Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 21:03, дипломная работа

Описание работы

Курстық жұмыстың теориялық әдістемелік және ақпараттық негізіне отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері экономика және қаржы несие мәселелері бойынша арнайы құжаттар. Қаржы Министрлігінің, ұлттық банктің банк қызметін реттеу және валютаны түгел реттеу жөніндегі мерзімді баспасөзде жарияланған статистикалық және арнайы материялдар қолданылды. Ізденіс барысында экономикалық талдаудың мынадай тәсілдері қолданылады: теориялық концепцияларды жалпылау, салыстырмалы және аналетикалық.

Содержание

КІРІСПЕ 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТЕРДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ МӘНІ
Валюталық операцияның мәні мен жіктелуі 5
Қазақстанда валютаны реттеуді ұйымдастыру 13
Банктерде валюталық операциялар жүргізу техникасы 16
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
Қазақстандағы валюта нарығының қазіргі жағдайына талдау 31
Қазақстан Республикасындағы банктердің валюталық операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама 35
Валюталық операцияларға банктік қызмет көрсетуді дамытудың қазіргі заманғы деңгейін талқылау (мысалға “Қазақстан Халық Банкі”) 41
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 64

Работа содержит 1 файл

диплом.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

Баға белгіленіміның ең негізгі түрі тікелей баға белгіленімі  болып табылады. В валюта бірлігінің ішіндегі А валюта бірлігінің құны сияқты, баға белгіленіміланатын А  валютасы баға белгіленімілайтын В валютасының құнын білдіреді.

Өзара қарым-қатынасына қарай шетелдік және ұлттық валютаға былай атауға болады, баға белгіленіміланатын валюта – шетел валютасы, баға белгіленімілайтын  валюта – ұлттық валюта.

Бұдан шығатын қорытынды – тікелей баға белгіленімі – бұл шетел валюта бағамының бірлігі ұлттық валютаға негізделіп жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК  СЕКТОРЫНДА ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯНЫҢ  НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗУГЕ ТАЛДАУ  ЖАСАУ

 

2.1 Қазақстандағы валюта  нарығының қазіргі жағдайын талдау

 

Валюталық нарық –  валюталардың сұранысы мен ұсынысы  негізінде қалыптасатын курс бойынша  шетелдік немесе ұлттық валюталарды  сатып алу – сату жүзеге асырылатын арнайы орталық. Басқа кез келген қаржы – несие немесе алтын  нарығы сияқты валюталық нарықтың өзіндік ерекшеліктері бар.

Валюталық нарықтың негізгі  сипаттамасына мыналар жатады:

     1) валюталық  нарықта валюталық операцияларды  жүргізудің, яғни валюталық операциялардың  техникасы ықшамдалады барлық  есеп айырысулар банктердің корреспондент шоттары бойынша жүзеге асырылады; 

     2) валюталық  нарықта валюталық операцияларды  жүргізудің үздіксіздігі, бұл валюталық  операциялар тәулік бойына үзіліссіз  жүзеге асырылатындығын білдіреді;

     3) бұрынғы  ерекшеліктен нарықтың транспаренттігі  яғни бұл тәулік ағымында валюталық курсты өзгертуге қатысты барлық ақпаратты ұсыну (диллерлерге, брокерлерге, рейтинг агенттеріне);

     4) валюталық  операциялардың жекелеген түрлерінің  екі ұдайы рөлі. Валюталық нарықта,  мысалы, фьючерстік және форвардтық  мәмілелерді жедел валюталық операциялардың рөлі орындайды;

     5) валюталық  алып-сатарлық және төрелік операциялардың  кең дамуы және бұл операциялардың  алып-сатарлық сақтандыру қорларында  шоғырлануы.

Валюталық нарықтың негізгі  учаскелері мемлекеттік және коммерциялық банктер болып табылады. Валюталық мәмілелердің 90 % -ға дейіні банктер арасында және жеке клиенттермен, көбіне сауда-кәсіпкерлермен жасалады.

Республиканың валюталық  нарығы 1993 жылдан белсенді қызмет ете  бастады, ұлттық валюта енгізілді, Қазақстандық банкаралық валюталық биржа құрылды.

