруға жаңа үйлесімдер табу қажеттілігін тудырады.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру

 

Валюталық операцияларды  біздің елімізде шетел валютасымен  банктік операциялар жүргізуге  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады.

Сонымен қатар Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкі валюталық  реттеудің және валюталық бақылауды  жүргізеді.

Валюталық реттеу – нормотивтік  құқықтық актілерді жасау және бекіту ақпараттар жинау, валюталық заңдылықтарын орындалуына бақылау жасау, көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді. /1../

Қазақстан Республикасы «Валюталық реттеу туралы» заңына (24.12.1996ж) сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негізгі валюталық реттеу органы болып табылады.

Валюталық реттеудің  басты міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы территориясындағы валюталық операцияларды жүргізудің принцпі мен тәртібін валюталық операцияға субьектісінің құқығы мен міндетін анықтайтын, валюталық заңдылықтардың бұзылуына жауапты болатын нормотивті құқтық актілердің
  • Валюталық заңдылықтың орындалуына бақылау
  • Валюта нарығының жағдайына жүргізілетін валюталық операцияның көлеміне және құрылымына талдау.

Бұдан шығатын қорытынды  өкілетті мемлекеттік органның құқықтық нормотивтік актілердің бастырып шығуына  валюталық реттеу басты делдал қызметін атқарады.

Қазіргі уақытта валюталық  бақылау және реттеу туралы бірнеше нормотивті – құқықтық актілері бар. Солардың ішінде ең негізгілер: 1996ж. «Валюталық реттеу туралы» заңы, 1998ж. «төлемдер және ақша аударулар туралы» заңы, «Валюталық құндылықтарды қолданумен байланысты іс-әрекетті лицензиялау ережесі туралы» заңы. (18.01.2002ж №26). /1../

Қазақстан Республикасы үкіметі және өзгеде мемлекеттік  органдар Қазақстан Республикасы заңдарына  сәйкес өз құқықтары ретінің шегінде  валюталық реттеуді жүзеге асырады.

Осы заң Қазақстан  Республикасы аумағындағы валюталық операцияларды жүзеге асыру принциптері мен тәртібін валюталық операциялар субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін, валюта заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілікті айқындайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасы қарарында (20 сәуір 2001ж №115)  Қазақстан Республикасындағы валюталық операцияларды жүргізу ережесі бекітілген, онда валюталық операцияларды жүргізу тәртібі оның негізгі принциптерімен валюталық бақылау жанжақты талданған.

Валюталық операциялар  жүргізуге қойылатын шектеулер  заң бойынша: халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және төтенше жағдайлар пайда болған реттеуде Қазақстан Республикасы Президенті кез-келген валюта операцияларын шектеу немесе тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдауға құқылы. /1./

Шетел валютасы мен банктік  операциялар жүргізуді лицензиялауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы «Валюталық реттеу туралы» заңына (24 желтоқсан 1996ж) сәйкес, капитал қозғалысы мен байланысты, валюталық құндылықтың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін қарастыратын валюталық операцияның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен лицензиялауға жататыны бекітілген.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бөлшек сауданы және қолма-қол шетел валютасы үшін қызметтер ұсынуды жүзеге асыруға байланысты қызметті, Қазақстан Республикасындағы валюта түріндегі есепшоттарымен қоса, олар тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар шетел банктері мен қаржы институттарында (бұдан әрі – шетелдік банктер) резиденттердің ашқан есепшоттарын, сондай-ақ валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына өтуін (орналастырылуын) көздейтін капитал қозғалысына байланысты операцияларды лицензиялайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі (оның аймағындағы филиалдары) экспортты- импортты мәміле бойынша капитал қозғалысымен байланысты операцияларды жүргізуге лицензия береді.

Экспортты мәмле бойынша  капитал қозғалысымен байланысты операциялардыжүргізуге берілген лицензия бнлгіленген мерзімі  өткен соң өз күшін жояды. /9. /

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өтініш берушінің ақпараттық есебі бойынша лицензиның уақытын  белгілейді.

Ағымдағы валюталық  операцияларды капитал қозғалысымен байланысты операцияға көшкен жағдайда лицензия алу үшін құжаттар тапсыру осыдан өзгеру басталған күннен бастап 30 календарлық күнді құрайды.

Лицензия алу үшін мынадай құжаттар керек .

1)Өтініш берушінің  лицензия күшінің болжанатын  мерзімін,  ұзақтығын көрсеткен  мерзімі;

2)Лицензиялауға жататын  операция бойынша валюталық бақылаудың банк жүргізгендігін дәлелдейтінөтініш берушіге банк берген құжат;

3)Қазақстан Республикасы  Үкіметі анықтаған экспорттық  келісімшартқа экспортталған тауардың  сәйкестігін дәлелдейтін кеден  органаның құжаты немесе Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкі құқықтық нормативтік актлеріне сәйкес рәсімделген экспорттық келісімшарт бойынша мәміле паспортының көшірмесі.

Лицензия алған лицензиат  Қазақстан республикасының Ұлттық Банкіне әр квартал сайын әр айдың 20-на дейін есеп тапсыруға тиіс. /1./

          Валюталық операция бойынша есеп жүргізу және есеп беру тәртібі мен нысандарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасы қаржы министрлігі және уәкілеттік берілген мемлекеттік статистика органдарының келісімі бойынша белгілейді және оны Қазақстан Республикасындағы барлық заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті.

Жеке тұлғалар ұлттық валютаға шетел валютасын алуға  тапсырысты рәсімдеу кезінде сатып  алу мақсатын көрсетті, сонымен бірге  шетел валютасы қолданатын операцияны жүргізудің қажеттілігін дәлелдейтін құжат тіркеледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі лицензиясы талап етілетін капитал қозғалысымен байланысты операциялар  бойынша төлем мен ақша аударулар  бар өкілетті банк арқылы жүргізілуі тиіс.

Ол банк санымен бірге  оған валюталық бақылау жүргізуге міндетті.

          Қазақстан Республикасындағы валюталық  бақылау органдары мен агенттері  жүзеге асырады. 

         Қазақстан Республикасының заңына  сәйкес валюталық реттеу қыметін  жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік  органдар Қазақстан Республикасындағы валталық бақылау органдары болып табылады.

  Алған лицензияларға сәйкес өздері операциялар жүргізген кезде валюта заңдарын бақылау міндеті жүктелген уәклеттік берілген банктер мен уәкілеттік беріген банктік емес қаржы мекемелері валталық бақылау агенттері болып табылады.

Валюталық бақылау органдары  өз қызметтерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін тартуға  және оларды міндетті түрде орындауы үшін жекелеген тапсырмалар беруге құқылы.

Жеке тұлғалардың кәсіпкерлікпен айналысуына байланысты, сонымен бірге үшінші тұлға ретінде заңды тұлғаның арасындағы келісімшарттың төлемі бойынша банктік шоты бойынша валюталық операция жүргізілмейді.

Жеке тұлғаның 10 000 АҚШ $-на тең сомадан аспайтын және инвестиция жүргізумен немесе жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығымен байланысты емес ақша төлемдерімен аударулары ақша төленгенін және аударылғандығын растайтын негізгі құжатсыз банктік шот арқылы жүргізіледі. /19. 432б./

Жеке тұлғаның банк шоты арқылы жүргізілген валюталық операция бойынша 10 000 АҚШ $-на тең сомадан асатын ақша төлемдері мен аударулары тек қана өкілетті банктер арқылы жеке тұлғаның өкілетті банкте ресімделген құжаттарын тапсыруы негізінде ғана жүргізіледі (келісімшарттар, келіссөздер тағыда басқа). Бұндай құжаттар әкелу мүмкіндігі болмаған жағдайда жеке тұлғаның ақша төлемі немесе аудару туралы ақпаратты өкілетті банкке құқық қорғау органдарда және Ұлттық Банк (олардың талабы) бойынша хабарлауға рұқсат етілген төлемдік тапсыру құжатындағы жазбасы болған жағдайда ғана өкілетті банк ақша төлемдерімен аударуларды жүргізе алады.