2001 жылдың 12 ай ішінде  ішкі валюталық нарық АҚШ долларының  жайғасымының құбылмалы нығаюымен  сипатталды. Жыл басынан тенгенің  құнсыздануы АҚШ долларынан 3,81 % құрады. /30./

2001 жылы биржалық операциялардың  көлемі 12,8 % -ға өсті және 1952,0млн. доллар құрды (желтоқсанда-248,0млн. доллар). Биржалық сараланымда АҚШ долларының сараланымын басты негізде валюталық түсімінің экспартерлармен сатылуы анықтады, негізгі көлемі төртінші тоқсанға тиісті. Жалпы төртінші тоқсанда биржалық операциялардың көлемі 675,3 млн. доллар құрады (бірінші кварталда-403,7 млн. доллар, екіншіде-431,8 млн. доллар, үшіншіде-441,2 млн. доллар).

2002 жылы теңгенің номиналдық  құнсыздануы 3,25 % -ды құрады (2001 жылдың  қаңтар-желтоқсаны-3,81 %). 2002 жылдың аяғында арнайы бағамы доллар үшін 155,60 теңге деңгейінде белгіленді. /35./

Хылықаралық тәжірибеге жақындау мақсатында Қазақстан Республикасының  Қаржы министрлігі Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын анықтау тәртібін белгілеу туралы» 23.12.02ж. №512 бұйрық / қаулы шығарды.

Осы бұйрық / қаулыға сәйкес бухгалтерлік және салық септерінде валюта айырбастаудың біртұтас нарықтық бағамы қолданылады, Алматы уақытының 11:00 сағаттағы жағдайы бойынша Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында қалыптасқан шетелдік валютаға орташа есептегендігі теңгенің биржалық бағамы анықталады. Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында сауда-саттық жүргізілмейтін шетелдік валюталар бойынша валюта айырбастаудың нарықтық бағамы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен «КеШегз» ақпараттық агенттігінің каналдары бойынша алынған сұранысқа сәйкес Алматы уақытының 15:00 сағаттағы бойынша АҚШ долларының кросс- бағамын қолдану арқылы есептеледі.

2000 жылдан күні бүгінге  дейін теңге айырбастау бағамының еркін құбылмалы саясаты жалғасып келеді. Оның өзгеру динамикасын валюталық нарықтағы тұрақтылық туралы сипаттауға болады. Ұлттық валютаның бағамы алып-сатарлық қысымға ұшыраған жоқ, шетелдік валютаны жеткілікті ұсыну сұранысты толық қанағаттандырды.

Валюталық режімнің ауысуы және оның ізінше теңгенің құнсыздануы  теңгенің бағамын қайта бағалауды  жоюға септігін тигізді. Ұлттық банк ішкі валюталық нарықта өзінің қатысын  көп қысқартты. Ол биржалық алаңда шетелдік валютаны сатып алушы ретінде қатысты, өзінің алтын валюталық резервтерін толықтырды. 2003ж. 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің алтынвалюталық резервтерін 4494 млн. АҚШ долларына бағалады.

1993 жылдан 2000 жылға дейін  шетелдік валюталардың бағамы өсті, дегенмен 2003 жылдың ортасынан республиканың валюталық нарығы 2004 жылдың қаңтарындағы АҚШ долларының бағамы 1 долларға 139-141 теңгеден түсуімен сипатталады. Бұл көрсеткіш теңгенің номиналдық нығаюы бойынша шамамен 7 % -ды құрайды. Евроның бағамы тұрақты болып қалады, яғни евроның өсуі көп емес.

2003 жылдың қазанында  валюталық биржалардағы биржалық  операциялардың көлемі 650, 8млн АҚШ  долларын құрады, бұрынғы айларға  қарағанда 1,3 % -ға өсті, ал 2002 жылғы  сәйкестік кезеңімен салыстырғанда  сауда-саттық екі есеге өсті. Биржадан тыс сауда саттықтарда валта бойынша операциялардың көлемі 2003 жылдың қазанында 708,1 млн. АҚШ долларын құрады, яғни өткен айға қарағанда 17,3 % -ға өсті, ал 2002 жылғы сәйкесті кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 1,5 есеге өсті. 2003 жылдың басынан бастап биржадағы сауда саттық көлемі 4,9 млрд. АҚШ долларын құрады, ал биржадан тыс сауда – 5,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

Ішкі нарықта барлық мықты валюталармен операциялар  жүргізіледі. Дегенмен операциялардың көпшілігі АҚШ долларымен жүргізіледі, басқа валюталармен операциялардың үлесі аз.

2004 жылдың аяғында  евроға қарағанда доллар бағамының  түсуі қауіп туғызды. Жылдың  екінші жартысында америка валютасы  шамамен 14 % -ға түсті, жыл аяғында  америка валютасының бағамы евроға 1,37 долларға дейін түсті. Желтоқсанның аяғында шығысталдаушыларының болжамдарында ағымдағы жылдың бірінші жартысына бағдар ретінде 1,4 және 1,5 доллар / евро сандары көріне бастады. Халықаралық нарықтағы өзгерістер теңгенің евро мен ресей рубліне арақатынасына зор әсер етті. Теңге бұл валюталарға көп нығайды. Европа валютасының арнайы бағамы жыл басынан 77,10 –нан 166,21 теңгеге түсті, ал ресейдікі – 4,67 –ден 4,63 теңгеге түсті. Теңге бұл валюталарға жыл басынан 6,2 және 0,9 % -ға дейін сәйкесті нығайды.

Сонымен қатар теңгенің долларға биржалық бағамы тұрақты болып  қалады. Әлемдік нарықтардағы жағдай бұл валюталардың биржалық бағамының  қалыптасуына белгілі септігін тигізе отырып, курс әлемдік валюталық нарықтағы  жағдайларға қатысы шамалы басқа  факторлардың әсерінен туындайды. Теңгенің долларға бағамында бірінші орында біздің экспорт тауарларымыздың әлемдік нарықтағы бағасы сипатталады. Үргелі алғы шарттар теңгені нығайтудың үлесіне тиісті. Мұнайдың әлемдік бағасы өткен жылдың тәріздес кезеңінің көрсеткішінен үш еседен аса жоғары. Соған қарамастан доллардың бағамы үш айға жуық уақыт бойына 130 теңгені ұстап тұр. Курстың осындай жоғары тұрақтылығын қалай түсінуге болады. Ұлттық банктің қолдауы ма, әлде басқа себептерма. Бұл аптада ішкі нарықтағы жағдай өзгерген жоқ. Тек курстың кейбір ауытқулары кездесті. Дүйсенбіде доллардың бағамы 129,83 дейін түсті, сәрсенбіде 130,19-ға дейін өсті кеше тағыда 129,97 теңгеге түсті. Ақпанда биржалық операциялардың көлемі күніне 3,1-ден 66млн. долларға дейін құрады, бұл өткен айлардағы орташа айлық көрсеткіштерден төмен.

Нарыққа қатысушылардың есебінше Ұлттық банк долларды түсуден  сақтауды қолдауды жалғастырып келеді. Теңгенің евроға өте тез нығаюын  есепке алу әсіресе оның мүддесіне  тиісті. Сонымен қатар қаңтар айында оның ішкі нарыққа қатысын бекітудің қажеті жоқ. Оның сатып алу көлемі 60 млн. доллардан астам бұл орташа көрсеткіштен біршама аз.

Ішкі валюталық нарықтағы  жағдай бүкіл қаңтар бойына жоғары тұрақтылығымен сипатталды. Бұл жағдайға халықаралық нарықтағы доллар бағамының динамикасы белгілі әсер етті, қаңтардың басында америка валютасы евроға және валюталар қатарына қатынасы бойынша өз позициясын нығайтты.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі және 2005 жылдың ақпанындағы  АҚШ доллароына теңгенің орташа есептегендегі бағамы

 

 

1 сурет

 

1 суретте 2005 жылдың ақпанында  АҚШ долларының теңгеге номиналдық  нығаюы байқалды: америка валютасының  бағамы 0,08 % -ға өсті -129,99 теңгеден  қаңтардың аяғында доллар үшін 130,09 теңгеге дейін 2005 жылдың 21 ақпанында өсті. /9./

Доллар бағамының теңгеге бағыттылық динамикасы америка валютасының  аса мықты нығаюымен сипатталатын әлемдік валюта нарығының жағдайына  сай келді. Сонымен қатар ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың теңгерімділігі байқалды.

Ақпан айының алғашқы үш аптасы бойына теңгенің АҚШ долларына бағамы доллар үшін 129,53 – 130,59 теңге ауқымында өзгерді. Жыл басынан теңгенің долларға номиналдық құнсыздануы 0,07 %-ды құрады.

Ақпанның өткен кезеңінде  Қазақстан қор биржасының биржалық операциялар көлемі қосымша сауда-саттықтардағы  мәмілелерді есепке ала отырып 461,6 млн. долларды құрады (жыл басынан  – 1,0 млрд. доллар).

Биржадан тыс валюталық  нарықта операциялар көлемі жедел  көрсеткіштер бойынша 649,2 млн. долларды құрады (жыл басынан 1,2 млрд. долларды).

Қазақстан нарығында  евро бағамының динамикасы көп жағдайда халықаралық қаржы нарығында  бірыңғай европа валютасының ережесіне  сәйкес болды. Онда доллардың евроға бағамы үш айлық максимумға дейін өсті және 1,2844 долларды құрады. АҚШ федеральдық резерв жүйесінің басшысы Алан Гринспеннің АҚШ –тың ағымдағы есебінің тапшылығын қысқартудың келешегі туралы өтінішінен кейін доллар жоғалған бағдарын қайтарып алды. АҚШ долларының қаржылаудың қойылымын 4 %-дық пунктке 2,50 %-ға дейін көтеру туралы хабарламасы халықаралық нарықта доллардың көтерілуіне септігін тигізді. Ақпанның 1-нен 21-не дейінгі кезеңде теңгенің евроға арнайы бағамы 0,04 %-ға құнсызданды және кезең аяғында евро үшін 169,96 теңгені құрады.

Ресей рублінің теңгеге  бағамының динамикасы ең бастысы  Ресей Орталық банкінің саясатымен аяқталды. Ақпанның 1-нен 21-не дейінгі  кезеңде теңгенің ресей рублінде арнайы бағамы 0,44 %-ға құнсыздандырды және кезең соңында рубль үшін 4,66 теңгені құрады.       

 

2005 жылдың ақпанындағы  теңгенін евро мен ресей рубльіне  арнайы бағамының динамикасы



 

2- сурет

2-суретте жалпы теңгенің  нығаюы бойынша үнемі жұмысты, 2007 жылда аяқтау көзделіп отырған  толық айырбасталымдылықты атап  айтуға болады. /30./

Дегенмен Қазақстан  валюта нарығының дамуы көлемді  параметрлерді ғана сипаттап қоймайды. 1995 жылы валюталық нарықта болған аса маңызды өзгерістердің қатарында  әлемдік стандарттарға жақындап келе жатқан сипаттамаларды атап айту қажет. Бұған 1995 жылдың аяғындағы электрондық сауда жүйесіне сауда-саттықты енгізуге көшу жатады (ЭСЖ). Жаңа енгізілімнің артықшылығы аукционның көп ашықтығында, диллерлік операциялардың оңтайландырылуына байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы  банктердің валюталық операцияларды жүргізудегі ағымдағы қызметіне сипаттама

 

 

Валюталық құндылықтарды  пайдалануға байланысты операцияларды  лицензиялау бойынша хабарламаны  талқылау инвестицияларды жүзеге асыру  тәртібінің ықшамдалуы және жеке тұлғалардың  соттарының ашылуы банктердің резиденттерге беретін несиелерін лицензиялауды алыптастауды, сонымен қатар экспорттан және импорт бойынша орындалмаған аванстық төлемдерден валюталық түсімді қайтару мерзімінің көбеюі 2003 жылы берілген лицензиялардың санын екі есеге қысқартуға себеп болды. (Қосымшадағы В кестесін қараңыз).

Берілген лицензиялардың 85 %-ға жуығы экспорттық-импорттық  мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуының мерзімін ұзартумен байланысты операцияларға тиісті, оның жалпы  сомасы жалпы соманың 90 %-ға жуығын құрайды. Сонымен қатар лицензиялауға жататын операциялардың қатары бойынша үшінші тұлғаның есебіне резидент еместерден алынған және валюталық құндылықтарды сенімді басқаруға беру үшін несиелер қабылдауға лицензия берілген жоқ, бұл осы нормалардың нәтижесіздігін, бұл операцияларды жүргізудің басқа мүмкіндіктерінің бар екендігін немесе резиденттердің мүддесіздіктерін білдіреді.

Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктер үшін және табыстылығы  бойынша және банк клиенттеріне қызмет көрсетуге сипаты бойынша банктің валюталық қаражаттарды тарту және тарату бойынша операциялары негізгі болып табылады.

Бұл операцияларға келесі түрлері кіреді:

1)   депозиттерді  тарту:

      - жеке  тұлғаларды;

      - заңды  тұлғаларды, сонымен қатар банкаралық  депозиттерді;

Информация о работе Қазақстандағы банк секторында валюталық операцияның негізгі түрлері