Жеке тұлғалар Қазақстан  Республикасы өкілетті банк арқылы шектелмеген  ішкі валюта нарығында шетел валютасын 

Қазақстан Республикасы заңының талаптарын сақтай отырып иемденуге  құқылы және Қазақстан Республикасы территориясында қолма-қол шетел валютасын қолдануға құқылы.

Қазақстан Республикасы территориясында жеке тұлғаның өкілетті банк арқылы ұлттық валютаны бір жолғы  аударулары шектеусіз жүргізіледі.

Жеке тұлғаның Қазақстан  Республикасына валюта құндылықтарды  енгізуі Қазақстан Республикасы заңы талаптарын орындайтын жағдайда шектеусіз жүргізіледі. Оның Қазақстан Республикасынан  Ұлттық валютаны әкету шектеусіз жүргізіледі.

Жеке тұлғаның валюта операциясын жүргізуі бойынша банк қызметіне төлемі өкілетті банктер  арқылы ұлттық және шетел валютасымен екі жақтың келісімі бойынша алынады.

Жеке тұлғалар арасында бекітілген келісімшарт бойынша  айыппұл мен өсімпұл төлемі, сонымен  бірге банк қызметі көрсетілгенін  қарастырған келісімшарт бойынша  төлемі ұлттық валюта арқылы жүргізіледі.

Жеке тұлғалар арасындағы экспортты-импортты мәмілемен байланысты комиссия келісімшарты бойынша ақша төлемдері мен аударулары төлем  түрі ретінде пайдалануын аудару аккредитивтері шетел валютасы түрінде  жүргізіледі.

Өкілетті банктер жеке тұлғаларға ұлттық және шетел валютасымен несие беруде валюталық құндылықтар кепілзат ретінде алынады.

Жеке тұлғалар арасындағы валюталық операциялар бөлек  бағыттағы реттеуді және төлемдер мен  аударулар екі жақтың келісімі бойынша  кез келген валюта арқылы жүргізіледі.

Сонымен бірге, ақша төлемдері  мен аударулар Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі құқықтық нормотивтік  актілерінде қарастырғаннан басқа  жағдайда тек қана банктік шоты арқылы жүзеге асады. /1./

Ал заңды тұлғаның қолма-қол шетел валютасын өз банктік шотына түсіру үшін оның Қазақстаннан тауар әкелуі және Қазақстанға қолма-қол шетел валютасын әкелгендігін растайтын кедендік құжатын көрсетуі қажет.

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Банктерде валюталық  операциялар жүргізу техникасы

 

Шаруашылық нарығында валюта бағамы басқа да кез келген тауар бағасы сияқты валютаны сатушы және сатып алушы, яғни эканомикалық агенттің бірлескен іс-әрекеті арқылы анықталады.

Халық аралық валютамен  жұмыс жүргізген агенттің арасындағы қатынас жиынтығынан әлемдік  валюта нарығы қалыптасады.

Валюта нарығының жыл  сайынғы айналымы жүз миллиардтаған  доллармен өлшенетін астрономиялық  сомамен бағаланды.

Көлемі жағынан басқа  нарықтармен салыстырғанда ең ірісі  – валюта нарығы.

Валюта саудасы әлемдік  тауар және қызмет көрсету саудасының көлемін он еседей жоғарылатады.

Сонымен қатар, валюталық  операцияның көп бөлігі халықаралық  сауда қызметімен байланысты емес, яғни қаржы трансферты және алып-сатарлық мәміле болып есептеледі.

Осы Курстық жұмысымда әлемдік практикада қолданып жүрген валютаның операциялық түрлеріне шолу жасалады.

Валюталық операцияларды  жүргізу техникасы туралы айтпас бұрын, валюта бағамы анықталмай немесе валюта айырбасы жасалмай тұрып валюталық  операция жүргізу мүмкін еместігін  ескеру керек. /15./

Алдымен валюта бағамы дегеніміз не екендігіне тоқтала кетейік.

Валюта бағамы – бір  елдің ақша бірлігінің бағасы. Ал валюта бағамын анықтау оның баға белгіленімісы  деп аталады.

Толық баға белгіленімі  сатып алушы (сатып алу) бағамы және сатушы (сату) бағамы бойынша анықталады, соған байланысты банктер баға белгіленіміланған валютаны сатып алады және сатады.

Информация о работе Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлері